Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асазан рефлюкс.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
61.44 Кб
Скачать

Диагностика әдістері.

1.жедел эндоскопия ,организмнің маңызды функциясы қалыптасқаннан кейін;

2.рентгендік тексеру

А)қансырау басталщғаннан 24 сағат ішінде барий мен рентгеноскопия (50% науқастарда анықталады,эндоскопияда 85 %науқастарда)

Б) эндоскопия және рентгеноскопиялық тексергенде қансырау көзі анықталмаса және күшті қан аққанда, Ослер- Рандю синдромында –агниография істелінеді.

Емдеу:Аз мөлшерде қан аққанда интенсивті ем өткізілмейді,ең маңызды қансырау көзін анықтау.Көп мөлшерде қан аққанда ,науқасты геморрагиялық шоктан шығарады,қан және өан орнын алмастырушы дәрілер құйылады,өмірге маңызды мүшелердің функциясы қалыпқа келтіріледі.

Хирургиялық ем:эндоскопиялық склеротерапия, лазермен фотокоагуляция,электрокоагуляция,катетер арқылы қансыраған тамырды эмболизациялау,шунт қою операциясы,қансыраған ойықты тіліп алу,тігіс қою.

Өңештің тарылуы

Өңештің жақсы сипаты,тарылуы 2- морфологиялық түрге бөлінеді.

1.дөңгелек тәрізді,зақымдану эпителийдің жалпақ және цилиндр тәрізді жасушаларының шекарасында.Қараю,шырышты асты қабатының қабынып,склерозға ұшырауынан шырышты қабаты өзгерген

2.шырышты қабатының ұзына бойына тарылуы,жарықтарға түскен асқазан немесе гетеротоп өңешке өткен асқазан шырыщты қабатында.Бұл қалың шандырлы тыртық өңештің қабырғасының қалыңдығы бойынша таралып шырышты қабаттағы ойықтардан ажыратады.Периэзофагальды қабынуға алып келеді.Өңештің қабынуы және шандырға өтупроцестері өрлеп таралады,өңешті тарылуға, қысқаруға алып келеді.

Диагностикасы.Ең бірінші белгі- дисфагия өңеш тарылғанда,рефлюкс-эзофагитте.Барий қоймалжыңымен рентгеноскопиялау анық тексеру әдісі.Өңеш ішілік рН-өлшеу ркфлюксті анықтайды,эзофагоскопия және биопсия бағалы тексеру әдістеріне кіреді.

Емдеу.Өңешті кеңейту және антирефлюксті ем.

1.Тһаі және Nissen әдістері бойынша комбинирленген операция-асқазанның фундальды бөлігінен жамау алып және фундопликация

2.Тарылған жерін кесіп алып тастау мен эзофагастростомия немесе өңештің кесіп алынған жеріне басқа заттармен жалғау-интерпозиция

3.Тарылған жерін кесіп алып тастау және эзофагогастроэктомия

4.Реверсив асқазан түтігі

Өңештің дөңгелек тарылуында –антирефлюксті әдісті қолданып кеңейткен тиімді.Ұзына бойына тарылғанда Тһаі- Nissen операциясы қолданылады.Бұдан қанмен жақсы қамсызданған асқазанның фундал бөлігі өңешті кеңейтуге жұмсалады. Бұл асқазан-өңеш рефлюксінен жақсы қорғайды.

Тһаі- Nissen бойынша комбинирленген операция нәтижесіз болса,өңештің резекциядан кейін жетіспеген жеріне тоқ немесе жіңішке ішектің бөлігін жалғайды.

Баррета өңеші.Бұл – гастроэзофагальды рефлюкс ауруларының асқынуы түрінде жүре пайда болған ауру,мұнда өңештің төменгі бөлігінің көп қабатты жалпақ эпителий цилиндр тәрізді эпителиймен ауысады да,өіеште немесе кардияда аднокарцинома дамуына алып келеді.

Клиникасы.Көп қабатты жалпақ эпителидің цилиндр тәрізді эпителиймен ауысуы арнайы белгілерсіз өтеді. Цилиндр тәрізді эпителийдің ауруға сезімталдығы нашарлайды,25% науқастарда рефлюкстерді ауру белгілері болмайды,қалғандарында әлсіз анықталады.%

Аспаптармен және лабораториялық диагностика әдістері

1.Асқазан және өңеш рентгеноскопиясы (Баррета ойығы,көкеттің өңеш тесігі жарығында өңештің шырышты қабатында тор тәрізді өзгерістері)

2.ФГДС (цилиндрлі эпителий мақпал тәрізді шырышты қабаты қызыл реңді)биопсия өткізіледі,биоптат гистологиялық тексеріледі

3.Хроноэзофагоскопия- өңешті метил көгі ерітіндісін қабылдағаннан кейін тексеру.Метаплазияға ұшыраған шырышты қабат реңі қалыпты қабаттан өзгеше

4.Өңеш ішілік рН-өлшеу

5.Технеций 99 радиоизотопты тексеру.

Емдеу.Сәулелі терапия,асқазан кардия бөлігін резекциялау

Мендельсон синдромы.Көбіне наркоз кезінде асқазан сөлдерінің бронхқа аспирациясынан келіп шығады.Бұл жүкті әйелдерде акушерлік операцияда ,жалпы наркозбен туғанда жиі кездеседі.Бұдан гиперэргиялық аспирациялық пневмонит.Жүкті әйелдер тамақтануына көңіл бөлмейді,гастрин мөлшері кемиді,құрсақ қуысында қысым жоғары болған себепті тамақтың асқазаннан өтуі баяулайды.Жүкті туатын әйелдерді операция жасағанда Тренделенбург жағдайында жатқызылады,құрсақ қуысындағы жоғары қысым операция столының бас жағын төмен түсіргенде регургитацияға жағдай жасайды.

Клиникасы.Клиникалық белгілері операциядан кейін 2-5 сағаттан кейін дамиды.Науқаста күшті,қиын жөтел,дем жетіспеуі,бронхтардың шырышты қабатында уытты ісіну пайда болады.Температура жоғарылайды,тах икардия,реңі көгереді.Өкпе ісінуі мүмкін.

Рентгенде өзгерістер ошақты пневмонтя тәрізді.

Емдеу.Бронхоскопия жолымен бронхтарды санациялау,кортикостероидтарды енгізу.Қажет болған жағдайда өкпе ісінуін емдеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]