Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АО.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
208.38 Кб
Скачать

Тақырып бойынша тесттік тапсырмалар

1. ҚБЖ-нің СБЖ-нен айырмашылығы: 1) гиперазотемия; 2) зақымданудың қалпына келуі; 3) тұз-су алмасуының бұзылысы; 4) қышқылдық-негіздік үйлесімнің бұзылысы; 5) түтікшелік аппараттың зақымданбауы.

2. ҚБЖ-нің дамуында преренальды себептерге жатады: 1) бүйрек паренхимасының біріншілікті зақымдануы; 2) тубулярлық некроздың біріншілікті пайда болуы; 3) бүйрек қанайналымының жіті бұзылысы; 4) зәр шығару жолдарынан зәрдің шығуының бұзылуы; 5) зәрдің жіті түрде кідіруі.

3. ҚБЖ-нің преренальды себебі болып табылады: 1) қауырт гломерулонефрит; 2) бүйрек-тас ауруы; 3) кардиогенді шок; 4) түтікшелердің ферменттік жүйесінің тұқым қуалайтын ақауы; 5) бүйректің ісіктік аурулары.

4. Cәйкес емес қанды құйғанда дамыған айқын гемолиз осының дамуына алып келеді: 1) ҚБЖ-нің преренальды түрі; 2) ҚБЖ-нің р4енальды түрі; 3) ҚБЖ-нің постренальды түрі; 4) ҚБЖ-нің аренальды түрі; 5) ҚБЖ-нің аралас түрі.

5. ҚБЖ-нің преренальды формасында байқалады: 1) шумақшалық сүзілу қысымның тиімділігінің төмендеуі; 2) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі төмендегенде; 3) бүйректің қыртысты затында қанайналымының күшеюі; 4) шумақтық фильтрацияның жылдамдығы артуы; 5) бүйрек шумақшаларында иммунды-қабынулық өзгерістер.

6. ҚБЖ-нің преренальды формасына тән: 1) зәрде натрий мен хлордың азаюы; 2) плазмадағы креатининнің/зәрдің кретининіне қатынасының азаюы; 3) зәрде креатининнің және несепнәрдің концентрациясының төмендеуі; 4) зәрдің осмолярлығының азаюы; 5) бүйректің концентрациялық қабілетінің айқын бұзылысы.

7. ҚБЖ-нің ренальды себебіне жатқызамыз: 1) бүйрек паренхимасының ілкі зақымдануы; 2) бүйрек шумақшаларының жылдам беріштенуі; 3) бүйрек қанайналымының жедел бұзылысы; 4) зәршығару жолдардан зәрдің өтуінің қиындауы; 5) жедел зәрдің кідіруі .

8. ҚБЖ-нің ренальды себептеріне жатады: 1) қауырт гломерулонефрит; 2) қауырт сусыздану; 3) несептасты ауру; 4) несепағардың бітелуі; 5) жарақаттық шок.

9. ҚБЖ-нің ренальды себептеріне жатады: 1) анафилаксиялық шок; 2) жүрек жеткіліксіздігі; 3) бүйрек паренхимасының жіті уытты зақымдануы; 4) зәрқышқылды диатез және бүйрек тас ауруы; 5) қан ұйындыларымен несепағардың окклюзиясы.

10. ҚБЖ-нің ренальды түріне тән: 1) зәрде натрий мөлшерінің көбеюі; 2) зәрде несепнәрдің көбеюі; 3) зәрде креатининнің көбеюі; 4) зәрдің осмолярлығының жоғарлауы; 5) бүйректің зәрді концентрациялау қасиетінің сақталуы.

11. ҚБЖ-нің дамуында постренальды себептерге жатады: 1) бүйрек паренхимасының ілкі зақымдануы; 2) тубулярлы некроздың біріншілікті пайда болуы; 3) бүйрек қанайналымының қауырт зақымдануы; 4) зәр шығару жолдарынан зәрдің өтуінің қиындауы; 5) бүйректің қыртысты затының ишемиясы.

12. ҚБЖ-нің постренальды себептеріне жатады: 1) коллапс; 2) несепағардың таспен қауырт бітелуі; 3) миокард инфаркты; 4) диффузды гломерулонефрит; 5) уремиялық кома.

13. ҚБЖ-нің постренальды себептеріне жатқызамыз: 1) гемолиздік шок; 2) диффузды гломерулонефрит; 3) гипертониялық ауру; 4) несепағардың қауырт құрылымы; 5) коллапс.

14. ҚБЖ-нің преренальды формасының дамуында негізгі патогенездік тізбегі болып саналады: 1) бүйректе қанайналымының күшеюі; 2) бүйректің қыртысты қабатындағы артериоланың дилятациясы; 3) қыртысты қабаттың бүйрекішілік перфузияның қайта таралуынан ишемия мен гипоксияның дамуы; 4) бүйректің милы қабатының қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы; 5) қыртысты қабатта қанайналымының күшеюінен кортикомодулярлы аймақтың қанмен шунтталуы.

15. ҚБЖ-гі кезіндегі бүйректің қыртысты қабатының ишемиясы осыған алып келеді: 1) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуіне; 2) ангиотензин II түзілуінің бәсеңдеуіне; 3) бос радикалдардың және кальций иондарының азаюына; 4) бүйректе депрессорлық заттардың жылдам түзілуіне; 5) гломулярлы афферентті артериолалардың қысымы жоғарлауына.

16. Гиповолемия мен афферентті артериолалар тарылуынан дамитын ҚБЖ кезіндегі бүйректің қыртысты қабатының ишемиясы осымен қабаттасады: 1) фильтрациялық қысым төмендеуімен; 2) онкотикалық қысымның төмендеуімен; 3) бүйрекішілік қысымның төмендеуімен; 4) шумақтық фильтрацияның күшеюімен; 5) бүйректік қанағыстың күшеюімен.

17. ҚБЖ-нің патогенезінде маңызды: 1) интерстицияда зақымданған түтікшелердің қабырғасы арқылы фильтраттың ағуы; 2) ренин-ангиотензин жүйесінің бәсеңдеуі; 3) афферентті артериолалардың вазодилатациясы; 4) түтікшелердің эпителиінде апоптоздың тежелуі; 5) бүйректің дистальды түтікшелеріне натрий мен судың көп келуі.

18. ҚБЖ-нің патогенезінде маңызды: 1) бүйректе қанайналымның жоғарлауы; 2) шумақтық фильтрацияның жоғарылауы; 3) зақымданған түтіктер жасушаларында кальций каналдарының жиналуы, эпителидің домбығуы және ісінулер; 4) гипокалиемияның және гипомагниемияның дамуы; 5) түтікшелердегі гидростатикалық қысымның төмендеуі.

19. ҚБЖ-нің патогенезінде маңызды: 1) некроздық заттармен және сылынған эпителийлермен түтікшелердің бітелуі; 2) дистальді түтікшелерге су мен натрийдің келуі жоғарлауы; 3) прегломерулярлы артериялардың дилатациясы; 4) тубулярлы ағыстың күшеюі; 5) ангиотензин II өндірілуі және ренин секрециясының төмендеуі.

20. ҚБЖ-гі кезінде тубулярлы некроздың дамуында ишемияға көбіне сезімтал: 1) проксимальды түтікше; 2) дистальді түтікше; 3) жинағыш түтік; 4) бүйректің милы қабаты; 5) бүйректің интерстициальді тіні.

21. ҚБЖ кезінде жасушалардың апоптоздық өлімінде маңызды орын алады: 1) каспаза-1 және каспаза-3 көбеюі; 2) кальпастатиннің артуы; 3) кальпаиннің төмендеуі; 4) цитозольді кальций мөлшерінің азаюы; 5) интерлейкин-18 азаюы.

22. ҚБЖ патогенезінде тамырлық компоненттің байқалуы: 1) шумақшаның афферентті артериолаларының вазодилатациясы; 2) тамыр қабырғасының вазоконстрикторларға сезімталдығының жоғарлауы; 3) азот тотығы және А және Е тобындағы простагландиндердің жоғарлауы; 4) эндотелиннің азаюы; 5) шумақшалардың афферентті артериолалардың қанында цитозольді кальцийдің азаюы.

23. ҚБЖ-нің даму сатылары: 1) латентті, полиурия, олигурия; 2) бастапқы, олигоанурия, полиурия, сауығу; 3) жасырын, анурия, олигурия, нәтижесі; 4) бастапқы, полиурия, анурия, нәтиже; 5) жасырын, анурия, полиурия.

24. ҚБЖ-нің бастапқы кезеңі сипатталады: 1) негізгі аурудың белгілерімен және гемодинамикалық бұзылыстарымен; 2) тәуліктік диурез азаюымен, бүйрекішілік қысым жоғарылауымен және түтікшелік өткізгіштіктің бұзылуымен; 3) диурездің көбеюімен, түтікшелер өткізгіштігінің қалпына келуімен, интерстиций ісінуінің азаюымен, бүйректе эпителийдің регенерациясымен; 4) диурез көлемінің, түтікшелік эпителий функциясының және эндогенді креатинин мен инулин мөлшерінің біртіндеп қалпына келуімен; 5) тәуліктік диурездің қарқынды азаюымен және қайтымсыз анурияның дамуымен.

25. ҚБЖ-нің алғашқы кезеніне тән: 1) айқын гиперазотемия; 2) диурездің азаюы; 3) қан қысымының жоғарлауы; 4) полиурия; 5) организмнің жалпы гипергидратациясы.

26. ҚБЖ-нің олигоануриялық сатысының негізгі тегершігі: 1) қызмет атқаратын нефрондар санының біртіндеп азаюы; 2) шумақтар капиллярларында гидростатикалық қысымның азаюынан фильтрациялық қысымның қауырт төмендеуі; 3) шумақшалардан өткен фильтраттың диффузиясынан бүйрекішілік қысымның төмендеуі; 4) қанның онкотикалық қысымы айқын төмендеуінен фильтрацияның төмендеуі; 5) шумақтардағы гидростатикалық қысымның көтерілуінен фильтрациялық қысымның тез арада жоғарылауы.

27. ҚБЖ-нің олигоануриялық сатысының дамуы тегершігінің бірі: 1) қызмет атқаратын нефрондар саны біртіндеп азаюынан фильтрацияның тоқтауы; 2) бүйрек паренхимасының ауыр зақымдалуы кезінде қызмет атқаратын нефрондар санының қауырт азаюы; 3) бүйрек тас ауруы нәтижесінде бүйрекішілік қысымның біртіндеп жоғарылауы; 4) бүйректегі микроциркуляция бұзылыстарынан фильтрацияның біртіндеп азаюы; 5) бүйрек паренхимасы зақымданғанда қызмет атқаратын нефрондар санының тез арада өсуі.

28. ҚБЖ олигоануриялық сатысы қабаттасады: 1) ретенциялық гиперазотемиямен; 2) гиперкальциемиямен; 3) эндогенді креатинин мен инулиннің клиренсі жоғарылауымен; 4) гипогидратациямен; 5) гипомагниемиямен.

29. ҚБЖ-гі кезіндегі ретенциялық гиперазотемия сипатталады: 1) индол мен скатолдың құрамының азаюымен; 2) билирубин құрамының азаюымен; 3) "орта молекула" және паратгормонның құрамы азаюымен; 4) креатинин және несепнәр мөлшерінің азаюымен; 5) калий және магний құрамының көбеюі.

30. ҚБЖ-нің олигоанурия кезінде су алмасу бұзылысы сипатталады: 1) жасушадан тыс дегидратациямен; 2) жалпы дегидратациямен; 3) жасушалық дегидратациямен; 4) жасушадан тыс гипергидратациямен және жалпы гипергидратациямен; 5) эксикозбен.

31. ҚБЖ-нің олигоанурия кезеніндегі электролиттік алмасу өзгерістеріне тән: 1) гиперкалиемия, гипокальциемия; 2) гиперхлоремия, гипомагниемия; 3) гипонатриемия, гипофосфатемия; 4) гипокалиемия, гиперхлоремия; 5) гипермагниемия, гипофосфатемия.

32. ҚБЖ-нің олигоанурия кезеніндегі электролиттік алмасу өзгерістеріне тән: 1) гиперкалиемия, гипермагниемия; 2) гиперкальциемия, гипомагниемия; 3) гипернатриемия, гипосульфатемия; 4) гипокалиемия, гипонатриемия; 5) гипомагниемия, гипофосфатемия.

33. Олигоанурия сатысында ҚБЖ-нің негізгі көріністері: 1) бас миының және өкпенің ісінуі; 2) жүректің жиырылу функциясының күшеюі; 3) дене салмағының азаюы; 4) остеодистрофия және остеомаляция; 5) уремиялық перикардит, уремиялық артрит.

34. Түтікшелер өткізгіштігінің қалпына келуінің нәтижесінде несеп көлемінің көбеюі, интерстиций ісінуінің азаюы және бүйректік эпителийдің регенерациясы ҚБЖ осы сатысына тән: 1) ҚБЖ бастапқы сатысына; 2) олигуриялық сатысына; 3) ануриялық сатысына; 4) диурездің қалпына келуіне; 5) сауығу сатысына.

35. ҚБЖ кезінде диурездің қалпына келуі сипатталады: 1) түтікшелік реабсорбцияның бұзылған қызметінің сақталуымен бірге жүретін шумақшалық фильтрацияның қалпына келуі; 2) түтікшелерде12``гі реабсорбцияның қалпына келуімен бірге шумақшалық фильтрацияның төмендеуі; 3) бүйректің ;анатомиялық және функциональды қызметінің қалпына келуі; 4) организмнің жасушадан тыс және жалпы дегидратациясының дамуы; 5) бүйректің зәрді концентрациялау және айдау қабілетінің толық жойылуы.

36. ҚБЖ қалыпқа келу сатысындағы полиурия байланысты: 1) бүйректің жоғарғы концентрациялау қабілетінің жоғарылауы; 2) бүйректің қыртысты қабаттарының қанмен қамтамасыз етілуі жақсаруымен; 3) жаңарған эпителийдің қызметтері толық болмауымен; 4) қанды алып кететін артериоланың тарылуы; 5) бүйрекішілік қысым жоғарылауымен.

37. ҚБЖ-нің диурездің қалпына келу сатысындағы су алмасу бұзылысына тән: 1) жасушадан тыс және жасушалық дегидратация; 2) жалпы гипергидратациямен; 3) жасушалардың ісінуі; 4) жасушадан тыс гипергидратациямен; 5) таралған ісінумен.

38. ҚБЖ қалпына келу сатысындағы электролиттік алмасу өзгерістеріне тән: 1) гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия; 2) гиперкалиемия және гипернатриемия; 3) гиперкалиемия және гипермагниемия; 4) гиперкалиемия және гиперкальциемия; 5) гиперкальциемия және гипермагниемия.

39. ҚБЖ-нің қалпына келу сатысындағы гипокалиемия осының нәтижесінде дамиды: 1) тамырішілік гемолиздің күшеюі; 2) тіндердің ыдырауы; 3) жасушалық метаболизмнің күшеюі; 4) құсу және зәр арқылы калийді жоғалту; 5) зақымданған бүйрек арқылы калий шығарылуының бұзылысы.

40. ҚБЖ диурездің қалпына келу сатысына тән негізгі көріністер: 1) дене салмағының азаюы, тері жамылғылары мен сілемейлі қабықтардың құрғауы; 2) өкпе және мидың ісінуі; 3) шемен, анасарка; 4) АІЖ-нан қан кету мен асқазанның сілемейлі қабатының эрозиясы; 5) жедел миокардит және фибринозды перикардит.

41. Диурездің көлемі, түтікшелер эпителийінің функциясы және зәрнәсіл мен креатининнің деңгейінің біртіндеп қалпына келуі ҚБЖ-нің осы сатысына тән: 1) ҚБЖ бастапқы сатысына; 2) ҚБЖ-нің олигуриялық сатысына; 3) ҚБЖ-нің ануриялық сатысына; 4) ҚБЖ диурездің қалпына келу сатысына; 5) ҚБЖ-нің сауығу сатысына.

42. ҚБЖ-не шалдыққан науқастар осы сатыда өлімге ұшырауы мүмкін: 1) ҚБЖ-нің бастапқы сатысында; 2) олигоанурия кезенінде; 3) бүйректегі қанайналымның қалыпқа келуі; 4) диурездің қалыпқа келуі сатысында; 5) анатомиялық және функциональды сауығу сатысында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]