Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гс.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
29.92 Кб
Скачать

Қысқаша атопиялық дерматит туралы

Кейінгі кезеңде сырқаттанушылықтың жалпы құрылымында атопиялық дерматит үлкен орын алады.

Атопиялық дерматиттің эпидемиологиясы дүние жүзінде және Ресейде толықтай зерттелмеген. Ресейде статистика мәліметі бойынша зерттелген 100000 адамның 1290-да атопиялық дерматит анықталған.

Атопиялық дерматиттің патогенезінде JgЕ, яғни 1-типті иммунологиялық реакция-лар маңызды орын алады. Атопиялық дерматит кезіндегі маңызды иммунологиялық бұзылыстарға Th1 және Th2 дисбалансы жатады. Жүйке жүйесінің функциональды бұзылысы, оның тез қозғалыстығы мен тітіркендіргіштігі байқалады.

Атопиялық дерматит – терінің аллергиялық ауруы, ол ерте жастағы, атопиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділігі бар балаларда дамиды, созылмалы қайталамасы ағымда өтіп, қабыну аймағының орналасуы тері морфологиясы бойынша ерекшеленеді.

Атопиялық дерматиттің диагностикалық критериилері

  • тері қышиды

  • жасына сай терінің зақымдануы

  • созылмалы қайталамалы ағым

  • науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурудың болуы

  • ерте жаста басталуы

  • өршудің мерзімділігі (жылдың суық мезгілінде өршіп, жазда жақсарады)

  • қоздырушы фактор әсерінен процестің өршуі (аллерген, тағамдар, эмоциональді стресс)

  • тері құрғақтығы

  • ақ дермографизм

  • тері инфекциясына бейімділік

  • хеймет

  • Dennei – Morgan симптомы (төменгі қабақтың қосымша қатпары)

  • периорбитальды аймақ терінің гиперпигментациясы

  • сарысудағы жалпы және арнайы Jg Е құрамының жоғарылауы

  • эозинофилия

Клиникалық ағымы бойынша атопиялық дерматиттің 3 жастық ағымы белгілі:

  • I жастық ағым – нәрестелік (2 жасқа дейін)

  • II жастық ағым – балалық (2-12 жас)

  • III жастық ағым – жасөспірімділік және ересек (13 жас және жоғары)

Бірінші жастық кезеңде аурудың экссудативті формасы белгілі, қабыну жедел немесе жеделдеу сипатта және де гиперемия, ісіну, сулану, қабыршақ түзілуімен жүреді. Аурудың алғашқы көріністері жиі бетте, тізенің сыртқы бетінде орналасады. Бөртпелер аяқ-қолдың жазғыш және бүккіш беткейлерінде пайда болады. Бұл кезеңнің аяғында ошақтар ірі буын қатпарларында, білек пен мойын аймағында орналасады.

Екінші жастық кезеңде жедел қабыну көріністері мен экссудация аздау, процесс созылмалы қабыну сипатында жүреді. Бөртпелер шынтақ және тізе қатпарларында, мойынның артқы беткейлерінде, аяқ басы мен білек буындарының бүккіш беткейі мен құлақ артында орналасып, эритема (көкшіл түсті), папула, қабыршақтану, терінің қалыңдауы (инфильтрация), тері суретінің күшеюі (лихенизация), көптеген экскориация мен жарылулар түрінде көрінеді. Бөртпелердің жазылған жерінде гипо немесе гиперпигментация аймағы қалады. Кейбір балаларда бұл кезеңде төменгі қабақта қосымша қатпар (симптом Dennei – Morgan) пайда болады. Қышу барлық жастық кезеңге тән симптом.

Үшінші жастық кезеңде лихенизациямен жүретін инфильтация басым болады, эритема көкшіл түсті. Папулалар папулезді инфильтрацияға бірігеді, бөртпелер көбіне дененің жоғары бөлігінде, бетте, мойын, қолда орналасады.

Атопиялық дерматитті дамытатын қауіп факторлары: мұндай факторларға жүктіліктің әр түрлі патологиялы, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, вирусты аурулар, гипоаллергенді диетаны сақтамау, шылым шегу, т.б. Бала дамуының алғашқы кезеңдеріндегі негізгі факторлар жасанды тамақтандыру, тамақтандыру режимінің бұзылуы. Сонымен қатар, атопиялық дерматиттің түзілуінде AJT-нің функциональды бұзылыстары, жиі реепираторлы аурулар, ауыз қуысы мен жұтқыншақта созылмалы инфекция ошағының болуы маңызды орын алады. Антибактериальды препараттар мен олардың комбинациясын жиі қолдану ішек дисбактериозын тудырады, ал ол өз кезегінде атопиялық дерматит ағымын ауырлатады.

Атопиялық дерматиттің тағы бір ерекшелігі – ішкі мүшелер мен жүйелерде қосымша аурудың болуы, ол балалардың 80%-де және 90% ересектерде анықталады. AJT-нің патологиясы, энзимопатия, моторинаның бұзылысы, гастрит, ойық жара ауруы, ішек микроблоцепозының бұзылысы, паразитарлы инвация, т. б. Жүйке жүйесінің, ЛОР – мүшелердің, гениталин, зәр шығару жүйесінің аурулары да аз проблема емес. Қосымша ауруларды дер кезінде анықтап, емдеу, атопиялық дерматит ағымын жеңілдетеді.

Ажыратпалы диагноз:

  • себорейлі дерматит

  • жаялықтық дерматит

  • аллергиялық қатынастық дерматит

  • қышыма

  • ихтиоз

  • қарапайым псориаз

  • шектелген нейродермит (Вадаль синдромы)

  • микробты экзема

  • жибердің қызғылт лишайы

  • дерматофития

  • тері лимфомасы

  • Дюринг герпетиформды дерматит

  • фенинкетонурше

  • гипериммуноглобулинемия Е синдромы

  • Вискотт – Олдран синдромы

  • Лейнер – Муссу десквамативті эритродермия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]