Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

5_kurs_testy_OST_kaz_s_numerats

.docx
Скачиваний:
150
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
224.93 Кб
Скачать

***

506. Маңдай тістерінің сауыт бөлігінің дентинінің ақауы бар, тістердің қатты тіндерінің қоректенуінің бұзылысы және минералдардың қатты өзгеруінен одонтты және адамантобластардың қызметінің бұзылуының ере жүруі және фтордың ішуге жарайтын сумен адам ағзасына артық түсуінен болатын патологияның атуы. Осы тістерді ортопедиялық емдеу жолдары://

  1. флюороз, металдыкерамика сауыттары//+

  2. тістердің аса қажалуы, құймалы салмалар//

  3. кіреукенің өсіп және жетілмеуі винирлер//

  4. сына тәрізді ақау және бітемелік композиттері//

  5. тістердің аса қажалуы және пластмассалы сауыттар

***

507. Дайын тұтас құйылған көпіртәрізді протезді кигізіп көру кезеңінде тірек тістердің аздап параллелдігінің жоқтығы анықталған. Протезді кигізіп көру кезінде науқас аздаған қолайсыздық сезінді. Дегенмен, көпіртәрізді протезді күшпен салып цементке бекітілді. Болжамын және мүмкін болатын асқынуларды көрсетіңіз://

  1. қолайсыз, тірек тістердің ақауға қарай еңкеюі//

  2. қолайсыз, тірек тістердің өз осі бойынша бұрылуы//

  3. қолайсыз, периодонттың жарақат әсерінен қабынуы//+

  4. қолайлы, тірек тістердің аурусыз шамалы бұрылысы//

  5. қолайлы, периодонттың жарақат әсерінен қабынуы жойылады

***

508. 39 жастағы М. науқаста, объективті тексеру кезінде анықталды

0

0

0

0

0

0

1.8

1.7

1.6

1.5

1.4

1.3

1.2

1.1

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

2.8

4.8

4.7

4.6

4.5

4.4

4.3

4.2

4.1

3.1

3.2

3.3

3.4

3.5

3.6

3.7

3.8

1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістері I-дәрежелі қозғалыста 1.4, 1.5, 2.4, 2,5 тістері физиологиялық қозғалыста. Тиімді протездеу түрін таңдаңыз://

  1. ұстап-тұрушы 1.5, 2.5 тістеріне құрсауы және алдыңғы тістерге көптүйінді құрсауы бар жартылай алмалы-салмалы протез//

  2. үгітуші жүктемесімен доғалы протез, тіреп ұстап-тұрушы 1.5, 2,5 тістеріне құрсау және алдыңғы тістерге көптүйінді құрсаумен//

  3. үгітуші жүктемесімен доғалы протез, тіреп ұстап-тұрушы 1.4, 1.5, 2.4, 2,5 тістеріне құрсау және алдыңғы тістерге көптүйінді құрсау//+

  4. ұстап-тұрушы 1.5, 2.5 тістеріне құрсауы бар жартылай алмалы-салмалы протез//

  5. үгітуші жүктемесімен доғалы протез, тіреп ұстап-тұрушы 1.1, 1.5, 1.3, 2.5, 2.3, 2.1 тістеріне құрсауы бар

***

509. 54 жастағы науқас, төменгі жаққа толық алмалы протезді салғаннан кейін бір жыл ішінде екі рет тез қататын пластмассамен төменгі жақтың протезінің базисі клиникалық тәсілмен қайта көшірліп жасалды. Көп кешікпей науқас, протездің астында шырышты қабықта күйдіру сезімі пайда болуына байланысты шағымданып келді. Науқасқа 5 тәулік протезді тақпау ұсынылды. Барлық шағымдар осы уақытта жойылды. Осы нақтамалық тәсілдің атауын атаңыз://

  1. экспликация//

  2. элиминация//+

  3. дефлексия//

  4. жабсырма//

  5. девиация

***

510. 54 жастағы науқас. төменгі жаққа толық алмалы протезді салғаннан кейін бір жыл ішінде екі рет тез қататын пластмассамен төменгі жақтың протез базисі клиникалық қайта көшіріліп жасалды . Көп кешікпей науқас протез астында шырышты қабығында күйдіру сезімі пайда болуына байланысты шағымданып келді. Науқасқа 5 тәулік протезді тақпау ұсынылды. Барлық шағымдар осы уақытта жойылды. Нақтау қойыңыз://

  1. «булану» әсері//

  2. зақымнан болған ауыздың қабынуы//

  3. протезден болған жиектік пародонтит//

  4. тезқатушы пласмассаға аллергиялық реакция//+

  5. ауыз қуысында шырышты қабық тінінің өсіп өнуі

***

511. Орта есеппен әсер ету уақыты 45 минутқа жететін, құрамында 4% артикаин және 1/200000 адреналині бар, күнделікті қалыпты қабылдауға арналған жергілікті анестетикті атаңыз://

A. Lidocain//

B. Septonest//

C. Ubistesin ™//+

D. Mepivastesin ™//

E. Ubistesin ™ Forte

***

512. Орта есеппен әсер ету уақыты 75 минутқа жететін, құрамында 4% артикаин және 1/100000 адреналині бар, ұзақ әсер ететін жергілікті анестетикті атаңыз://

A. Lidocain//

B. Septonest//

C. Ubistesin ™//

D. Mepivastesin ™//

E. Ubistesin ™ Forte+

***

513. Орта есеппен әсер ету уақыты 20-40 минутқа жететін, құрамында вазоконстрикторы жоқ, жүрек-қантамыр ауруларымен, артериалық гипертензиясымен, аллергия және демікпемен ауыратын науқастарға арналған жергілікті анестетикті атаңыз://

A. Lidocain//

B. Septonest//

C. Ubistesin™//

D. Mepivastesin™//+

E. Ubistesin™ Forte

***

514. Жылтыратуды қажет етпейтін және мономер бөлмейтін, уақытша ортопедиялық құрылымдарды жасауға қолданылатын, композиттік материалды атаңыз://

A. Protemp™ 4//+

B. маллопласт//

C. протакрил//

D. норакрил//

E. редонт

***

515. Уақытша құрылымды шешу кезінде жеңіл алынатын және тіс тіндеріне жоғарғы дәрежеде жабысып қалу қасиеті бар эвгенольсіз уақытша цементті атаңыз://

A. Relyx™ Temp NE//+

B. Filtek Ultimate//

C. Protemp ™ 4//

D. аквамерон//

E. Фуджи 3

***

516. Әдеттегі Impregum™, полиэфирлі материялдарының жұмыс уақыты өткеннен кейін тез қатуына мүмкіндік беретін қасиет://

A. жоғары ілігісуі//

B. жылдам ұстасуы//+

C. тиксотроптылығы//

D. жоғары жабысқақтығы//

E. жоғарғы гидрофильділігі

***

517. Керек кезде ылғалды ортада ең нақты қалып алу үшін қолданылады://

A. полиэфирді//+

B. полисульфитті//

C. гидроколлоидты//

D. термопластикалық//

E. қаттыкристалдылық

***

518. Ылғал тінмен түйіскенде ауыз қуысынан сұйықтықты шығарып, нақты қалыппен қамтамасыз ететін қалып алатын материалдар топтары://

A. полиэфирлі//+

B. полисульфидті//

C. гидроколлоидты//

D. термопластикалық//

E. қаттыкристаллдылық

***

519. Қатты беткейі бар, тегіс жылтыратылған, кіші азу тістер және ит тістерінің қызыл иек мойынының кіре берісі аймағында орналасқан ақаулар ортопедиялық емінің қай түріне жатады және аталуы://

  1. флюороз, металдыкерамикалы сауыттар//

  2. кіреукенің өсіп жетілмеуі және винирлер//

  3. тістердің аса қажалуы, құйылған салмалар//

  4. сына тәрізді ақау және бітемелік композиттер//+

  5. тістердің аса қажалуы және пластмассалы сауыттар

***

520. Егеу кезінде науқастың ауыз қуысында індеттің таралу қауіп-қатерін болдырмау үшін кесетін аспаптарды салқындатуға қолданылады://

A. бөлме температурасындағы қайнатылған су//

B. зарасыздандырылған дистильденген су//+

C. бөлме температурасындағы құбыр суы//

D. қайнатылған салқын су//

E. салқын құбыр суы//

***

521. Жақтың дистальді ығысуы және беттің үштен бір бөлігінің биіктігінің бірталай төмендеуі бар науқастардың миостатикалық рефлексінің қайта құрылу уақытының негізгі көрсеткіші болады://

A. 5 -6 жыл//

B. 1 – 2 жыл//

C. 7 – 9 жыл//

D. 3 – 4 жыл//

E. 10 – 25 жыл+

***

522. Шайнау бұлшық еттерінің миостатикалық рефлексінің қайта құрылуының клиникалық белгісінің үйлесуі://

  1. олардың электрикалық белсенділігінің қайта құрылуымен//+

  2. олардың электрикалық белсенділігінің жоғарлауымен//

  3. олардың электрикалық белсенділігінің төмендеуімен//

  4. олардың босаңсу уыақытының жоғарлауымен//

  5. олардың босаңсу уыақытының төмендеуімен

***

523. Егер алмалы-салмалы протез шекарасы ұзарып кеткен кезде науқас біраз уақыт (бір жылдан астам) түзетуге келмеген жағдайда әдеттегідей дамыйды://

A. шырышты қабығының гиперплазиясы//+

B. шырышты қабығының қан кернеуі//

C. ауыздың аллергиялық қабынуы//

D. протезге ауыздың қабынуы //

E. жолақтанып қызару

***

524. 60 жастағы У . науқас, бір жылдай уақыт түзетусіз толық алмалы протез қолданған, соның салдарынан аралық қатпар аймағында шырышты қабығының қан кернеуі айқындалды. Оның пайда болу себебін анықтаңыз://

A. протездің шеті ұзарған//+

B. протездің шеті қысқарған//

C. шайнау қысымының жоғарлауы//

D. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің ұлғаюы//

E. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің кішіреюі

***

525. 59 жастағы В . науқас, жеті жыл түзетусіз толық алмалы протезбен қолданған, соның салдарынан аралық қатпар аймағында «фартук» тәрізді шырышты қабығының қан кернеуі айқындалды. Оның пайда болу себебін анықтаңыз://

A. протездің шеті ұзарған//+

B. протездің шеті қысқарған//

C. шайнау қысымының жоғарлауы//

D. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің ұлғаюы//

E. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің кішіреюі

***

526. 65 жастағы К . науқас, он сегіз жыл түзетусіз толық алмалы протезбен қолданған. Аралық қатпар аймағында домбық және әрдайым ауру сезімінің пайда болуын байқаған. Дәрігерге қаралмаған. Тексеру барысында шырышты қабық тінінің артық өсіп-өнуінің көп қабаттылығы анықталған. Оның пайда болу себебін анықтаңыз://

A. протездің шеті ұзарған//+

B. протездің шеті қысқарған//

C. шайнау қысымының жоғарлауы//

D. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің ұлғаюы//

E. беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің кішіреюі

***

527. Толық алынбалы протез астындағы шырышты қабық тінінің артық өсіп-өну ошағының пайда болу мерзімі://

A. 1 -5 күн//

B. 6 – 10 күн//

C. 15 – 18 күн//

D. 20 – 30 күн//

E. 30 – 360 күн+

***

528. Шырышты қабық тінінің артық өсіп-өну дамуын тоқтату үшін толық алмалы протезді неше күн қолданбаған жөн://

  1. 10 – 15 күн//+

  2. 5 – 6 күн//

  3. 1 – 2 күн//

  4. 3 - 4 күн//

  5. 7 -8 күн

***

529. Төменгі жақта толық алмалы протездің тұрақтануы болмағандықтан және әрдайым сагитальды бағытта қозғалу салдарынан ұяшық өсіндісінің семуі қай жерде болу мүмкін://

A. ішкі қисық сызық аймағында//

B. жақ-тіл асты аймағында//

C. ретромоляр аймағында//

D. маңдайлас бөлімде//+

E. бүйір бөлімде

***

530. Модиолюс (modiolus)- бұлшық еттік түйіннің пайда болуына қатысады://

A. 1 бұлшық ет//

B. 2 бұлшық ет//

C. 3 бұлшық ет//

D. 4 бұлшық ет//

E. 6 бұлшық ет+

***

531. 59 жастағы М. науқас, сыртқы келбетін тексеру кезінде тері қабығының құрғақтылығы анықталған, ауыз қуысының кішіреюімен («аурудың кисета белгісі) жоғарғы және төменгі еріндер аймағында терінің әжімі пайда болу салдары қалып алу мен егелеуді қиындатады. Алдын ала нақтауды атаңыз://

A. «қоян ерінді»; хейлит//

B. Иценко-Кушинга ауруы; хейлит//

C. құрамдық склеродермия; микростомия//+

D. акромегалия; жоғарғы ерін үзбесінің төмен жабысуы//

E. теміртапшы қан аздық; жоғарғы ерін үзбесінің төмен жабысуы

***

532. Ортогнатиялық тістемеде жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі алдыңғы тістерді жауып тұруы қалыпты жағдайда қаншаға тең://

A. 3,3+0,3 мм//+

B. 4,0+0,2 мм//

C. 5,0+0,1 мм//

D. 6,0+0,3 мм//

E. 7,0+0,1 мм

***

533. Егер ортогнатиялық тістемде жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі алдыңғы тістерді жауып тұруының үлкендік сатысы 3,3+0,3мм болса, ол нені білдіреді://

  1. тік тістемді, окклюзиялық биіктіктің жоғарлауы, төменгі жақтың дистальбі ығысуы//

  2. ашық тістеме, окклюзиялық биіктіктің жоғарлауы, төменгі жақтың дистальді ығысуы//

  3. терең тістемді, окклюзиялық биіктіктің төмендеуі, төменгі жақтың дистальді ығысуына//+

  4. опистогнатиялық тістемді, окклюзиялық биіктіктің төмендеуі, төменгі жақтың дистальді ығысуы//

  5. бипрогнатиялық тістемді, окклюзиялық биіктіктің жоғарлауы, төменгі жақтың медиальды ығысуы

***

534. Жас науқаста жоғарғы жақ сынығының дұрыс бітпеуі салдарынан 0,5 мм алдыңғы ашық тістем пайда болған жағдайда қандай ем жүргізген қолайлы://

  1. ортодонтиялық ем жүргізу//+

  2. төменгі күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  3. жоғарғы күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  4. төменгі үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу//

  5. жоғарғы үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу

***

535. Егде жас шамасындағы науқаста жоғарғы жақ сынығының дұрыс бітпеуі салдарынан 0,5 мм алдыңғы ашық тістем пайда болған жағдайда қандай ем жүргізген қолайлы://

  1. әсемдік құрылымдармен протездеу//+

  2. төменгі күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  3. жоғарғы күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  4. төменгі үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу//

  5. жоғарғы үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу//

***

536. Жас науқаста жоғарғы жақ сынығының дұрыс бітпеген салдарынан 5 мм алдыңғы ашық тістем пайда болған жағдайда қандай ем жүргізген қолайлы://

  1. ортодонтиялық ем жүргізу//+

  2. төменгі күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  3. жоғарғы күрек тістерді сүйекке кіргізу//

  4. төменгі үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу//

  5. жоғарғы үлкен азу тістерді сүйекке кіргізу

***

537. Жартылай тістерін жоғалтқан және жақ сынығы дұрыс бітпеген науқастарға қандай ем жүргізген қолайлы://

  1. доғалы протезбен//

  2. көпіртәрізді протезбен//

  3. консольді көпіртәрізді протезбен//

  4. бір қабатты тіс қатарымен алмалы-салмалы протезбен//

  5. қос қабатты тіс қатарымен алмалы-салмалы протезбен+

***

538. Ауыз саңылауының тарыуы және жартылай тістерін жоғалтқан науқастарға қандай ем жүргізген қолайлы://

  1. доғалы протезбен//

  2. шарнир протезбен//+

  3. көпіртәрізді протезбен//

  4. консольді көпіртәрізді протезбен//

  5. бір қабатты тіс қатарымен алмалы-салмалы протезбен

***

539. Мезиальді тістемнің сипаттамасы://

  1. жоғарғы алдыңғы тістер алдыға жылжиды, төменгі біртекті тістермен түйісіп тұрады//

  2. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістермен түйісіп тұрады//

  3. жоғарғы алдыңғы тістер алдыға жылжиды, төменгі біртекті тістерді шамадан тыс жауып тұрады//

  4. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістерді шамадан тыс жауып тұрады//+

  5. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістерді шамадан тыс жаппай тұрады

***

540. Дистальді тістемнің сипаттамасы://

  1. жоғарғы алдыңғы тістер алдыға жылжиды, төменгі біртекті тістермен түйісіп тұрады//

  2. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістермен түйісіп тұрады//

  3. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістерді шамадан тыс жауып тұрады//

  4. төменгі алдыңғы тістер алдыға жылжиды, жоғарғы біртекті тістерді шамадан тыс жаппай тұрады//

  5. жоғарғы алдыңғы тістер алдыға жылжиды, төменгі біртекті тістерді шамадан тыс жауып сагиталды саңылауымен+

***

541. Дыбыс шығаруды алдыңғы тістердің өзара түйіспе кескіш дөңесінің болмауы, тістердің арасындағы саңылаудың болуы, күрек тістердің арасындағы саңылаудың болуы бұзады://

  1. «И,О»//

  2. «И,Е»//

  3. «Д,Р»//

  4. «С,З»//+

  5. «А,Б»

***

542. Ауыздың барынша ашылуы кезінде де өзгермей , ауыздың біржақты шектеліп ашылуының аталуы://

  1. девиация//

  2. окклюзия//

  3. репозиция//

  4. дефлекция//+

  5. артикуляция

***

543. Окклюзионды түйіспесі сақтала отырып төменгі жақтың оң жаққа ығысуы қалай атайды://

  1. девиация//

  2. дефлекция//

  3. алдынғы окклюзия//

  4. латеротрузия оң жаққа//+

  5. латеротрузия сол жаққа

***

544. Окклюзионды түйіспесі сақтала отырып төменгі жақтың сол жаққа ыңысуы қалай атайды://

  1. девиация//

  2. дефлекция//

  3. алдынғы окклюзия//

  4. латеротрузия оң жаққа//

  5. латеротрузия сол жаққа+

***

545. Науқастың төменгі жақ сүйегінде тіс қатарының екі жақты ақауы бар. Екінші азу тісімен кіші азу тісі жоқ. 3.4, 4.4, 4.8 -ші тістеріне ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезі жасалды. Осы жағдайда алмалы-салмалы протезге кламерлі бекітуінің қандай түрі қолданылды://

  1. нүктелі//

  2. сагиталды//

  3. диагоналды//

  4. жазықтықты//+

  5. трансверзалды

***

546. Науқастың төменгі жағында тіс қатарының екі жақты ақауы бар. Жоғарғы жағында жалғыз тұрған тісі сақталған. 2.4 тістеріне ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез дайындау керектігі шешілді. Осы жағдайда алмалы-салмалы протездің кламерлі бекітуінің қандай түрі қолданылды://

  1. нүктелі//+

  2. сагиталды//

  3. диагоналды//

  4. жазықтықты//

  5. трансверзалды

***

547. Науқастың төменгі жағында тіс қатарының екі жақты ақауы бар. Екінші азу тісімен кіші азу тісі жоқ. 3.4, 4.8-ші тістеріне ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез дайындау керектігі шешілді. Осы жағдайда алмалы-салмалы протездің кламерлі бекітуінің қандай түрі қолданылды://

  1. нүктелі//

  2. сагиталды//

  3. диагоналды//+

  4. жазықтықты//

  5. трансверзалды

***

548. Металды негізі бар жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезбен протездеуге жалпы медициналық көсеткіштері://

  1. тіс қатарының кіші ақаулары және құстыратын рефлекс//

  2. тіс қатарының кіші ақаулары және ілеспелі макроглоссия//

  3. тіс қатарының үлкен ақаулары, парафункция және ілеспелі қояншық//+

  4. тіс қатарының кіші ақаулары, платмассалы негіздің қайталанып сынуымен//

  5. тіс қатарының орташа ақаулары, жүйелі пародонт ауруларының ілесе жүруімен

***

549. Доғалы пртездің қаңқасымен тіреп-ұстап тұрушы құрсаудың қатты (тұрақты) қосылуы кезінде шайнау қысымы таралады://

A. барлық тістерге//

B. тіреуіш тістерге//+

C. маңдайлас тістерге//

D. шайнайтын тістерге//

E. ауыздың шырышты қабығына

***

550. Доғалы пртездің қаңқасымен тіреп-ұстап тұрушы құрсаудың серіппелі (жартылай тұрақсыздық) қосылуы кезінде шайнау қысымы таралады://

A. шайнайтын тістерге және томпаққа //

B. шырышты қабықтың альвеола қырына//

C. барлық тістерге және ауыздың шырышты қабығына//

D. тіреуіш тістерге және ауыздың шырышты қабығына//+

E. сүйек тінінің бедерленіп өсуі және маңдайлас тістерге

***

551. Доғалы протездің қаңқасымен тіреп-ұстап тұрушы құрсаудың буынды (топласық) қосылуы кезінде шайнау қысымы таралады://

A. барлық тістерге//

B. тіреуіш тістерге//

C. маңдайлас тістерге//

D. шайнайтын тістерге//

E. ауыздың шырышты қабығына+

***

552. Науқас., 45 ж. клиникаға шайнай алмағандығына , шайнағанда бұлшық етінің және самай төменгі жақ буындарының, әсіресе оң жағының ауру сезіміне шағымданып келді. 3-ай бұрын жоғарғы жақтың сол жақ тістеріне көпіртәрізді протез орнатылғаннан кейін, жағымсыз әсердің және ауру сезімінің болғанын айтты.

Объективті көрінісі:

к

ф

ф

к

1.8

1.7

1.6

1.5

1.4

1.3

1.2

1.1

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

2.8

4.8

4.7

4.6

4.5

4.4

4.3

4.2

4.1

3.1

3.2

3.3

3.4

3.5

3.6

3.7

3.8

Ортогнатикалық тістем, жоғарғы және төменгі жақтардың алдыңғы кескіш тістерінің ортаңғы сызығының түйісуі сәйкес келмейді.Төменгі жақ оңға ығысқан, 3.4, 3.7 тістер аймағында көпіртәрізді протезі бар, тістемі биіктеген. Протезде ұртты дөңесінің аралық бөлігі биік мүсінделген, орталық окклюзияда тістемге кедергі жасайды. Ауру сезімін шайнау бұлшық етін және самай төменгі жақ буынының оң жағын сипап қарағанда туғызады. Кеннеди классификациясы бойынша нақтау қойыңыз. Науқаста ауру сезімінің себебін айтыңыз://

  1. Кеннеди бойынша 1 класс жоғарғы жақтың тіс қатарының ақауы, көпіртәрізді протезде тістемнің биіктігі төмендетілген//

  2. Кеннеди бойынша 2 класс жоғарғы жақтың тіс қатарының ақауы, көпіртәрізді протезде тістемнің биіктігі төмендетілген//

  3. Кеннеди бойынша 3 класс жоғарғы жақтың тіс қатарының ақауы, көпіртәрізді протезде тістемнің биіктігі төмендетілген//

  4. Кеннеди бойынша 4 класс жоғарғы жақтың тіс қатарының ақауы, көпіртәрізді протезде тістемнің биіктігі жоғарлатылған//+

  5. Жоғарғы жақта Гаврилов бойынша 4 класс, көпіртәрізді протезде тістемнің биіктігі жоғарлатылған