Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-05-2014_11-33-42 / nevralogia_test.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
108.4 Кб
Скачать

49 Жасар науқас әйел, инсульттан кейін көрсетілген заттарды атай алмайды, бірақ ол заттардың мағынасын дұрыс сипаттайды. Симптомды атаңыз://

+амнестикалық афазия//

сенсорлы афазия//

көру агнозиясы//

антероградты амнезия//

ретроградты амнезия

***

Шашыранды склероздың ең көп кездесетін клиникалық түрін ата://

найзағай тәрізді//

екітолқынды//

өршулі//

жедел//

+реммитирленген

***

Сирингомиелияның дамуына әсер ететін этиологиялық фактор://

вирусты инфекция//

мыс алмасуының бұзылысы//

патологиялық тұқым қуалаушылық//

май алмасуының бұзылысы//

+жүйке жүйесінің дисрафия түрінде эмбрионалды дамуының дефектісі

***

Миастенияның негізгі клиникалық формаларын көрсетіңіз://

қыртысты және спинальды//

+жалпы, бульбарлы және көздік//

псевдогипертрофиялық//

абортивті, симптомсыз//

паралитикалық, менингеальді

***

Миастенияның жалпы түрінің негізгі симптомдарын көрсет://

сезімталдықтың бұзылысы//

+аяқ-қол бұлшықеттерінің әлсіздігі және тыныс алудың бұзылысы//

аяқ-қол бұлшықеттерінің атрофиясы және тұрақты парездері//

сенситивті немесе мишықтық атаксия//

альтернирленген синдромдар

***

Миастенияға ең көп тән синдромды ата://

мінез-құлықтың бұзылысы//

бұлшықеттің өршуші атрофиясы//

қозғалыс координациясының бұзылысы//

"қолғап", "шұлық" типі бойынша гипестезия//

+жоғарылаған бұлшықеттік әлсіреу

***

Қандай нерв зақымданғанда науқас аяғының ұшына тұра алмайды://

кәрі жіліктік нерв//

шынтақтық нерв//

+асықты жілік нерв//

сан нерв//

асықты жілік шыбығының нерві

***

Қандай нерв зақымданғанда «кірпік» симптомы байқалады://

үшкіл нерв//

көзқимылдатқыш нерв//

+бет нерв//

әкетуші нерв//

тілжұтқыншақ нерв

***

Қант диабеті кезінде полиневропатия дамуына негізгі механизм болып табылады://

токсикалық//

+тамырлы-метаболикалық//

аллергиялық//

жарақаттық//

гипоксиялық

***

Шарко-Мари амиотрофиясы кезінде бұлшықет атрофиясы қандай бөліктерден басталады://

бет бұлшықетінен//

жамбас бұлшықетінен//

+аяқтың дистальді бөліктерінен//

қолдың дистальді бөліктерінен//

иықтан

***

Кугельберг-Веландер ауруы кезінде жұлынның қандай бөлімдері зақымданады://

сегменттер//

+алдыңғы мүйіздер//

артқы мүйіздер//

Бурдах шоғыры//

спинно-таламикалық жол

***

Спиналды амиотрофия кезінде қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты://

ЭЭГ//

ЭКГ//

+ЭМГ//

РЭГ// КТГ

***

Томсон миотониясына тән://

+қаңқалы бұлшықет гипертрофиясы//

жамбас бұлшықетінің атрофиясы//

балтыр бұлшықетінің псевдогипертрофиясы//

қаңқалы бұлшықет атрофиясы//

бет бұлшықетінің атрофиясы

***

Науқас 23 жаста, қолдарындағы әлсіздікке, иық және бет бұлшықеттерінің атрофиясына шағымданады. Объективті: беті гипомимикалық, мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, еріндері қалың, жауырыны қанаттәрізді, интеллект сақталған. Осындай ауру ата-анасында. Диагноз қойыңыз://

Шарко-Мари миопатиясы //

Шершевский-Тернер синдромы//

Дюшен миопатиясы//

+Ландузи-Дежерин миопатиясы//

Шарко-Мари амиотрофиясы

***

Эрба-Рот миодистрофиясы қандай бұлшықеттердің зақымдалуынан басталады://

қолдың дистальді бөлімдерінен//

аяқтың дистальді бөлімдерінен//

+аяқтың проксимальді бөлімдерінен//

бет бұлшықеттерінен//

жүрек бұлшықеттерінен

***

Ерте мерзімді нейросифилиске тән емес жұлын ми сұйықтығының өзгерісін көрсет://

0,5- 1,5г/л дейін ақуыздың жоғарылауы//

лимфоцитарлы плеоцитоз //

паралитикалық типті Ланге реакциясы//

+ақуыз-жасушалық диссоциация//

оң мәнді Вассерман реакциясы

***

Төменде келтірілген қандай симптом кіші хореяға тән://

Бабинский симптомы//

кері қайту түрткі феномені//

+Гордон тоникалық феномені//

Россолимо симптомы//

«тісшелі дөңгелек» симптомы

***

Миелит кезінде зақымданады://

жұлынның қабаттары//

жұлынның сұр заты//

жұлынның ақ заты//

+жұлынның ақ және сұр заты//

омыртқалар

***

Бүйірлік амиотрофикалық склероздың бульбарлы түріне тән симптом://

сезімталдықтың бұзылысы//

амблиопия//

+дизартрия және дисфагия//

аяқтың атрофиясы//

аносмия

***

Ақылаздықтың жиі себебі://

тамырлық аурулар//

эпилепсия//

+Альцгеймер ауруы//

Паркинсон ауруы//

бас жарақаты

***

Екіншілікті іріңді менингит кезінде ликвордың түсі қандай://

қызғылт//

түссіз, мөлдір//

ксантохромды//

+бұлыңғыр//

жасыл

***

Балалардың церебралды параличінің ең жиі кездесетін түрі://

+спастикалық диплегия (Литтл синдромы)//

мишықтық//

гиперкинетикалық//

атонико-астатикалық //

спастикалық гемиплегия

***

Инсомния-бұл://

+инициацияның немесе ұйқы ұстанымдылығының қиындауы//

қысқа мерзімді естің әлсіреуі//

ұзақ мерзімді естің бұзылысы//

ойлау қабілетінің бұзылысы//

назар аудару бұзылысы

***

Мидриаз ненің зақымдануында болады://

көз қозғалтқыш нервтің ірі клеткалы ядроларының жоғарғы бөлігінің//

көз қозғалтқыш нервтің ірі клеткалы ядроларының төменгі бөлігінің//

+көз қозғалтқыш нервтің ұсақ клеткалы ядроларының//

ортаңғы жұп емес ядроның//

медиальді көлденең шоғырдың ядросының

***

Егер ауырсыну сезімталдығының өткізгіш бұзылыстарының жоғарғы шекарасы Т 10 дерматома аймағында анықталса, жұлынның зақымдануы қай сегмент маңында://

Т5 немесе Т6//

Т6 немесе Т7//

+Т8 немесе Т9//

Т9 немесе Т10//

Т10 немесе Т11

***

Тежеу әсерінің негізгі медиаторы://

ацетилхолин//

+ГАМК//

норадреналин//

адреналин//

серотонин

***

Ромберг сынамасында көзді жұмғанда атаксияның күшеюі қандай атаксияға тән://

мишықты//

+сенситивті//

вестибулярлы//

астазия//

абазия

***

Моторлы афазиямен науқас://

+сөйлеген сөзді түсінеді, өзі сөйлей алмайды//

сөйлеген сөзді түсінбейді, өзі сөйлей алмайды//

өзі сөйлей алады, бірақ сөйлеген сөзді түсінбейді//

өзі сөйлей алады, бірақ сөзі скандирленген//

өзі сөйлей алады, бірақ сөзі дизартрияланған

***

Дененің орналасуының жазықтықта өзгерісі кезінде бұлшықет тонусының мишықпен реттелуі не арқылы іске асады://

+қызыл ядро//

Люисов денесі//

қара зат//

көлденең дене//

құйрықты ядро

***

Биназальді гемианопсия не зақымданғанда пайда болады://

көру нервісі қиылысының орталық бөлігінің//

+көру нервісі қиылысының сыртқы бөлігінің//

көру сәулесінің//

көру трактысының//

шүйде бөлігінің

***

Көру трактысының зақымдануында қандай гемианопсия дамиды://

биназальді//

+гомонимді//

битемпоральді//

төменгі квадрантты//

жоғары квадрантты

***

Мишықтың жоғарғы аяқшалары арқылы өтетін жол://

артқы жұлын-миышықтық//

+алдыңғы жұлын-мишықтық//

маңдай-көпір-мишықтық//

шүйде-самай-көпір-мишықтық//

пирамидалы

***

Жұлынның көлденеңінің жартылай зақымдануында (Броун-Секар синдромы) ошақ орналасқан жағында орталық салданумен бірге болады://

ошаққа қарама-қарсы жағында сезімталдықтың барлық түрінің

бұзылысы//

ошақ орналасқан жағында ауырсынулық және температуралы

сезімталдықтың бұзылысы//

+ошақ орналасқан жағында терең сезімталдық бұзылысы//

ошақ орналасқан жағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы//

ошаққа қарама-қарсы жағында терең сезімталдық бұзылысы

***

Мишықтың құрты зақымдалғанда қандай атаксия дамиды://

динамикалы//

вестибулярлы//

+статикалық//

сенситивті//

маңдайлы

***

Сыртқы есту жолында және құлақ қалқаны маңында ауырсыну сезімі мен герпестік бөртпелердің болуы, есту және вестибулярлы қызметтің бұзылысы қандай түйіннің бұзылу белгісі болып табылады://

вестибулярлы//

қанат-таңдай//

+тізелі//

гассер//

кірпіктік

***

Мойын өрімі жұлынми нервтерінің алдыңғы тармақтарын құрайды//

+С1-С4//

С2-С5//

С3-С6//

С4-С7//

С5-С8

***

Иық өрімі жұлынми нервтерінің алдыңғы тармақтарын құрайды://

С5-С8//

+С5-Т2//

С6-С8//

С8-Т2//

Т2-Т6

***

Көру агнозиясымен науқас://

қоршаған заттарды нашар көреді, бірақ оларды таниды//

қоршаған заттарды жақсы көреді, бірақ формасы бір түрлі көрінеді//

көру аймағының шетіндегі заттарды көрмейді//

+заттарды көреді, бірақ танымайды//

барлық заттар екі еселеніп көрінеді

***

Жұтудың және фонацияның бұзылысы, дизартрия, жұмсақ таңдай парезі, жұтыну рефлексінің болмауы және тетрапарез ненің зақымдануын көрсетеді://

ми аяқшаларының//

ми көпірінің//

+сопақша мидың//

орталық мидың қақпағының//

мишықтың

***

Сан нервісі түбіршектерді құрайды://

L3//

+L2-L4//

L1-L2//

L1-L4//

L5-S1

***

Оральді автоматизм рефлекстері қандай жолдың зақымдануын дәлелдейді://

қыртыстыжұлынды//

+қыртыстыядролы//

маңдай-көпір-мишықты//

руброжұлынды//

тектожұлынды

***

Уотерхауса-Фридериксен синдромының дамуы (жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі) ненің ауыр ағымына тән://

стафилококкты менингиттің//

пневмококкты менингиттің//

Коксаки вирусымен шақырылған вирустың//

+менингококкты менингиттің//

лимфоцитарлы хориоменингиттің

***

Басмиының компьютерлі томографиясы нені көрсетпейді://

+ісіктің гистологиялық құрылымын салыстыруға//

мидың сұр және ақ затын салыстыруға//

ликвор жолының жағдайын анықтауға//

ишемия және қан құйылу аймағын анықтауға//

перифокальді ісіну аймағын анықтауға

***

Тіласты нервтің шеткі зақымдануына тән://

еріктен тыс жылау//

жүрек айну және құсу//

дисфагия//

+тілдің девиациясы//

афазия

***

Қосымша нерв зақымданғанда дамиды://

бульбарлы синдром//

псевдобульбарлы синдром//

Белл феномені//

+трапеция тәрізді бұлшықеттің парезі//

бізжұтқыншақ бұлшықеттің парезі

***

Арнольда-Киари аномалиясы://

мойын омыртқаларының мүжілуі//

1 мойын омыртқасының шүйде сүйегімен мүжілуі//

+мишық миндалинасының төменге ығысуы//

1 мойын омыртқасының еруі//

қосымша қабырға

***

Мишық зақымданғанда қандай симптом дамиды://

бұлшықет гипертониясы//

+бұлшықет гипотониясы//

бұлшықет парезі//

екі еселену//

афония

***

Субарахноидальды қан құйылудың жиі себебі болып табылады://

+ми тамырларының аневризмасы//

церебральді атеросклероз//

гипертониялық ауру//

ми тамырларының қабынуы//

ауыр дәрежелі анемия

***

Перифериялық қозғалтқыш нейрон орналасқан://

+жұлынның алдыңғы мүйізінде//

құйрықты ядрода//

субталамикалық ядрода//

қызыл ядрода//

құрт тәрізді ядрода

***

Беткей сезімталдықтың 2 нейрон денесі қайда орналасқан? //

теріде//

омыртқааралық ганглийде//

+артқы мүйізде//

көру төмпегінің ядроларында//

сопақша мидың артқы бағанасының ядроларында

***

Стриопалидарлы жүйенің қозғалыс аппарат сегментіне импульстің берілуі мына жол арқылы жүзеге аспайды://

руброспинальды//

ретикулоспинальды//

тектоспинальды//

+кортикоспинальды//

нигроспинальды//

***

Сызықты дене зақымдануларына жатады://

+торсионды дистония//

брадипсихия//

брадикинезия//

ахейрокинез//

латеропульсия

***

Мишықтың зақымдану симптомы: //

гемибализ//

амузия//

+атаксия//

беттің параспазмы//

копролалия

***

Қант диабетінің неврологиялық асқынуларына жатады://

сөйлеу бұзылыстары//

+полинейропатия//

акинетико-ригидті синдром//

талма//

орталық парездер

***

Қарашық рефлекстің қиылысу деңгейі://

+ортаңғы ми//

сопақша ми//

С5-С6//

С6-С8//

L5-S2

***

Ортаңғы құрсақтық рефлекстің тұйықталу деңгейі://

Th7-Th9//

+Th8- Th10//

Th11- Th12//

L1-L2//

С5-С6

***

Орталық және перифериялық паралич тән://

шашыранды склероз//

+бүйірлік амиотрофикалық склероз//

туберкулезді склероз//

церебросклероз//

сирингомиелия

***

Жұлын түбіршектерінің қысылуының жиі болатын себебін атаныз//

миелит//

энцефаломиелополирадикулоневрит//

+диск жарығы //

жұлын қанайналымының бұзылысы//

кіші жамбас ағзаларының ісігі

***

Науқаста дисфония, дизартрия, дисфагия, жұтқыншақ рефлекстері жоғары, жұмсақ таңдайдың парезі, тіл қимылдамайды, тіл бұлшық еттерінің атрофиясы жоқ. Еріктен тыс жылау, оральді автоматизм рефлекстері. Не зақымданған//

ошақ сопақша мидың сол жағында//

ошақ сопақша мидың оң жағында //

ошақ сопақша мидың екі жағында //

+9-12 жұп ми нервтерінің кортиконуклеарлы жолдарының екі жақты зақымдануы//

9-12 жұп ми нервтерінің кортиконуклеарлы жолдарының бір жақты зақымдануы

***

Науқаста оң иығы түскен, басты сол жаққа бұру қиындаған, оң жауырын омыртқадан сыртқа қарай ауытқыған. Оң жақтан трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады. Қандай ми нервісі зақымданған кезде осындай симптоматика болуы мүмкін//

тіласты нерві//

тілжұтқыншақ нерві//

кезбе нерві//

+қосымша нерві//

үшкіл нерв

***

Қарашық сфинктерінің инневациясы келесі нерв атқарады: //

+III//

IV//

VI//

V//

VIII

***

Диплопия келесі ми нервтерінің зақымдануында кездлеседі: //

VII//

X//

+VI//

V//

IX

***

Келесі симптомдар Вебер альтернирлеуші синдромына тән: //

+мидриаз, ажырайтын қылилық, диплопия, гемиплегия//

ішке қарай қылилық//

лагофтальм//

парапарез//

джексондық эпилепсия

***

Шүйде бөлігінің зақымдану симптомдарын көрсет//

астереогнозия//

+көру агнозиясы, орталық көруі сақталған гемианопсия//

апраксия//

моторлы афазия//

аносмия

***

Науқас айтылған сөйлемдерді түсінеді, бірақ өзі сөйлемейді, жұтынуы бұзылмаған. Науқаста қандай синдром://

амнестикалық афазия//

аграфия//

анартрия//

+моторлы афазия//

апраксия

***

Науқастың жағдайы бұлыңғыр, дәм және иіс сезу галлюцинациясы, иіс сезу агнозиясы,сол жақтық квадрантты гемианопсия. Процестің орналасу орнын көрсетіңіз://

сол жақ жарты шардың шүйделік бөлігі//

оң жақ жарты шардың шүйделік бөлігі//

сол жақ жарты шардың самай бөлігі//

+оң жақ жарты шардың самай бөлігі//

сол жақ жарты шардың маңдай бөлігі

***

Цереброспинальды сұйықтық продуцирленеді: //

+ми қарыншаларының тамырлық өрімдерімен//

пахионды грануляциялармен//

торлы ми қабығымен//

жұмсақ ми қабатымен//

қатты ми қабатымен

***

Мийяра-Гублер альтернирлеуші синдромына тән симптомдар://

ошаққа қарама қарсы жақта гемиатаксия//

+ошақ орналасқан жақта 7 жұп басми нервісінің шеткі парезі, қарама қарсы жақта гемиплегия//

ошақ жақта 3 жұп басми нервісінің шеткі парезі //

қарама қарсы жақта гемиплегия//

ошақ орналасқан жақта мишықтық атаксия

***

Жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші ауруына жатады://

атеросклероз//

+шашыранды склероз//

сирингомиелия//

полиомиелит//

бүйірлік амиотрофиялық склероз

***

Ишемиялық инсульт жиі ненің салдарынан дамиды://

+атеросклероз, тромбоэмболия//

артериалды гипертензия

геморрагиялық диатез//

артерия-венозды мальформация//

тамырлық аневризм

***

Вильсона-Коновалова ауруы кезінде зат алмасудың қай түрі бұзылады://

липидтік//

+ақуызды//

көмірсулы//

қышқылды- сілтілік тепе -теңдік //

минеральды

***

Пьера Мари мишық атаксиясында қандай ем түрін қолданамыз//

дегидратациялық терапия//

антибиотиктер//

+симптоматикалық терапия//

сенсибилизацияға қарсы терапия//

қабынуға қарсы терапия

***

Шашыранды склероз кезінде қолданылмайтын емдік препараттар://

иммунодепрессанттар//

глюкокортикоидтар//

антигипоксанттар//

сенсибилизацияға қарсы//

+гемостатиктер

***

Қай ауруда бас миы және жұлында сұр немесе қызғылт түсті табақшалар анықталады://

жедел шашыранды энцефаломиелит//

+шашыранды склероз//

миелиттер//

энцефалит//

кенелік энцефалит

***

Алькогольді ішімділік нәтижесінде қатты ұйқыда қатты беткейде көбінесе қандай нерв зақымдалады://

шынтақ нерв//

+кәрі жілік нерв//

ортаңғы нерв//

шонданай нерв//

қанатасты нерв

***

Шашыранды склероз кезінде көрудің бұзылысы ненің зақымдануы://

торлы қабат//

+көру нервісі//

біріншілікті көру орталығы//

шүйде бөлігіндегі Грациоле сәулелі тәж//

хрусталик

***

Фовель альтернирлеуші синдромы кезінде қай нервтер зақымданады://

+бет және әкетуші//

тілжұтқыншақ//

бет және көзқозғалтқыш//

тіласты және қосымша//

үшкіл және есту

***

Мидриаз, тахикардия, аккомадация салдануы, ауыз қуысының және терінің құрғауына әкелетін препарат://

+атропин//

пилокарпин//

прозерин//

галантамин//

ацетилхолин

***

Перифериялық қозғалыс нейронының зақымдану симптомына қайсысы жатады: //

+бұлшықет гипотониясы//

бұлшықет гипертониясы//

гиперрефлексия//

Бабинский симптомы//

Россолимо симптомы

***

Бүйір өзектің (канатик) зақымдануында дамиды: //

моторлы афазия//

+зақымдану деңгейінен төмен бұлшықеттің орталық салдануы//

зәрдің шынайы ұсталынбауы//

агнозия//

апраксия

***

Жұлынның L1-2 – S1-2 деңгейінде зақымдануында пайда болады: //

+әлсіз төменгі параплегия//

спастикалық төменгі параплегия//

аяқтардың анестезиясы//

зәр шығарудың орталық тип бойынша бұзылысы//

моноплегия

***

Қандай құрылымның зақымдануында төменгі орталық парапарез дамиды://

ішкі капсуланың//

+кеуде сегментінің толық көлденең зақымдануының//

жоғарғы мойын сегментінің//

мойын түйінінің//

бел түйінінің

***

Терең сезімталдықтың 1 нейрон денесі қайда орналасқан //

теріде//

+омыртқааралық ганглийде//

артқы мүйізде//

көру төмпегінің ядроларында//

сопақша мидың артқы бағана ядросында

***

Паллидарлы жүйенің құрылымды бірлігі: //

+бозғылт шар, қызыл ядро, қара зат//

құйрықты ядро//

субталамикалық ядро//

қабықша//

таламустың вентролатеральды ядросы

***

Мишықтың жарты шары зақымдалғанда болады: //

+аяқ-қолдар атаксиясы//

кеуделік атаксия//

сенситивті атаксия//

маңдайлық атаксия//

вестибулярлы атаксия

***

Саусақ мұрын сынамасы мен тізе өкше сынамасын нені анықтау үшін жүргізеді: //

бұлшықет әлсіздігін (парез) //

+интенционды тремор, дискоординацияны//

моторлы афазияны//

есту өткірлігін//

көру өткірлігін

***

Пронаторлы сынама мен Шильдер сынамасын нені тексеру үшін қолданады://

+гиперметрияны//

миопияны//

дизартрияны//

макропсияны//

ксантопсияны

***

Кілегей қабаттардың рефлексітеріне жатады://

кремастер//

бүгілу - шынтақтық//

жазылу - шынтақтық//

тізелік//

+корнеальды

***

Керу симптомдарына қандай симптом жатады//

+Нери симптомы//

Керниг симптомы//

Оппенгейм симптомы//

Жуковский симптомы//

Гордон симптомы

***

Қандай бас-ми жүйкелерінің зақымдалуында бульбарлы синдром дамиды://

+кезбе, тіл-жұтқыншақ, тіл асты жүйкелері//

қосымша жүйкесі//

бет жүйкесі//

үшкіл жүйкесі//

әкетуші жүйкесі

***

Науқастың сол жақ иығы төменге түскен, бастын он жаққа бұрылуы қиындаған, төсбұғанаемізікше және трапеция тәрізді бұлшықеттері атрофияланған.Ошақ қайда орналасқан//

С1-С5 сегменттерінің артқы мүйізінде//

оң жақ тіласты нервісінде//

оң жақ С1-С5 алдыңғы түбіршектерінде//

+сол жақтан қосымша нервісінде//

үшкіл нерв оң жақтан

***

Птоз келесі ми нервтерінің зақымдануында кездеседі: //

IV//

V//

+III//

VI//

VII

***

Науқас инсультты басынан өткізгеннен соң, айналасындағы сөйлемдерді түсіну қабілетін жоғалтқан. Науқас шамадан тыс сөйлейді, сөйлемдерде вербальды немесе литеральды парафазиялар көп кездеседі. Науқаста қандай бұзылыс//

дизартрия//

амнестикалық афазия//

моторлы афазия//

семантикалық афазия//

+сенсорлы афазия

***

Самай бөлігінің зақымдану симптомдарын көрсет//

көру галллюцинациясы//

+есту галлюцинациясы, сенсорлы афазия//

моторлы афазия//

апраксия, астереогноз//

дене құрылысының бұзылысы

***

Менингеальді синдром көрінісін көрсетініз//

+Брудзинский симптомы//

Бабинский симптомы//

Оппенгейм симптомы//

Лассег симптомы//

Вассерман симптомы

***

Жалпы милық симптомды кіреді//

+бас ауру//

қызу//

диарея //

метеоризм//

терінің қышуы

***

Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі мына артериялармен іске асады://

+ішкі ұйқы, омыртқалық//

мықын артериясы//

Адамкевич//

сан артериясы//

Депрож-Готтерон

***

Науқас N., 54ж. сол жақ аяқ-қолындағы әлсіздікке, жұтынудың бұзылысына, дауысының әлсіреуіне, бас айналуына, оң жақ беті мен сол жақ денесінің жансыздануына шағымданады. Объективті: жұмсақ таңдайдың парезі (фонация кезінде жұмсақ таңдайдың солға қарай девиайиясы), гипофония, миоз, птоз, экзофтальм, гемиатаксия, дисметрия, қарама-қарсы жақта гемипарез, гемигипестезия. Қай бассейн зақымдалғанын және синдромды ата//

+артқы төменгі мишық артериясы бассейні, Валленберг-Захарченко

альтернирлеуші синдромы//

алдыңғы төменгі мишық артериясы бассейні//

Вебер альтернирлеуші синдромы//

алдыңғы мишық артериясы бассейні//

Авелис синдромы

***

Ми қан айналымының өтпелі бұзылыстарына жатады://

+транзиторлы-ишемиялық шабуыл//

субарахноидалды қан құйылу//

дисциркуляторлы энцефалопатия//

неврологиялық дефициттің қалпына келуімен болған инсульт//

паренхиматозды-вентрикулярлы қан құйылу

***

Жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші ауруына жатады://

атеросклероз//

+шашыранды склероз//

сирингомиелия//

полиомиелит//

бүйірлік амиотрофиялық склероз

***

Геморрагиялық инсультке тән://

+бірден, естің тануымен болатын ауру//

біртіндеп, жеделдеу басталуы//

рецидивті ағым//

жедел, естің бұзылмауымен//

жоспарлы, ошақты неврологиялық симптоматиканың жоғарылауымен

***

Ахейрокинез – бұл://

+қолдардың синкинетикалық қимылының болмауы//

естудің төмендеуі//

түсті түйсіктің бұзылуы//

қолдарда қимылдардың болмауы//

жұтынудың бұзылуы

***

Миастенияның клиникалық белгілері://

жалпы әлсіздік//

+бұлшықеттік әлсіздік, күні бойы симптомдардың күшеюі//

пульс жиілігінің өзгеруі//

таңғы уақыттағы бұлшықет құрысуы//

симптомдардың таңғы уақыттарда пайда болуы

***

25-жастағы әйел маңызды құжаттарды жоғалтқаны үшін жұмыстан босатылған. Бірнеше жыл ішінде жете танылмаған әрекеттердің эпизодтары болған. Ол ыдыстарды үйдің артқы жағына көмген, чек кітапшасын лақтырған. Өзінің әрекеттерін есіне түсіре алмаған. Ұстаманы бақылаған күйеуі, науқастың 5 мин «болмағаны» жайлы айтқан, ал есінің өзгеруі шамамен 1 сағатқа созылған. Ұстама кезінде науқас құламаған, қозғалыста болған. Ұстамалардың жиілуіне қарай науқас аузындағы жаман дәмге, мотор майының дәміне ұқсайтын дәмге шағымданған. Бұл сезім ұстаманың хабаршысы болған. Ұстаманың түрі//

жайылмалы тонико-клоникалық //

абсанс//

+күрделі парциальді//

жай парциальді моторлы//

жай парциальді сенсорлы

***

Қандай нерв зақымданғанда «маймыл алақаны» қалпы тән://

кәрі жілік нервтің//

шынтақ нервтің//

+ортаңғы нервтің//

сан нервісінің//

бет нервтің

***

Ландузи-Дежерина миопатиясында мына симптомдардың кездеседі//

экзофтальм//

эндофтальм//

+мимикалық бұлшықеттің әлсіреуі//

апноэ//

мидриаз

***

Эрба-Рота миодистрофиясы қайсы бұлшықеттің зақымдануынан басталады//

қолдың дистальды бөлігінен//

аяқтың дистальды бөлігінен//

+аяқтың проксимальды бөлігіне//

беттің бұлшықетінен//

жүректің бұлшықетінен

***

Науқас аяғында ататын ауыру сезімі, жүрісінің қиындауы, ахилл және тізе рефлекстерінің төмендеуі, Ромберг қалпында тұрақсыздық, Аржил- Робертсон синдромы, жамбас бұзылыстары. Бас ми – жұлын сұйықтығында Вассерман реакциясы оң байқалады. Болжамды диагноз: //

шашыранды склероз//

полинейропатия//

радикуломиелоневрит//

+жұлындық кебу//

полирадикулоневрит

***

Кіші хореяға тән симптомдар: //

Бабинский симптомы//

қайта келу феномені//

+тоникалық Гордон феномені//

Рассолимо симптомы//

тісті дөңгелек симптомы

***

Бруцеллез ауруының бастапқы кезіне тән: //

+буындардың және бұлшықеттердің ауырсынуы, қалтырау мен терлеу,

лимфа түйіндерінің ұлғаюы//

бастың ауру сезімі мен құсу//

жүргенде аяқтың әлсіреуі және жүрудің қиындауы//

жамбас ағзалары функциясының бұзылуы//

психопатологиялық бұзылыстар

***

Штрюмпель спастикалық салдануында қандай өткізгіш жол зақымдалады//

артқы бағаналар//

жұлын-таламустық жол//

+пирамидалық жол //

жұлынның артқы мүйізі//

жұлынның алдыңғы мүйізі

***

Гентингтон хореясына тән ағым: //

жедел//

жеделдеу//

рецидивті//

созылмалы//

+өршіген

***

Соседние файлы в папке 22-05-2014_11-33-42