Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-05-2014_11-33-42 / nevralogia_test.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
108.4 Кб
Скачать

10 Айлық нәрестеде жрви мен гипертермия (39°с) әсерінен естің тануы және кезекпе-кезек болатын тонико-клоникалық құрысулар. Баладағы мұндай жағдай қалай аталады://

синкопальды//

атаксия//

транзиторлы ишемиялық шабуыл//

+эпистатус//

симпато-адреналды криз

***

Еркек 45 жаста, бас ми травмасын алғаннан кейін беттің бозаруымен, гипергидроз, жалпы әлсіздік, аз уақытқа естің жоғалуымен жүретін жиі ұстамалар көрінеді. Науқаста қандай ұстама://

абсанс//

+синкопальды//

атоникалық//

миоклоникалық//

тонико-клоникалы

***

Менингококкты менингитте ми жұлын сұйықтығына қандай өзгеріс болмайды://

+ақуыз-жасушалық диссоциация//

жасушалық-ақуыз диссоциация//

қысымның көтерілуі//

нейтрофильді плеоцитоз//

ликвор жасушасында менингококктар табылады

***

Іріңді менингиттің этиологиялық диагностикасы негізделеді://

аурудың ағым ерекшеліктеріне//

клиникалық симптоматикаға//

ликворды клиникалық зерттеуге//

+ликворды бактериологиялық зерттеуге//

қанды клиникалық зерттеуге

***

Полиомиелит кезінде көбіне зақымдалады://

бас ми қыртыс құрылымдары//

түбіршектер, нервтер//

қыртысасты ганглийлер//

+жұлынның алдыңғы мүйіздері//

жұлынның ақзаты элементтері

***

Жедел паралитикалық полиомиелитке тән симптомдар://

өткізгіштік тип бойынша сезімталдық бұзылысы//

спастикалық салдану//

+әлсіз проксимальды парез//

гиперкинездер//

жамбас ағзалары функциясының бұзылысы

***

Бас сүйекішілік аневризманы анықтау үшін қолданылатын әдіс://

магнитно-резонансты томография//

компьютерлік томография//

электроэнцефалография//

эхоэнцефалоскопия//

+ангиография

***

Инсомниямен ауыратын науқасты объективті зерттеу://

фиброгастроскопия//

спирография//

+полисомнография//

реоэнцефалография//

ультрадыбысты допплерография

***

Эпилепсиялық ұстамалар (жалпы және джексондық), қарама қарсы жақта гемипарез, атаксия және психика бұзылыстары мына бөлік зақымданғанда болады://

мишық//

+маңдай бөлік//

шүйде бөлік//

самай бөлік//

төбе бөлік

***

Геморрагиялық инсультке тән клиникалық ағым://

+айқын көрінетін жалпымилық, ошақты және менингеальды симптомдар//

түбіршектік тип бойынша сезімталдық бұзылыстары//

аурудың біртіндеп басталуы//

өтпелі симптомдардың болуы//

ЭЭГ өзгерістері

***

Жұлынми сұйықтығының қысымы 360 мм.сын.бағ. Ликвор бұлыңғыр. Цитоз 2416, нейрофильдер көп, ақуыз саны 2,9 г/л. Қандай патология://

серозды менингит//

+іріңді менингит//

энцефалит//

полирадикулит//

туберкулезді менингит

***

Ошақ орналасқан жақта есту және бет нервтерінің невриті, мишықтық атаксия, қарама қарсы жақта гемипарез байқалады://

мишық ісігінде//

+көпір мишық бұрышы ісігінде//

сирингомиелияда//

самай бөлігінің ісігінде//

маңдай бөлігінің ісігінде

***

Жұлынми сұйықтығында қант мөлшерінің (0,1 г/л-ге дейін) айқын төмендеуі тән://

гриппозды менингитте//

+туберкулезді менингитте//

пневмококкты менингитте//

сифилистік менингитте//

паротитті менингитте

***

Тіл бұлшықеттерінің бір жақты атрофиясы мына нерв зақымданғанда болады://

V//

VII//

IX//

X//

+ХП

***

Бір құлақта гиперакузия мына нерв зақымданғанда болады://

V пара//

+VII пара//

VIII пара//

IX пара//

X пара

***

Науқас кенеттен шүйде аймағындағы ауру сезімі мен құсуға шағымданды. Қарап тексергенде менингеальды симптомдар оң. Ликвор қан аралас. Клиникалық диагноз қойыңыз://

паренхиматозды қан құйылу//

ми қарыншаларына қан құйылу//

+субарахноидальды қан құйылу//

эпидуральды гематома//

субдуральды гематома

***

Науқас кенеттен көшеде қатты диффузды бас ауруы, лоқсу, құсу мазалап, есінен танды. Неврологиялық бөлімшеге ауыр халде әкелінді: тынысы үзілісті, беттің түсі қызыл, жалпы гипергидроз. Неврологиялық статуста: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі. Көз алмасы солға қисайған, оң жақ беті желкілдейді,сіңірлік рефлекстер оң жақтан жоғары, екі жақты Бабинский симптомы. Диагноз қойыңыз://

қарыншаішілік қан құйылу//

+паренхиматозды қан құйылу//

субарахноидальды қан құйылу//

ишемиялық тромбты инсульт//

ишемиялық эмболды инсульт

***

Ревмокардитпен ауыратын 48 жастағы науқас әйел жұмыс уақытында кенеттен қатты бас ауру мен құсуға шағымданды. Қысқа уақытқа есінен танған. Неврологиялық статуста жеңіл гемипарез оң жақтан, оң жақты гемигипестезия, гемианопсия. Жарты сағаттан кейін барлық неврологиялық симптомдар жоғалып кетті. Сіздің диагнозыңыз://

қарыншаішілік қан құйылу//

паренхиматозды қан құйылу//

субарахноидальды қан құйылу//

ишемиялық тромбты инсульт//

+ми қан айналымының өтпелі бұзылысы

***

Комбинирленген жүрек ақауымен ауыратын науқас әйел күндіз жұмыста қысқа уақытқа есінен танып, сол қолы мен аяғы салданды. Неврологиялық статуста: анизокория, сол жақты гемипарез, гемианопсия. Беті бозғылт. АҚ 210/120 мм.с.б. Пульсі ретсіз ритмді, 110 минутына. Сіздің мүмкін болатын диагнозыңыз://

транзиторлы ишемиялық шабуыл//

паренхиматозды қан құйылу//

субарахноидальды қан құйылу//

ишемиялық тромбты инсульт//

+ишемиялық эмболды инсульт

***

Науқас түстен кейін кенеттен қатты лоқсып, есінен танды. Неврологиялық статуста: жағдайы ауыр, жалпы гипергидроз,тері жабындылары гиперемирленген, тынысы стерторозды. Қолы мен аяғындағы бұлшықет тонусы біркелкі емес, төмен, тетраплегия, булбарлы синдром, менингеальды симптомдар. Сіздің диагнозыңыз://

лакунарлы инфаркт//

+паренхиматозжы қан құйылу//

субарахноидальды қан құйылу//

ишемиялық тромбты инсульт//

ишемиялық эмболды инсульт

***

Науқас ұйықтап тұрғаннан кейін басы айналып, құсып, лоқсып, оң қолы мен аяғы жансызданды. Неврологиялық статуста: беті бозғылт, пульсі әлсіз толумен, ретті, артериялық кысымы төмен, оң жақты терең гемипарез, гемигиперестезия. Сіздің диагнозыңыз://

қарыншаішілік қан құйылу//

паренхиматозды қан құйылу//

транзиторлы ишемиялық шабуыл//

+ишемиялық тромбты инсульт//

гипертонялық криз

***

Науқаста қалыпты дене қызуы фонында көзінің екі еселенуі, көру қабілетінің төмендеуі пайда болды. 2 айдан кейін жағдайы нашарылады – аяқтарында әлсіздік, зәрді шығарудың қиындауы, аяқтарында ұюдың пайда болуы байқалды. Неврологиялық статуста: жоғары және солға қарағанда көру парезі, горизонтальді нистагм, төменгі спастикалық парапарез, құрсақ рефлекстерінің болмауы. Көз түбінде: көру нервісі дискісінің самай жартысының бозаруы Диагноз қойыңыз://

жұлынның ісігі//

жедел шашыранды энцефалит//

+шашыранды склероз//

жедел менингоэнцефалит//

базальді арахноидит

***

52 жасар науқас неврология бөлімшесіне мынадай шағымдармен түсті: аяқ-қолдардың әлсіреуі, білезігінің арықтауы, аяқ және қол бұлшықеттерінің тартуы. Неврологиялық статуста: білезіктің сүйек аралық бұлшықеттерінің атрофиясы, жоғарғы иық белдеуінің фибрилярлы тартуы, аяқтарындағы сіңір рефлекстерінің жоғары болуы, екі жақты патологиялық жазу табан рефлекстерінің (Бабинский, Монаков, Гордон), аяқтарындағы бұлшықет тонусының жоғарылауы.Сіздің диагнозыңыз://

полиневрит//

миопатия//

+бүйірлік амиотрофиялық склероз//

миелит//

радикулит

***

46 жасар науқас. 13 жасынан бастап ауырады. Оң қолдарында ұю пайда болды, сосын периодты түрде аяқтарының әлсіздігі болды. Ең соңғы 3 жылда оң қолында сезімталдықтың бұзылысы және жылуды сезінудің нашарлауы байқалды. Неврологиялық статус: оң білезік бұлшықетінің гипотрофиясы, оң қолының рефлекстері кішкене төмендеген, тізе және ахилл рефлекстері тірі, екі жақты тұрақты емес Бабинский симптомы. Оң жақта ауырсынулық және температуралы сезімталдық С3тен Тh2 сегменттері бойынша «жартылай күрте» типі бойынша түсіп қалған. Оң қолының иық және шынтақ буындарының көлемі ұлғайған, қозғалғанда бірден сықыр естіледі. Диагноз қойыңыз://

+сирингомиелия//

миопатия//

миастения//

бүйірлік амиотрофиялық склероз//

шашыранды склероз

***

23 жасар әйел сол қолының сенімсіз қозғалысына, көру қабілетінің нашарлауына, жүрген кезде қатты шаршағыштыққа шағымданды. Бір ай бұрын сол қолының ұюын айтады, бірақ кейін кеткен. Неврологиялық статус: солға қарағанда нистагм, аяқтарында рефлексогенді аймақтың кеңеюімен сіңірлі гиперрефлексия. Патологиялық Бабинский рефлексі оң. Аяқтар мен қолдарда интенционды діріл, құрсақтық рефлекстердің болмауы. Науқасқа офтальмоскопия жүргізілген. Бұл жағдайда көз түбінің өзгерісі қандай://

торлы қабаттың ангиосклерозы//

+көру нервісі дискісінің самай бөлігінің бозаруы//

торлы қабаттың ангиопатиясы//

Салюс симптомы//

көз түбі өзгерісінің болмауы

***

Неврология бөлімшесіне 29 жасар әйел мынадай шағымдармен түсті: жүрістің айқын бұзылысына, қатты шаршағыштыққа, омыртқаның ауру сезіміне. Шамамен 2 жыл бұрын аяқтарының әлсіреуі, диплопия, теңселу байқалған. Амбулаторлы емделген, жақсарумен. Жағдайы бір апта бұрын нашарлаған. Магнитті – резонансты томографияда шашыранды склероздың өршу сатысы анықталды. Емдеу үшін қай препарат дұрыс://

+кортикостероидтар//

антигистаминдер//

ноотроптар//

церебральді вазодилятаторлар//

склерозға қарсы

***

Науқаста амавроз, оң жақтық көру нервісінің атрофиясымен бірге, оң жақты аносмия анықталды. Зақымдану ошағы қайда орналасуы мүмкін://

+оң жақ маңдай бөлігінің негізінде//

сол жақты шүйде бөлігінде//

сол жақты самай бөлігінде//

оң жақты төбе бөлігінде//

көру төмпегінде

***

39 жасар әйел оң жаққа қарағанда көзінің екі еселенуіне шағымданады. Неврологиялық статуста: ішке қарай қылилану, оң жақ көз алмасының оңға бұрылуы мүмкін емес. Қандай нерв зақымданған://

көзқимылдатқыш//

шиыршық тәрізді//

+әкетуші//

үшкіл//

бет

***

23 жасар әйелде неврологиялық статуста әкетуші нервтің зақымдануы анықталды. Науқаста қандай симптом байқалады://

+ішке қарай қылилану//

ажырамалы қыликөздік//

амблиопия//

амавроз//

қарашықтардың светке реакциясының болмауы

***

Науқас төмен қарағанда көзінің екі еселенуіне шағымданады. Төмен қарағанда көз алмасының қозғалысының шектелуі, сатыға шығуы қиындаған. Зақымданған ошақ://

+шығыршық тәрізді нерв//

әкетуші нерв//

көзқимылдатқыш нерв//

көру нерв//

үшкіл нерв

***

Науқаста оң жақта диплопия, птоз, мидриаз және сол жақты гемипарез. Патологиялық ошақтың орналасқан жері://

сол жақты ми аяқшасы//

+оң жақты ми аяқшасы//

сол жақты варолиев көпірі//

оң жақты варолиев көпірі//

сол жақты көру төмпегі

***

Науқас маңдайдың оң жартысының, мұрынның, ұрттың, оң жақ көзінің ұстамалы түрде ауру сезіміне шағымданады. Тексергенде: корнеалдьді және қасасты рефлекстерінің төмендеуі, оң жақ бет аймағында сезімталдықтың барлық түрлерінің гипестезиясы анықталды. Қандай нерв зақымданған://

бет//

аралық//

+үшкіл//

ұлу-вестибулярлы//

көз қимылдатқыш

***

29 жасар ер адам бетінің асимметриясына шағымданады. В неврологиялық статуста: сол жақта мимикалық бұлшықеттердің қозғалысы жоқ, сол көзден жас ағады. Қандай нерв зақымданған://

көз қимылдатқыш//

шығыршық тәрізді//

әкетуші//

үшкіл//

+бет

***

58 жасар ер кісіде артериалды қысымның көтерілуінен сол аяқ қолдарында әлсіздік пайда болды. Неврологиялық статуста: оң жақты мимикалық бұлшықеттердің шеткі парезі, сол жақтық орталық гемипарез. Бұл синдром қалай аталады://

+Мийяр-Гублердің альтернирлеуші синдромы//

көпірмишықтық бұрыштық синдром//

Аргайл-Робертсон синдромы//

Броун-Секар синдромы//

Бернар-Горнер синдромы

***

64 жасар әйелде кенеттен артериалды қысымның жоғарылауынан Мийяра-Гублердің альтернирлеуші синдромы дамыды: сол жақтық мимикалық бұлшықеттердің шеткі парезі және оң жақтық орталық гемипарез. Патологиялық ошақ қайда орналасқан://

прецентральді иірімнің төменгі бөлігі//

қыртысты-ядролы жол//

ішкі капсула//

+көпірдің төменгі бөлігі//

сопақша ми

Температуралық және ауырсыну сезімталдығының жолдары қиылысады://

сопақша ми және жұлын шекарасында//

жұлынның артқы мүйізінде //

+жұлынның алдыңғы сұр жабысқағында //

таламуста//

ішкі капсулада

***

Вассерман симптомы бұл://

+сан жүйкесінің тартылу симптомы //

менингеальды симптом //

мықын жүйкесінің тартылу симптомы //

шынтақ жүйкесінің тартылу симптомы//

патологиялық рефлекс

***

Сезімталдықтың плексустық бұзылу типі сипатталады://

сезімталдықтың барлық түрлерінің төмендеуі және артқы түбіршектердің бұзылысы кезінде пайда болады//

+аталған өрімнен шығатын жүйкелермен жүйкеленетін аймақта сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылуы//

аяқ-қолда көлденең жолақ және кеудеде сақина түрінде аталған сегменттпен жүйкеленетін аймақта сезімталдықтың барлық түрлерінің төмендеуі//

аяқ-қолдың дистальды бөлімдеріндегі сезімталдықтың барлық түрлерінің төмендеуі//

аталған жүйкемен жүйкеленетін аймақта сезімталдықтың тек беткей түрлерінің төмендеуі

***

Бұзылыстың капсулярлы типі сипатталады://

қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылуы, гиперпатия//

трофикалық бұзылыстар, көрудің бұзылуы//

+қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылуы, гемианопсия, көрудің бұзылуы,гемиатаксия//

гиперпатия,гемианопсия,гемиатаксия//

зақымдалған жақта төмен деңгейде өткізгіштік тип бойынша терең сезімталдықтың бұзылысы.

***

Мойындық қалыңдаудың сегменттері://

С1-С4

5-Д2

L1-S2

Д210

С22

***

Жұлын көлдеңінің кеуде сегменттері деңгейінде зақымдану симптомдары: //

қолдың орталық салдануы//

тетраплегия //

+аяқтың орталық салдануы//

қолдың шеткері салдануы//

аяқтың шеткері салдануы

***

Жұлының мойын қалындауы деңгейінде зақымдануы кезінде қозғалыстық бұзылыстар://

+қолдың шеткері, аяқтың орталық салдануы//

жоғары әлсіз парапарез //

қолдың орталық,аяқтың шеткері салдануы//

зақымдану ошағына қарама-қарсы жақта гемиплегия//

спастикалық тетраплегия //

***

Орталық мидың зақымдануы кезінде альтернирлеуші синдромның түрлері://

+Вебер, Бенедикт//

Фовиль//

Мийяр-Гублер//

Джексон//

Авеллис,Шмидт.

***

Мишықтың ортаңғы аяқшасы арқылы өткізгіш жолдар өтеді://

Флегсиг жолы//

Голл жолы//

Бурдах//

оливоцеребральды жол//

+окципито –понто-церебеллярлы, темпоро-понто-церебеллярлы, фронто-понто- церебеллярлы

***

Тик тәрізді гиперкинездер кездеседі ://

+турет синдромы кезінде//

функциональды тиктер кезінде//

кіші хорея//

эссенциальды тремор кезінде//

паркинсонизм синдромы кезінде

***

Хорея кезінде негізгі бұзылыстар байқалады://

+стриарлы жүйеде//

қара зат//

төменгі олива//

көру төмпешігі//

мишық

***

Бульбарлы салданудың белгілері://

+дизартрия,дисфагия, афония,жұтыну рефлексінің болмауы, тіл бұлшықеттерінің атрофиясы//

дизартрия,дисфагия, тіл девиациясы, симптом Маринеску-Радовича//

оральды рефлекс автоматизм рефлекстері//

дизартрия,дисфагия, оральды рефлекс автоматизм рефлекстері//

жұтыну рефлексінің жоғарылауы, тілдің девиациясы

***

Көз түбінде венаның кеңеюі және көру жүйкесі емізікшесі шекарасының анық болмауы ://

көру жүйкесінің невриті//

+іркілістік өзгерістер//

көру жүйкесінің атрофиясы//

көз түбіндегі тамырлы патологияға//

инфекцияға

***

Таңдай, жұтқыншақ, көмей көлденең жолақ бұлшық етінің орталық салдануы мынадай бұзылыстарда кездеседі://

+IX, X жұп жүйке жүйесінің екі жақты қыртысты ядролы зақымдануында//

1/3 алдыңғы иірімнің бір жақты зақымдануында//

IX, X жұп жүйке жүйесінің бас-ми ядроларында зақымдануында//

IX, X жұп жүйке жүйесінің бас-ми жүйке жүйесінің зақымдануында//

XIжұп жүйке жүйесінің екі жақты қыртысты ядролы зақымдануында

***

Тіласты жүйке жүйесінің зақымдануы://

+зақымданған жагына ауысуы//

Сау жағына ауысады//

Орталық салдануда зақымдалған жағына ауысады//

ауыспайды//

шеткі салдануда сау жағына ауысады

***

Төртхолмия жерінің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалады://

Гертвиг симптомы //

+Парино симптомы //

Бернар-Горнер симптомы //

Бехтерев симптомы //

Бакинский – Нажат симптомы

***

Ауызбен шақырылатын автоматтындырылған рефлекс тән://

бульбарлы салдану//

+псевдобульбарлы салдану//

мишық зақымдануы//

көру төмпешігінің зақымдануы//

Соседние файлы в папке 22-05-2014_11-33-42