Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz-G-1-om2 / Силлабус / Силлабус.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
928.26 Кб
Скачать

2.10 Оқыту әдістері

  • Дәрістер: шолулық және проблемді

  • Тәжірибелік сабақтар: Гистологиялық препаратты микроскопиялау және суретін салу, компьютерлік бағдарлама мен модельдермен жұмыс жасау, электронды микросуреттермен, әржағдайлық есептерді шығару.

  • Кіші топтарда жұмыс жасау: түрлі жағдайларды талдауы мен талқылауы, ситуацияларды модельдеу.

  • Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмыс жасауы: Тәжірибелік сабақтың сұрақтарын тереңірек талдап оқу, өзіндік жұмыстарға бөлінген тақырыптарды компьютерлік модельдер мен бағдарламаларда оқып, үйрену, презентация мен рефераттарға дайындық. Кіші топтармен жұмыс, барлық туындайтын сұрақтарға оқытушының кеңесі, тестілеу, бақылау жүргізу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: Әдебиеттермен жұмыс, электрондық мәліметтер қорымен және компьютерлік бағдарламамен; әржағдайлық есептердің шешімі; есептердің шешімі, дайындық және рефератты қорғау.

Білімді бағалау:

  • Ағымды бақылау: Тестілеу, сұхбаттасу, әржағдайлы есептері шешу, студенттердің гистологиялық препараттарды микроскопиялау, электрондық микросуреттерді және сызбаларды орындаудағы берілген тапсырмаларды тексеру.

Аралық бақылау: тестілеу , сұбхаттасу, жазбаша бақылау.

Қорытынды бақылау. емтихан (ауызша және тестілеу түрінде) аралық бақылаудың нәтижелері бойынша, СӨЖ тақарыптарының сұрақтарын қосқанда.

2.11 Білімді бағалау белгілері және ережелері:

  • Ағымдық бақылау: Тестілеу, сұхбаттасу, әржағдайлы есептері шешу, студенттердің гистологиялық препараттарды микроскопиялау, электрондық микросуреттерді және сызбаларды орындаудағы берілген тапсырмаларды тексеру.

  • Аралық бақылау: тестілеу , сұбхаттасу, жазбаша бақылау.

Қорытынды бақылау: емтихан (аузша және немесе тестілеу түрінде) аралық бақылаудың нәтижелері бойынша, СӨЖ тақарыптарының сұрақтарын қосқанда.

Гистология,цитология және эмбриология кафедрасында оқитын студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесі.

Студенттің білімін бақылаудың әр сатысы 100 балмен бағаланады, яғни

1 балл 1 пайызға сәйкес келіп,100 пайызға теңеледі.

Білім алушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін анықтайды:

ҚБ R 0,6 Емт(Диф Сынақ) 0,4

ҚБ қорытынды баға;

R- студенттің рейтингілік бағасы;

Е (ДС) қорытынды бақылаудың бағасы(емтихан, дифференциалды сынақ).

Студенттің оқу жетістіктерінің деңгейі мына формуламен анықталады:

Рұқсатнама рейтингтің бағасы

РРБ = (t х0,5 + r х0,3+ s х0,2),онда:

Рұқсатнама рейтингтің бағасы студенттің ағымдық бақылау бағасынан (t), аралық бақылау бағасынан (r) және студенттің өзіндік жұмысының бағасынан (s) тұрады.

РРБt + r + s

t ағымдық бақылаудың орташа бағасы ( ауызша жауап, тест тапсырмалары, препараттың диагностикасы және препаратты альбомға бейнелеу).

r межелік бақылаудың орташа бағасы ( коллоквиумауызша жауап, тест тапсырмалары, препараттардың диагностикасы).

s өзіндік жұмыстың орташа бағасы ( рефератты таныстыру және оны қорғау, альбомды бағалау).

Қорытынды баға белгіленеді:

ҚБ R 0,6 Емт(Диф Сынақ) 0,4

ҚБ қорытынды баға;

R- студенттің рейтингілік бағасы;

Е (ДС) қорытынды бақылаудың бағасы(емтихан, дифференциалды сынақ).

Рұқсатнама рейтингтің бағасы (РРБ) пән бойынша білімдердің қорытынды бағалауының (ҚБ) 60% құрастырады.

Қорытынды бақылаудын бағалауы (ҚББ) пән бойынша білімдердің қорытынды бағалауының (ҚБ) 40% құрастырады.

Қорытынды бақылауға арналған баға қағидалары: қорытынды баға емтиханға дейінгі рейтингтен құралады,ол 60 пайызға тең және 40 пайызы емтиханда жинакталады.

Рұқсатнама рейтингтің бағасы 50% төмен болған жағдайда қорытынды баға есептелмейді.

Білім алушылардың білімін бағалау критерийі

Пайыздық көрсеткіш

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың цифрлық эквиваленті

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

95-100

А

4,0

өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

жақсы

80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

қанағаттанарлық

65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D

1,0

0-49

F

0

қанағаттанарлықсыз

Студенттердің гистология, цитология және эмбриология бойынша білімін бағалау критерийлері.

Тәжірибелік сабақ.

Тестілік бақылау кезінде:

«100» қойылады, егер студент жауабында 1-2 қате жіберсе;

«80» қойылады, 3-5 қате жіберсе;

«70» қойылады,егер 6-7 қате жіберсе;

«0» қойылады,егер 8 қате жіберсе

Ауызша жауап беру кезінде:

«100» қойылады, егер студент гистологиялық препаратты толық зерттеп оқыса, бақылау сұрақтарына жауап берсе және оқиға тапсырмаларды шешсе.

«80» қойылады, егер студент гистологиялық препаратты оқып зерттегенде, толық емес жауап беріп, бақылау сұрақтарында негізді емес қателер жіберсе және оқиға тапсырмаларды шешсе.

«70» қойылады, егер студент гистологиялық препараттарды дұрыс анықтамай, бақылау сұрақтарында негізсіз қателер жіберсе және оқиға тапсырмаларды шеше алмаса.

«0» қойылады, егер студент гистологиялық препараттарды анықтай алмаса, бақылау сұрақтарына жауап бермесе және тапсырмаларды шеше алмаса.

Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмысы.

«100» қойылады, егер студент өз бетінше гистологиялық препаратты дұрыс зерттеп- оқып, барлық бақылау сұрақтарына дұрыс жауап берсе және оқиға тапсырманы дұрыс шығарса.

«80» қойылады, егер студент оқытушының көмегімен гистологиялық препаратты зерттеп- оқып, бірақ бақылау сұрағында негізді емес қателер жіберсе және оқиғалық тапсырманы дұрыс шығарса.

«70» қойылады, егер оқытушы түсіндіргеннен кейін, гистологиялық препаратты шамалы жобаласа, бақылау сұрақтарында негізгі қателер жіберсе және оқиғалық тапсырманы шығарса .

«0» қойылады, егер оқытушы түсіндіргеннен кейін гистологиялық препаратты анықтамай, бақылау сұрағына жауап бермесе, оқиғалық тапсырманы шеше алмаса.

Студенттің өзіндік жұмысы.(СӨЖ)

«100» қойылады, егер орындалған реферат бүкіл талаптарға сай келіп, тақырыбы толық ашылса, сұрақтарға барынша жауап табылып, оны дұрыс жеткізіп берсе, сурет дәптеріндегі суреттер толық түсіндірулерімен және атауларымен болғанда.

«80» қойылады, егер рефераттың безендірілуі толық орындалмай, мазмұны тақырыпқа сай келмесе, сұрақтарға жауаптар табылып, оны дұрыс жеткізсе, иллюстрациялық суреттер қолданса, бірақ альбомда суреттер жетіспесе және атауларын жазбағанда .

«70» қойылады, егер жұмысты қамтыған сұрақтарға жауап табылса, безендірілуінде қателіктер табылғанда, өз ойын дұрыс жеткізе алмағанда және альбомдағы суреттердің сапасы нашар болғанда, түсіндірулер мен атаулар толық емес болғанда.

«0» қойылады, егер рефератты жазғанда көп қателіктер жіберілсе, сұрақтарға дұрыс жауап берілмей, тақырыбының қисынсыз өзгеріп кетуінде және альбомда суреттің 20% -ы жоқ болғанда, суреттің сапасы төмен болғанда және аталуы мен түсіндірулер көрсетілмеген жағдайда.

Соседние файлы в папке Силлабус