Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz-G-1-om2 / Силлабус / Силлабус.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
928.26 Кб
Скачать

Гистология, цитология және эмбриология

Кафедрасындағы

Рефератқа қойылатын талаптары мен

Сөж бағалау критерийлері

Рефератқа қойылатын талаптар

  • Мұқаба беті: үстінен бөлек жолдан ЖОО аты, кафедра, ортасынан – реферат тақырыбы (үлкен әріппен); тақырып астынан – факультет, топ, орындаған студенттің аты – жөні, оның астынан қабылдаған оқытушының лауазымы, аты жөні, беттің астына – қала және жыл жазылады. Мұхаба бетті безендіру студенттің қалауына қойылады.

  • Реферат жоспары (екінші беті) – кіріспе, негізгі бөлім рефератты қорғауда қолданылатын үш бөлімнен құралған, қорытынды, әдебиеттер тізімі бетті көрсетілген. Реферат жазылған жоспарға сәйкес келу керек.

  • Көлемі - жазу машинасымен немесе компьютермен 6-8 бет, «Times New Roman» шрифте 12 кегілмен, интервал 1,0 жазылу керек. Парақтың сол жағынан 1см., үстінен және астынан 2см. Егерде реферат қолымен жазылса (оқытушының келісімімен) – 12-16 бет. Сызба, таблица, диаграмма, сурет, реферат бойынша графиктер – есепке алынады.

  • Сауаттылығы: грамматика, пунктуация, стилистика, терминология дұрыстатылған

  • Тексттегі әдебиеттерге жүктемелер: Тексте жазылған мәліметтердің әдебиеттерге жүктемелері міндетті түрде болуы тиіс, жүктеме әдебиеттің тұрған реттік нөміріне сәйкес, тік жақшаның ішіне мәтін жанына жазылу тиіс.

  • Әдебиеттер тізімі: 3-5 жаңа әдебиеттер көзі болу керек. Егерде мәліметтер интернеттен алынған болса, сайттың аты көрсетіледі. Сайттың атына да жүктеме болу керек. Қолданылған монография, еңбектер тізімі, жорналдардан мақалалар болса, библиография ережелеріне сәйкес толтырылу керек.

  • Алдын-ала алынған тақырыптан қандайда болсын еңгізілген өзгеріс оқытушымен келісілуі керек.

Рефератты бағалау критерийі

«О» балл қойылады: реферат болмаса, рефераттың жазылуында үлкен қателер, рефераттың жоспары толық ашылмаса, оқытушының келісімісіз, тақырыптан өзгерістер болса, осы бағаға сәйкес студент емтиханға жіберілмейді.

«70» балл қойылады, егер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес болса:

  • Рефераттың көлемі жеткілікті

  • Жұмысты безендіруде елеусіз қателіктер

  • Алынған реферат тақырыбына сәйкестігі

  • Тақырып сұрақтары ашылған

  • Сауаттылығы және материалды баяндағанда елеусіз ауытқулар.

  • Материалды ауызша баяндағанда және реферат тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берудегі қиындықтар

  • Баяндау уақытынан 5 минуттан ауытқу

«80» балл қойылады, егер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес болса:

  • Рефераттың көлемі жеткілікті

  • Жұмысты безендіруде бірен-саран қателіктер

  • Алынған реферат тақырыбының сәйкестігі

  • Тақырып сұрақтары толығымен ашылған

  • Материал сауатты және жоспарға сай

  • Материалды ауызша баяндағанда және реферат тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға толық немесе жартылай жауап беру

  • Баяндау уақытынан 5 минуттан елеусіз ауытқу

«100» балл қойылады, егер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес болса:

  • Рефераттың көлемі жеткілікті

  • Жұмысты безендіруде қателіктер жоқ

  • Алынған реферат тақырыбының сәйкестігі

  • Тақырып сұрақтары толығымен және терең ашылған

  • Материал сауатты және жоспарға сай

  • Материалды ауызша баяндағанда және реферат тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беру

  • Қосымша көрнекелік материалды қолдануы (сызбалар, таблица, суреттер, диаграммалар, графиктер, презентация).

  • Баяндау уақыты 5 минутқа сәйкес

  • Кафедра және кафедрааралық отырыстарында, универститеттік СҒК баяндау

Соседние файлы в папке Силлабус