Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ноп-новый Силлабус Кримка КЮ.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
339.97 Кб
Скачать

3. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары:

Трасология түсінігі

Трасология объектілері

Адам іздері

Адамның аяқ іздері

Кейс стади жауабы (шешу жолдары):

1. Аяқ киім іздерінің криминалистикалық маңызын естен шығармаған жөн. Іздерді табудың әдістері мен тәсілдері олардың бейнелену жағдайларына байланысты анықталады. Ең алдымен өзгеріске ұшырамаған ізбен жұмыс жүргізіледі. Топырақта анық қалған аяқ киім ізін щеткамен сүртіп, қажет болған жағдайда шашқа арналған лакпен қатырып, гипс сұйығын дайындып, ізге құю керек. Гипс қатқан соң, ақырын оны алу керек. Арнайы бирка дайындау керек. Табылған айқындалған ізді міндетті түрде масштабты детальді фотосуретке түсіру керек. Одан кейн хаттамаға сипатталып жазылады.

2. Аяқ киім іздерін іздеудің жалпы әдістері. Аяқ киім іздері із түзу механизіміне байланысты және із қабылдаушы обьектілердің қасиеттеріне байланысты көлемдік және үстіңгі, боялған және түссіз, нашар көрінетін және көрінбейтін іздер болып бөлінеді. Аяқ киімнің өрнегінің түрін анықтау үшін оның толық бөліктері зерттеледі.

3. Аяқ киім іздерімен қатар (олардың фототүсірілімдерін немесе дактопленкілік көшірмелерін) сараптамаға салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер де жіберіледі. А.Абеновтың киіп жүрген аяқ киімі мен үлгі ретінде алынған гипспен алынған аяқ киім ізін жібереміз.

Бұл кейс тапсырмасында дактилоскопиялық сараптама тағайындалады. Келесідей сұрақтар тізімі қойылады:

1. Топырақта табылған аяқ киім ізінің типі қандай?

2. Зерттеуге берілген үлгілердің сәйкестігі қандай?

3.А.Абеновтың аяқ киім іздері берілген үлгіге қатысы бар ма, жоқ па?

Семинар сабағында қолданылатын кейстер жинағы

1-Кейс

Алматы қаласында Грузияның “Borjomy” су өнімдерін шығаратын қоймадан су өнімдерін ұрламақшы болған Б. Жумабеков пен Т. Есентаев ҚР ҚК 188-бабы бойынша ұсталды.

Оқиға болған жерді қарау барысында қойманың терезе сынықтары мен сусыны бар шөлмектерден саусақ іздерінің майлы тер іздері табылды.

Шөлмектің түсі ақшыл сыртында “Грузия ОҚО “Borjomy” №128 су құю қоймасында жасалған. ҚР Алматы Мәртөбе автожолында орналасқан қоймамен серіктес, 1л.” деп жазылған. Терезе сынығы трапеция түрінде сынған беткі қабаты тегіс, түсі түссіз шыны түсі. Шөлмек пен терезе сынығында папиллярлы өрнектер көзге анық көрінеді.

Қылмысқа сезікті Б. Жумабеков пен Т.Есентаев қылмысқа еш қатысы жоқ және қойма аумағында кездейсоқ болғандарын айтады.

Кейс тапсырмасы

  1. Шыны сынығы мен шөлмектердегі майлы тер іздерін бекіту үшін қандай әдіс қолданылады?(хаттаманы ресімдеу)

  2. Саусақ іздері папиллярлық өрнектердің типін анықтаңыздар

  3. Табылған іздердің жіктелуін түсіндірулеріңізді сұраймын.

  4. Сараптама түрін және сараптамада көрсетілетін сұрақтар тізімін анықтаңыздар.

2-Кейс ста ЕПади

Астана қаласы, Н.Тілендиев көшесінде орналасқан “Астра” сауда орталығының көлік тұрағында тұрған Nissan Patrol мемлекеттік нөмірі Z 777 SAM көлігін сезікті Абенов А. белгісіз жаққа ұрлап кеткен.

Оқиға болған жерде күзетшінің аяқ киім іздерінен басқа, көлік тұрған жердің маңайынан белгісіз аяқ киім іздері қалған.

Қылмысқа сезікті өзінің кінәлі емес екенін, оған дәлелдемелердің жоқ екенін айтқан.

Кейс тапсырмасы:

  1. Оқиға болған жерден табылған аяқ киім іздерін бекіту үшін қандай әдіс қолданылады?(хаттаманы ресімдеу)

  2. Табылған іздердіқандай әдіспен алу керек екендігін түсіндірулеріңізді сұраймын

  3. Сараптама түрін және сараптамада көрсетілетін сұрақтар тізімін анықтаңыздар.

3-Кейс

В. атты азаматтың өлімі фактісі бойынша оқиға болған жерде тапанша гильзасы табылған, мәйіттің денесінен оқ алынды. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде сезікті Г. атты азаматтан тапанша табылып, алынды.

Кейс тапсырмасы: 1. Бұл іс бойынша қандай сараптама түрін тағайындау керек?

2. Сараптама қандай сұрақтар тізіміне жауап беруі керек?

3. Сезіктінің қылмыстық ортадағы барлық жағдайларын анықтау үшін қандай есептерге (арнайы есептерге) жүгіну керек?

4-Кейс

Астана қаласы, Жәнібек-Керей көшесінің бойында жаңадан салынып жатқан үйде сағат 22.00 шамасында өрт болды. Орналасқан мекен-жайдың күзетшісі өрт қауіпсіздік бөліміне телефон шалады.

Оқиға болған жерде күзетшінің аяқ киім іздерінен басқа, белгісіз аяқ киім іздері қалған.

Қылмысқа сезікті өзінің кінәлі емес екенін, оған дәлелдемелердің жоқ екенін айтқан.

  1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың әдістемесі бойынша типтік ситуацияларын анықтау;

  2. Тергеу болжамы мен жоспарлар құру

  3. Тергеу әрекеттерінің тактикасын анықтау

5-Кейс

Астана қаласы, Балқантау көшесі-102/12 үйдің көршілерінен арыз келіп түседі. Жоғарыдағы мекен-жай бойынша жалғыз басты К. атты ер адам тұрған, 15.09.2013 жылы есік алдынан мәйіті табылады. Куәлардың айтуынша үй иесі тыныш, ешқандай жат қылықтары болмаған және сол күні үй иесін ешкім де көрмеген, шулаған немесе басқа дауыстар естілмеген, тек қана есік алдындағы итінің дауысы естілген.

Тергеу тобы арыз түскен сәтте, оқиға болған жерге шығады. Оқиға болған жерді қарау барысында екі бөлмелі үйде бір аптадай уақыт аралығында ешкім тұрмағандай, жататын бөлмеде терезенің алдында жанған сіріңке мен перденің шеті жанғаны көрінді және сол терезе ашық тұрған. Басқа суық қару немесе өзге де іске қатысты болуы мүмкін заттар табылмады.

1. Жоғарыдағы кейс бойынша Құрастыру субъектілеріне қарай кімдер болжам жасайды (болжам жасайтын тұлғаларды тізіп шығыңздар)?

2. Түсіндіруге жататын деректерді анықтаңыздар;

3. Айқындылық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамның қай түрін қолданған дұрыс?

4. Алғашқы және кейінгі болжамдарды құрыңыздар.

6- Кейс

Индира атты куә көршісінің мектеп, колледж оқушыларына 50 грамдық «гашишты» кәмпиттің қағазына орап сататындығын айтты. Содай-ақ ол заттардың барлығын пәтерінде қабырғадағы суреттің артында тығылған сейфте сақтайтындығы туралы мәліметті тергеушіге айтты.

Тергеуші куә көрсеткен мекен-жайға тергеу әрекеті ретінде тінтуді жүргізбекші болады. Куә тергеушіге бұл мәлімет туралы көршісі және Индира ғана білетіндігін айтты. Сол кезде тергеуші тінту тактикасы бойынша әдістердің тізімі бойынша жоспар құрады.

Кейс тапсырмасы

  1. Тергеуші пәтерге тінту жүргізу кезінде қандай тактиканы қолдануы керек?

  2. Куәнің берген мәліметін қалай қолдануы керек?

7-Кейс

Ас бөлмеде үш адам стол басында арақ ішіп бас қосып отырған. Араларында дау туған. Ас бөлмеде еден кафельден жасалған, оның үстінде 2*2 кілемше төселген. Столдың оң сағында пеш бар. Үшеуі дауласа отырып, далаға темекі шегуге шығады. Далаға тек екеуі шыққан. Қайтып келгенде үшінші адам жерде жатады, басынан біраз қан кеткен.

Екеуі қорыққанынан полиция бөліміне телефон соғып, өздері тергеу тобын күтеді. Тергеу тобы келіп жеткен соң, оқиға болған жерді қарап, сезіктілерден жауап алады. Жауап беру барысында үшінші адамды ешкім ұрмаған, ол сол кафелге тайып құлап, пешке құлаған. Сол кезде өліп кеткендігін айтады.

Тергеуші осы іс бойынша тергеу экспериментін жүргізу туралы немесе сот сарапатамасын тағайындау туралы қаулы шығару керек екендігін ойланады.

Бұл жағдайда жәбірленуші зиян көруі мүмкін бе екендігіне нақты жауап беру үшін қай тергеу әрекетін жүргізу керек?

Кейс тапсырмасы

Кейс бойынша тергеу экспериментін жүргізу керек пе немесе сот сараптамасын тағайындау керек пе?

8-Кейс

Астана қаласы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан Саябаққа қарама – қарсы жолда екі автокөлік жол көлік оқиғасына ұшырады. “Мазда6” мемлекеттік нөмірі Р 222 АСМ автокөлігі өз бағытында жүріп келе жатқан “Ауди 80” мемлекеттік нөмірі М 123 ВСМ автокөлігіне қарама-қарсы жолға шығып кетіп соғылады. Мазда көлігінде жүргізуші ғана отырған, ауди көлігінде жүргізуші және алдында бір адам отырған. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде екі көліктің де жүргізушілері ауыр жарақат алған. Оқиға болған жерге Жол көлік полициясы мен маман-дәрігерлер келді. Бірінші болып жеткен жедел тергеу тобы оқиға болған жерді қоршауға алады.

Кейс стади тапсырмасы

1. Бұл кейс-стади бойынша қолданылатын техникалық құралдар қандай?

2. Кейс стади бойынша оқиға болған жерді фотоға түсірудің қандай әдістері қолданылады?

3. Автокөліктерді фотоға түсірудің қай әдістері қолданылады? Бұл әдістің аты қалай аталады?