Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі билет.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
139.26 Кб
Скачать

1.Сөйлем мүшелері

2.Жас өспірімдердің құқықтары мен жауапкершіліктері.

3. Синтаксистік талдау жасаңыз

Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажайып сәтті көріп пе

едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қанып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сарыкөк гүлдері біртіндеп, бір-бірімен жарыса ашыла бастағанда жаныңызды, ләззәт кернеп, өз-өзіңізден өзгеше бір рахатқа кенелмейтін бе едіңіз. Сол гүлдердің торғыннан жұқа, әсем үлбектерінің әр дірілі жаныңызды толқын-толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бәрін ұмыттырып, елжіретіп, елтітіп әкетпейтін бе еді?!. Міне, қыздардың менің сәлемімді алып, еріндерін сәнмен қозғаған осы бір сәті менің көз алдыма гүл бағын елестетті.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к...............Қ.Т.Төлебаева.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді (№7 хаттама 26.03.14)

__________________________________________________________________

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілі» пәнінен емтихан қабылдау билеттері

Билет №2

1.Жай сөйлем, жасалуы жолдары

2. «Тәуелсіздік» тақырыбында эссе жазу

3. Синтаксистік талдау жасаңыз

Совет көшесіндегі университет үйінің баспалдағына табанымды тіреп, жаңа ғана үзіліске шығып, дәлізді кернеп тұрған студенттердің арасынан өтіп, үйдің екінші қабатына көтерілгенде Алатаудың асқар шыңына шыққандай болып едім.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к...............Қ.Т.Төлебаева.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді (№7 хаттама 26.03.14)

__________________________________________________________________

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілі» пәнінен емтихан қабылдау билеттері

Билет №3

1.Сөйлемнің байланысу түрлері (хабарлы, сұраулы)

2.Қазақстан рәміздері.

3. Синтаксистік талдау жасаңыз

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да

тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к...............Қ.Т.Төлебаева.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді (№7 хаттама 26.03.14)

__________________________________________________________________

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілі» пәнінен емтихан қабылдау билеттері

Билет №4

1.Сөйлемнің байланысу түрлері (лепті, бұйрықты)

2. Жаттау (Абай, Шәкәрім)

3. Синтаксистік талдау жасаңыз

Батыр Саян баяғы Сейхун дарияның жағасында Әбілхайырды жолбарыстан аман алып қалғаннан кейін, өзі секілді күштілерден қорлық көрген жүзге тарта батыр жігіттерді жинап, аламан болып кеткен. Сейхун мен Жейхунның арасында қасқырдай жортқан. Талай шонжарлардың малын шауып, Мауреннахр мен Түркістан арасында көшкен сан саудагерлердің керуенін тонаған.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к...............Қ.Т.Төлебаева.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді (№7 хаттама 26.03.14)

__________________________________________________________________

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілі» пәнінен емтихан қабылдау билеттері

Билет №5

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

2. «Менің мамандығым» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз