Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4-таырып. оамны леуметтік жйесі

.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
96.26 Кб
Скачать

Дегенмен қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әртүрлі меншіктің дамуына, саяси алуандыққа, көппартиялыққа өтуге байланысты әлеуметтік құрылымның бөлінуі күшейе түсуде. Республикамызда бұрыннан белгілі жұмысшылар мен шаруалардан басқа фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және ұжымдық меншік иелері, жеке саудамен айналысатын құрылымдар, кәсіпкерлер және т.б. бар.

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамда меншік иесі жоғарғы тап пайда болды. Бұл тапқа солармен қатар көлеңкелі экономиканың пысықтары, алыпсатарлықпен айналысқан кәсіпкерлер және т.б. кіреді. Бұл таптың өкілдері де халықтың белгілібір пайызын құрайды.

Сонымен бірге меншік иелерінің арасында бұрын-сонды болмаған миллиардерлер мен байлар тобы пайда болды. Олардың да, орта таптың да халқымыз арасындағы үлес салмағы туралы қолымызда мәліметтер жоқ болуына байланысты бірдеңе айту қиын. Ал қазіргі өркениетті елдерде орта тап 50-60, тіпті одан да жоғары пайызды құраса, АҚШ‑та жоғары тап бүкіл халықтың 1-5 пайызын құрап отыр.

Қазір қоғамда орта тап өзінің білімділігі мен іскерлігіне байланысты қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның демократиялық дамуына, нарықтық экономиканың қалыптасуына негіз болып отыр. Сондықтан біздің мемлекетіміздің басым бағытымыздын бірі — осы орта тапты күшейту. Ол үшін ұсақ және орта кәсіпшілікті қолдау, халықтың кәсіптік білімін арттыру және кәсіптік кеңістікті демократияландыру және т.б. істерді жүзеге асыру керек. Бұл бағытта мемлекетіміздің атқарып жатқаны да аз емес, алда тұрғаны да ұшан-теңіз.

Қоғам дамуының постиндустриалдық сатысы туралы тұжырымдамаға сүйенсек, болашақ – білім мен ғылымда. Қоғамдағы демократиялық институттарды жетілдіре түсу де аса маңызды болып отыр.

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі мәні қандай?

2. Әлеуметтік жүйе дегеніміз не?

3. Әлеуметтік жүйенің элементтері ата?

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндір?

4. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы немен сипатталады?

11