Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Модуль Баешев.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
82.58 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Модульдік тапсырма

«Жасыл университет» қағидасын іске асырудың 10 нақты қадамы».

КазГЮУ жаңа «жасыл» университеттер қатарына қосу

_________________________________________________________________________________ атты тақырыпқа

Ғылыми жоба

Орындағандар:

М-106(К) группасының студенттерім

Баешев Арманбек

Бекболатова Камила

Базарбай Ержан

Канатова Алия

Маулен Батырлан

Координатор

ф.ғ.к, профессор Малгараева Зауре Боранкуловна _____________________

Астана 2015

Мазмұны

1 Кіріспе_______________________________________________________3

2.1 “Жасыл” университет туралы қалыптасқан негізгі теориялық түсініктер_______________________________________________________5

2.2 КазГЮУ университетіне «жасыл» университет концепциясын енгізу ________________________________________________________________7

3 Қорытынды___________________________________________________9

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_________________________________10

Кіріспе

Қазіргі таңда кез-келген оқыған адам тұрақты дамуды қалыптастыруға өз үлесін қосуы жөнінде ойланады. Дәлірек айтқанда, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді барынша минимализациялау мүмкіндігі жайлы толғанады.Әрбір адамның санасында табиғатына тән болып табылатын ресурстарды үнемдеу әдеті, адамның міндеттемелері болып табылатын фундаментальды түсінік бар. Мысалы: КазГЮУ университетін алсақ. Мұнда қалдықтарды классификациясы бойынша: мукулатураны ,бөтелкелерді бөлек жинайтын қоқыс жәшіктерін орнату қажет, электр қуатын босқа пайдалану және суды шектеусіз пайдалану деңгейін төмендету. Мұндай политика біздерге тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағынан тиімді болып табылады.Өз кезегінде тек жеке адамдар экология тұрақтылығын сақтау жөнінде ойланады. Сонымен қатар үлкен мөлшерде кері әсерін тигізетін түрлі жағдайлар орын алып жатыр.Олар да экология тұрақтылығын сақтауға өз үлестерін қосуы қажет.

Кез-келген дамыған жасыл университеттердің басты белгісі – ол арнайы қоқысты бөліп жинайтын ұйымдардың болуы,ботаникалық бақшалардың орналасуы,альтернативті энергиямен қамтамасыз ететін “жасыл” технологиялардың енгізілуі. Бұл қоршаған ортаға кері зиянды әсерді төмендету мақсатында арнайы жасалынып шығарылған технологиялар.Олар тек экологиялық тұрақтылықты сақтауға ғана жұмыс атқармайды,сонымен қатар ресурстарды үнемді пайдалануға бағытталған.

Ғылыми жобаға біздермен таңдалған тақырыпты оның актуальдығымен түсіндіре аламыз. Өйткені, бұл тақырып барлық университеттерге ортақ проблемаларды шешу технологиясын және жаңа идеяларды талап ететін тақырып.Олардың шешімі қарапайым университеттерді “жасыл”университеттерге айналдыруға болады деген сенімдеміз.

Зерттеу обьектісі ретінде КазГЮУ университетін “жасыл” университеттер қатарына енгізу тақырыбы таңдалынып алынды. Себебі, университетімізде тигізетін кері әсерді барынша минимализациялауды “жасыл” университеттер технологиясы арқылы ұтымды және ақылмен жүзеге асыру мүмкіндігіміз бар.

Зерттеу әдістері: әлеуметтік сұрау, теориялық әдістер: салыстырмалы анализ, интернет және әдеби көздерден алынған мағлұматтарды өңдеу.

Жобаның мақсаты: концепция дайындау. “ жасыл ” университетті ҚазГЮУ-ға енгізу.Бұл дегеніміз тұрақты даму мен “жасыл” экологияның орнауына үлес қосу.

Жобаның міндеттемелері:

-әлемдегі университеттерде орнаған “жасыл” университеттерге анализ жүргізу;

-толығымен зерттеу және “жасыл” университеттердің негізгі тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау;

-КазГЮУ университетінің территориясында өзіміздің “жасыл” университетті енгізу концепциямызды модельдеу.

Гипотеза: Біз өзіміз жасаған “жасыл” университет концепциясының

жүзеге асатынын дәлелдей аламыз.