Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_sillabus.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.41 Mб
Скачать

13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі

Абсолюттік құқықтық қатынас – құқықтық қатынастың бір түрі. Бұл құқықтар анықтығы белгісіз, субъектілердің өз міндеттерін енжар түрде орындауы арқылы қамтамассыз етіледі. Абсолюттік құқықтарға мыс: меншік құқығы, өмір сүру құқығы, отбасын құру құқығы және т.б құқықтар жатады.

Абсолюттік монархия-шексіз монархия

Адам және азаматтардың құқық кепілдіктері – мемлекеттің адамды қорғауға, оның құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуы үшін құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайлар жасауға міндеттілігі.

Адам құқығы- адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық.

Азаматтар құқығы- азаматтық құқық субъектілерінің мәртебесін құрайтын құзырлы құықтардың жиынтығы, олар заңда көрсетілген негіздерден және өзге де құқықтық актілерден, сондай-ақ азаматтрмен заңды тұлғалардың әрекеттерінен туындайды.

азаматтар; екі азаматтылығы бар адамдар;азаматтығы жоқ адамдар; шет ел азаматтары.

Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни,ұлттық,әлеуметтік – экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Әдет-ғұрып – қоғамдағы пайда болатын қатынастарды реттейтін, атадан балаға беріліп отыратын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жиынтығы.

әкеден балаға көшеді (беріледі)және мәңгілік болады.

Әлеуметтік билік – адамдардыңмкез келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастар.

Әлеуметтік норма-қоғамдық манызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы

Әлеуметтік нормалар – қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.

Әрекет – субъектінің ықтияры мен санасына байланысты болып келетін заңды айғақ. Мыс: қолдану актісін шығару, құқық бұзушылыққа бару және т.б

Әрекет қабілеттілік – тұлғаның өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі және өз әрекеттері үшін жауапты болу қабілеттілігі.

Басқару нысаны – мемлекетте жоғары билікті ұйымдастыру.

Басқару нысаны-қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуы

белгілі азаматтарға не болмаса заңды тұлғаларға қатысты болады)

билікті бөлісу қағидалары – мемлекеттік органдар билік жүргізуде бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір-бірінің қызметтерін тежемелік және тепе теңдік жүйе арқылы жүзеге асырады.

Бюрократизм – 1. демократиялық бақылаудыңдамымауы немеседеградацияжағдайындағытүрлі мемлекеттік және саясиұйымдардыңарнайыаппаратықызметкерлерінің қолына шынайы билік рычагтарының жеке мудде мақсатында шоғырлануы; 2. аппараттықбилікпенбасқарудың бюрократиялық жүйесі; 3.істіңмәніне қарамастан қабылданған нормаларға ритуалды еру түрінде көрінетін, жеке мүдделі формализммен сипатталатын басқару стилі.

Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.

Гипотеза-өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы

Декларативті нормалар негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі.

Демократиялық емес режим халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим.

Демократиялық емес режим-халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы

Демократиялық режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыруда халықтың оған тікелей қатысуы немесе өкілдік демократия арқылы халық көпшілігінің азшылық мүдделерін ескере отырып шешім қабылдауларында қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Демократиялық режим-барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықта болуы

Деректік құрылым – белгілі құқықтық нәтиже тууға қажетті заңды деректердің жиынтығы.

Дефинивті нормалар арнаулы ғылыми түсініктер. М: гипотеза, диспозизия, санкция.

Диспозиция – құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез – құлық ережелерін айтады.

Диспозиция-құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелері

Достық-сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы

Еркіндік - адамның немесе жеке ұлттың , халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.

Жеке тұлға құқығы- құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтықкодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттіңазаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқадам. Яғни“жеке тұлға” ұғымы азамат деген ұғымға тең мағынада қолданылады

Жемқорлық – лауазымды тұлғалардың сеніп тапсырылған құқықтар мен өктем өкілеттіліктерді жеке баю мақсатында пайдалануынан тұратын саясат немесе мемлекеттік билік аясындағы қылмыстық әрекеттері.

Жүйе - бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.

Заң – ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

Заң шығару бастамасы – Қ.Р Конституциясында бекітілгендей, заң шығару бастамасымен шұғылданатын субъектілерге:парламенттің депутаттары, палаталардың комитеттері, мемлекет басшысы, үкімет және орталық атқару билігінің органдары жатады. Заң жобалары, ұсынушы субъектілерге байланысты үкіметтік және депутаттық болып екіге бөлінеді. Заң жобалары өздерінің мазмұндарына байланысты мынандай негізгі түрлерге бөлінеді: Көпшілік (белгілі мемлекеттік және қоғамдық өмірді реттеу үшін белгіленген); қаржылық; жекешеленген (әдеттегідей, олар

заң техникасы – құқықтық актілерді тиімділігін арттыра түсу мақсатында қолданылатын, оларды даярлау және ретке келтірудің амал-тәсілдері мен ержелерінің жүйесі.

Заң ұқсастығы - нақты заңдық істі дәл сол жағдайға арналмаған, тек осыған ұқсас жағдайларға ғана арналған құқықтық норма негізінде шешу.

Заң шығару үрдісі – заң нормалпрында белгіленген, құқықтық шығарамашылық процестің түрі, мемлекеттің заң шығару органдарының заңдарды жазу, қабылдау және шығару қызметтерінің тәртібін белгілейді

Заңды дерек - құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз

заңды жауапкершіліктің қағидалары – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесн оларды орындаудын қалыс қалуға зағ жүзінде белгіленген мәжбүрлеу шарасы. Түрлері: тәртіптәк жауапкершілік, әкімшілік жаза, азаматтық-құқықтық жаза,қылмыстық жаза.

Заңды міндеттеме – құқыққа өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін белгіленген заңды, әрі қажетті жүріс- тұрыстың мөлшері.

Заңдылық – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарыссыз орындауға қажет талаптарының жиынтығы.

Заңдылық кепілі – заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілердің бұлжытылмай сақталуын, азаматтар құқықтарының және қоғам мен мемлекет мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамассыз ететін құралдар мен жағдайлар.

Заңдылықтың юридикалық кепілдемелері – 1.Материалдық кепілдік – егер де субъектілер өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс. 2. Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді. 3. Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі болса заңдылық, тіртіп те жақсы болуға тиіс. 4. Заңды кепілдік – мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.

Заңнамалар жүйесі – мемлекет дамуының нақты-тарихи кезеңдерінде қолданыста болатын заңдар мен оларға негізделген актілер жүйесі.

заңнамалардағы ақтандақтар - бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.

Заңнамаларды жүйелеу – қоланыстағы заңдар мен нормаларды бір жүйеге келтіру.

Империя-мемлекеттің күш қолдану арқылы біріктіру

Инкорпорация- заңдарды жүйелеудің бір түрі. Онда нормативтік актілердің мазмұны өзгертілместен жинаққа біріктіріледі, әрбір акті өзінің дербес заңдық маңызын сақтайды.

Интерпретациялық актілер юридикалық нормаларға түсінік беретін құқықтық акт.

Кодификация –нормативтік актілердің олардың мазмұндарын өзгерту арқылы біріктірілген логикалық жағынан тұтас заңды акт.

Коллизиялық нормалар – халықаралық сипаты бар азаматтық, отбасылық, еңбек қарым-қатынастарына қай мемлекеттің құқығы қолданылатын көрсететін норма.

Консолидация-кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру

Конституциялық монархия-шектелген монархия

Конституция-мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы

Конфедерация – мемлекеттің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді (одақтасады).

Конфедерация-бір біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы

Координация мемлекеттер арасындағы әр түрлі салалар бойынша достастықты орнатудың бір түрі.

Корпоративтік нормалар қоғамдық ұйымдармен құрылатын және олардың іщкі қатынастарын реттейтін нормалар.

Креационизм-әлемнің барлығын құдайдын жаратуымен түсіндіреді

Қағида –қандайда бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық кесім.

Қасиет - адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым.

Қоғам – (кең мағынада) тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы, бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы; (қысқа мағынада) – тарихи нақты әлеуметтік кейіптің жүйесі, қоғамдық қатынастардың белгілі нысаны.

Қоғамның саяси жүйесі – құқықтың және басқа әлеуметтік нормалардың негізінде ретке келтірілген институттардың (мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың, қоғамдық ұйымдардың) жиынтығы, соның қалпында қоғамның саяси өмірі өтеді және саяси билік іске асырылады.

Қорғаушы нормалар құқық бұзушылыққа барған субъектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын атқарады.

Құжат - фактілер туралы мағлұматтар жасанды немесе табиғи тілдің элементтері және символдар, таңбалар және суреттер арқылы бекітілген материалдық объект.

Құқық бұзушылық – қылмыскерлердің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға зиянды (әрекет не әрекетсіздік) әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке, жеке адамға зиян келтіреді.

Құқық бұзушылық субъектісі - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі).

Құқық бұзушылық құрамы – құқық бұзушылықтың құрамының міндетті элементіне: құқық бұзушылықтың объектісі, құқық бұзушылықтың объективтік жағы, құқық бұзушылықтың субъектісі, құқық бұзушылықтың субъективті жағы.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – сол адамның әрекетін сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, (әрекет не әрекетсіздік), себебі ол құқықтық ұйғарымды бұзады, қоғамға, мемлекетке, жеке адамға зиянын тигізеді.

Құқық бұзушылықтың объектісі құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастар түрлері

Құқық- жалпыға міндетті, формальды түрде белгіленген заң нормалары, қоғамдық, таптық ерікті көрсетеді (нақты қоғамның мүддесін) қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен белгіленеді және қамтамассыз етіледі.

Құқық жүйесі – оның ішкі құрылысы, қоғамдағы барлық нормативтікактілер бір прициппен бір жинаққа бірігіп, сонымен қатар мазмұны тұрғысынан жүйе-жүйеге, элементтерге, тарауға бөлінуі.

Құқық институты –қоғамдық қатынастардың белгілі түрін (тобын) реттейтін, тәртіпке келтірілген заңды нормалардың жиынтығы.

Құқық қағидалары – қоғамдық таиынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің құрылуының мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы.

Құқық қағидалары-қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасыу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы

Құқық қолдану актілері – құқықтық акт, белгілі заңды істі шешу нәтижесінде шығарылған өкілетті органның жекелеген билік жарлығы.

Құқық нормасы- жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формальді белгіленген тәртіп жолы.

Құқық нормасы құрылымы – оларға диспозиция, санкция, гипотеза жатады.

Құқық нысаны (құқық қайнар көздері) - мемлекеттік ерікті сырттан көрсету жолы, заңды тәртіп долдарын объективтік жағдайға келтіру.

Құқық саласы қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы.

Құқық түсінушілік – заң нормаларының мағынасын анықтауға бағытталған түсіндіру.

Құқық ұқсастығы – нақты заңдық істі жалпы қағидаттар (принциптер) мен мағынасы негізінде шешу.

Құқық функциясы - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.

Құқық шығармашылық қағидалары - 1) ғылымилық – нормативтік актілерді дайындау процесінде əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне басқа да жағдайларды, қо-ғамның дамуының объективтік қажеттіктерін жəне т.б. зерттеудің маңызы зор; 2) кəсібилік – мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар – заңгер-лер, экономистер жəне т.б. айналысуы тиіс; 3) заңдылық – бұл қызмет Конституцияның жəне басқа да заңдардың негізінде жəне шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс; 4) димократиялық – азаматтардың бұл процеске қатысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгеін сипаттайды; 5) жариялылық- құықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшін анықтығын білдіреді.

Құқық-әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы

Құқыққа сай жүріс-тұрыс құқық нормаларының талаптарын бұлжытпай орындау.

Құқықты іске асыру- мемлекеттің, оның органдарының құқықтық нормаларды іске асыруы.

Құқықтық әдет-ғұрып адамдардың санасында болатын, ұдайы қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс-тұрыс ережесі.

Құқықтық жүйе – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.

Құқықтық идеализ-құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау

Құқықтық қабілеттілік – субъективтік құқықтар мен заңи міндеттерді арқалай алудың мемлекет мойындаған қабілеті.

Құқықтық қатынас – қоғамдық қатынастар жиынтығының құқықтық нормалармен

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, оларға қатынасушылардың белгілі субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар.

құқықтық қатынас субъектілері - Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

Құқықтық қатынастың мазмұны - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық мәдениет – қоғамдағы құқықтық сана мен ондағы құқықтық белсенділіктің деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс-әрекеттердің (қызметтердің) прогрестілік дәрежесі.

Құқықтық мәдениет қоғамдағы құқықтық сана мен ондағы құқықтық белсенділіктің деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс\әрекеттердің прогрестілік дәрежесі.

Құқықтық мемлекет - саяси биліктің ұйымы, адамдардың, азаматтардың құқығын және бостандығын толық түрде қамтамассыз етеді және мемлекеттік билікті (құқықтың көмегімен) теріс пайдалануға жол бермейді.

Құқықтық мемлекет-мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарының арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқытарының тиімді қорғалуы

Құқықтық нигилизм құқықты құндылық ретінде мойындамай теріске шығару, құқыққа сенбеу, құқықты құрмет тұтпау.

Құқықтық нигилизм-құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көз қарас

Құқықтық отбасы – шығу көзднрінің бірлігіне, құқықтың құрамына және оның тарихи кұрылу жолына байланысты бөлініп шыққан құқықтық жүйенің жиынтығы.

Құқықтық режим – белгілі заң құралдарының үйлестірілуі, қажетті әлеуметтік жағдайда жасау және құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру үшін игілікті не игіліксіз деңгейді көрсететін құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.

Құқықтық реттеу – тәртіпке салу мақсатындағы барлық заң құралдарымен іске асырылатын қоғамдық қатынастарға ықпалдылық жасау.

Құқықтық реттеу әдісі – сапалық тұрғыдан біркелкі қоғамдық қатынастарды құқықтық регламентациялауды (тәртіптік ретін белгілеуді) жүзеге асыруға көмектесетін заңдық амалдардың (құралдардың) жиынтығы.

Құқықтық реттеу механизмі – құқық субъектілері мүдделерін қанағаттандыруға кедергі болып тұрғандарды жеңу мақсатында ең дәйекті түрде ұйымдастырылған заңдық амалдар жүйесі.

Құқықтық реттеу пәні – құқықтық тәртіпке келтіріп реттейтін қоғамдық қатынастарф мен әлеуметтік байланыстары.

Құқықтық реттеудің диспозитивтік әдістері – келісуші жақтардың рұқсат етуі мен олардың тең құқықтылығы мен үйлестілігіне негізделетін құқықтық ықпал жасау тәсілі.

Құқықтық реттеудің императивтік әдістері - өкіметтің ұйғарымдары мен қызметтік бағыныштылықтардан туындайтын, тыйым салуларға, міндеттер және жазалауларға негізделетін құқықтық ықпал ету әдісі.

Құқықтық реттеудің типі – қоғамдық қатынастарды заңды реттеудің жалпы бағыты, оның негізінде жатқан құқықтық реттеудің (рұқсат беру, міндеттеу, тиым салу) ерекшелігін көрсететін не болмаса көрсетілген әр түрлі жобалардың қабысу варианттары.

Құқықтық сана – адамдардың қолданыстағы немесе тікелей сай келетін құқыққа қандай қатыстылығын көрсететін сезімдердің, пайымдардың идеялары көзқарастарының жиынтығы.

Құқықтық субъектілік - тұлғаның мемлекет танитын және қамтамасыз ететін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді өзіне алу,сондай-ақ өзінің әрекеттері арқылы оларды құқықтық өатынвстарда жүзеге асыру қабілеті

Құқықтық тәрбие – мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтың алдарына мақсат етіп қойған, азаматтарға, лауазымды адамдарға құқықтық танымды және құқықтық мәдениетті ояту.

Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың жүйесі, онда субъектілердің тәртібі құқыққа сай болады, әлеуметтік қатынастар реттелген жағдайда болады.

Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың жүйесі, онда субъектілердің тәртібі құқыққа сай болады, әлеуметтік қатынастар реттелген жағдайда болады.

Құқықтық шығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

Құрылтайшы нормалар – коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлға ретінде жиналысы барысында ұйымдық-құқықтық нысаны, құру жөнінде міндетеме, жарғысын бекіту мәселелерін шешу.

Мәжбүрлеу – адам әрекетіне күштеу арқылы әсер ету.

Мекеме белгілі бір ережелер негізінде мақсат пен бағдарламаны орындау үшін әрекет ететін адамдар бірлестігі.

Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады. (топтардың, адам баласының, діни, ұлттық, нәсілдік т.с.с)

мемлекет және құқық теориясы фукциялары - Мем-лекет жəне құқық теориясының үш негізгі функциясы бар: Теориялық-танымдық, Тəжірибелік-қолданбалық, Тəрбиелі.

Мемлекет және құқық теориясының пәні - Мемлекет жəне құқық теория-сының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады.

Мемлекет және құқық типі – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдіс.

Мемлекет мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.

Мемлекет механизмі (аппараты) – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет нысаны-мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сынарларының мәндік жиынтығы

Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады.

Мемлекет-арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін басқаруды іс жүзіне асырайтын арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі

Мемлекеттік билік – көпшілік-саяси үстемділік және субъектілер арасындағы мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген бағынушылық жүйесі.

Мемлекеттік биліктің легитимділігі мемлекет пен қоғамның өзара қатынастарының сапасы. Мұның өзі биліктің құндылығын, оның басқаларды бағындыруға құқықтылығын қоғам тарапынан ерікті түрде танылуынан көрініс табады.

Мемлекеттік егеменділік (суверенитет)- мемлекеттерге тән, өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі.

Мемлекеттік құқықтық мәжбүрлеу – мемлекеттік биліктің заң негізінде қоғам мүшелеріне ұйымдасқан түрде, жекешеленіп жасайтын психикалық не идеологиялық бостандығын, құқығын, қоғамның қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықпен күрес жүргізіліп кінәлілерді қылмыстары үшін жазалау.

мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекет құрылымы, мемлекеттің біртұтас және аумақтық бөліктері ретіндегі ара қатынасы.

Мемлекеттік мәжбүрлеу – мемлекеттік биліктің заң негізінде қоғам мүшелеріне ұйымдасқан түрде, жекешеленіп жасайтын психикалық не идеологиялық ықпалы, мемлекеттік аппараттың көмегімен мемлекеттік ерікті, азаматтардың бостандығын, құқығын, қоғамның қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықпен күрес жүргізіліп кінәлілерді қылмыстары үшін жазалау.

Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы мемлекеттің мәжбүрлеу күші арқылы қамтамассыз етіледі.Мемлекеттік органдардың сыныпталуы: мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне байланысты: өкілдігі бар мемлекеттік органдар (президент, парламент); мемлекеттік органдардың өздері құратын органдары (үкімет, министрліктер); 2) мемлекеттік органдар құрылымына байланысты: жай; күрделі.Жай органдардың ішкі бөлімдері болмайды, ал күрделі органдарының бірнеше ішкі бөлімдері болады; 3) аумақтық қызмет аясына байланысты: федералдық; республикалық; жергілікті. 4) өкілеттіліктерінің сипатына байланысты: жалпылама құзыретті органдар (Қ.Р Үкіметі); арнайы құзыретті органдар(Бас прокуратура); 5) құзырларының иіске асуы ретіне байланысты: алқалыға жататындары (үкімет); дара басшылыққа жататындары (президент); 6) ұйымдық – құқық қызметтері түрлеріне байланысты; биліктері толық болатындары; биліктері шектеулі болатындары.

Мемлекеттің құрылым нысаны-мемлекетте биліктің территориялық кеңістікте ұйымдасуы және іс жүзіне асырылуы

Мемлекеттің функциялары-оның алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын іс жүзіне асырудың негізгі бағыттары

Монархия – мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік сайланбайды және тағайындалмайды, тұқым қуалау дәстүрі бойынша

Мораль – адамадардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптердің жүйесі.

Міндеттеме - бір жақтың екінші жақ пайдасына жасайтын азаматтық құқықтық қатынасы.

Нормативтік келісім шарт өзінің жасалуының нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болатын құқық шығарушы субъектілер арасында жасалынған келісім.

Нормативтік-құқықтық акт- биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

Нормативтілік - құқықтық ұйғарымда әрекеттерінің жалпыға бірдейлігін, міндеттілігін, тоқтаусыздығын және аумақтық бірлігін жинақталған түрде көрсететін құқықтың белгісі.

Ңұсқаулық-заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжей көрсететін нормативтік-құқықтық кесім

Объективті құқыққа қайшы әрекет - әрекетімен не әрекетсіздігімен, өзінің

объективтік белгілерімен, құқық бұзғанға ұқсайды, бірақ кінәлі емес, яғни субъективтік жағынан, құқыққа сай мақсатқа жетуге бағытталған.

Объект-құқық бұзушылы қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы

Өкілдік беру – белгілі бір қызметті атқаруға белілген құқық, билік.

Плюрализм-көппікірлілік

Процедура- қайсыбір істі, қызметті талқылау, жүргізу кезіндегі әрекеттердің ресми белгіленген тәртібі.

Процесс – белгілі бір жұмыстың жүру барысы, іске асыру барысы.

Регламент-қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.

Редистрибуция-жиналған барлық өнімнің қоғам мүшелері арасында тең бөлінуі

Республика – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі.

Республика-жоғары мемлекеттің биліктің қалыптасуы сайлау арқылы белгілі бір мерзімге дейін құрылады

реттелуі.

Реттеуші нормалар – жұмысты белгілі бір реттеуге келтіру.

Реципроктлық-коллективті түрде өндірілген өнімнің бәріне ортақ болуы

Романо-германдық құқықтық жүйе-тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативті құқықтық кесімдердің қабылдануы.

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы, адамдар өзара қатынасы мен қызметі.

Санкция – мемлекет тарапынан құқық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрлері.

Санкция – мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрі.

Санкция-мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкешіліктін түрі

Саяи режим – тәсілдердің, амалдардың, құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.

Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері

Сот прецеденті – келешекте үлгі болатын, заңнамада қажетті норма болған жағдайда қабылданатын сот шешімі.

Субординация - қызмет жағдайында кішілердің үлкендерге, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныштылығы. Жалпы алғанда, қызмет ережелерін, сонын ішінде әскери тәртілті орындау деген ұғым.

Субъект-жауапқа тарту қабілеттілігі бар, құқық бузушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамда айтады

Субъективтік құқық - субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері

Табиғи құқық (табиғи құқықтар) – адамның табиғи қамтамассыз етілген құқықтары мен еркіндігінің жиынтығы, сонымен қатар, белгілі заң шығарушыдан тәуелсіз.

Тәртіп –қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субъектілердің тәртіптерінің сай болуы.

Түсінік беру – мемлекеттің тиісті органдары қабылдаған нормаларды халықтың түсінуін қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізу

Түсінік берудің тәсілдері – түсінік берудің екі түрі болады: ресми және бейресми. Ресми түсінікті мемлекеттік орган береді. Ресми түсінік түрлері: нормативтік түсінік беру, казуалдық түсінік беру, сот органдарының ресми түсінік беруі, әкімшілік органдарының түсінігі, дәлме-дәл түсінік беру, шектеулі түсінік беру, кеңірек түсінік беру, аутентикалық түсінік беру,легальдық түсінік беру, арнаулы заңды түсінік беру. Бейресми түсініктерді заңгерлер,ғылыми ұйымдар,мамандар береді. Олар: доктриналық және жалпылама болып бөлінеді.

Тыйым – құқықтық реттеу жолы, сол арқылы белгілі әлеуметтік – зиянды, құқық бұзу әрекеттерін жасамауды талап етеді. Құқықты асыра пайдалану субъективтік құқықты жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіретін тұрғыда, оның әлеуметтік мәніне қайшы пайдалану.

Унитарлық мемлекет – саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекет ішінде өз алдына басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекет түрі.

Унитарлық-мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы.

Ұқсастық – заңда және басқа да актілерде тікелей көрсетілмеген құқықтық реттеуді қажет ететін қоғамдық қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдану. Қылмыстық заң аналогия бойынша қолданылмайды.

Федеративтік мемлекет - заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы

Федерация-бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттік субъектілердің болуы

Функция-орындау деген мағынаны білдіреді

Халықаралық құқық мемлекет пен халықаралық қарым-қатынасқа басқа да қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін заңи принциптер мен нормалардың жиынтығы.

Эволюция теориясы-әлемнің пайда болуы Үлкен жарылыс теориясымен түсіндіріледі

  1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллардың цифрлік эквивалент

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

3,33

85-84

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағат

С

2,0

50-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағатсыз

Пән бойынша қорытынды баға проценттік мазмұнда былай анықталады:

А1 + А2

Қ% = ------------------- Х 0,6 + П1 + П2 + 10 % (кейс – стади)

2

А1 – 1 рейтингтің проценттік мазмұны

А2 – 2 рейтингтің проценттік мазмұны

Е – емтихан бағасының проценттік мазмұны

Қ% қорытынды проценттік мазмұндағы баға ең соңында жоғарыда көрсетілгендей (жалпы шкала) Қц цифрлік эквиваленттік бағаға ауысады.

Пән бойынша ІІ аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері

Бақылау түрлері

Бағалау өлшемдері (критерии %)

1

Дәріске қатысуы

20%

2

Дәріске белсенді қатысқаны үшін

10%

3

Семинар (тәжірибе) сабақтарына қатысуы

10%

4

Семинар (тәжірибе) сабақтарына белсенді қатысуы

20%

5

СОӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытылы тапсыруы және сапалы орындауы

30%

6

Пәндер бойынша силлабустарға сәйкес СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау

10%

ҚОРЫТЫНДЫ (%)

100%

  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4____

Дәріс № ___1___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр ___1___

Дәрістің мақсаты:

Негізгі заңдылықтардың пайда болу, мемлекет және құқықтың функцияларымен дамуын оқып үйрету.

Жоспары:

1. Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі. Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні ретінде.

2. Мәдениет тарихындағы мемлекет және құқық танымына түрлі әдістемелер: догматикалық, діни, табиғи-құқықтық, сыныптық. Құқық мектебі.

3. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі.

4. Гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң тәртіптері жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

№1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі.

Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын, болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.

Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.

Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:

а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;

ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, құқықтық ғылым;

б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;

в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;

г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші, әдістемелік мәндегі ғылым;

д) құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да философия, экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектілеріне жатады.

Мемлекет пен құқық теориясы мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде қолданылады. Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени, саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды.

Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан, қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.

Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.

Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.

Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.

Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.

Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері

- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.

Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.

Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқық бұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.

Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.

Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Конспектілеу. Энгельс Ф. Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы.

//Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.21.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекет және құқық теориясы ғылым және оқу пәні ретінде тақырыбына баяндама жасау; Мемлекет және құқық теориясының әдістеріне мысалдар келтіру. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

3. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

4. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.

  2. Историческое и логическое в познании государства и права. Л., 1988.

  3. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.

  4. Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.

  5. Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. Л., 1989.

  6. Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура. М., 1980.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні ретінде. Гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң пәндері жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазақстандағы мемлекет және құқық теориясының қазіргі замандағы жағдайы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № __3____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр ___1___

Дәрістің мақсаты:

Мемлекет және құқықтың пайда болу жолдарын және негізгі теорияларды оқып үйрену.

Жоспары:

1.Рулық құрылыс.

2. Мемлекеттің құрылуының нышандары.

3.Әр түрлі халықтардың мемлекеттігінің құрылу ерекшеліктері.

4. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болу ерекшеліктері.

5. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.

6.Құқықтың пайда болуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген.

Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:

а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;

ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;

б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;

в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын белгілері. Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.

Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.

Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. ¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.

Глоссарий (терминдер): рецепроктылық, редистрибуция, материалистік теорияия, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік теория.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Мына нормативті-құқықтық актілерді конспектілеу:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;

3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;

4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;

5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл//2008 жылғы 17 қазандағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Егемен Қазақстан, 2008. 21 қараша. №351-352;

Парламент жаршысы, 2008

6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995, /2008 жылғы 17 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Егемен Қазақстан, 2008. 20 маусым. №182-183;

Парламент жаршысы, 2008 №10-11

7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 2008 жылғы 10 желтоқсандағы өзгерістері мен толықтыруларымен // Егемен Қазақстан, 2008. 13 желтоқсан.

8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995, 2002 жылғы 21 наурыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен // Егемен қазақстан, 2002. 27 наурыз. № 67, Парламент жаршысы, 2002 №6

9. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық жолының рекешеліктерін қарастыру. Схема құрастыру.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

5. Өзбекұлы С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алексеев А.С. К учению о юридической природе государства и государственной власти. М., 1995.

  2. Бачило И.Л. Факторы, влияющие на государственность // Государство и право. 1993. № 7.

  3. Берман Г. Западная традиция права: эпоха формирования. М., 1994.

  4. Бутенко А. П. Государство: его вчерашние и сегодняшние трактовки // Государство и право. 199,3. № 7.

  5. Власть. Очерки современной политической философии Запада. М., 1989.

  6. Косарев А. И. Происхождение и сущность государства. М., 1969.

  7. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской валсти - к президентской республике. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.

  8. Филиппов Г. Г. Социальная организация и политическая власть. М.,1985.

Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы. Алматы,1982.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет және құқықтың пайда болуы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Рулық құрылыс. Жеке меншіктің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_____4____

Дәріс № ___4___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы.

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр ___1___

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің қоғамды басқару әдісі және жанжалды шешу құралы ретіндегі мәнін анықтау. Жоспары:

1. Мемлекет түсінігі. Мемлекетті әлеуметтік белгілеудегі дуализм: Мемлекет қоғамды басқару әдісі және жанжалды шешу құралы ретінде.

2. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері.

3. Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі.

4. Мемлекеттің белгілері, оның басқа қоғамдардан айырмашылығы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:

  • элита теориясы;

  • технократиялық теория;

  • плюралистік демократия теориясы.

Глоссарий (терминдер): элита теориясы, технократиялық теория, плюралистік демократия

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері

  • Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

  • Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары

  • Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекет және құқықты хронологиялық негізде жіктеу. Схема құрастыру.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

  3. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

  4. Қазақстан Республикасы Президенті ¤кімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.

5. Өзбекұлы С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Атаманчук Г.В. Новое государство: поиски, иллюзии, возможности. М., 1996.

  2. Владимиров В.А. Основные функции посткоммунистического государства в области внутренней политики. Тверь, 1992.

  3. Баймаханов М. К разработке современной концепции функций государства. № 4. Прав.реф. в Казахстане, 2001

  4. Байкенжеев А.С. Обеспечение суверенитета как одна из важнейших функций государства. Вестник КазГУ, 2000, № 3. С.22-26

  5. Бейсенова А.У. О природе власти в демократическом обществе. Право и государство. 2000. № 1-2. с.4.

  6. Джусупова Г.С. Права человека и социальные функции государства. Вестник КазГУ, № 1, 2001

  7. Емин Р.В. К вопросу о классификации функций современных государств. Вестник КазГУ. № 3, 2000

  8. Захаров А. Еще раз о теории формаций // 0бщественные науки и современность. 1992. № 2.

  9. Котов А. Суверенитет Казахстана: основания независимости и верховенства. /Пр.реформа в Казахстане, 2001. № 3, с.3-6

  10. Клепцова Т.Н. Функции и аппарат Российского государства в рыночной экономике. М., 1992.

  11. Краснов М.А. Ответственность власти. // Государство в открытом обществе. М., 1997.

  12. Осипов В.И. Власть - проблемы государственного управления: региональный аспект. Саратов, 1997.

  13. Пахоленко Н.Б. От тоталитаризма к демократии: о функциях государства в переходный период // Политические проблемы теории государства. 1993.

  14. Тойнби А.Д. Постижение истории. М., 1991.

  15. Чиркин В.Е. Три ипостаси государства // Государство и право. 1993. № 8.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет және құқықтың мәні және типтері» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері.

Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі. Мемлекеттің белгілері, оның басқа қоғамдардан айырмашылығы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:__4_______

Дәріс № ___5___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты:

Мемлекеттерді жіктеу процестері арқылы қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіндіру.

Жоспары:

1. Мемлекет типологиясының түсінігі.

2. Мемлекет және құқықтың типологиясының критерилары.

2. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі.

3. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқықтың даму аралықтары. Мемлекет және құқықтың түрлерінің түсінігі. Мемлекет және құқықтың типологиясының критериилары. Құқық пен мемлекеттің уақыт аралықтарының материалистік жолдарының қоғамдық-экономикалық формацияның түрлерінен қатынасында: құлиеленушілік, феодалдық, әлеуметтік мемлекет пен құқық. Мемлекет және құқықтың уақыт аралығындағы хронологиялық көзқарас. Ежелгі әлемдегі, орта ғасырдағы, және жаңа уақыттағы мемлекет және құқық. Мемлекет және құқық типологиясына өркениеттік көзқарас. Өркениет типологиясының және оның мемлекеттілігінің негізі. Құқық және мемлекеттің түрлерінің эволюциялық және революциялық ауысуы жолдары.

Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді.

1. Формациялық.

2. Өркениеттік.

Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы құрайды. Өркениеттік типология негізінде дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды. Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

¤ркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Глоссарий (терминдер): Типология, цивилизация, формация, хронологиялық көзқарас

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Мемлекет типологиясының түсінігі.

  2. Мемлекет және құқықтың типологиясының критерилары.

  3. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі.

  4. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекеттің мәнін және оның қоғамдық тағайындалуын дұрыс түсіну үшін мемлекет типологиясының ғылыми маңызына сипаттама беру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет және құқықтың типтері.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік типология әдісінің хронологиялық түрі. Шығыс мемлекеттердің тарихы. Феодалдық мемлекеттер тарихы. Жаңа ғасырлар. Қазіргі кезең.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_4________

Дәріс № ___6___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет функциялары

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты:

Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аудару.

Жоспары:

1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері.

2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциясы.

3. Мемлекет функцияларын іске асыру нысандары мен тәсілдері.

4. Мемлекет қызметінің іске асырылуының құқықтық формасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:

- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.

- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. Ұйымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.

Глоссарий (терминдер): Мемлекет функциясы, қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыбы: Мемлекет функцияларының жіктелуіне сипаттама беру.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: . Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4

Берілген мақаладағы автордың жасаған талдауына, келтірген дәйектемесіне қарсы пікір білдіру және пікірталас тудыру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1.Теория государства и права Хрестоматия в двух томах. Том 1 Авторы –составители В.В. Лазарев, С.В. Липень. М., 2001).

2. Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет функциясы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік функциясы ұғымы, мемлекет функциясы түрлері, Мемлекет функциясын іске асыру нысандары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № __7____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет механизмі

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік билікті ұйымдастыру негіздерін жетік меңгеру.

Жоспары:

1. Мемлекет механизмі туралы түсінік.

2. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі коррупциямен күрес.

3. Мемлекеттік қызмет.

4. Мемлекет органдары, оның белгілері.

5. ҚР мемлекеттік органдарының жалпы мінездеме жүйесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мемлекет механизмі – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

-ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрайды;

-оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;

-мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіліктерге ие мемлекеттік органдар танылады;

-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші,құралы болып табылады.

Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;

2) мемлекеттік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизмінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, милицияны, салық полициясын және т.б. жатқызуға болады;

3) мемлекеттік мекемелер – мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалық әрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның қатарынан кітапханаларды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми-зерттеу институттарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды және т.б. көруге болады;

4) мемлекеттік кәсіпорындар – бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;

5) мемлекеттік қызметкерлер – басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандар;

6) ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.

Мемлекет органы – мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:

-мемлекетік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;

-мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;

-мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;

-әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);

-мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;

-органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;

-мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;

-мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;

-мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а/нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; ә/құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; б/нақты-ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

-мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;

-мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар көп түрлі. Олар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібіне байланысты мемлекеттік органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау - қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті, заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы органдар; атқарушы – жарлық етуші органдар (ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар) қабылданған заңдар мен заңға бағынышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіреттегі, әскери, өзге де арнаулы соттар) әділсотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары, радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындауын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Мемлекеттік органдар орналасу иерархиясына сүйене отырып, республикалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді. Бағыныштылық сипатына байланысты «вертикалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот т.б.) және екі жақты «вертикалды – горизонталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер т.б.) болып бөлінеді. ¤кілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылатын органдар (оларға прокуратура, милиция, сот т.б. органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үшін құрылатын органдар түрінде беріледі. Шешім қабылдау тәсіліне байланысты мемлекеттік органдар алқалы және жеке органдар ретінде көрінеді.

Әрекет етуінің құқықтық нысандарына сүйене отырып, мемлекеттік органдарды құқықшығармашылық (парламент, үкімет, мәслихат және т.б.), құқыққолданушы (сот, әділет басқармалары,әкімшіліктер және т.б.) және құқыққорғаушы (салық полициясы, кеден органдары және т.б.) органдар деп бөлуге болады. Құзіреттілігінің сипатына байланысты жалпы құзіретті органдар және арнаулы құзіретті органдар деп бөліп қарастырамыз.

Мемлекеттік аппарат - ұйымдастырылу мен әрекет етудің жалпы қағидаларымен өзара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі.

Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары:

  • заңдылық қағидасы;

  • адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;

  • демократизм қағидасы;

  • билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу қағидасы;

  • жариялылық қағидасы;

  • кәсібилік қағидасы;

  • алқалылық пен жеке шешімдерді тиімді ұштастыру қағидасы;

  • сайланбалылық пен тағайындалмалықты ұштастыру қағидасы;

  • сатылық /иерархиялық/ қағидасы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесі. Қазақстан Республикасы Президенті. Қазақстан Республикасы заң шығару билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. Қазақстан Республикасы атқару билігі. Үкімет. Премьер-Министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.

Қазақстан Республикасы сот билігі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты. ҚР жергілікті соттары.

Қазақстан Республикасы прокуратурасы. ҚР Ішкі істер органдары. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті. Әскер.

Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары. Мәслихаттар. Әкімдер.

№1 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Мемлекеттік аппарат ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидаларына жеке дара ғылыми негізді сипаттама беру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын өзара байланысын схема түрінде көрсету.

және пікірталас тудыру.

Берілген әдебиеттерге негізделе отырып, мемлекеттік аппарат ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидаларының мазмұнын ашып көрсету.

Тақырып бойынша берілген нормативті актілермен танысу барысында студенттер олардың жеке түрлеріне ғана емес, өзара байланысына да назар аударулары қажет. Себебі, мемлекет механизмін анықтау оның органдарының өзара және тетіктің өзге құрамдас бөліктерімен арақатынасы арқылы беріледі. Осы жерде мемлекеттік аппараттың билікті күшпен тартып алуына жол бермеу, мемлекеттік аппараттың жұмысындағы төрешілдік пен жемқорлықпен күресу жолдары туралы мәселе қарастырылуы керек. Мемлекеттік қызметке алудың қағидалары және оларға қойылатын талаптар да ескерілуі тиісті.

Мемлекеттік органдардың құзыреттілік сипатына қарай өзара байланысын схема түрінде сызу.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Нормативті әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.

  9. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баймагамбетова Ж.С. О роли Парламента обеспечении верховенства Конституции. // Саясат, 1997. № 1.

  2. Байтин М.И. Механизм современного Российского государства // Правоведение. 1996. № 3.

  3. Барнашов А.М. Теория разделения властей: становление, развитие, применение. Томск, 1988.

  4. Бельский К.С. О функциях исполнительной власти // Государство и право. 1997. № 3.

  5. Дыльнов Г.В. Законодательная власть в правовом государстве. М., 1995.

  6. Жаилганова А.Н. Теоретические аспекты понятия «Судебная власть» и его социальная роль. Известия

  7. Жаилганова А. Функции судебной власти. Фемида. № 1-2, 2000

  8. Караев А. Конституционный совет в системе разделения властей. Фемида. № 9, 1999

  9. Копейчиков В.В. Механизм государства. М., 1968.

  10. Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан. Караганда, 1998.

  11. Мухамеджанов Б. Институт президента РК как основа суверенной независимости . Вестник КазГУ. № 3, 2001

  12. Нурпеисов Е.К. Роль парламента в становлении новой государственности Казахстана. Вестник КазГУ. № 3, 2001

  13. Парламент и законодательная власть Казахстана (Отв.ред. А.А.Тарханов.-Алматы:Жеты Жаргы, 1995.-157 с.

  14. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК: учебное пособие /Под ред.Р.Т.Тусупбекова.-Алматы:ТОО «Полиграфсервис», - ч.1-199-234 с

  15. Оболенский А.В. Человек в государственном управлении. М. 1987.

  16. Таранов А. Местное самоуправление. (Проблемы организации). Алматы: Жеты жаргы, 1997.

  17. Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы: Баспа, 1996.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекеттік аппарат» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекет механизмі туралы түсінік. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі коррупциямен күрес. Мемлекеттік қызмет. Мемлекет органдары, оның белгілері. ҚР мемлекеттік органдарының жалпы мінездеме жүйесі.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № ___8___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет нысаны

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты:

Мемлекеттің пайда болып қалыптасуына және арнайыы нысанға ие болуына әсер ететін факторларды анықтау.

Жоспары:

1. Мемлекет нысаны түсінігі, мазмұны.

2. Мемлекет құрылымының нысаны.

2. Мемлекетті басқару нысаны..

3. Саяси режим.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың құрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны – басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режимнен құралатын мемлекеттің ерекшелігі.

Мемлекет нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен анықталады:

– мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібі.

– мемлекеттің аумақтық құрылымының тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі.

– мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады:

- басқару нысаны

- мемлекттік құрылым нысаны

- саяси режим.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

- жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі;

- шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

- сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады.

Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия. Конституциялық монархия екіге бөлінеді: дуалистік монархия және парламенттік монархия.

Республика – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі. Онда биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады. Жалпы белгілері:

- бір немесе алқалы түрдегі мемлекет басшысының болуы;

- мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы;

- мемлекет басшысының заңмен қарастырылған жағдайлардағы заңдық жауапкершілігі;

- жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің барлық басқа мемлекеттік органдарға міндеттілігі;

- мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.

Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :

- біртұтас мемлекет

- федерация

- конфедерация

Мемлекет нысанының соңғы элементі – саяси режим. Ол басқару және мемлекеттік құрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады. Мемлекеттің билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субьектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуымызға болады.

Тар ауқымдағы анықтамасы: мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті.

Кең ауқымдағы анықтамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның саяси бостандықтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және құқықтық үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік органдарының мемлекет және қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қатынасының сипаты. Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократияға қарсы режим авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді. Авторитарлық режим – халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.

Глоссарий (терминдер): Мемлекет формалары, мемлекеттік құрылым, монархия, респулика, абсолюттік монархия, дуалистік монархия, парламенттік монархия, унитарлық, федерация, конфедерация, тоталитарлық, авторитарлық, аристократиялық, либералдық.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құқықтық мәртебесін қарастыру

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Келесі мақалалар үзіндісіне пікір (оппонирование) беру

1.Б. Спиноза: три формы верховной власти (монархия, аристократия и республика) с точки зрения их наилучшего состояния;

2. Г.В.Ф. Гегель: О формах правления; о приемуществах конституционной монархии

3. Ж.Ж. Руссо: о различных формах правления, о наилучшей форме правления

4. Н. Макиавелли: о способах «распространения государств»

5. Ш.Л. Монтескье: о соответствии размера государства форме правления; о необходимости объединения республик в целях защиты;

6. «Федералист»: обоснование преимуществ федерации;

7.Б.Н. Чичерин: положительные и отрицательные стороны демократии;

8. Иван Грозный: о способах осуществления единоличный власти;

9. Фашизм – саяси басқару режимінің бір түрі

Мемлекеттің мәнін және оның қоғамдық тағайындалуын дұрыс түсіну үшін мемлекет типологиясының ғылыми маңызына сипаттама беру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.

  2. Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан (проблемы теории и практики). Алматы, 2000.

  3. Байгельдин О. Новый этап в развитии демократии. // Панорама, 1997, 25 июля.

  4. Гаджиев К.С. Тоталитаризм как феномен XX века // Вопросы философии. 1992. № 2.

  5. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030». Алматы:Жеті Жарғы, 1999.

  6. Карапетян Л.М. К вопросу о "моделях" федерализма// Государство и право. 1996. № 12.

  7. Масанов Н. Как обустроить Казахстан: к вопросу о модели государственно-политического устройства страны. (ХХ1 век, Алматы, 1998)

  8. Мухамеджанов Э. Унитаризм и его влияние на структуру законодательного органа власти. С.45-47. Фемида, № 2. Алматы,1999

  9. Правовые проблемы унитаризма в РК /Г.Сапаргалиев, Б.Мухамеджанов, Л.Жанузакова, Р.Сакиева.-Алматы:Жеты Жаргы,2000.-309 с

  10. Петров В.С. Сущность, содержание и форма государства. Л., 1977.

  11. Петров В.С. Тип и форма государства. Л., 1967.

  12. Онлашева Ж.О. Республика Казахстан – светское государство. Известия мин-ва образования и науки РК, нац.академии наук РК. № 499

  13. Шайхисламов Ж. Форма правления как фактор устойчивого развития государства. Вестник КазГУ. № 4, 2001

  14. Шайхисламов Ж. Методологические подходы к пониманию формы правления. Вестник КазГУ. № 2Салимбаева Ж.Ч. Казахстан – президентская республика. // Политика. Алматы, 1996. № 8.

  15. Чиркин В.Е. Нетипичные формы правления в современном государстве // Государство и право. 1994. № 1.

  16. Чиркин В.Е. Переходное постсоциалистическое государство: содержание и форма // Государство и право. 1997. № 1.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет нысаны.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік құрылым нысаны. Басқару нысаны. Саяси режим.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_4________

Дәріс № ___9___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр _1_____

Дәрістің мақсаты: Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орнын анықтау

Жоспары:

1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.

2. Мемлекет және басқа да қоғамдық-саяси институттары саяси жүйенің құрамды бөліктері ретінде.

3. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.

«Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

2) осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;

3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

4) мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

5) қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реттеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі. ¤зара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси жүйелер анықталған.

Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

1) қоғамның саяси ұйымы, оған мемлекет, саяси партиялар және қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

2) саяси сана, саяси билік саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық жақтарын сипаттайды.

3) қоғамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар.

4) саяси билікке қатысты жүйе элементтерінің арасында қалыптасатын саяси қатынастар.

5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекет пен жинақталған саяси тәжірибеден құралады.

Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

«Мемлекет» және «қоғамның саяси жүйесі» түсініктері бөлшек пен тұтас категориялар ретінде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмір құбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша әрекеттердің басым бөлігін атқарады.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

  • Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық белгісі бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде көрінеді.

  • егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

  • қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие.

  • «күштеу» құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.)

  • көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.

  • материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.)

Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған), прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдары құрайды.

Қоғамдық саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның барынша белсенді тобы. Қоғамдық қозғалыстардың саяси партиялардан айырмашылығы:

  • қозғалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір ірі мәселені шешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

  • қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз мәселесін шешуге бағыттайды;

  • қоғамдық-саяси қозғалыста формальды ішкі иерархия, нақты анықталған тұрақты мүшелік және тиісті құжаттар (бағдарлама,жарғы) болмайды.

Қоғамдық - саяси қозғалыстарды да саяси партиялар тәрізді әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: әрекет ету аймағына байланысты – әлеуметтік-саяси, этносаяси, конфессионалдық, экономикалық, экологиялық, ғылыми және т.б.; қатысушыларының санына байланысты – бұқаралық, элитарлық; әрекет ету аумағына байланысты – жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық; әлеуметтік құрамына байланысты – кәсіби, әйелдер ұйымы, жастар одағы және т.б.; ұйымдасу тәсіліне байланысты – фронт, ассоциация, бірлестік, одақ, ұйым және т.б. деп бөлуге болады.

Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен дін қатынасы туралы мәселе ерекше орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен таныс.

Жалпы айтқанда, діни ұйымдар көптеген қоғамда саяси жүйенің маңызды элементтерінің бірі ретінде (либералды-демократиялық саяси жүйелерде бұл жоққа шығарылса да) танылып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған заңына сәйкес еліміз зайырлы мемлекет ретінде танылып, ондағы діни ұйымдар мен мемлекеттің ара қатынасы анықталған.

Глоссарий (терминдер): саяси жүйе, тоталитарлық мемлекет, клерикалдық мемлекет, теократиялық мемлекет.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Мына терминдерге қатысты терминологиялық сөздік қалыптастыру: құқық, объективті құқық, субъективті құқық, позитивті құқық, құқық мәні, құқық функциялары, әлеуметтік норма, адамгершілік нормалары, діни нормалар, корпоративті нормалар, әдет-ғұрып, әдет-ғұрыптық құқық, рұқсат етілген әдет-ғұрып, істік ғұрыптар.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға жалпы сипаттама беру (реферат)

2. Көп партиялық саяси жүйеге ауысқан Қазақстан Республикасының саяси өміріне толық баға бере білу үшін, онда әрекет ететін қоғамдық бірлестіктерді білу, соның ішінде саяси партиялармен жақын танысу қажетті шарт. Қазақстан Республикасындағы әрекет етуші партиялар қоғам талаптарына, азаматтардың мүдделеріне сай әрекет ете ала ма деген сұраққа жауап іздеу керек. Саяси партиялардың қоғам өміріндегі роліне нақты мысалдар келтіре отырып тоқталу қажет. Жекеленген саяси партиялардың Жарғыларымен танысу жөн. Әрі бұл жеке тұлғаның саяси, құқықтық санасын көтеруге де көмектеседіҮй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. Өзбекұлы. С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Нормативті әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №6.

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №5

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.

Қосымша әдебиеттер:

1. Авакьян С.А. Политический плюрализм и общественные объединения в Российской Федерации: конституционно-правовые основы. М., 1996.

2. Демократия. Государство. Право ХХ1 век: материалы научно-практ.конф./Под ред.С.Сартаева.Алматы:KPELS, 2001,338 с.

3. Комаров С.А. Личность в политической системе российского общества. Политико-правовое исследование. Саранск, 1995.

4. Современный Казахстан: экономика, политика, общество. Т. 1, 2. Алматы, 1997.

5. Теплов Э.П. Политическая власть. Алматы, 1993.

6. Фетисов А.С. Политическая власть: проблемы легитимности. // Социально-политический журнал. М., 1995. № 3.

7. Чиркин В.Е. Глобальные модели политической системы современного общества: индикаторы эффективности // Государство и право. 1992. № 5.

8. Шабров О.Ф. Политическая система: демократия и управление обществом // Государство и право. 1994. № 5.

9. Юдин Ю.А. Политические партии и право в государстве.1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Қоғамның саяси жүйесі және ондағы мемлекеттің орны» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.

Мемлекет және басқа да қоғамдық-саяси институттары саяси жүйенің құрамды бөліктері ретінде. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_4________

Дәріс № __10____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарын оқып үйрену.

Жоспары:

1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар.

2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны.

3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және мазмұны.

4. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды, әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.

Құқықтық мемлекеттің жәй мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады: 1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық үстемдігі танылады, 2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады, 3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық кепілдік бермесе, құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары шынайы қорғалады.

Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:

  1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру. Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.

  2. Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды жағы).

Құқықтық мемлекет функцияларын шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Оның ішкі функцияларына:

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең құқылығын және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;

  • меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;

  • монополизмді жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын қамтамасыз ету;

  • азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау;

  • азаматтардың мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және байыту.

Құқықтық мемлекеттің сыртқы функцияларына:

  • бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес функциясы;

  • елді сыртқы басқыншылықтан қорғау;

  • дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;

  • басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;

  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.

Аталған функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар қатаң түрде қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады.

Сонымен, құқықтық мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның жалпыға міндетті еркін білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын қоғам ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы қағидасы жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.

Келесі бір негізгі қағида – мемлекеттік билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу болып табылады. Мемлекеттің дұрыс қызмет ету процесін қамтамасыз ету үшін, онда бір-бірінен дербес, тәуелсіз билік тармақтары болуы қажет. Олардың қатарына заң шығару билігі, атқару билігі және тәуелсіз сот билігі жатады. Заң шығару билігі парламентке берілген, атқару билігі үкіметке, сот билігі соттарға беріледі.

Биліктердің теңділігі халық егеменділігіне негізделеді. Оған сәйкес, заң шығару билігі заңдар қабылдауға, атқару билігі олардың орындалуын ұйымдастыруға, ал сот билігі заң шығарушы органмен қабылданған заңдарды негізге ала отырып, құқық туралы дауларды шешуге тиісті.

Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық қағидасы, мемлекеттік биліктің шектеулілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының ажырағысыздығы, саяси, идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы танылған.

Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және идеалдық сипаттағы алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы қажетті алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады.

Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени дәстүрлерді ұстанатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер мәдениет, құқық, демократия, заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына айналмайтын болса, онда құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады.

Глоссарий (терминдер): Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, әлеуметтік жүйе, демократиялық мемлекет, зайырлы мемлекет.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Мына сұрақтар бойынша өздігінен дайындалу:

  • Құқық типі түсінігі. Құқық типін анықтайтын факторлар

  • Формациялық көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • ¤ркениеттік көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • Құқықтық жүйе және құқық жүйесі.

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында реферат жазу.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө.. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Нормативті әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

2.Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

3.Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ахметова Н.С. Разделение властей-важнейший принцип формирования правового государства / / Проблема воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан. Караганда,1995.

2. Аюпова З.К. Особенности построения демократического правового государства. С.17-20. Мысль, 1999. № 4

3. Баймаханов М.Т. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан. Алматы: КазГЮА, 2001.

4. Бельгибаев С. развитие гражданского общества в Казахстане. Саясат. № 1. 2002 г. С.43-45

5. Бельгибаев С. Роль гражданского общества в переходный период. Евразийское сообщество. № 4. 2000 г.

6. Злотников С. Правовое обеспечение институтов гражданского общества в Казахстане. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 1999 г.

7. Ибраева А.С. Судьба идеи правового государства в новом веке. Вестник КазГУ. № 2. 2000 г.

8КарГУ им.Е.А.Букетова Теория и практика формирования правового государства в РК. Сб.научн.тр.-Караганда:Изд-во КарГУ, 1990, 260 с

9. Марача В.Г., Матюхин А.А. Гражданское общество и государство в Казахстане: основные понятия и особенности становления. Алматы,1999.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық мемлекет» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық мемлекеттің түсінігі және мазмұны. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:__4_______

Дәріс № _11___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары.

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты: Құқық туралы негізгі түсініктерді, құқықтың мәнін, маңызын, әлеуметтік құндылығын оқып үйрету.

Жоспары:

1. Құқық туралы негізгі теориялар.

2. Құқықтың түсінігі және мазмұны.

3. Обьективтік құқық және субьективтік құқық.

4. Құқық қызметінің жүйесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

  • реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

  • жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

  • субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:

  • нормативистік;

  • әлеуметтік юриспруденция;

  • табиғи құқық теориясы;

  • философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты

қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық дәстүрлер және құқық. Еңбектік және отансүйгіштік дәстүрлер және құқық.

Глоссарий (терминдер): құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық норма, заңды көзқарас, құқықтың функциясы.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Мына сұрақтарды талдау:

  • Құқықты реттеу және құқықтық әсер ету

  • Құқықтық реттеу механизмі түсінігі

  • ҚРМ сатылары және негізгі элементтері

  • ҚРМ тиімділігі және тиімділікке ықпал етуші факторлар

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына еңбекті конспектілеу: Избасов Л. Ценностный подход к правопониманию // Правовая реформа в Казахстане. 1999.№4.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. 1. Гегель Г. В. Ф. Философия права. М., 1990.

  2. Кленнер Г. От права природы к природе права. М., 1988.

  3. Лвйст О. Э. Три концепции права//Советское государство и право. 1991. № 12.

  4. Радъко Т. Н., Толстик В. А. Функции права. Н. Новгород, 1995.

  5. Явич Л. С. Сущность права. Л., 1985

  6. Избасова А. Ценностный подход к правопониманию ­// Правовая реформа в Казахстане.1999.№4.

  7. Карипбаев Б. Социокультурные и когнитивные прдпосылки права// Право и государство.2001.№2.

  8. Котов А. Государство и сфера права.// Правовая реформа в Казахстане.2001.№ 3.

  9. Котов А. Действующее право: понимание и система. Прав.реф. в Казахстане. № 3. 2000

  10. Матузов Н. И. Право в системе социальных норм // Правоведение. 1996. № 2.

  11. Нұсқабаев О., Әлиев Д. Құқық социологиясы: мәні, құрылымы және қызметі// Заң. 1999. №8.

  12. Тихонравов Ю. В. Основы философии права. М., 1997.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Азаматтық қоғам» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны. Азаматтық қоғамның құрылымы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № _12_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық жүйесі және заңнама жүйесі_____________

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты:

Құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздерін көрсету.

Жоспары:

1. Құқықтық жүйенің ұғымы.

2. Құқық жүйесі ұғымының қағидалары.

3. Құқықтық жүйе және заңнама жүйесі.

4. Заңнаманың кешендік саласы.

5. Бұқаралық және жеке құқық.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

№23. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі.

Құқық жүйесі түсінігі жғне оның «құқықтық жүйе» түсінігімен арақатынасы. Құқық жүйесін құрудың қағидалары. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде. Құқық нормасы, құқық институты, құқық бһлімі және құқық салалары. Кешенді құқық салалары. Қазақстан Республикасы құқық салаларына сипаттама.

Құқық жүйесі және заң жүйесі. Қазақстан Республикасы заңнама жүйесі. Заңнаманың қазіргі жағдайына сипаттама беру.

Материалдық жғне процессуалдық құқық. Көпшілік және жеке құқық. Халықаралық және ұлттық құқық. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің даму ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Байжанова Г.Т., Ғділбекова Қ.Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы пғні бойынша мемлекет бөліміне арналған Дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

  3. Байжанова Г.Т., Ғділбекова Қ.Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы пғні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

  4. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тғуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

  5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

  2. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

  3. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК. Наука Казахстана, 2000, № 3.

  4. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1996.

Глоссарий (терминдер): құқықтық нормалар, құқықтық институттар, құқық саласы, материалдық құқық, процессуалдық құқық, жариялық құқық, комплекстік құқық..

СӨЖ тапсырмасы:Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу. (конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы);

Ұлттық құқық пен халықаралық құқық ара қатынасын қарастыру.

№1 СӨЖ: ауызша және жазбаша.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру.

  1. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  2. Рәсімдеу сапасы

  3. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Құқық жүйесінің құрылу қағидаларының ішінде дәстүрлі жүйе кең таралған. Осыған сғйкес келетін Қазақстан Республикасының құқық жүйесін сипаттауда құқық салаларын жетік білу аса маңызды. Соның ішінде әрбір саланың құқықтық реттеу пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдім туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизации актов.Фемида. № 1-2.2000 г.

  2. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. -Алматы: Жеты Жаргы,1998-28 с

  3. Амандыкова С.К. Некоторые проблемы становления законотворческого процесса в РК. Вест. КазГУ. № 3. 2001

  4. Власенко Н. А. Основы законодательной техники. Иркутск, 1995.

  5. Власенко Н. А. Язык права. Иркутск, 1997.

  6. Гаврилов О. А. Стратегия правотворчества и социального прогнозирования. М., 1993.

  7. Керимов Д. А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

  8. Канагатова К. Проблемы реализации права законодательной инициативы в РК. ПиГ. № 4. 2000

  9. Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.

  10. Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  11. Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001 г.

  12. Малиново, И. П. Философия правотворчества. Екатеринбург, 1996.

  13. Малъко А. В. Лоббизм и право// Правоведение. 1995. № 2.

  14. Окушева Р. Ответственность в правотворчестве: проблемы и перспективы развития. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  15. Табанов С.А. Құқықты жүйелендіру. Алматы, 1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық қатынастар» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде, Құқықтық қатынастың субьектілері, Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі, Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.

.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № ___13___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр _1_____

Дәрістің мақсаты: арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығын қарастыру.

Жоспары:

1. Құқықтың тарихи типтері.

2. Феодалдық типтегі құқық.

3. Буржуазиялық құқық.

4. Социалистік құқық.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

    1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

    2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

Глоссарий (терминдер): құқықтық жүйе, заң техникасы, романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

  • Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

  • Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

  • Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

  • Көпшілік және жеке құқық

  • Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйе.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:__4_______

Дәріс № ___15___ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық нормасы

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр __1____

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың маңызын анықтау.

Жоспары:

1. Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:

а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;

б) ескертпелік әсер ету шаралары;

в) қорғау шаралары;

г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.

Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .

а)реттеу пәніне байланысты;

б)қолдану аймағына байланысты;

в)бағыныштылығына байланысты;

г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

д)нұсқау үлгілеріне байланысты;

е)әрекет етуінің шегіне байланысты;

ж)құрылуына байланысты.

Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:

  • әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;

  • нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:

    1. тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;

    2. сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;

    3. бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Глоссарий (терминдер): құқықтық нормалар, диспозиция, гипотеза, санкция, нормативтік актілер, субьективтік құқық.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

  • Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

  • Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

  • Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

  • Көпшілік және жеке құқық

  • Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына еңбекті конспектілеу: Избасов Л. Ценностный подход к правопониманию // Правовая реформа в Казахстане. 1999.№4.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. 1. Деготь В. А. Классификация норм советского социалистического права по их структуре. Саратов, 1989.

  2. Искаков А. Административно-правовые нормы и их особенности //Известия Министерства образования и науки РК, Национальной Академии наук РК. 1999. №4

  3. Кулапов В. Л. Рекомендательные нормы советского права. Саратов, 1987.

  4. Рыбушкин Н. Н. Запрещающие нормы в советском праве. Казань, 1990.

  5. Чернобель Г. Т. Структура норм права и механизм их действия //Правоведение. 1983. № 6.

  6. Чернобель Г. Т. Формализация норм права //Советское государство и право. 1979. № 4.

  7. Эффективность правовых норм. М., 1980

  8. Черняков А. Системный анализ: правовые нормы и действующее законодательство.// Правовая Казахстане.1999.№4.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтың мәні. Құқықтың қайнар көздері.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:___4______

Дәріс № _16_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтың қайнар көздері

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр _1_____

Дәрістің мақсаты: Құқық нысанының негізгі түрлерін қарастыру.

Жоспары:

1. Құқық негіздерінің түсінігі.

2. Құқық нысанынының мазмұны.

3. Құқықтық әдет-ғұрып.

4. Прецеденттік құқық нысаны.

5. Құқықтық доктрина.

6. Нормативтік-құқықтық акт.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.

Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

  • азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

  • халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

  • заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

  • дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

  • халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

  • барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

  • жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

  • Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

  • Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

  • Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

  • Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.

Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.

3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.

Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:

-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;

-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.

Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

Глоссарий (терминдер): құқық нысаны, құқық актілері, әдет-ғұрып, нормативті келісім.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]