Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. М.: МГУ

баспасы , 1998.

  1. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. — М.: МГУ

баспасы, 1997.

  1. В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А.'И. Леусский, Л. С. Макроэкономика.

  2. Тарасевич. Макроэкономика. - Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов. -1997.-720 бет.

2. Қосымша әдебиет

1. Ален Р. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963 .

2. Баумоль У. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963

3. Гальперин ВМ. «Микроэкономика».- «Экономическая школа»,1994.

4. Интрилигатор М. «Математические методы оптимизадш и экономическая теория». - М.:«Прогресс», 1975 .

5. Макконел К., Брю С., «Экономикс». - М., 1992.

8 Тақырып. Экономикалық өсу

1. Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар.

2. Масштаб қайтарымы. Экономикалық өсу үлгісінің графиктік бейнесі.

3. Қазіргі заманғы экономикалық өсудің алғышарттары мен өзіндік белгілерін анықтау.

4. Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі.. Экономикалық өсудің қайнар кқздерін анықтау.

Мемлекеттің өте маңызды және тиімді макроэкономикаға әсер ету тетігі финанстар. Финанстар (лат. financial – кіріс, бар ақша) – үй шаруашылығы, кәсіпорын және мемлекетке, барлық ақша қаржыларының жиынтығы. Микроэкономика деңгейінде – кәсіпорын мен үй шаруашылығында алғашқы финанстар құрылады.

Микроэкономика деңгейіндегі алғашқы финанстар мемлекеттің екінші финанстарының базасы болып қызмет етеді. Олар кірістерді кейінгі бөлу және қайта бөлу нәтижесінде салықтардың көмегімен құрылады. Салықтар мемлекет алғашқы кірістердің көлемін есепке ала отырып алатын кәсіпорындар мен халықтың міндетті төлемдері.

Мемлекеттің реттеуші рөлінің өсуі, ондағы бар финанс қаражаттарының көлемінің обсалютті және қоғамның ақша қаражаттарының жиынтық сомасында мемлекеттің салыстрмалы артуына әкеледі. Егер өткен ғасырдың басында алдыңғы қатарлы батыс елдерінде мемлекеттік қаржы арқылы ұлттық кіріс 9-18% қайта бөлінсе, 60-70ж. – 50% және оданда жоғары. Қаржысының дамуындағы жаңа құбылыстар ҒТР, экономиканың рыноктық емес секторының кеңейюінен, өндірістің интернационализациясы және экономикаға мемлекеттің әсерінің артуымен байланысты. Қаржы жүйесін мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыста әрекет жасайды. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеументтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Мемлекеттік бюджет – оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі, көп қырлы құжат.Шыныда да бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеументтік – экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.Мемлекет бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғам қоғамның құқты мүшелерінің табыстарына, корпарация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдеме бойынша салық төлейді.

Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектісінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің біріңғай проценті тағайындалса, олар пропорциялы ставкалар болады. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе,онда прогрессивті, үдемелі ствкалар болған.

Мемлекеттік шығындар және салық салу деңгейін өзгерту жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін (тұтыну және инвестициялық шығындар мөлшерін) реттей алады, ал сонымен экономикалық конъюктураның қысқа мерзімдік толқуына әсер етеді. Осыған байланысты экспансивті (кеңейтілген) және рестриктивті (шектеулі) бюджеттік саясатты ажыратады. Біріншісі мемлекеттік шығындардың көбеюі және салық салу деңгейінің төмендеуінен көрінеді, экономикалық дағдарыстарды жеңілірек жеңуге мүмкіндік береді, экономикалық өсуді жеделдетеді.

Екінші шығындардың азаюын, салықтардың көбеюін білдіреді, инфляцияны әлсіретуге және шаруашылық конъюктураны тұрақтандыруға көмектеседі.

Бұл мемлекеттік шараның екі түрі егер несие ақша сферасындағы сәйкес өзгерістермен байланысты болса тиісті эффект болмайды. Барлық салықтар құрылымында басты орынды жеке салығы (1/4 ден ½ дейін) алады.

Жеке табыс салығы ставкасының прогрессивті шкаласы бойынша есептеледі. Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басаталып, кіріс өсімі бірнеше бөліктерге бөлінеді, олардың әрбір келесісіне жоғарғы ставка бойынша салық салынады. Бұндай деңгейдің саны 2 ден (АҚШ және Ұлыбританияда) 4 дейін (Францияда) ауытқиды. Минималды салық ставкасының мөлшері 10 нан 25% дейін, максималды 28 ден 70% дейін құрайды.

Пайдаға салық- пайданың белгілі мөлшерден артық болуына байланысты салынады.Табыс салығының қатарына мүмкін салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады.

Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фиксалды, монопольді салықтар және кеден салықтары. Бұлардың ішінде ең бастысы – акциздер.Қазіргі кезде акциздердің бір түрі – қосымша құнға салық салу кеңінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде қосылған құнға салынады.

Фискалды, монопольді салық мемлекеттің монопольді өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай бұлардың қатарына тікелей бұйымдары, алкагольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. болуы мүмкін.Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шарадан алып өткенде төленетін салықтар.

Жергілікті әкімшіліктің қажеттіліктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен көтеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.

Мемлекетпен бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі “Лаффердің қисық сызығы” деп аталады. Салық ставкасы өскенде мемлекеттің табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасы-

R100 ның қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюд-

Жетке жергілікті түсімдерді қамтамассыз етеді қамтамассыз етеді (φ1). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100% салық салу мемлекеттік абысты нөлге теңейді, өйткені ешкім тегін жұмысістегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор

жнауды,инвестицияны жұмыспен қамтуды

0 арттырып жиынтық табыстың көлемін артты-

φ1 φ рады.

Фискальды саясат – мемлекеттік үкіметтің кірісі иен шығысын реттеу бойынша қаржы шараларының жиынтығы.

Экономикалық қаржылық реттеудің әдістері: тікелей және жанама. Тікелейге бюджеттік реттеу әдістері жатады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларымен қаржыландырады: тікелей және жанама

Тікелей бюджеттік реттеу әдістері жатады. Мемлекеттік бюджет қаражаттарымен қаржыландырылады:

  1. кеңітілген ұдайы өндіріске шығындар

  2. мемлекеттің өнімсіз шығындары

  3. инфрақұрылымды дамыту, ғылыми зерттеулер және т.б.

  4. құрылымдық саясат жүргізу

  5. әскери - өнеркәсіп кешенін ұстау және басқалар

Жанама әдістердің көмегімен мемлекет тауар мен қызмет өндірушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне және тұтытну сұранысының мөлшеріне әсер етеді.

Бұнда маңызды рөлді салық салу жүйесі атқарады. Мемлекеттің фискалды саясатының екі түрі: дискрециондық (лат. discresio - өз қалауы бойынша әрекет етуші).