Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava_kaz_2_kred_gotov.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
313.59 Кб
Скачать

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Модульдік пәннің атауы «Құқық негіздері»

Барлығы 2кредит

Курсы- 2

Семестр- 4

Дәріс - 20сағат

Практикалық, семинар- 10сағат

СОӨЖ- 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Аралық бақылау 2

Еңбек көлемі 90 сағат

Емтихан 4 cеместр

А С Т А Н А – 2013

Студенттерге арналған силлабус келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В020700 «аударма ісі», В5050300 «психология», 5В090200 «туризм», 5В050700 «менеджмент», 5В050600 «экономика»,5В050800 «есеп және аудит», 5В050900 «қаржы» (коды және атауы)

«құқық негіздері» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінделген

Пәннің силлабусын дайындаған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушы Спанов А.Қ.

Корректор: з.ғ.м. Темірбеков Ж.Р.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«____»______________2013 ж. № _______ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Наурызбай А.Ж.

_________________ «____»____________2013 ж.

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«29»тамыз 2013 ж. Хаттама № 1

Төраға ____________________ «29» тамыз 2013ж.

Мазмұны

1. Оқытушы туралы мәліметтер

2. Курстың пререквизиттері

3. Курстың постреквизиттері

4. Пәннің жалпы сипаттамасы

5. Типтік оқу бағдарламасы

6. Дәрістің тақырыптық жоспары

7. Семинар сабақтарының жоспары

8. Пәннің мазмұны

9. Дәріс сабағының мазмұны

10.Семинар сабағының мазмұны

11. СОӨЖ орындау және тапсыру кестесі

12. СӨЖ тапсырмасы тізімі

13. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

14. Қамтамасыз ету картасы

15. Белсенді тарату құралдары

16. Аралық бақылаудың сұрақтары

17. Емтихан сұрақтары

18. Глоссарий

19. Оқу пәнінің бақылау түрлері

20. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Оқытушы туралы мәліметтер:

Спанов А.К. – құқық магистрі, аға оқытушы.

Турабаев А.Р. – құқық магистрі, аға оқытушы.

Шахманова М.С. – құқық магистрі, аға оқытушы.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, ұлттық құқық жоғары мектебі факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб.226. Жұмыс телефоны – 70-30-26

Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту бастағанға дейін білімгерлер алдын ала білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кіреді.

Курстың постреквизиттері:

Құқық негіздерін оқыту аяқталғаннан кейін экономика мамандығы студенттеріне «Шаруашылық құқығын» оқып-үйрену қажет. Бұл курс азаматтар мен заңды тұлғалар жүзеге асыратын кәсіпкерлік және өзге әрекет барысында пайда болатын тауар-ақша және мүліктік қатынастар аймағындағы құқықтық білімдерді дамытуға бағытталған.

Құқық негіздері мен Шаруашылық құқығын оқып үйренген экономика мамандығының студенттері олардың болашақ кәсіби әрекетінде қажетті болуы мүмкін Қаржы құқығы, Салық құқығы, Бюджет құқығы, Банк құқығы, Кеден құқығы, Муниципалды құқық тәріздес құқық салаларын, оқу пәні мен арнаулы курстарды және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып-үйренген абзал.

Модульдің жалпы сипаттамасы:

«Құқық негіздері» оқу курсы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.

Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің үздіксіз барысы болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар негізделеді және қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Негізгі нормалар мен принциптерді білу қазіргі құқықтың негізгі салаларында бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.

«Құқық негіздері» пәнін оқып үйренудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.

Курсты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын түсіну, мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді. Заңдық жауапкершіліктің мақсаты, міндеттері және түрлері туралы көзқарастарды қалыптастыру да курс міндетінің бір бөлігін құрайды.

Курсты оқытқаннан кейін күтілетін нәтижелер:

  • құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну,

  • қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену,

  • құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі,

  • нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,

  • құқық нормасын позитивті қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]