Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava_kaz_2_kred_gotov.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
313.59 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: __Құқық негіздері________ Кредит саны:_2__________

Дәріс № _3_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Әкімшілік құқық рнегіздері Факультет_____________

Оқытушы _Спанов А.К.__ Академиялық жыл__2013/2014_________

Курс ___2_____________________ Семестр____4______

    1. Дәрістің мақсаты:

Әкімшілік құқықтың пәні мен міндеттерін, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

    1. Жоспары:

1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні мен әдістері.

2 Әкімшілік құқықтық қатынастар мазмұны мен түрлері.

3 Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.

4 Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және әкімшілік жазалар

5 Мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидалары

3.Дәрістің қысқаша мазмұны:

1. Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Оның белгілері:

  • құқықтың дербес саласы;

  • мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеуші;

  • негізгі мазмұны – қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының басқару қызметі болып табылады.

Әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды. Құқықтың қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынандай үш мүмкіндіктерді пайдаланады: өкілеттіліктер беру, тыйым салу, міндеттеу. өкілеттіктер беру – құқықтық нормада көрсетілген жағдайда осы немесе басқа іс-қимылды өз еркіне байланысты жасауға заңды түрде рұқсат беру. Тыйым салу – құқықтық нормада танылған осы немесе басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Міндеттеу – әрекеттің белгілі бір түрін жасауға міндет жүктеу.

Әкімшілік құқық қызметтері:

  1. Реттеушілік қызметі, онда атқару билігінің орталық және жергілікті органдарының әрекеті тәртіпке келтіріледі.

  2. Құқық қорғау қызметі, тағайындалған құқықтық режимдерді сақтау және субъектілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқығы өз қызметтерін мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асырады: бақылау, қадағалау, тексеру, әкімшілік мәжбүр ету.

Әк!мш!л!к құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті мен үкіметі туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар қарастырылады. Онда әкімшілік құқықтық нормалар бекітіледі. Олармен реттелетін басқармашылық қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынас деп аталады. Ол субъектілерден, объектіден және субъективті құқықтар мен заңды міндеттерден құралады.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері мемлекет, жеке тұлға, мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорындар. Олар өзара әрекеттестік дәрежесіне байланысты екіге бөлінеді: вертикалды, горизонталды.

2.Атқару билігі біртұтас мемлекеттк биліктің заңға бағынышты тармағы. Оның құрамына үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның әкімшілігі жатады. Оның белгілері:

-жан-жақты, әмбебап сипатта болады;

-заң негізінде және соған сүйене отырып жүргізіледі;

-мемлекеттік қызметкерлер көмегімен іске асырылады;

-қаржылық, мәліметтік, экономикалық, техникалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық ресурстарға ие.

Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібі туралы 5 тақырыптағы лекцияда толығырақ көрсетілген.

3.Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері 16 жастан асқан азаматтар болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері мен оларға қатысты қолданылатын жауапкершілік шараларына тоқталу керек.

Әкімшілік мәжбүр ету деп әкімшілік билікті жүзеге асырудағы арнаулы өкілеттілігі бар атқару органдары мен лауазымды тұлғалардың ұйымдастырушылық, психологиялық және тікелей әсер ету шараларын айтамыз. Ол мемлекеттік мәжбүр етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, жою үшін немесе оған сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін жүргізіледі.

Әкімшілік мәжбүр ету шараларының түрлері:

1). Әкімшілік ескертпе шаралары: тексеру, бақылау, мүлікті немесе жеке тұлғаны қарау, құжаттарды тексеру, әкімшілік қамауға алу, карантин шараларын енгізу, қоғамдық қауіпсіздік жағдайында көлік жүретін жолдарды жабу, мемлекеттік шекараны жабу.

2). Әкімшілік алдын-алу шаралары: құқық бұзушылықты тоқтату туралы талап қою, қару қолдану, ауру адамды мәжбүрлеп емдеу, техникалық түзу емес көліктерді жолдан алу, мекеме мен кәсіпорынды жабу.

3). Әкімшілік қалпына келтіру шаралары: бұзылған құқықты қалпына келтіру (өз бетінше салынған құрылысты жою, өздігінен кірген үйден шығару), кәмелетке толмаған балалардың келтірген зияндарын әке-шешесінің өтеуі.

4). Әкімшілік жауапкершілік шаралары: ескертпе, айып, мүлікті тәркілеу, арнаулы құқығынан айыру, әкімшілік тұтқынға алу, лицензиясынан немесе патентінен айыру, кәсіпкерлік әрекетке бақылау тағайындау.

4.Жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде аудандық, облыстық мәслихаттар танылады. Оның депутаттары әкімшілік-аумақтық бөліністің халқымен төте және жасырын дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайланады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мәселелері шешіледі, Конституцияны, заңдарды орындау, Президент, үкімет актілерін іске асыру мәселелері қаралып шешімін табады.

Жергілікті атқару билігі органдарына әкімияттар жатады. Ол бөлімдерден құралады. өкілеттілігіне Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің, үкіметтің актілерін жүзеге асыру кіреді. Әкімдер жоғарғы органдармен тағайындалады. Қазіргі кезде жергіліті әкімдерді сайлау қажеттілігі туралы мәселе көтерілуде.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Эссе

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі Эссе жазу. Эссе Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Эссе: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде Эссе тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Эссе ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Эссеты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Эссе тақырыптары:

1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні мен әдістері.

2 Әкімшілік құқықтық қатынастар мазмұны мен түрлері.

3 Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.

4 Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және әкімшілік жазалар

5 Мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидалары

2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

ҚР пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде Кодекс алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде құрастырыңыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

  1. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.

  2. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні мен әдістері.

2 Әкімшілік құқықтық қатынастар мазмұны мен түрлері.

3 Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.

4 Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және әкімшілік жазалар

5 Мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]