Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava_kaz_2_kred_gotov.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
313.59 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: __Құқық негіздері________ Кредит саны:_2__________

Дәріс № 1______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет және құқық теориясы негіздері Факультет_____________

Оқытушы _Спанов А.К..__ Академиялық жыл__2013/2014_________

Курс ___2_____________________ Семестр____4______

  1. Дәрістің мақсаты:

пәні мен міндеттерін, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

  1. Жоспары:

1.Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері.

2. Мемлекеттің негізгі ұғымдары, функциялары және нысаны

3.Құқықтың негізгі ұғымдары, қайнар көздері, қағидалары, функциясы.

4. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

  1. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқық теориясы- қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс- тәсілдерін, объективті заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория- мемлекет пен құқықтың өмірге келуі, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.

Сонымен мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың , мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылым мен мақсаты.

Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:

Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары.

Қоғамның , мемлекеттің, құқықтық даму заңдылықтары.

Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи-маңызы, құрылымы, мақсаты.

Мемлекет пен құқық теориясы ілгері- терең ғылым ретінде бірнеше функцияларды атқарады:

Онтологиялық функция – адам қоғамның тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.

Гносеологиялық функция - таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Эвристикалық функция – заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс- тәсілдердің жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

Методологиялық функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми- тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.

Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі- сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.

Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

Тәжірибелік - ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыру қажет.

Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]