- •Мердігерлік шарт
- •1. Шарт мәні
- •2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •2.1. Тапсырыс беруші міндетті:
- •2.2. Тапсырыс беруші құқылы:
- •2.3.Мердігер міндетті:
- •2.4. Мердігер құқылы:
- •3. Шарт бағасы және есеп айырысулар тәртібі
- •1 Нұсқа жазылсын:
- •2 Нұсқа жазылсын:
- •Жұмыстарды орындау мерзімі
- •5. Жұмыстарды орындау тәртібі және орындалған жұмыстарды қабылдау.
- •6.Тараптардың жауапкершілігі
- •7. Кепілдік мерзімі
- •8. Құпиялылығы
- •9. Форс – мажор
- •10. Дауларды шешу
- •11.Шарттың әрекет ету мерзімі және оны мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі
- •12. Қорытынды ережелер
- •13. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қойған қолдары:
- •Мердігер шартына Орындалған Жұмыстарды қабылдау-тапсыру акті
2.2. Тапсырыс беруші құқылы:
Кез келген уақытта Мердігердің қызметіне араласпай, Жұмыстардың орындалу барысы мен сапасын тексеруге;
Жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын талап етуге;
Жұмыстарды және Жұмыстар кезеңдерін, егер олар ҚНжәнеЕлерімен, МЕМСТ-термен және Қазақстан Республикасы заңнамасының және Шарттың өзге талаптарымен белгіленген, талаптарға сәйкес орындалмаған жағдайда, орындалған Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің тиісті Қабылдау-тапсыру актін Тапсырыс берушіге ұсыну күнінен 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылдаудан дәлелденген бас тартуды білдіріп, қабылдаудан бас тартуға;
осы Шарттың шарттарын бұзумен орындау фактін анықтаған жағдайда Жұмыстардың орындалуын тоқтатуға;
Мердігерге осы Шарттың шарттарына сәйкес емес деп танылған, кез келген материалдарды құрылыс алаңынан шығаруға қатысты жазбаша нұсқаулар/өкімдер беруге;
Осы Шарттың шарттарына сәйкес келмейтін Объектіде жұмыстарды орындау кезінде табылған материалдарды Шарттың шарттарына сәйкес ауыстыруды талап етуге.
2.3.Мердігер міндетті:
Шарттың шарттарына және сметаға (1 Қосымша) сәйкес Жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауға;
Жұмыстарды орындауға Шартпен белгіленген мерзімде қатаң кірісуге;
күнделікті немесе Тараптармен келісілген өзге де мерзімдерде орындалған Жұмыстардың барысы туралы Тапсырыс берушіні хабарландыруға;
орындалған Жұмыстардың нәтижелерін, оларды нақты аяқтау сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде тапсыруға дайындығы туралы Тапсырыс берушіні хабарландыруға;
тиісті орындалған Жұмыстарды Тапсырыс берушіге тапсыруды уақтылы жүзеге асыруға;
Тапсырыс беруші орындалған Жұмыстарды қабылдаудан дәлелді бас тарқан жағдайда, Шартпен және/немесе Ақаулы жұмыс актімен аталған, мерзімде Жұмыстардағы кез келген кемшіліктерді жоюға;
Кепілдік мерзімінің ішінде табылған, кез келген кемшліктерді Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде жоюға. Сонымен, Мердігер Тапсырыс берушіні ескерту күнінен бастап 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде кепілдік мерзімінде кемшіліктерді жоюға кірісуге міндетті;
өткізу, объект ішіндегі тәртіптерінің, техникалық, өртке қарсы және еңбек қауіпсіздігінің, өндірістік санитарияның талаптарын Тапсырыс берушінің аумағында сақтауға, өз қызметкерлеріне, сондай ай қосалқы мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне рұқсат етудің қажетті рәсімдерін, тауар-материалдық құндылықтарды әкелу/әкету/сақтау тәртібін орындауға, сондай ақ жұмыстарды жүргізу орындарын тазалықта ұстауға;
Жұмыстардың кездейсоқ қымбаттауы тәуекелінің болуы;
Жұмыстарды жүргізуді бастауға дейін Мердігермен Жұмыстарды орындауына жауапты тұлғаны өз бұйрығымен тағайындауға және осы бұйрықтың көшірмесін Тапсырыс берушіге ұсынуға;
қажетті сапалы материалдармен, құрал-саймандармен және құрал-жабдықтармен Жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге;
Жұмыстарды жүргізу объектінде материалдардың және құрал-саймандардың, егер осы материалдар мен құрал-саймандар объектіге толық күзетті жүзеге асыратын, ұйымның күзетіне Мердігермен тапсырылмаса, сақтандығына өзі жауап беруге;
Жұмыстардың орындалуы аяқталу бойынша Тапсырыс берушінің талаптарымен қарастырылған, көлемінде атқарушы құжаттаманы Тапсырыс берушіге ұсынуға;
тез Тапсырыс берушінің ескертулерін жоюға, атқарушы құжаттаманы даярлауға және Тапсырыс берушіге қол қоюға ұсынуға;