Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

саясат ответы

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
37.62 Кб
Скачать

150 Субмәдениет

Субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады.

151 Саяси тәртіп

Саяси тәртіп-саяси білікті жүзеге асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады.Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші,өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі.

152 Саяси режим

Саяси режим деп саяси билік,қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын,азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

153 Олихархияның темір заңы

Михерс

154 Саяси шиеленіс.Қызметтері.Түрлері.Шешу жолдары.

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып,істе насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің,пікірлердің,көзқарастардың қайшы келуін,елеулі келіспеушілікті,өткір таласты айтады.Қызметі:Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады.Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар,топтар арасында пайда болған дау-дамайларды уақытында ушықтырмай,асқындырмай шешуге септігін тигізеді.Түрлері:мемлекеттер,ұлттар,ұйымдар,жұмысшылар мен әкімшілік басшылары,ері мен әйелі және т.б арасында кездеседі.Шешу жолдары:1) Шиеленісті мәмлеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп,ымыраға келуін айтады.2) Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда,екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

155 Л Козер:Әлеуметтік шиеленістер-құндылықтар,мәртебе,билік,қаржы-қаражат үшін күрес.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар,мәртебе билік,қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды.

156 Этносаяси жанжалдар

Этносаяси жанжалдарға этностар,ұлттар арасындағы даудамайлар,шиеленістер жатады.

157 Ұлттық саясат

Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.

158 Сайлау жүйесі,түрлері,бір бірінен айырмашылығы.

Сайлай жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын,түрлерін,әдіс-тәсілдерін анықтайтын,тәртіпке келтірілген нормалар,ережелер жиынтығын айтады. Сайлау түрлері:мажоритарлық,пропорцианалдық,аралас.Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді.Порпорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы-ол көпшілік принципіне негізделмейді.Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорцианалдықты басшылыққа алады. Аралас сайлау жүйесі онда депутаттық мандаттың бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады,екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді.

159 Мажоритарлық сайлау жүйесі

Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. 2 түрі бар:абсолютті және салыстырмалы.Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты(50 пайыз және бір дауыс) алған талапкер саналады.Салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса,сол сайланады.Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді,яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады.

160 Пропорцианалды сайлау жүйесі

Порпорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы-ол көпшілік принципіне негізделмейді.Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорцианалдықты басшылыққа алады.Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес,партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді.Сайлаудың пропорцианалдық жүйесінің кемшілігі-сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

161 Саяси процесс

Саяси процесс-1) қоғамның саяси жүйесінің,құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы,өзгеруі: 2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.М: қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы,сайлаудың өткізілуі,басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі жәнет т.с.с.

162 Саяси процесстің жіктелуі

Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.

163 Саяси процесске қатысу түрлері:референдум,бұқаралық жиналыс,шеру,ереуіл.

Референдум- маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сырткы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі.

Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады.Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін.

Шеру(демонстрация ) белгілі бір идеяны,талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі,саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады.

Ереуіл-саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату,белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық.

164 Саяси даму және бейімделу.Модернизация

Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Модернизация-қазіргі,жаңа жағдайға байланысты жаңару,өзгеру,икемделу.

165 Әлемдік саясат ұғымы.Халықаралық саяси институттар

Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Халықаралық саяси институттар-құрылысы жағынан ұйымдасқан,бір орталыққа бағынатын,ерекше өкілдіктерге ие,атқарушы аппараты бар саяси мекеме.

166 Сыртқы саясат

Сыртқы саясат-мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты.

167 Ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым-ұлттық қауіпсіздік.Оның мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп,мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қаупінен қорғаумен ғана шектелмейді.Сыртқы саясатта ежелден қалыптасқан көзқарас бойынша ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін көрші елдерді шама келгенше өзінен асырмау,халықаралық майданда әрекет етуші мемлекеттерді барынша әлсірету көзделетін

168 Қазіргі заманның глобалды мәселелері

Азық-түлік,шикізат,энергия көздері,адамзаттың одан әрі экономикалық өсуіне қажет табиғи қорлармен қамтамасыз ету, планетада демографиялық жағдайды тұрақтандыру,ғылыми-техникалық революцияның теріс зардап-тарын жойып,оларды ұтымды пайдалану,халықаралық терроризм,нашақорлық және маскүнемдіктің өріс алуын тоқтату,денсаулықты сақтау,СПИД-тің жайылуын жою және т.б.

169 Терроризм-үкімет пен халықты үрейлендіруге бағытталған экстремистік оппозициялық әрекет

Терроризм-саяси себептермен жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.Ол жеке адамдарға,ұйымдарға,мемлекеттік инститтуттарға немесе оның өкілдеріне қарсы бағытталуы мүмкін.

170 Геосаясат

Геосаясат –сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель,Х.Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.

171 1948 жылы 10желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының халықаралық декларациясы.

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады, онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Бұл Декларацияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық және саяси құқықтар алғаш рет айқындалды. Оның үлкен халықаралық маңызы да осында. Бұл Декларация 30 баптан түрады. Олардың кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

1-бап. Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті.

3-бап. Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар.

7-бап. Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы.

29-бап. Әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік бере алатын қоғам алдында борышты.

172 Халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаттары:БҰҰ,ЕҚЫҰ,ШЫҰ,ДҚҰ,НАТО,МАГАТЭ,ЕО.Қашан пайда болды,құрлымына қай елдер кіреді,қандай мақсатпен ұйымдастырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.  Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт­шілік пен қауіпсіздікЖарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

  • бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

  • ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

  • халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

  • осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

  • Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым Салқын Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.

  • Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.

  • 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхайқаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. мақсаттары мынадай:

  • мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;

  • саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

  • ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және үтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

Еуропалық одақ (ЕуроодақЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропалық одақ (ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург,Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр.Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада,Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда.1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мем­лекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негі­зінде тәуелсіздікті, егемендікті жә­не демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екен­дігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон деклара­ция­сында қуатталған

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) – бұл ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жетекші дүниежүзілік форумы. МАГАТЭ 1957 жылы БҰҰ-ның шешімімен 1954 жылдың 4 желтоқсанында құрылды, арнайы келісіммен байланысты БҰҰ жүйесіне кіреді, жыл сайын өзінің қызметі туралы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына баяндама ұсынады және қажет жағдайда – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынады. МАГАТЭ жарғысы Нью-Йорктегі құрылтайшылық конференцияда 1956 жылдың 26 қазанында бекітілді және 1957 жылғы 29 шілдеде күшіне енді.

172 Альянс,нато,реномэ,вето,кворум,вотум,пакт,конфессия,дисседент,секуляризация,эмансипация,популизм,пацифизм,неофит-анықтамаларын беру.

Альянс-ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы,бірлестігі.Әдетте,жағымсыз,келеңсіз мағынада пайдаланылады.

Нато-бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты.Нато алмасу арқылы кейде халықаралық келісімде жасалады.

Реномэ-

Вето-тыйым салу:вето құқығы-заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.

Кворум-құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны.Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып есептеледі.

Вотум-өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру немесе сенім білдірмеу мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім.

Пакт-халықаралық келісім.

Конфессия-

Дисседент-үстемдік етуші,билеуші идеологиямен келіспеген адам.

Секуляризация-қоғамның әлеуметтік өмірінің дін ықпалынан босатылуы.

Эмансипация-адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік,кіріптарлық езгіден құтылып,теңдік алуы.

Популизм-саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі.

Пацифизм-соғыстың қандай түріне болмасын қарсы тұрып,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.Ол XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды.

Неофит- дінге жаңадан кірген адам.