Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Otchet_po_praktike

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
29.36 Кб
Скачать

Жер туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында мемлекеттік органдардың жер пайдалану мәселелері бойынша шешім қабылдауы кезінде белгіленген мерзімдерді сақтауы тексерілсін.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, соның ішінде мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесінің бекітілген өлшемдеріне сай тексерулерді тағайындау заңдылығы, міндетті ведомстволық статистикалық есептілік нысандары мен тексеру парақтарының шүбәсіз толтырылу мәселелері бойынша тексерістер тұрақты жүргізілсін. Тексерулер барысында құқық қорғау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты прокурордың санкциясынсыз талап ету фактілеріне назар аударылсын.       Бұл қадағалау саласындағы жұмыс нәтижелері жарты жылда бір рет жинақтап қорытылсын. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей Бас прокуратураға кәсіпкерлер құқықтарының бұзылу себептері мен жағдайлары туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша нақты ұсыныстармен бірге ақпарат жолдасын.

Осы нұсқаулық арқылы прокуратура органдары өз жұмысын атқарады. Нұсқаулықта орындалуға тиіс жұмыстар мен міндеттер айтылған. Қандай кесте құру керектігі және онда не жазылуға тиіс, осының барлығы нұсқаулықта айтылған.

Мен осы нұсқаулық арқылы журнал требований о проведении проверок субъектов предпринимательства жасадым және жұмыстедім.

Бұл журналда бақылау және қадағалау органдарының атына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде тексеру жүргізу туралы талаптар жазылады.      

Мұндай талаптар міндетті түрде тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген арнайы журналға тіркеледі, сондай-ақ олардың жолданған күні туралы, бақылау және қадағалау органының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы, талап ету негіздемесі, тексеру мәселесі туралы мәліметтерден тұрады.

Практикада мен Microsoft Excel-де кестемен жұмыс істедім. Кестенің атауы – журнал учета административных правонарушений. Сол кестеде мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың жалпы сомасын есептедім, кестені өзгерттім.

Microsoft Word-та мәтін тердім. Оның аты – Акт о результатах внеплановой проверки Учреждения образования «Екибастузский инженерно-технический институт имени академика К.Сатпаева» на соблюдение законодательства Республики Казахстан об образовании и квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании образовательной деятельности.

Телефон арқылы запростардың келген-келмегенін, не болып жатқанын, кім оларды қабылдап алғанын, қарап жатқанын және жауабы қашан болатынын біліп сұрастырдым.

Құжаттарды қарап, рет-ретімен орналастырдым. Оларды сканерден өткіздім, көшірмесін жасадым, факспен мекемелерге жібердім.

Азаматтардың шағымдарын, арыздарын, өтініштерін оқып, қарадым. Оларға жауап жаздым.

Телефонға жауап бердім. Азаматтардың сұрақтарына жауап бердім. Оларға керек ақпаратты айтып, хабарладым.

УВД және УГД бастықтарына хат жаздым. Хатта олардан қажетті жұмысты орындауды жүргізу және қорытынды жіберуді сұрадым.

Жарты жылдың ішінде істелген жұмыстың саны, әр қызметкердің қанша, қандай жұмыс атқарғаны туралы толық мәліметті камтыған кесте толтырдым.

Тізім бойынша 2014, 2015 жылдары мүгедек балалардың үйіне қоңырау шалып, оларға берілуге тиіс құралдардың берілген-берілмегендігін тексердім. Толық ақпаратты сұрастырып, білдім.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен жұмыс істедім. Қайталадым, оқыдым. Оның ішінен керегін жазып алып, құжаттың ішіне енгіздім.

Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.

Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.

Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері. Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлімдерінің аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.

Әскери, табиғат қорғау, көлік, сондай-ақ арнайы объектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.

Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.

Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]