Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Poyasnitelnaya_zapiska.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
581.96 Кб
Скачать

1.6 Технологиялық карта және өнімнің сапасын бақылау

Технологиялық карта

Өндіріс процестерін және өнімдер сапасын бақылауды, жиналмақ темірбетон зауыттарында, өндіріс кәсіпорындарында басты екі бағытта ұйымдастырады:

1) жүйелі түрде операциялары бойынша өндірістік процестерін бақылау; бетон қасиетін, сапасының тұрақтылығын және біркелкілігін қамтамасыз ететін белгіленген өндіріс режимдерінің дәл орындалуын бақылау;

2) қасиеті және сапасы бойынша мемлекеттік талапқа және техникалық шартқа сәйкес келетін темірбетон бұйымдарын тұтынушыларға жіберуді қамтамасыз ету үшін, оларды шығарарда сапасын бақылау.

Жүйелі операциялары бойынша темірбетон өндіретін бақылауды ұйымдастырарда мынандай басты процесстерді автоматикалау және жартылай автоматикалау қажет: бетон құрамаларын дозалауды, бетон арасындағы су шығынын түзетуді; бетон араласын араластыру ұзақтығын бақылауды; темірбетон бұйымдарын жылы ылғалдылықта өңдейтін камера және қоңдырғы жұмысының шын мәніндегі режимін тіркей жазбалауды; әрбір процестің аяқталуын хабарлауды және т.б.

Бұйымдарды жылуылғалдылықпен өңдейтін камера және қондырғы жұмыстары режимдерін нормалық деңгейде бақылап сүйемелдеу жоғарғы сападағы бұйымдар шығаруды минималдық отын және бу шығынында қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс кәсіпорындарының бүкіл бу – жжылу жүйелері жұмыстарын бақылау және тексеру қажет.

Температуралық режимді үзіліссіз бақылау үшін датчигі бар термометрлерді қолданады. Оларды, камераның немесе қондырғының түрлі бөліктеріне орналастырады.

Алдан-ала кернеулігінен арматураны операциялары бойынша бақылау бұйымдар сапасын асырумен қатар 5÷10 % дейін арматура үнемдеу мүмкіндігі тудырады. Технологиялық созындыда операциялары бойынша кешендік бақылауды жүргізу бұйымдардың құрастыру – пайдалану сапасын жақсартып, оларды сынауға, құрастыруға, құрылыс алаңында түзетуге кететін шығындарын азайтады.

Дайын бұйымдар мен конструкциялар сапасын бақылау олардың геометриялық өлшемдері мен пішінін, сыртқы бет сапасын, қорғағыш қаптама қалыңдығын, арматура және саларлық бөлшектер орындарын, конструкциялар мықтылығының, қаттылығының және жарықтұрақтылығының, тағы басқа сапа көрсеткіштерінің жобалық талапқа сәйкестігін тексеру қарастырылған. Бұйымдар бетоны мықтылығын анықтарда, дәстүрлік тәсілмен кубтарды (20×20; 10×10 см) немесе цилиндрлер (диаметррі 10÷15 см, биіктігі 10÷20 см) түріндегі стандарттық үлгілерді престе сынауен қатар, бұйымдар сапасын қаратпайтын бақылау тәсілдерінің бірімен анықтайды (12-сурет).

УК-14 ПМ аспаюы темірбетон бұйымдарындағы, конструкцияларындағы және ғимараттарындағы класс В7,5÷В35 (М100÷М400) бетон беріктігін ультрадыбыстық бақылауға арналған. Оны теңіз деңгейінен 1000 м дейінгі биіктікте орналасқан материалдар мен бұйымдарды бақылау үшін де қолдануға болады.

Сонымен, бетон және одан темірбетон бұйымдарын жасау өндірісінің барлық сатысында бақылау ұйымдастырылады. Бастапқы материалдар қасиеттері, бетон араласпасын даярлаудың, оны тығыздауын, структура құрылуын, бетон қатаюын және дайын материалдар мен бұйымдар қасиетін бақылауын және тексеруін түгелдей қамтитын өндірістік бақылау және тексеру жүйесі 15-кестеде келтірілген.

12-сурет – Құрылыс индустриясы кәсіпорындарында, салынып жатқан және пайдаланудағы үймереттер мен ғимараттарда бақылау жүргізуге арналған УК-14 ПМ аспабы:

Техникалық сипаттамасы: 1) үзіліссіз жұмыс істеу ұзақтығы – 24 сағ.; 2) үстілей дыбыстағандағы сағат ішіндегі УДТ (ультрадыбыс тербеліс) өлшеу саны 300ке емес, өткізе дыбыстағандағы – 600 кем емес; 3) габариттік өлшемдері

мм 135×55×175; 4) астына массасы емес > 13; 5) жұмыс режимінде келтіру уақыты үлкен емес >5

15-кесте – Жиналмалық темірбетон зауытындағы өндірістік бақылау және тексеру жүйесі

КК

Өндіріс қор сатысы

Бақылау нысаны

Бақылау сатысы

1

Материалдар қабылдап алу

Цемент, қоспалар, толтырғыштар

Физико-механикалық қасиеттерін анықтау

2

Шалафабрикаттар өндіру

Бетон араласпасы

Дозалау дәлдігін, араластыру ұзақтығын және жылжымалық (қаттылық) дәрежесін бақылау. Қаңқалар өлшемдері дұрыстығын, пісірілген жапсарлары (жіктерін) беріктігін тексеру

3

Бұйымдар қалыптау

Пішіндер (форма) және қалыптар

Бетондауға даярлық

Бетондау

Қалып жиналғаны дұрыстығын, қалыптар сапасын және олардың майлануын тексеру

Арматуралық қаңқалар мен салу детальдар орындарын тексеру, арматура кернелу дәрежесін бақылау

Бетон араласпасын салынуын, тығыздалыну ұзақтығын және дәрежесін бақылау

4

Жылыылғалдылықпен өңдеу

Жылу-ылғалдылықпен өңдеу режимі

Температурасын, ылғалдылығын, термоөңдеу ұзақтығын бақылау

5

Бұйымдарды қалыптап шығару

Дайын бұйымдар

Пішіндерін және бұйымадр өлшемдерін, өңделу сапасын бақылау

6

Дайын өнімдер қоймасына бұйымдарды қабылдау (ТББ); Тұтыну шыларға жіберу

Дайын бұйымдар

Қиратпаушы аспаптар көмегімен бетон мықтылығын анықтау; Натуралдық сынаумен бұйымдар мықтылығын, қаттылығын анықтау; Қоршаған қабат қалыңдығын анықтау

Бақылау жүргізу үшін түрлі тәсілдері мен аспаптарды пайдаланады. Алынған нәтижелер бойынша бетон құрамына, түрлі технологиялық факторлардың дайын бетон қасиетіне әсерін ескеру заңдылықтары негізінде технологиялық операциялар параметріне және режиміне түзетулер енгізеді.

Өндірісті және өнімдер сапасын басқару үшін тиісінше математикалық жабдықтандыруды талап етеді, мысалы математикалық модельдерді пайдалану арқылы бетон қасиетін қолданылатын материалдар сапасымен, бетон құрамымен және өндіріс жағдайымен байланыстыра бақылау мен тексеруді жүргізе алады.

Жоғарыда айтқанымыздай, бетон сапасын өндіріс операциялары бойынша бақылау үшін экспресс–тәсілдерін пайдалынады. Соның арқасында, материалдар қасиетін немесе процесс параметрін тездете бағалауға қол жеткізеді.Арнаулы жартылай автоматты және автоматты құралдарын жасайды, сондай-ақ бақыланатын нысандарын ішін-ара тексеру тәсілін де пайдаланады. Цемент қасиетін бағалау үшін оның химиялық-минералогиялық құрамын рентгенографиялық және басқа экспресс-сараптау тәсілдерімен тексереді, цементтің меншікті бетін жеделдік әдісімен анықтайды. Осылардың нәтижесі бойынша цемент сапасының дайындалатын бетон араласпасына және бетон қасиеттеріне әсер етуі мүмкіншілігін болжайды, қажет болған жағдайда, бетон құрамын және технологиялық операциялар режимінде тиісті өзгертулерін енгізеді.

Осыдан бұрынғы тарауда толтырушылар сапасы бетон араласпасы қасиетіне әсерін қарапайым түрде тікелей араласты сынау (оның араластыруға кедергісін және конус шөгуінің немесе қаттылығын анықтау) бойынша бағалайды.

Темірбетон конструкцияларын өндірерде бақылауға жататындары:

1) жіберерлік бетон беріктігі – алдын-ала кернелусіз жиналмалық конструкция үшін, егер де жіберілетін беріктігі өткізетінінен жоғары болса;

2) өткізерлік бетон беріктігі – алдын-ала кернеуленген конструкциялары үшін;

3) жобалық құдатта бекітілген аралық шағындағы бетон беріктігі – тұтастық конструкциялар үшін (көтеріп тұрған қалыпты босатарда және т.с.с);

4) жобалық шағындағы бетон беріктігі – жиналмақ және тұтастық конструкциялар үшін бекітілгендігіннен 90% артық болса, жобалық шағында беріктігін бақылауды жүргізбейді. Бетон беріктігін бақылауды алдыңғы партияны бқылау нәтижесін пайдалана жүргізеді. Осы бақылау негізінде, беріктігі бойынша бетон біркелкілігі сипатын және келесі бақылау мерзіміне талаптық бетон беріктігін аныөтайды. Бақыланатын партиядағы бетон беріктігін Rбп талапқа сай беріктігімен Rт салыстырады. Егер Rбп≥Rт партиядағы конструкциялар қабылданады.

Бізге белгілі тәсілдемеге сәйкес, бұйымдардағы бетон беріктігін кубтар сынау нәтижелері бойынша бағалайды, бірақ шын мәніндегі бетон беріктігі тек үлгілер беріктігінен ғана ерекшеленбей, әрбір бұйым шегінде де әр түрлі болып өзгереді. Оның үсітне, мұндай тәсіл бағаналар мен фермерлер үшін мүлде жарамсыз. Сондықтан, қиратусыз айқындау үшін механикалық және электро-акустикалық тәсілдері қолданады. Механикалық тәсілдерде бұйымдар бетіне белгілі түрде механикалық күш әсерін тигізеді, мысалы, шариктік балғамен, гидравликалық пресс пружинасының қысымымен және т.б., ал мықтылығын осы механикалық күш әсеріне кедергілік қабілеті бойынша жориды.

Электрондық-акустикалық аспаппен бұйымдар беріктігін және беріктілігін анықтау әмбебаптық тәсілі болып табылады. Бұл тәсілді қолдана материалды бүкіл қалыңдығы бойынша зерттеп, ондағы ішкі а

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]