Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Капиталды шоырлануы.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
28.82 Кб
Скачать

1. Капиталдың шоғырлануы;

2. Капиталдың орталықтануы.

Капиталдың Шоғырлануы–қорлану, яки қосымша құнның бір бөлігін капиталға айналдыру есебінен капиталдың өсу үдерісі; түрлі иеленушілер, меншіктенушілер капиталдарының біріктірілуі арқылы, сондай-ақ, пайданы капиталға айналдыру есебінен капиталдың ұлғайтылуы; капиталдың бір қолға немесе бір жерге шоғырлануы.

Капиталдың орталықтануы-дегеніміз бір неше капиталдың бірігуі жолымен ірілену.

Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып ғана күнін көретін адамдардың көбеюі — бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.

Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады — бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өріс алды.

Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік — екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығьшың жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.

Бүгінгі біздің елдің басындағы етпелі кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен тендестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.

Ішкіге алдымен жекешелеңдіру жатады. Ол мемлекеттік меніпікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:

өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес кайта бөлу;

капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;

жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сактаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;

таңдаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;

сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;

«челнок» импортынан түскен табысты алу;

мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;

коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.

Капиталдың алғашқы қорлануы

Капиталдың алғашқы қорлануының манызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T ... O ... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.

Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

Капиталды шетке шығару дегеніміз – капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік шаруашылықтан тысқары мемлекеттерге шығарды.

Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері :

1) шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

2) дүниежүзілік шаруашылықтың әр түлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы;

3) жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4) капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

5) саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және осы ынталандыратын факторларға мыналар жатады :

1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалардың өзара байланысы мен өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы капиаталдардың халықаралық қозғалысына игі әсер етеді және жеделдетеді.

Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестиция нысаны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады.

Халықаралық өнім дегеніміз –бүкіл дүниежүзілік рынокқа өткізілетін өнім.

2. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы. Бұл трансұлттық корпорациялардың еншілес компанияларды қаржыландыру. Әр елдегі заңды немесе жеке тұлғалардың бір халықаралық корпорация шеңберінде салалық, технологиялық т.с.с. мамандануы арқылы орнайтын экономикалық қатынастары халықарлық өнеркәсіп кооперациясы деп аталады.

3. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты.

Бұл саясат экономиклық өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп салаларын қолдауға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

4. Дамушы елдердің экономикалық бағыты.

Бұл дамушы елдердің шетелдік капиталдардың қатысуымен өздерінің экономикалық дамуын жеделдетіп, «кедейшілік шеңберінен» шығуға ұмтылыстары дәрежесін көрсететін бағыт.

5. Экологиялық факторлар. Экологиялық нормалардың қатаңдануына

байланысты халықаралық корпорациялар өндірісті өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге қарай көшуге тырысады.

6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы ұйымдарының да рөлі маңызды.

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі :

— өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар;

— портфельдік инвестициялар ( шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқада қүнды қағаздар алу үшін);

— экономиколық көмекті тегін беру немесе несиені төмендетілген процентпен беру;