Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
211.88 Кб
Скачать

Кіріспе: Экспо(Expo)-дегенімізне? Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техниккалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады.

Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.

Негізгі бөлім:

1.Экспо-2017 Қазақстанда!

Expo-2017ұйымдастырушылары проекттің шамамен құнын есептегенде 2.3 млрд. доллар болды.Финанстық тәуекелге байланысты ,Канаданың Федералдық үкіметі тендорға қатысудан бас тарты.Осындай шешімдерді ,яғни тендордан өзін түсіру,басқа үкіметтер Австралия,Испания,Франция,Норвегия,Сербия сияқты өкіметтер осындай шешімге келді.Соңында көрме өткізу үміткерлері Астана мен Льеж болды.

2012жылы 22 қарашада Париж қаласындағы Халықаралық Көрмелер Бюросында өткен 135елің жасырын түрде дауыс беру қорытындысында Экспо-2017 қай мемлекетте өтетініні шешіліді. Біздің Астана үшін ХКБ-ға мүше 103 ел дауыс берді, ал жалғыз қарсыласымыз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауысқа ие болды.

Шетел істері министрі Ерлан Идрисов «Жас мемлекет бола тұра, Евросоюз орталығы Бельгиядан аттап, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын алу – біз үшін үлкен саяси мәселе. Бұндай дауыстарды жинау қоғам біздің жеткен жетістіктерімізді бағалап, бізге қолдау көрсетуін білдіреді. Бұл ТМД территориясында ең алғаш өткізілетін ЭКСПО көрмесі» деп атап көрсетеді. Қазақстан алдында перспективалы экономикалық даму тұр, ал ЭКСПО бізді сол даму жолымен жалғайтын көпір.

ЭКСПО-2017 көрмесінің басты мәселесі – «Болашақ энергиясы», бұл тақырып бүгінгі таңдағы қоғам арасында актуалды мәселе. БҰҰ статистикалық есебі бойынша, 1,6 млрд адам электр тоқтарына жете алмай отыр, ал 2,4 млрд адам тамақ жасау және үйді жылытуға арналған шикізаттарға қол жеткізе алмауда. ЮНИДА бас директоры Кендэ Юмкела айтқандай: «Энергия бұл қоғам үшін маңызды экономикалық және экологиялық проблемалардың жүрегінде орналасқан мәселе». ЭКСПО-2017 осыған дейін өткен барлық көрмелердің қорытындысы сияқты (2010 жыл Шанхай – «Жақсырақ қала, жақсырақ өмір»; 2012 жыл Ёсу (Корея) – «Мұхит және жағалау», 2015 Милан – «Планета азығы – Өмір үшін энергия»). Бұл «Жасыл экономика», «Жасыл көпір» бағдарламаларын жүзеге асыруға негіз болды.

2.Жалпы, экспо-2017 Қазақстан Республикасына қандай пайда әкеле алады?

“ Қазақстанға инвестициялардың тартылуы қарқынды жүреді. БАҚ мәліметтері бойынша Астанадағы көрме шығындары 1,6 млрд долларды құрайды: оның ішінде 250 млн доллар мемлекеттік бюджеттен алынып, қалғаны жеке инвесторлардың салымдарымен жабылуы көзделуде. Бірақ біз осындай шығындарды кетіре отырып, міндетті түрде одан асатын пайдаға ие болатынымыза сенімді болуымыз керек. Алдыңғы жылдары өткен Ванкувер (Канада), Ганновер (Германия) қалаларындағы көрмелер залалдары түскен пайдадан асып кетті. 2010 жылғы Шанхайда өткен көрме ғана мақтанарлық нәтижеге жетті – оперативті табыс 157 млн долларды құрады. Әрине Қытайды Қазақстанмен салыстырмаймыз, олар экономикасы, халқы, ауданы жағынан бізден ірі. Бірақ біз, өзіміздің экономикамыз шеңберінде табысты нәтижелерге немесе экономикалық дамуда ілгері қадам жасауға бағытталуымыз қажет, яғни ақшаны орынды жұмсау.

Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға 113 га бөлінді, оның 25 га-да павильонды комплекс орналасып, қалған 88-де сәйкес инфраструктура: қонақ үйлер, паркингтер, асханалар пайда болады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс күшін тартуға ықпал етежі, яғни жұмыссыздық деңгейінің азаюы мүмкіндігі бар. Ал, егер жұмыссыздық азайса бұл экономиканың дамуына жағымды әсер тигізері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының туризм саласы дамиды. Бізде, өкінішке орай бұл сала «Азиада 2011» өтуіне де қарамастан, әлі артта қалуда. Бүкіл жылдар бойы өткізілген көрмелерге жалпы саны 8 млн-нан аса адам қатысып, көрді. Рекордты қатысушылар саны 29 шілдеде Кореядағы Ёсу қаласында болған көрмеде жиналды – 272 527. Сонымен қоса, Digital EXPO бағдарламасы арқылы Қазақстан Республикасын 2 млрд интернет-қолданушылары өз компьютерлерінде көре алады. Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық аренадағы деңгейі артып, беделі көтеріледі.

Ең басты плюс – бұл әрине «жасыл технологияларды» ендіру. Қазақстанның экологиясында қиыншылық туғызатын мәселелер әлі де болуда, әсіресе «Невада-Семей» полигонының болуы бүгінгі күнге дейін өз зардаптарын шектіруде. Сонымен қоса, өндірістік қалдықтар көлемі 23 млрд тоннаға жетіп қалды, бұл өз кезегінде судың тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондықтан, «жасыл экономика» түсінігі міндетті түрде ендіріліп қана қоймай, жүзеге асырылған іс-әрекеттері қоғамда көрініс табуы керек. Себебі, халықтың тұрмыс-тіршілік жағдайы ең алдымен экология бойынша анықталады. «Жасыл экономика» - ең алдымен, инновация. Болашақтағы дамуымыз соған негізделетін болады. Егер экологиялық тұрғыда бәрі сәтті болатын болса, онда жаңа технология да дамитын болады.

Қазақстан үшін «Жасыл экономика» стратегиялық бағдарламасының экономиканың өсу қарқынына, халықтың әл-ауқаттылығына тигізетін әсерінің қаншалықты маңызды әрі қажет екендігін Қазақстанның бүгінгі таңдағы экономикалық моделімен салыстыра отырып анықтайық.” Мақала авторы Қаражанова Тоғжан