Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Юрист -кімшілік ---ы- б-зушылы- туралы.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
2.62 Mб
Скачать

Қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне

тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына

бермеу немесе уақтылы бермеу

Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -

меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың

азаматтық қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -

азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

505-бап. Жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламау

Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының  жергілікті әскери басқару органының  шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ  жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты

азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы

бермеу

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -

ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы

мәлiметтердi хабарламау

1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы  жергілікті әскери басқару органына  белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерiн

орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың  жергілікті әскери басқару органының  шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару

1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -

әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту

Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

Шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының  жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру, оларды

шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру

Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол