Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Юрист -кімшілік ---ы- б-зушылы- туралы.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
2.62 Mб
Скачать

Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау

672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды

күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,

наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды

қайта қараудың ерекше тәртiбi

Осы Кодекстің 674-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күшіне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 664-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметте­меушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.

 

673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды

және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi

жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар

Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары   , ал осы Кодекстің 672-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеу­шілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы  қайта қарауға құқылы.

 

674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға

және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi

жөнiндегi ұйғарымдарға наразылық келтiру

1. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берiлген.

2. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтiнiштер жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.

675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата

тұру

1. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың осы Кодекстiң 674-бабында аталған, заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiруi бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.

2. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың судья шығарған әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға наразылық келтiруi бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне

енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында

қайта қарау

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы заңды күшiне енген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.

41-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы