Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 дріс.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
37.99 Кб
Скачать

7.Б.Кәрібаева: «Мағжанның әдісі де әзір ғылымда беймағлұм».

Ж.Аймауытов: «Мағжан – еліктегіш ақын. Бір ақын көп еліктесе, сол көп еліктеуіш Мағжан деуге болады. Мағжан еліктегенде қазақ, татар, араб деп толғамайды. Кімнің сөзі көңілге жақса, соған еліктеп жазады. Сондықтан Мағжанның алғашқы кездегі өлеңдерінде неше түрлі рух бар. Сыртқы түрінде орыстың бейнелеушілеріне еліктесе, ішкі рухында күйректік , жылауықтық (сентиментазизм), романтизм болады. Сентиментазизм, әсіресе, әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұщырасады.».

Ж.Аймауытовтың пікірінің жаны бар. Мағжан ірі әдіс-тәсілдердің ешқайсысынан бой тасалаған жоқ. Ендеше, оның әдісін белгілеу оңай емес. «Романтизм әдісі Мағжанға сырттан келген жоқ, ол қорек алған ұлттың көркемөнер қойнауынан бастау алып қалыптасты».

В.Брюсов «Мағжан – қазақтың Пушкині». Мағжан – ұлттық ақын. «мағжан орыс поэзиясымен жарысқа түсіп, күш сынасты. Қоян-қолтық араласты. Осы жолда ол қазақ өлеңіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Оны жазба дәстүр тәжірибесі озық Европа өнері деңгейіне көтерді». Мағжан поэзиясының субъективтік негіз, трагедия сарын алуы – сол заманғы байланысты еді. Бұл «ақын тағдыр» оның әдеби әдісіне де, көркемдік тәсілі, стиліне де әсер етіп, із қалдырды.

Мағжаннан – батысты іздеу әбестік. Ол – шығысшыл ақын.

Келші, күнім, күн бетіңді көрейін,

Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін,

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,

Жұлдызды – жүзік, айды – алқа ғып берейін.

Әр мақтың басындағы қаратпа сөз, сол сөздер арқылы екпін соңғы буындарға емес, алдыңғы буынға, 3-ші буынға түсуі – тоникалық өлең жүйесінің заңдылықтарына сәйкес келеді: (Тоника – екпінмен жиі одақтасуы).

2-ші тәсіл. Мағжан жетілдірген қара өлеңнің классикалық түрі.

Суреттеу басым. «Түркістан» - баяндау тәсілі, еспе қайталау.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой

Күміс нұрлы Ай. Жұлдыздар алмас, жібек жел.

Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел,

«Қан қайнайды», «жас жүрегін ойнайды»,

Бір сүйемін, жақында, жаным, бері кел.

(12 буынға шығып кетеді).

Мағжанның «Шылым», «Біраз Фетше», «А.Блок», «Тірі бол» өлеңдері Ж.Аймауытов айтқандай, «Абайда жоқ, жаңа түр» емес, керісінше, Абай дәстүрінің өнімді жемістері.

Қолда шылым,

Тартып күлін,

түсіремін табаққа (Бойы бұлғаңға ұқсас)

Мағжан символизмі

Нақтылай айтсақ, бұл ағымның эстетикалық негізін құрған батыс оқымыстылары – А. Рембо, С. Малларме, П. Верлен, К. Гамсун, М. Метерлинк, Э. Верхарн, О. Уайльд, Г. Ибсен, Р. Рильке және т.б. батыс оқымыстылары еді. Сондай-ақ, символизм Батыс Еуропаның Бельгия, Германия, Норвегия сияқты елдеріне кеңінен таралды. Символизм ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында орыс поэзиясына да ерекше құбылыс болып енді. Ол елдегі бүкіл ақындық әлем шығармашылығын қамтымаса да, өзінің сол кезеңдегі ерекше келбетімен айқындалды [2].

Демек, символизм әдеби бағыт ретінде Еуропалық және орыстық өнер өрісінде 1870-1910 жылдары ерекше дамыды десек болады. Әдебиеттану ғылымында «символизм» термині әр қилы мағынада қолданылып келеді. Көбінесе символизм еуропалық және орыстық өнер өрісіндегі бағыт ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, символизм кең мағынасында «дүниетаным» (А.Белый) немесе философиядағы, өнердегі және антикалық мәдениеттің белгілі бір кезеңінде жазылған шығармалардың өзіндік сипатын айқындайтын «өмірлік тәжірибе» ретінде де түсіндіріледі [3]. Әдебиеттанушы Е.В.Ермилова орыс символизмінің теориясына байланысты өз тұжырымын ұсына келіп, былай деп жазады: «Символизм алғашында «декаденттік», «импрессионистік», «субьективистік», «иллюзионистік символизм» тәрізді бағыттардың орнына қолданылатын әдеби бағыт болуды аз көрді. Символизм тек әдеби мәселелерді ғана емес, дүниетанымдық мәселелерді де шешуге ұмтылды» [4, 3-б].

А.Белый өзінің «Символизм, как миропонимание» атты еңбегінде ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиетінің сипаты туралы айта келіп, символизмнің дүниетанымдық тұрғысындағы мағынасына тоқталады. Символизмді бұлайша түсіндіру ғасырлар тоғысындағы заманауи ерекшеліктерге байланысты болып келді. Символизмді – дүниетаным ретінде анықтаудың негізінде адам өмірінің мәнін экзистенциалдық тұрғыдан түсіну жатыр. А.Белый былай деп жазады: «Кез-келген символист суреткер шығармашылығының алғы шарты – оның ғасырлар тоғысындағы адамзаттың тығырыққа тірелуін, іс пен сөздің, сана мен түйсіктің арасында жер мен көктей айырмашылық бар екенін сезінуі» [3,51-б].

Экзистенциалдық философия идеялық ағым ретінде ХХ ғасырдағы философияға ғана емес, пессимистік көңіл-күйге негізделген әдебиетке де тән болды. Экзистенциалистердің көркем шығармаларындағы символдар көбінесе адам болмысының мәнін эмоционалды түрде түсіндіруге қызмет етті. Адам болмысының негізгі категориялары – жатсыну, қорқыныш, үрей, өлім т.б. болып саналды.

Символизм «жасырын ақиқатты», «өмірдің шын мәнін» түсінуге, «теңдесі жоқ сұлулыққа» қол жеткізуге ұмтылады [5].

«Кіші» символистер (Блок, Белый, Вяч.Иванов) осындай «жасырын ақиқатты», «өмірдің шын мәнін» түсінуге құштар болды, олар әлеуметтік төңкерісті (революцияны) «рух төңкерісіне» апарар саты деп қабылдады (А.Белый) [6]. В.А.Келдыш жазғандай, «айналада болып жатқан өзгерістерді жүрегімен сезінген символистерде жан толқуы жыр жолдарымен берілді. Бұл толқу сол кезеңдегі аласапыран уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне (тығырыққа тірелген халықтың басын тауға да, тасқа да соғып абдырауы) байланысты туындаған еді»[ 7,25-б].

Қазақ ғалымы Ш.Елеукенов те ХХ ғасыр басындағы орыс поэзиясында «қанды алау», «өрт», «буырқанған теңіз», «найзағай», «боран» тәрізді символикалық образдардың кеңінен қолданылғанына назар аударады. Оның айтуынша, бұл образдар қазақ әдебиетінде де орын алды. Мысалы, уақыт тынысын, өз халқының мұң-қайғысын жан-тәнімен сезіне білген Мағжан, Бернияз поэзиясында осы іспеттес бейнелі образдар жиі кездеседі. Ойшыл ақын Мағжан адамды мәңгілік уақыт пен кеңістік ауқымында ала отырып, осы мәңгілік уақытты – бір ғана сәт, ал адамды – мәңгілікпен салыстырғанда бір нүкте ретінде қарастырады.

Әдебиетші–ғалымдардың ой-пікірлері бойынша, символизм – романтизмнің «соңғы сатысы» және неоромантизм немесе модернизм деп аталады.

Жалпы, қазақ ақындары – Шәкәрім, Шәңгерей, Мағжан, Бернияз шығармашылықтарындағы символизм сарынының көрініс табуын да сол тұстағы тарихи-мәдени жағдайлармен байланыстырған жөн.

К.Бальмонттың «Толқын» өлеңінде кеме жүріп өткенен кейінгі артында үйіріліп қалып жатқан ат жалындай толқындардың арпалысқан қимылынан адам тағдырын көреді. Толқындар сиқырлай бұралып, соңынан ертіп алады да, бауырына баып жойып жібереді.Оған ілескендер соңынан еруге қауқары келмей, толқынның қанды шеңгелінде тұншығады. Орыстың символист ақыны небәрі 12 жолдық өлеңінде теңіздің бетінде буырқанған толқынды айтқан болып, алда дауылдатып келе жатқан революцияның қанды толқынын астарлап образдайды. Мағжан өзінің «толқын» деп аталатын өлеңіндегі нәзік, сырттай қарағанда адамға қауіп тудырмайды. Солай көрінсе де Мағжан оның қимылынан, біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін адамдардың жымысқы әрекетін көреді. Сондай-ақ, Мағжан ескі қоғамдағы ескінің орнын жаңаның ауыстыруын су бетіне көтеріліп келіп, көрінбей жоғалып кететін толқынның образында бейнелейді. Бұл – ұрпақты ұрпақ ауыстыратын өмірдің философиялық құбылысы.

Мағжанның «Түн айтқызды» өлеңі. Символистер түнді жамандықтың образында бейнелейді. Өлеңде қазақ елінің басынан өткен қасіреті, қоғамның сырт көзден жасырып отырған саясаты, әлеуметтік-психологиялық күйзелісте беріледі. Байғыз – халқы қырылып иен қалған ауылдар мен қыстақтарды, бос қалған қаланың орындарын мекендейтін құс. Байғыз – жамандықтың белгісі. Ақын ұлт трагедиясын нанымды бейнелеуде көне нанымды 1921-22 жылғы аштыққа ұрынған халықтың басындағы қаралы жағдаймен байланыстырады. Сол жылдың соңында аман қалғандарына көмекке шыққан отрядтардың бірін Мағжанның өзі басқарып шыққан болатын. Содан алған алған әсерлерін сапарнамалық өлеңдер топтамасында келдіреді.

Тауда түнде үн берген,

Тәңірі ме әлде байғыз ба?

Үнді естіп жаным күңіренген, -

Деп ел басындағы жамандықты қараңғы түнде шыққан байғыздың үнімен, қазақ даласын жайлаған аштықтан кейін қаңырап қалған ауылдар мен далаға иелік жүргізген өктемдігімен бейнелейді.

Мағжанның «пайғамбар» өлеңі Д.Мережкоискийдің «дети ночи» өлеңіне жауап ретінде жазылған. Мережковский «Күнбатыстан келе жатқан соғыс қатерін тоқтата алатын Күншығыста пайғамбар бар ма?» деген сауал қойып жауап іздейді. Мағжан «Күншығыстан мен келемін, мен келем, Күннен туған, гүннен туған пайғамбар» деп жауап беріп, сол кезеңдегі дін иелерін дүр сілкіндіреді. Олар «пайғамбар» сөзі көркем шығармада көркем ойдың образы екенін түсінбеді.

Ресей тарапынан жүргізілген шовинистік саясаткөкірегі ояу зиялы қауымның сезімін оятып, ұлтжандылық қасиетін нығайтады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін өз тарихы емес, бөтен халықтың тарихы күштеп оқытылды. Қарсы айтылған пікірлердің бәрі ұлтшылдық деп есептелді. Мағжанның романтикалық өлеңдердегі мистикалық образдар осындай қоғамдық-саяси қысымның негізінде пайда болған еді. Мысалы, «қысқы жолда» өлеңінде қараңғы түн ішінде, төңірегін жындар билеп алғандай ысқыра соққан боранда келе жатқан жалғыз атты жолаушының үрейлі қорқынышының толық картинасы жасалады. Ақынның айтайын деп отырғаны боранның қатері емес, төңірегінен алынған әсердің негізінде жолаушының бойын билеген қорқыныш. «қорқу сезімі неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де сонша күшті болмақ» дейді Мағжан қорқыныш туралы жазған пікірінде. Қорқыныштың алдында сана әлсірейді. Адасам ба деп қорқады.

«Жазғы жолда» өлеңі осының жалғасы іспетті. Бірақ ақ боранның астында келе жатқандағыдай қорқыныштан бойы бүріспейді. Керісінше, сыбырлап сөйлеп, сылқ-сылқ күлген перілерді қасына өзі шақырады. Тыншып, шаңдатып жатқан тыныштықтан мазасызданады. Қатердің қара бұлты төбеге ойнап шықпағанымен, шығуға таяу екендігін астарлайды. Алдындағы қара жолдың жыланша иірілуі табиғаттың жай көрінісі ғана емес, алдап келіп, мойнынан қысып, тұншықтырып өлтірер қатер екендігін ойша бейнелейді.»төңіректе жасырына билеп, жанымды қинап, мазамды алғанша тезірек келіп мақсаттарыңа жете қойыңдар деп олардың жасырын әрекеттерінен мезі болғандығын айтады.

«жаралы жан» өлеңінде азамат соғысының ылаңынан қажыған, ашаршылыққа ұшыраған трагедиялы тағдыры толғандырады. Сондықтан олардың қаралы қасіретін жалғыз аяқ сүрлеу жолмен жүріп, жоқтап келе жатқан жаралы жанның ащы мұңы жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]