Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

курс 1курс

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
87.64 Кб
Скачать

Гордон жаңа мектепке ауысқаннан кейін соңғы бір жылдың ішінде иығын киқаңдататын және тісін кайрап шықырлататын дағдылы әдетке ұқсаған жүйке ( нерв) жүйесінің оқта -текте жұлқып қалатын еріксіз тартылуы пайда болды. Бұл әдет мектепте оқып жүргенде, әсіресе, сабақ үстінде отырғанда байқалып жүрді. Бұл әдет Гордон бір нәрсеге күйгелектеніп шала бүлінгенде анығырақ білінетін де, ал ойы бөлініп ойынға айналысып кеткенде жоғалып кететін.

Бала үй ішінің жағдайымен тағы да басқа бір мектепке ауысқаннан кейін көп кешікпей-ақ онда енді бұрынғы әдетіне ұқсас, ол да дәл солай мазасызданғанда ғана анық байқалатын "жүйке жөтелі" деген жаңа әдет пайда болды.Бұл жаңа әдет те бірнеше айға созылғаннан кейін, бір күні кенеттен жоқ болып кетті. Сонымен бірге ол үзілістен кейін сабақ үстінде отырған кезде тырнақтарын тістелей бастайтын тағы да бір әдет шығарды. Бұл қалай болғанда да үрейленуді немесе қорқуды білмейтін, басқа барлық жағынанда айтарлықттай денсаулығы мықты бала болды. Оның достары көп болды және үй ішінің жағдайыда жақсы еді. Ол мектептен тыс уақыттарда футбол ойнағанды ұнататын және оның жолдастары үйге жиі келіп тұратын. Кейде бауырларымен бір нәрсеге ерегісіп дауласып, тіпті төбелесіп те қалатын жағдайлары болып тұрғанымен, тұтастай алғанда, аралығындағы негізгі туысқандық қарым-қатынастары жаман болған жоқ. Мейірімді және жарқылдаған ақ көңіл Гордон өзінің тәуелсіздік мінезімен көзге түсерліктей ерекшелігі бар еді және білек күшін көрсетуді ұнатпайтын. Ол ақылмен ойлай білуді жақсы меңгерген қабілетті бала болды және мектепте де тәп-тәуір оқыды. Оның әкесі аздап мазасыздау болғаны болмаса, негізінен көңілі ақжарқын және өзін -өзі ұстай білетін байсалды адам болды. Әсіресе, өзінің аса ұқыптылықпен көңіл қойып қарайтын жұмысына қатысты мәселелері оның тынышын алып мазалайтын. Кейде бұл оны ашуланшақ қылып жіберетін. Гордонның шешесі әкесіне карағанда жайдары мінезділеу болды.

Сонымен, тұтастай алғанда, Гордонның ақыл ойы дұрыс, дені сау және тіршілікке жақсы бейімделген бала болып шықты. Баланың жаңа орынға және айналасын қоршаған ортаға бірте-бірте бойы үйрене бастағаннан кейін көңілі тынышталып, мазасыздануы бәсеңдеді, ал жүйке жүйесінің тартылуы бұрынғысынан әлдеқайда аз білінетін болды. Гордонның басқа мектепке ауысуына байланысты айналасын коршаған жаңа ортаға бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан психиатрдың жәрдеміне мұқтаж болатындай оның психикасының соншалықты бұзыла коймағандығына осындай дәлелді негіздердің барлығы куә бола алады.

Гордонға қарағанда Тоби психикасының келеңсіздігі жағынан әрқашан да ауыр бала болды. Ол нәрестелік шағынан күйгелек, ашуланшақ, өкпешіл, жәбірленгіш, мазасыз, сонымен бірге оның ұйқысы да жайсыз болды және ата-анасын өзінің таусылмайтын мылжың сұрақтарымен мазаларын алып, ылғи ашуландыратын. Осының барлығы ата-анасының Тобимен қарым-қатынасына бөгет болды, сондықтан да болар, олар басқа балаларына қарағанда оған көбірек ашуланып, жекіп ұрысатын.

Тобидің алғаш мектепке барғандығы жайында сөз болғанда бәрінен де бұрын оның шешесінен бөлініп кететініне және бөтен адамдармен кездесіп қалатындығына қауіптенетіндігі ата-анасын қатты алаңдатады. Өзін бұл қауіптен сейілтіп, көңілін жұбататын, қобалжуын басып тыныштандыратын қолдау іздегендей ол таусылмайтын мылжың сұрақтарын жаудыра бастайтын. Ол қараңғыдан қорқатын, сондықтан да түнде шамның жарығымен ұйықтайтын. Шешесін түнімен ылғи шақырып шығатын. Танымайтын адамдармен кездескенде (тек осындай жағдайда) ол тұтыға бастайтын, тіпті, бір сөзін де дұрыстап айта алмайтын. Оның тамақ таңдайтын әдеті бар еді. Алдына қойылған тамақты қасығымен немқұрайлы түркілеп отырады да , ішіндегі ұнамайтынын қасындағы әкесінің ыдысына сала бастайтын.

Тоби ешқашанда еш нәрсемен айналысуды білмейтін, күн -ұзақ ерсілі-қарсылы сенделіп жүрумен уақытын босқа өткізетін және бейбастақ,мазасыз бала атанды.Оның бірнеше достары болды, бірақ ол олармен кездескен сайын ұрысып-керісіп айырыласатын және оны місе тұтпай, оларды басқалардан қызғанатын,оның үстіне төбелес десе оң иығын тосып тұратын сотқар болды және ол өзінің жалғыздығына жиі шағынатын. Ол сирек күлетін түрі сүмпиіп, көңіл-күйі жабыңқы, тұнжырап жүретін. Осының барлығынан басқа оған тағы да микробтардан өлердей қорқатын үрей жабысқан, микробтардан қорқатындығы соншалықты - ол соңғы екі жылдың ішінде қолын күніне отыз реттен кем жумайтын. Ол шәугімді қояр алдында да, тәрелкені ұстар алдында да және біреумен қол беріп амандасар алдында да қолын бірненше рет сабындап жуып жүретін. Ол жиналып тұрған адамдардың жандарына жақын бармайтын. Егер оған ондай жерге баруға қысым жасайтындай және зорлайтындай көрінсе, ол бақырып ойбайлайтын және шыж-быжы шығып бажылдайтын. Әкесінің ауық-ауық басы айналатын жүйке (нерв) ауруына шындап шалдыққандығы анықталғаннан кейін онымен араларындағы үздіксіз қақтығыстары, әсіресе, соңғы бес жылдың ішінде жиілеп кетті.

Тобидің әкесі жалғыздықты қатты сезініп жүрді. Ол бір нүктеге қадалып, қозғалмай ұзақ отыратын болды. Сонымен бірге оның қараптан-қарап ашу-ызасы келіп, қалшылдап кететін және қатты қорқудан бойын үрей билейтін шақтары көп болды. Оның осы жақын арада ұйқысыздық сергелдеңге түскен және дәлелсіз кызғаншақтық сезімге бой алдырған депрессиялық дерті қатты ұстады. Әйелімен араларындағы қатынастары бірте-бірте нашарлады, екеуінің бет жыртысқан ұрыс-керістері дағдылы әдетке айналды.

Тобидің шешесі осыдан екі жыл бұрын жалпы жағдайының жабырқандылығына және депрессиялық дертіне шағым жасап психиатрға барған болатын. Ол қараңғыдан және өрмекшіден қатты қорқатын болды.

Ата - анасының Тобиді тәрбиелеудің қиындап кеткендігі жайында айтқан шағымдарына қарағанда, оны басқа балаларындай ерекше ұнатып жақсы көре алмаған. Олардың аралығындағы ұрыс - жанжалдың шығуына тек Тоби кінәлі деп есептеген. Әрине, ата-анасының екеуі де белгілі бір психикалық жүйенің бұзылуынан зардап шеккендіктен, бәлкім, психологиялық факторларға әсерін тигізетін көтеріңкі әсерленгіштіктің немесе желікпенің Тобиға да ауысуы мүмкін. Бұл жерде оның жабыскақ симптоматикасының дамуы шешесінің невротикалық бұзылуы байқалғаннан кейін ізінше және үй-ішінің кикілжің жағдайының шиеленіскен кезеңімен және әкесінің мінез-құлқынын нашарлап өзгеріп кетуімен бір мезгілде тұспа-тұс келгендігі назар аудартады. Баланың психологиялық проблемаларының пайда болуында генетикалық факторлардың алатын орны қаншалықты маңызы бар болса, үй іші қарым-қатынасы бұзылуының алатын орнынын да соншалықты маңызы бар.

2 Қиын балаларға көмек.

2.1Балалардың психикалық ауруларының жиілігі

Психикалық дамудың бұзылуына қойылған диагностиканың мәселесіне келмес бұрын проблеманың мәнін және мөлшерін көздің алдына елестету қажет. Өйткені халықтың арасына таралған психикалық ауруларға қатысты эпидемиологиалық зерттеулердің қорытындылары бойынша писхикалық бұзылулардан зардап шеккен балалардың саны шамамен бестен он бес процентке дейін өсуі күнделікті өмір тіршілігін айтарлықтай шиеленстіріп жіберген.

Талқыланған зерттеулерде анықталған.тағы бір маңызды мәселе, ол айтарлықтай жиі кездесетін бұзылулардың тек кейбір нақты жағдайларындағысын есептемегенде жарым-жартылай немесе толығымен болса да өзіне тән ерекшелігімен көзге түсетіндігі байқалады. Мысалы, түнде ұйықтап жатқанда астына жіберіп қоятын әдеті тек өз үйінде болуы, ал ата-анасынан алыстау бөтен үйге қонған кезде ол әдеті еш уақытта болмауы мүмкін немесе мектепте жүргенде көрсететін шалдуарлық, сотқарлық қылығын үйіне келгенде ата-анасының алдында еш уақытта көрсетпеуі мүмкін. Қандай жағдайдағысы болмасын баланың мінез - құлқы туралы деректерді алудың қажеттілігіне қатысты келтірілген бұл фактілер бізге іс жүзінде қорытынды жасауымызға және сондай-ақ балалық жастағы психикалық дамудың табиғи бұзылуы жөнінде де біраз ой - пікір айтуға мүмкіндік береді. Психикалық күйзелістердің симптомдарының өздеріне тән ерекшелік жағдайларын терминдердегі әрекеттестіктерімен байланыстырып талдау қажет деген ұйғарымға келуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, симптомның пайда болу проблемасы, тек баланың өз басында ғана емес, ең бастысы,баланың айналасын қоршаған ортасымен өзара қарым-қатынастағы іс-әрекеттерден де болады[4,35].

Баланың мінез-құлқының әдеттегі қалпынан ауытқуы дегеніміз қандай болады?

Мінез-құлықтың қандайының болса да ауытқуы ықтимал дегеніне баға беру үшін әр түрлі өлшемдердің бірнешеуі пайдаланылады. Оларға жататындар: баланың жас ерекшеліктеріне және жыныстық бұйымдарына тиісті нормативтері.

Мінез-құлықтың кейбір ерекшеліктері белгілі бір жастағы балалар үшін ғана дұрыс деп саналады. Мысалы, нәрестенің жөргегі суланып қалғанда оған ата-анасы мазасызданып, онша көп көңіл аудармайды және бұл әдетке дағдыланған балалардың көбісі төрт немесе бес жаска дейін астарына жібере береді. Ал, он жасқа келген балалардың арасында мұндай әдет сирек кездеседі, сондықтан да бұл жастағыларда болып қалатын бұл сияқты келеңсіз жағдайларды әдеттегі қалыптан ауытқу деп қарастырады. Дәл осы сияқты жаңадан жүре бастаған жас балақайдың жақын адамынан кенет ажырасып қалып алаңдайтын кезде болып тұратын әдеттегі дағдылы жағдай (мұның нағыз ерекшелікке тән әдетке айналғандығы соншалықты ата-анасынан айырылысқанына немқұрайлы қарайтын бұл жастағы баланың мазасыздануы үшін қисынды дәлел ). алайда жасөспірім бала жігіттің жақын адамнан ажырасып қалған кезде болатын қынжыла қайғыруы - өте сирек кездесетін құбылыс, сондықтан да ондайды қалыпты жағдай деп айтуға болмайды.

Жыныс ерекшеліктеріне қатысты мәселені әңгіме қылғанда, тіпті балалық шақтың есейген кезінде де ер және кыз балалардың мінез-құлыктарында көп ұқсастықтары болады. Ер балалардың көбісінде қыз мінезіне тән кейбір қылықтардың белгілері байқалады, қыздардың да көбісінде еркектердің мінезіне тән кейбір қылықтарының белгілері көрініп тұрады. Бұл- табиғи ережеге сай келетін заңдылық. Ер баланың мінезінде әйел мінезіне тән барлық ерекшеліктердің жиынтығы болатыны айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, сондықтан да статистиканың көзқарасында мұндай құбылыс кемістік болып шығар еді. Қатты көңіл аударуды талап ететін бұл сияқты ауытқулардың мәселесі тек басқа бір кемістіктердің өлшемдерінің есебінен, сондай-ақ әлеуметтік дамудың бұзылуынан шешілуі мүмкін[3,47].

Күйзелістің сақталу ұзақтығы

Бұрыңғы айтылғандай, кез келген жастағы балаларды тексерген кезде олардың көпшілігінде үрей-қорқыныш және ұстамалы-талмалы немесе тағы басқадай күйзелістердің болатындығы жиі көрініп тұрады. Алайда мұндай жағдайлардың сақталу ұзақтығы көпке бармайды. Сонымен, мысалы, балалардың көпшілігіне жуығы кезінде мектепке барғысы келмей, кежегесі кейін тартқан кежірлік күйден өтеді. Бұл баланың өміріндегі тек бір ғана күнде немесе бірнеше аптаға созылатын құбылыс болуы мүмкін. Көптеген айлар бойына, тіпті жылдар бойына мектепке барғысы келмей қашқақтайтын кежірлігі әрине, алаңдатушылық туғызбай қоймайды.

Бұзылудың дәрежесі

Бір мезгілде көрсетіп толып жатқан симптомдарға қарағанда жетелеген симптомдарға түсетін шағымдар анағұрлым жиі кездеседі. Баланың мінез-құлқында бөлектеніп жеке дара байқалатын симптомдар шындығында да көңіл аударуды аса қажет етеді. Көптеген эмоциялык немесе мінез-құлық күйзелістері бар, әсіресе, егер олар психикалық өмІрІнің әр жағынан бір мезгілде әсерін тигізетін болса, ондай балаларды жан-жақты үңіліп тереңірек тексеру қажет.

Симптомның бейнесі

Симптомның мағынысы, сондай-ақ оның тура мағынысындағы табиғатының кейбір шектеулерінен де айқындалады. Зерттеулердің көрсеткеніндей, бір симптомдардың шығуына көбінесе баланың дұрыс тәрбиеленуі, ол екіншілеріне психикалық күйзелістер себеп болады. Шынында да, тырнағын тістелеу-дені сау балаларда да, сондай-ақ психикалық жағынан ауру балаларда да жиі кездесетін кәдуілгі әдет болғандықтан, ол психикалық аурудың нышанына жатпайды. Бұдан, алайда, диагностика үшін тап осы симптомның ешқандайда да маңызы жоқ деген қорытынды шықпау керек. Керісінше, бала әсіресе ішкі жан дүниесі ширығып шиеленіскен кезде тырнағын тістелейді. Алайда ширығып шиеленісу психика күйзелісінің синонимы бола алмайды, себебі мұндай әдет адамдардың барлығында да оқта-текте болып тұрады, мәселен, құрбы-құрдастардың ара-қатынастарының бұзылуы, шынында да, психикалық күйзеліспен едәуір жиі байланысты екені байқалады, сондықтан мұндай жағдай тереңірек үңіліп карағанды талап етеді.

Симптомдардың ауырлығы мен жиілігі

Біркелкі ұстамды мінез-құлықтың оқта-текте қиындап кетуі балаларда кездесе беретін әдеттегі құбылыс болғанымен, жиі-жиі қайталанып тұратын ауыр күйзеліс. Баланың түнде ұйықтап жатқанда жайсыз бастырылып қалуынан әр нәрсені бір шатып, байланыссыз былдырлап сөйлейтіні немесе бір нәрсеге жөн-жосықсыз ашуланған кезде өзінен-өзі жұлынып долданып кететін немесе жүйке жүйесінің оқта-текте жұлқып қалып еріксіз тартатыны немесе осыларға ұқсаған тағы басқалар сияқты симптомдардың нышандарына үйлесіп кететін жағымсыз құбылыстары жайында сөз болған кезде, ең алдымен олардың көріну жиілігін анықтап алып, сосын бұзылудың нақты көрінісін көз алдына келтіру өте қажет. Баланың екі минуттай еденді тепкілеп, бақырып- шыңғырып немесе жарты сағаттай еденде аунақшып -дөңбекшіп бар дауысымен ойбайлап жылап, сосын өзінен-өзі талықсып қалуының сыры неде ? Ата-аналардың баланың түн караңғысынан қатты қорқып үрейленетін себебі, түсінде көрген сұмдық қоркыныштарды таңертең оянғанда көз алдына елестетуінен немесе түн ортасында қара терге малынып және жылап шошып оянуынан болар деп ойлаулары неліктен ? Балада мұндай кұбылыстар түн сайын көріне ме, жоқ әлде ойына бір-ақ рет көріне ме деген сияқты бұл жағдайлардың да дәл сондай маңызы зор[5,26].

Мінез-құлықтың өзгеруі

Мінез-құлықтың өзгеруі диагностикаға қосьілған тағы бір маңызды аспект болып саналады. Баска сөзбен айтқанда, балалардың мінез-құлықтарына талдау жасағанда оның өзгеруін жалпы балаларға тән ерекшеліктермен ғана емес, сонымен бірге тек бір баланың қалыпты жағдайындағы дағдылы мінез-құлқымен де салыстырып қарау қажет. Әрине тіршілік ағымының барысында мінез-құлықтың әр түрлі қалыпқа түзілген құрылысы өте күрделі болуы мүмкін, алайда, егер де баланың мінез-құлқында бірқалыпты пісіп жетілудің және дамудың заңдылығымен түсіндіріп болмайтын өзгерістер пайда болған жағдайда, онда мұндай өзгерістерге әрдайым көңіл аударып отыру қажет.

Симптомның ситуациялық ерекшелігі

Кеңінен таралған пікір бойынша, пайда болуы ешқандай ситуацияға ешқашан да тәуелді болмайтын симптом тек белгілі жағдайда ғана пайда болатын симптомға қарағанда тым қатерлі күйзелісті бейнелейді. Шындығында, симптомның ситуациялық ерекшелік дәрежесінде мінез-кұлықтың ауытқуы өлшемі тым жақсы емес екендігін көрсетеді. Әйткенмен де, мұндай нышанға назар аударып отырудың маңызы зор. Оның болуы және өзгеруі баланың басқа адамдармен қарым-қатынасының проблемасындағы даму динамикасына белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді.

Сонымен, мінез-кұлықтың қалыпты жағдайдан ауытқуы туралы мәселені шешкен кезде, жоғарыда аталған барлық өлшемдердің әсер-әрекетіне назар аудару қажет. Алайда тіпті бұл жағдайда да "кемістікті" анықтау тек статистикалық мәліметтердІң негізінде, яғни, симптомның жиілІгі туралы мәліметтері жеткіліксіз болып саналады. Сонымен қатар қалыпты жағдайдан ауытқу дамуға қаншалықты зақым келтіретінін ескерген жөн.

Уайым-қайғының үлкен сергелдеңі

Балалардың бір-бірінен қалыпты жағдайдағы айырмашылықтарының өрістері өте кең. Бір балаларда ұстамдылық, сабырлық және сақтық ал екіншілерінде ақжарқындық, шаткөңілдік және қызықты уақиғаларға әуесқойлықпен қарауды ұнататын құмарлық қасиеттер бар. Ол да, басқасы да өте оңтайлы, жанға жайлы және бірқалыпты әдеттегі табиғи қасиет, сондықтан балалардан да ешқандай да "дені таза" жасанды еліктеушілік мінез-құлықты талап етудің ешбір мағынасы жоқ. Баланың әлеуметтік байланыстардан қол үзіп кеткені және басқа балалармен қатыспайтыны туралы сөз болғанда, ең алдымен, оның салы суға кетіп, уайымға салынуы қандай жағдайларға байланысты екенін анықтап алу керек.

Баланың табиғи жаратылысында қандай ерекшеліктері бар? Ол ешкімге жалынышсыз тәуелсіздігін, сол үшін өміріме өте ризамын деп немесе басқа балалармен тіл табысып жуыса алмайтын мінезінің қолапайсыздығынан бақытсызбын деп сезіне ме ? Ол айналасын қоршаған ортаны терең байымдай алмауынан оған немқұрайлы салқын қарап, тек өзінің ішкі дүниесіне ғана үңіліп жүретін тұйық мінезді болуы немесе бірдеңкені істегісі келгенімен, бірақ қалай істерін және балалармен қалай жақындасудың жөнін білмей немесе алғашқы қадамды бастауға жүрегІ дауаламай қиналуы мүмкін шығар ?

Иттен қатты корқатынына шағым жасаған жағдайда, бәлкім, оның иттен қорықпайтынын, бірақ жақсы көрмейтіндіктен (шынында да бұл жерде ешқандай қорқыныш үрей болмаған ) оның жақын келіп қалған кездегі түрін көргенде-ақ корыққаннан да бетер қалтырап, дірілдеп кететініне карап баланың уайым-қайғысының неден екенін айырып білуге болар еді.

Сайып келгенде, мінез-құлықтың долдануы баланың өзін бақытсызбын деп сезінуінің және өзіне-өзі қанағаттануының немесе бұдан да гөрі ол өзінікінің дұрыстығын мақұлдатып жақтату үшін қатты еліріп бетбақтырмауының нәтижесінен болуы мүмкін деген жорамалдарды негізге алып, үшінші жағдайдағы долданудың себебін анықтап алу қажет[8,46],

Даму жолындағы қиындықтар.

Психологиялық дамудың прогрессивтігі, әр түрлі тіршілік қиындықтарының қайшылықтарынан алынған тәжірибесі, дамудың белгілі бір кезеңінен алмасып келуі және қоршаған ортаны бақылауға алуды жоғары сатыға көтеру мүмкіндігі баланың өсу процесінің қажетті аспектісін жасайды. Баланың дамуы ортаның талабына қарай өзгеріп отыратын психикалық процестің жұмылдырушылығы мен бейімдеушілігі бәсеңдеген кездегі жағдайына (ригидной) немесе оқиғаның әбден айқындалып қойылған бұлжымайтын жүйелілігіне қатыспайды, сонымен бірге ол белгілі бір дәрежеде алдын ала болжалданады.

Мысалы, бала әуелі өзімен-өзі, сосын көршілес қатарымен, ал содан кейін басқалармен ойнауды үйренеді. Ерте балалық шақтағы достықты тұрақты, орныққан және терең сезімдегі достық деп әзірге айтуға болмайды, алайда жасы өскен сайын достық қарым-қатынастағы байланысы берігірек орнығып және ұзағырақ созыла бастаііды, ол оған өзінің бар жан-тәнін салып кіріседі. Ол сенуді және сенімді ақтауды үйренеді, басқа адамдардың уайым-қайғысын түсінеді және әлеуметтік қатынастарда қолданылатын ауызекі тілде жеткізуге болмайтын символдарды және әр түрлі таңбаларды, дақтарды іздерді, белгілерді, ишараттарды, нышандарды, ырымдарды, бедерлерді тез айырып таниды. Осы өзгерістермен қатарласа оның сәби кезінен-ақ басқа кейбір адамдарға үйірсектеніп алып, ал олар бір сәтте көрінбей қалғанда мазасызданып жоқтайтын бауырмалдық сезімі пайда болады. Бұл сияқты байланыстар уақыт өткен сайын бірте-бірте ыстық тартып жүргеніне ұялай береді де, тіпті өзінен алыста жүрсе де сол адамдармен көңіл жақындық байланысын үзбей, әрдайым есінде сақтап жүреді. Баланың ата-анасынан басыбайлылығының босай бастауы, сондай-ақ құрбы-құрдастарымен және де басқа ересек адамдармен араласқандығы қарым-қатынастарының маңыздылығьның артуы автономиялық және тәуелсіздік дәрежесінің айтарлықтай өскендігін көрсетеді.

Когнитивтік және сөйлеу тілі сияқты басқа да психологиялық ортаның қалыптасу заңдылықтарының ұқсастықтарын-бақылауға болады. Сондықтан, аурулардың симптомдары туралы сөз болғанда, бұл симптомдардың психикалық дамудың барысын тежейтін және зақымдайтын немесе бұрмалайтын, сөйтіп осы процестің табиғи бақытына кедергі жасайтын дәрежесіне көңіл аудару қажет. Сонымен, әлеуметтік байланыстардан қол үзіп кеткен-ді немесе қатты долылықты тексеріп талдаған жағдайда бұл бейімділіктер баланың әлеуметтік даму процесін қаншалықты қиындататынын, оның жолдастарымен карым-қатынасы қалай қалыптасып жатқанын және оның басқалардан тәуелділік немесе тәуелсіздік ерекшелігі қандай дәрежеде көрінетінін психиатор анықтап білуге тырысады[7,31].

Баланың мінез-құлқындағы күйзелістің басқа адамдарға тигізетін ықпалы

Ең ақырында, біздің барлығымыз да адамдардың арасында өмір сүретінімізді, яғни, басқалармен бірігіп өзара қимыл іс-әрекет пен өзара қарым-қатынас жасау арқылы әлеуметтік ортада тіршілік ететініміздің өте маңызды рөл атқаратынын ескерткен дұрыс болар еді. Қатынас - адамның табиғатындағы ең маңызды ерекшелік қасиеті және адамдардың өзаралық мүдделілік байланыстары мен ұйымшылдық қатынастары дамудың мызғымайтын берік негізі болып саналады. Бұзылған мінез-құлықтың барлық көріністеріне сәйкес өзаралық жеке қарым-қатынасты мағыналық жағынан қарастыру қажет. Баланың мінез-құлқы айналасындағыларға қалай әсер етеді ? Оның долылығы адамдармен ара қатынасын жай бұзумен ғана тына ма әлде олардың психологиясын зақымдай ма ? Баланың негізгі проблемасы мінез-құлықтың ерекшеліктерімен соншалықты байланысты болмаса да, ортаның талабына қарай өзгеріп отыратын психикалық процестің жұмылдырушылығы мен бейімдеушілігінің төмендеу кезіндегі айналасындағылармен өзара бірлесіп әрекет жасау тәсілдерінің түрлері де тап сондай дұрыс болмайтын жағдайлары айтарлықтай жиі кездеседі[9,29].

Диагностика және әдістемелік мәселелер

Диагнозды қою, яғни, жоғарыда аталған өлшемдеріне сәйкес табылған психикалық күйзелістің жаратылысын анықтау - диагностиканың келесі кезеңі. Медицинада қалыптасқан дәстүр бойынша, әдеттегідей бірден түсінікті болу үшін барлығын қамти алатын бір термин сөзді қолдануға тырысады. Сырқат адам туралы сөз болғанда, оның митралдыстеноз (жүректің қан жолы тетігіндегі аурулардың бірі) немесе өкпе туберкулезінің бар екенін айтады. Белгілі бір ауруларға қатысты бұл терминдер сыркаттың негізгі басты бір себептен шығатынын шамалайды да, орынды болжамның бір ғана амалын және сырқаттың емдеу жағдайын айқындайды. Мұндай көзқарас бойынша, туберкулез ауруы туберкулез таяқшаларынан пайда болады, оны соған арнаған дәрілермен емдейді, ол дәрілер бацилл бактерияларын өлтіреді. Аурудың атын анық көрсететін терминнің беретін ақпаратты мағлұматы өте көп, Соған арнайы алынған қолайлы терминнің жәрдемімен дәл қойылған диагноз дәрігерлердің практикалық жұмыстарына өте үлкен пайдасын тигізеді. Шынында, істің жағдайы әлдеқайда күрделірек екені және бұл сияқты диагностика бірқатар өте маңызды кезеңдерді ескермейтіндігі дәрігерлерге де жақсы мәлім. Мысалы, туберкулез ауруы организмдегі туберкулез таяқшаларының қоздыруьшан пайда болуымен бірге, көбінесе тұқым қуалайды, дұрыс тамақтанбаудан және тұрмыс-тіршілік жағдайының қиындығы да бұл аурудың барысына ықпалын тигізеді, сондай-ақ бұл ауруға психоәлеуметтік факторлар да әсер етуі мүмкін деген жорамал бар[13,35].

Қалай болғанда да, бұрынғы өткен жалпы психотерапияда диагностиканың ұқсас принциптерінің тенденциясы пайдаланғандығы байқалады. Шизофрения немесе маник депрессивтік психоз сияқты диагноздарды аурулы адамдардың белгілі бір дертке шалдыққаны деп ұйғарған, ал ғалымдар оның шығу себебінің бір ғана жолын іздестірумен айналысты. Тап осы сияқты тәсілді бала психикасының өте сирек кездесетін күйзелісіне біршама баға берген кезде қолдануға болады, көп жағдайларда баланың психикалық күйзелуі бір ғана себептін қоздыруынан шығатын дерт екен дейтін көзқарас дұрыс болмайды.

Психикалык күйзеліс - сөздің мағынасында, ол - дерт емес. Психологияның проблемалары өте күрделі болуы мүмкін және оларды бір терминге сыйғызу онша оңайға түспейді, оның үстіне психикалык күйзеліс бір мезгілде бірнеше факторлармен детерминделеді. Психикалық күйзелістің шығу себептері дағдыдағыдай әлден көп, сондықтан олардың арасында біреуін ғана бөліп алып қарауға тырысу ешқандай да мағына бермейді. Кезінде психиатрияда "миы зақымданған бала", "органикалық жолмен зақымданған мидың синдромы" немесе "мидың органикалық жолмен аз зақымдануың туралы әңгіме болған еді. Бұл медициналық диагноз сияқты болып алайда дәл солай ойлағандар қатты жаңылысқан еді. Органикалық жүйемен зақымданған мидың бірыңғай синдромы жоқ - олар әлденеше түрлері ұқсас күйзелістер әдетте балаларда ажыратылмайды, мидың органикалық зақымданғаны да, не зақымданбағаны да байқалмайды. Сонымен қоса, мидың зақымдануы психикалық күйзелістің пайда болуына әруақытта себеп бола бермейді[10, 49].

Әрине, бұл сияқты зақымның бұл баланың психикалық күйзелісіне бейімділігін айтарлықтай арттырады, алайда бұл фактор психоәлеуметтік ықпалдың күрделі спекторымен өзара бірлескен әрекетінің нәтижесінде болады. Сайып келгенде, мидың органикалық зақымының қызметі туберкулез аурулары қоздыратын туберкулез таяқшаларының баламалы қызметімен еш уақытта санаса алмайды[13,46].

Балаға психоз немесе ақыл-ойы артта қалған диагнозының қайсысын қойған дұрыс деген даулы айтыстың төңірегіндегі екінші мысал да біздің бұрыңғы өткен психиатриямызға тағы да байланысты, мұнда жүрек ревтомизмі мен оның іштен туа біткен ақаулығының аралығындағы дифференцияльды диагностика түріндеғі диагностика жөнінде сөз болады. Бұл екі жағдайда да түрлері бір-біріне мүлде ұқсамайтын ситуациялар жайында сөз болып отыр. Психоз баланың эмоциональдығына және мінез-құлқына кұқықтық жағдайының да қатысы бар, ал ақыл-ойының артта қалуы оның ой-өрісінің деңгейіне байланысты. Негізінде ол да, бұл да диагноздың әр түрлі құрамды бөлігі болып саналғанымен, бірақ өте маңызды. Балада психоз болғанымен, бірақ ақыл-ойы дұрыс болуы мүмкін немесе керісінше, оның ақыл-ойы артта қалғанымен, бірак психоз болмауы мүмкін, ал сайып келгенде, екеуі де болуы немесе болмауы мүмкін. Психоз бен ақыл-ойының артта қалуы баланың психикалық даму барысындағы бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр түрлі күйзелістер, сондықтан да олар оның психикалық болмысының жан-жағын қамтып, әр түрлі сипаттайтынын түсіну кажет.

Тап осындай ойланып-толғанулардың негізінде және соған байланысты жалпы медициналық өлшемдеріне қолданылатын диагностика психиатрияның практикасында пайдасыз болып шықты, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысшылар тобы бұдан бірнеше жыл бұрын балалар психиатриясына қарай мультифакторлык тәсілді зерттеп жетілдірді.

Бұл тәсіл балалар психиатрларының барлығынан да қолдау тапты, сондықтан ол жеткілікті дәрежеде клиникалық ойлау стиліне тура келді және оның расында да, диагностиканың пайдалы жұмыс схемасын ұсынатынын алғашқы зерттеулерде көрсетті. Осы кітаптағы баяндалып отырған диагностика жүйесі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дайындаған зерттеулеріне сәйкестендіріліп құрылған, алайда біраз ерекшеліктері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]