Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

курс 1курс

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
87.64 Кб
Скачать

Диагностика бес аспектіге бөлінеді:

1) клиникалық психиатрия;

2) ой-өрісінің даму деңгейі;

1) клиникалық психиатриялық синдром;

3) этиологиялык биологиялық факторлары;

4)этиологиялық психоәлеуметтік факторлары;

5)дамудың бұзылуы.

Осы схеманың негізінде құрылған диагнозда оның барлық бес бөлімінен тіпті, негізсіз болса да, баланың проблемалары туралы ақпарат міндетті түрде болу керек. Осындай диагнозға келтірілген бір мысал: мінез-кұлықтың синдромы - эпилепсиямен ауруының зардабынан қарым-қатынасқа тән шала бүлінуден, шатақ-жанжалдың жиілеп кетуінен, көңілсіздіктен, үйден шықпай отыратын, бірақ ақыл-ойы дұрыс балада дезадаптация болатындығы байқалады.

Синдромдардың диагностикасы

Әрбір диагностикалық категория синдромдардан, пайда болатын механизмдерден және емдеудің әр түрлі әдістерінен тұрады. Болуы мүмкін бұзылуды анықтау үшін жекелеген әрбір жағдайда клиникадағы дәрігер-ғалымның оның біліну нышанын егжей-тегжейлі толық талдауына тура келеді. Бұл өте күрделі және қиын сияқты болып көрінуі мүмкін, сондықтан да кейде дәл қай механизмнің ықпалынан екенін де анық білу мүмкін емес. Алайда, бар мүмкіндігінше, осы жолмен алға қарай жылжи берудің маңызы өте зор.

Мысалы, әр түрлі екі симптомның процедурасындағы олардың диагностикасын қарастырайық. Әрбір жағдайда біз диагностикалық процестің симптомынан бастап тым күрделірек психиатриялық категорияға және одан әрі қарай өзіне тән ерекшелігі бар субсиндромға дейінгі қимылын қадағалаймыз. Процедураны оңайлату үшін бірлі-жарым нышанын талдау қимылының бағытын анықтайтын симптомдардың тармақталған схемасын пайдаланып қаламыз. Іс жүзінде диагностика соншалықты қарапайым және жинақы болмауы мүмкін екенін, әсіресе, бірнеше әр түрлі психологиялык механизмдер бір уақытта әрекет ететін жағдайлар едәуір жиі кездесетінін ескеру қажет[11,56].

Мектепке бармай қалу

Баланың мектепке бармай қалуынының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағдайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдыруы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектептке бармай қалуына осы кінәратты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы оның сабаққа катысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтар бар екенін көрейік.

Схематикалық процедураның талдауы

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналасатынын анықтау қажет. Егер үйде шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино көруге, театрға кетуі немесе ойнап кетуі мүмкін.

Мектепке барудан бас тартуына әлеуметтік фобия немесе көліктік фобия азырақ болса да жиі кездеседі. Біріншісінде әлеуметтік жағдайдан және адамдармен кездесуден үрейленуі, ал екіншісінде - автобус, пойыз және т.б. көліктермен жүргенде үрейленуі сөз болып отыр. Екі жағдайда да мектепке баратын жолда адамдармен кездесіп қалу және көлікпен жүру қаупінен сақтану үшін сезікті сырын сыртқа шығармаудың ең оңай әдісі - мектепке барудан бас тарту болды.

Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анықтау керек. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадымынан болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға болады. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жүрсе, онда оның мектепке барудан бастартуы депрессия түрінде деп санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажет. Егер баланың мектепке барудан бас тартуы сабақ кестесіне байланысты болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді[12,62].

Тағы бір жағдай егер шешесі баланы жалғыз өзін үйде калдырып кетсе, туысқандарының үйіне жұмсаса, барғысы келмесе немесе мектепке бас тартуына себепші болған айырылып қалу каупінен алаңдауы.

Энкопрез

Баланың үлкен дәретін ұстай алмай дамбалын былғап коятын немесе кез келген жерге отыра салатын болады. Баланың іші жүрмей қатып қала беретіндігінің себептеріне көңіл аудару қажет. Егер ол шынында да солай болса, онда мегаколон деп аталатын жерінің бұзылуы мүмкін. Ішектің ішіндегі нәжістің қататындығы сондай, ол жарым-жартылай тығындалып жылжымай тұрып алады. Сондықтан да мүндай жағдайда басты мәселе іштің жүрмей қатып қалуына байланысты болады.

Еғер баланың ішегіндегі қатқан нәжіс жоқ болса, онда тәрізі баланың іші тоқтамай жиі-жиі өтетін болғаны, сонымен қоса ол баланы ластайды. Ішек қызметінің бұзылуына себеп болған бір сырқаттың тигізген зардабынан іш тоқтамай жиі-жиі өтуі мүмкін.

Өмірге жаңа келген нәресте алғашқы кезде дембіл-дембіл астына жіберіп, жөргегін былғап тастайды. Кейін өсе келе ол үйренеді:

а) оның ішегін босатудың қажеттігін білдіретін саналы сезімі жетіле бастайды;

б) дәретке отыратын белгіленген орынға үйренгенше дағдылануға жаттығады;

в) ол дәретке қандай орынның ыңғайлы болатынын түсіне бастайды.

Егер балада нәжістің келетін уақытын алдын-ала бақылап отыратын түйсік-сезім қызметі жеткілікті дамыған болса, онда ол еріксіз жібере береді, яғни кез келген жерге отыра салады.

Нәжісін ұстап тұра алмау тек лайықты орынға отырып дағдыланбаудан ғана болмайды. Ол баланың психологиялық күйзелісінен де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда күйзелістің қандай себептермен пайда болатындығынын зерттеп білуге диагностика жәрдем береді. Кейде ішектегі нәжіс қалдықтарын физиологиялық жолмен тазартуға лайықты болмайтын жерлері тек қана психологиялық механизмдердің әрекетімен түсіндіріледі. Мысалы, ата-анасымен арақатынасы бұзылған бала, сайып келгенде, өзінің наразылығын білдіруіне болады[14,21]

Қорытынды

Психикалық бұзылулардан зардап шеккен балалардың саны күнделікті өмір тіршілігін айтарлықтай шиеленістіріп жіберген. Алайда, бұл сияқты бұзылуға шалдыққан балалардың тек азғантай бөлігі гана психиатрдың қабылдауына тап болды. Барлық жағдайларда да психикалық дамудың бұзылуына жәрдем бере алатын тек психиатр деп ойлау шындыққа мүлде жанаспайды. Проблеманың ауқымдық көлемділігінің көрсетіп тұрғандай, психикалық күйзелістің кейбір түрлерін түзетуге емханада және одан тысқары жерде жұмыс істейтін педиатрлар, сондай~ақ медициналық білімдері болмаса да педагогтар мен психологтардың, тіпті әлеуметтік мекеменің қызметкерлерінің де қатысулары тиіс.

Жоғарыда айтылған барлық жағдайлардың мазмұны мен оның мәні, "кімнің ауру" немесе "кімнің кінәлі" екенін анықтап қою ғана емес, шындығын айтқанда, "проблеманың мәнісі неде екенін" және "оның қалай пайда болғанын" дұрыс түсінудің керектігін көрсетеді.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дүрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды "мен" бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай "мен" бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге "өтуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Серкебаев Қ. "Қиын балаларға көмек." «Ұлағат» журналы, 1998-2006/1 аралығы. 25 бет

2 Петровский А. В. "Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы" Алматы, Білім, 1987. 13 бет

3 Крупская Н. К. "Воспитать общественника коллектива" пед. соч. 3-том. Москва 1959.48 бет

4 Әділова К. "Қиын оқушыны тәрбиелеу қиын ба ? Бастауыш мектеп, 2002/5. 35 бет

5 Сухомлинский В.А. Рождение гражданина. "Молодая гвардия",

Москва, 1971.26 бет

6 Қожахметова К. "Қиын балалар жайлы түсінік" «Ұлағат» журналы, 2001/1. 42 бет

7 Сухомлинский В.А. Как воспитывать настоящего человека.Москва, 1975. 31 бет

8 Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. "Педагогика" Астана, 1998. 46 бет

9 Марьенко И.С. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу. " Мектеп", Алматы, 1987. 29 бет

10 Вестник журналы "Қайнар" психология, социология сериясы. 2005 ж. 49 бет

11 Сухомлинский В.А. Трудные судьбы. Изд-во "Знание", Москва, 1967. 56 бет

12 Жарықбаев К. Из истории развития педагогической мысли. Алматы, 1978. 62 бет

13 Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы, 1992. 46 бет

14 Турсынов Б.Ж. Нравственно - духовное просвещение. Алматы, 1995. 21 бет

27

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]