Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебек орау блімі.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
176.13 Кб
Скачать

Қали А.С. ИС-10-1 тобы

ТАҚЫРЫП: «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасы» ММ автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру

5 Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау – өндірістегі еңбек қауіпсіздігі жағдайларын зерттейтін, оқыс жағдайлармен кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастыратын әлеуметтік-техникалық ғылым болып табылады.

Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, оның белсенді жұмыс істеу уақытын ұзарту, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту, апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.

2007 жылы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (1 тарау, 1 бап) еңбекті қорғау – бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек-қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек қорғау саласында қазіргі кезде келесі негізгі ұғымдар белгіленеді: қауіпті өндірістік фактор, зиянды өндірістік фактор, жұмыс орны, өндірістік санитария, қауіпсіз техника, өрт қауіпсіздігі, өндірістік сәтсіз оқиға т.б.

Қауіпті өндірістік фактор деп оның әсерінен, қызметкер уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігінен (өндірістік жарақатқа немесе кәсіби ауруға) айырылып немесе өлімге әкеп соқтыратын өндірістік факторды айтады.

Зиянды өндірістік фактор деп, оның әсерінен қызметкерлер сырқаттанып немесе еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыратын өндірістік факторды айтады.

Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар арасында айқын межені өткізуге болмайды. Бір жағымсыз фактор жарақатқа және кәсіби ауруға әкеліп соғуы мүмкін (мысалы, көзге түскен өндіріс шаңының бөлшектері жарақатқа, ал шаңнан – силикоз ауру пайда болады; жылудың артық мөлшерінен адам күйіп жарақат алса, организмді ыстық соғуы мүмкін).

Қызметкерердің еңбек қызметі процесінде, еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орын жұмыс орны деп белгіленеді.

Өндірістік санитария деп қызметкерлерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін тигізбейтін немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесін айтады.

Өндірісте сәтсіз оқиғалардың алдын алу жөніндегі ұйымдастыру және техникалық шаралар мен құралдар комплексі – техника қауіпсіздігі деп аталады. Өндірістік сәтсіз оқиға деп қызметкерлердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбек қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өлі міне әкеп соғатын өндірістік факторларды айтады [1].

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексінің 3 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері келесідей:

1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексінің 6 бабына сәйкес, әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексінің 314 бабына сәйкес, қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;

4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуғабайланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;

5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;

7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы ақпарат алу;

8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар [2].

5.1 «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасы» мм автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үшін қауіпті және зиянды факторларды талдау

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздікпен еңбек қорғауды коллективтік келісіммен және жұмыс берушілердің актілерімен қарастырады. Ол жердегі қауіпсіздікпен еңбек қорғау заңда жазылғаннан төмен болмау керек.

Санитарлы ережелер және нормалар СанЕН N 1.01.004.01 ЭЕМ жұмысты ұйымдастыру шарттарын анықтайды [3].

Бөлме жоспары 5.1 суретте сызылған.

5.1 сурет. Бөлме сызбасы

Бөлменің негізгі параметрлері:

  • 2-ші қабат;

  • 4,5 м - бөлме ұзындығы;

  • 4 м - бөлме ені;

  • 3 м - бөлме биіктігі;

  • терезе саны - 1;

  • терезе ойығының ені - 2 м;

  • жұмыс орны саны - 3;

  • бөлменің ішкі көрінісі – төбесі ақ түсті, қабырғалар ақ түске боялған;

  • еден төсеуі – ашық қоңыр түсті ламинат.

Сонымен, бөлме ауданы 18 м2, көлемі – 54 м3.

Бір жұмыс орнына ең аз аудан мен көлемін анықтайтын нұсқау берілген. Бөлмеде үш жұмыс орны бар, сол себепті әрбір жұмыс орнына 6 м2 аудан мен 18 м3 көлем сәйкес болады. Аудан бойынша нұсқау орындалады, ал көлем бойынша мән нұсқау мәніне келмейді.

Бөлмеде жылыту жүйесі бар. Салқындатқыштың жоқ болуына байланысты жазғы уақытта бөлмені жиі желдетіп отырады.

Ауаны ылғандандыру құрылғылары қолданылмайды, бұл берілген нормаларға сәйкес келмейді. Алайда бөлмеде күнде сулы жинастырылу жүргізіліп отырады.

Жұмыс аймағында санитарлық нормаға сәйкес ауаның темпереатурасының мөлшері, ауаның жылы мезгілінде – 23-250С, ауаның суық мезгілінде – 22-240С көрсетеді.

Бөлменің негізгі шу көздері болып дербес компьютердің қоректену блогы салқындатқышы, қатты дисктер, принтерлер табылады. Ереже бойынша шу деңгейі 50 дБ-дан аспауы керек. Қарастырылған бөлмеде шу деңгейі орташа. Алайда есептеу кезінде адамдардың сөйлесуі, телефон дыбысы сияқты екінші деңгейлі дыбыстар ескерілмеді, сондықтан кей жағдайда шу деңгейі нормадан асады.

Табиғи жарық көзін терезедегі перделердің көмегімен реттеп отыруға болады. Бұл берілген нұсқаларға сәйкес. Жасанды жарық көзі ретінде қуаты 100Вт-қа тең шамдар қолданылады, олар жұмыс аймағы ортасында жоғарыда орналасқан.

Санитарлы ережелер мен нормалар бойынша терезе ойығы бар қабырға мен үстелдер арасындағы ара қашықтық 0.25 м-ден 0.5 м-ге болу қажет. Біздің жағдайда үстел мен терезе ойығы бар қабырға арасындағы аралық 0.5м. Талаптар орындалған.

Жұмыс үстелі конструкциясы талаптарға сай. Жұмыс үстелі биіктігі 75см, бұл мән де ереже мен нормаларда жазылған талапқа сәйкес келеді.

Алайда жұмыс орны аяққа арналған тіреуіштермен жабдықталмаған. Талаптардың 5.2.6 тармағы орындалмаған.

Компьютерлік столда пернетақтаға арнайы қозғалмалы сөре бар, ол үстел биіктігінен 15 см-ге төмен орналасқан. Бұл көрсеткіш талаптарға сай. Әрбір жұмыс үстелінде кеңселік айналмалы арқасы мен қол қоюға арналған орны бар орындықтар бар.

Бөлмеде өрт сөндіргіш пен алғашқы жәрдем беруге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы да бар.

Техникалық сипаттамаларына байланысты дербек компьютер мониторлары TCO`03 стандартына сәйкес. Бұл арқылы біз электрлік құрамына байланысты электромагнитті өріс кернеуілілігі жиілік түрінде 5Гц - 2 кГц-ке 10 В/м артық емес. Бұл мән талаптарға сай [3].