Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (8) шпор метрология

.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
27.41 Кб
Скачать

Қоғамдық өндірістің барлық салаларында болатын стандарттау ғылыми-

техникалық прогрестің өсуінде маңызды рөл атқарады.

Стандарттау ұйымдары технологиялық процесті, жобалау жүйесі мен

басқаруды қамтиды. Стандарттау көмегімен металл, материал, еңбек

үнемделеді, машиналардың техникалық деңгейлері жоғарылайды. Оларды

жасау, игеру мерзімдері қысқарады. Стандарттау аймағында жұмыстарды

дұрыс бағытта ұйымдастыру кезінде біркелкі техникалық саясат жүргізуге

мүмкіндік туады. Осы таңдағы өндірістік жағдайда əртүрлі саладағы

көптеген кəсіпорындар арасында кооперация қажет, ол үшін стандарттау

жүйесін əрі қарай дамытуын жетілдіру керек. Стандарттарға қойылатын

негізгі талабы, көрсеткіштерінің əлемдік ең жоғары деңгейіне сəйкес келетін

көрсеткіштерін белгілеу қажеттілігі болады.

Халықаралық стандарттаудың рөлі өсе береді, ұлттық стандарттарды

жасауға кететін уақыт пен шығындарды азайту есебінен, ұлттық стандарт

талаптарын халықаралық стандартқа енгізу, техниканың əрбір облысындағы

ғылыми зерттеуінің алғашқы есебінен көп экономикалық тиімділікті алуға

зор мүмкіншілік береді.

Өндірісті арнайыландыру мақсаты машина бөліктері, агрегаттары мен

бөлшектерінің өзара ауыстырымдылығы бойынша озық жұмыстар жүргізу,

дəлдік шектері мен қондырулары стандарттарының бірыңғай жүйелерін

қолдану.

Өндіріс экономикасы мен бұйым сапасына едəуір əсер ететін өлшеуіш

техниканың жоғары деңгейі ешбір өзара ауыстырымдылықсыз болмайды.

Өлшеудің техникалық құралдарына машина жасауда болсын, жөндеу

өндірісінде де жоғары талаптар қойылады. Сондықтан стандарттау, өзара

ауыстырымдылық жəне метрология бойынша көптеген мəселелер аумағын

меңгеру осы заманғы инженер-техникалық мамандар дайындауда өте қажет.

Ресейде өнеркəсіптік стандарттау ХVІІІ ғ. басынан басталады. І Петр

бұйрығымен өлшемдері бірдей кемелер жасалынып шығарылады.

1946 жылы стандарттаудың халықаралық ұйымы (ISO) құрылады. Оның

мүшесі боп, 88 ел қабылданды.14

1979 жылы ISO/TK – 176 «Сапаны қамтамасыз ету» стандарты құрылды,

оның мақсаты: сапа жүйесін стандарттау, өнім сапасының жалпы

қағидаларын белгілеу.

Стандарттау мен өзара ауыстырымдылық қағидалары ерте заманнан бері

пайдаланылып келеді. Ежелгі Римде су өткізгіштері диаметрі бірдей

құбырлардан құрастырылды. Ежелгі Мысырда пирамида құрылысында

дəлдігі жоғары бірдей блоктар қолданылды.

Металл өңдеу өнеркəсібінде ең бірінші боп, əлемде өзара алмасатын

өндіріс ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Тула, одан кейін Ижев

зауыттарында жаппай қару-жарақ жасауда жүргізілді.

1918 жылы РСФСР Совнаркомның «Халықаралық мөлшерлер мен

салмақтардың метрлік ондық жүйесін енгізу туралы» декреті жарыққа

шықты. Ол өлшеу техникасы мен аспап жасау облысында стандарттау

жұмыстарының дамуына негіз салды.

1924 жылы СССР-дің ВСНХ төрағасы Ф.Э.Джерзинский бұйрығымен

өнеркəсіпте стандарттаудың тұрақты орталығы, СССР-дің ВСНХ бас

экономикалық басқармасының өнерксіптік стандарттаудың бюросы

құрылды, ал 1925 ж еңбек пен қорғаныс Кеңесі жанындағы Стандарттау

комитеті боп қайтадан құрылды.

Стандарттау комитетінің бірінші төрағасы боп Куйбышев В.В. сайланды.

Металл өңдеу өнеркəсбінде дəлдік шектердің Мемлекеттік жүйесі

енгізілді, онда дəлдіктің 4 класы қарастырылды, сол уақыттағы барлық

қондырулар жиыны сол замана талабын толығымен қанағаттандырды, негізгі

білік пен тесіктер үшін дəлдік шектері өрісінің ассиметриялы орналасуын да

қарастырады.

1931 жылы тегіс калибрлер стандарты, бұрандалардың дəлдік шектері,

одан кейін тісті дөңгелектер мен берілістердің, ойма кілтекті қосылыстардың,

керілісті қондырудағы бұрандалы қосылыстардың бөлшек беті кедір-

бұдырлығының стандарттары жасалынып бекітілді.

1940 жылы Мемлекеттік СССР-дің халық шаруашылығының барлық

салаларында қолдануға міндетті стандарттар категориялары (ГОСТ) енгізілді.

1957 жылы СССР-дің Министрлер Советі жанындағы стандарттар,

мөлшерлер мен өлшеуіш аспаптар комитеті (СССР-дің Госкомстандарты)

құрылды.

Негізгі: 3 [3-15]; Қосымша: 4 [9-16].

Бақылау сұрақтары

1. Өлшеулердің ғылым мен техника дамуында атқаратын рөлі қандай?

2. Өлшеулердің мəнділігі неде?

3. Күнделікті тұрмыста үнемі кездесетін өлшеу мысалдарын келтір.

4. Өлшеулердің типографиялық жүйесіндегі негізгі бірлікті ата.

5. Стандарттау мен өзара ауыстырымдылық дамуының қысқаша тарихы.

№2 дəріс тақырыбы: Стандарттау мен өзара ауыстырымдылық

жөнінде негізгі түсінік

Мемлекеттік, мемлекетаралық жəне халықаралық деңгейдегі

стандарттаудың жүйесі. Құрылымы. Негізгі түсініктер. Заңнамалық жəне15

нормативтік базасы. Мəні. Жұмыстарды жүргізу реті. Құжаттарының түрі

мен категориялары. Техникалық регламент, мемлекетаралық, халықаралық

жəне ұлттық стандарттарды қолданудың статусы, стандарттау мен

техникалық регламент құжаттары. Өзара ауыстырымдылық жөнінде түсінік

жəне олардың түрі. Өзара ауыстырымдылық жəне оның мəні. Өзара

ауыстырымдылықтың стандарттаумен байланысы.

Стандарттау дегеніміз – нақты немесе потенциалды мəселелерді шешуге

қатысты жалпылық жəне көп рет пайдалану үшін ережелерді белгілеу

жолымен белгілі бір салалардағы тəртіпке келтірудің оңтайлы дəрежесіне

жетуге бағытталған қызмет.(ІSO/IES GUIDZ: 1996).

Стандарттаудың мақсаты:

- өнім, жұмыс пен қызмет көрсетудің қоршаған ортаға, өмірге, денсаулық

пен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Техниканың жəне ақпараттың бірлестігін, сонымен қатар өнімнің өзара

ауыстырымдылығын қамтамасыз ету.

- өнім жұмыс пен қызмет көрсету сапасын ғылым, техника жəне

технологияның даму деңгейіне сəйкес қамтамасыз ету.

- өлшеулер бірлестігін қамтамасыз ету.

- Ресурстардың барлық түрін үнемдеу;

- Табиғи жəне технологиялық апаттар жəне т.б төтенше жағдайлардың

пайда болу қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін

қамтамасыз ету;

- Елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобилизация əзірлігін қамтамасыз ету.

Стандарттау бойынша қызмет етудің маңызды нəтижесі стандарттау

объектілердің өз мақсатына немесе функционалды арналуына сəйкес келу

керек. Саудадағы техникалық барьерді жою керек. Сонымен қатар ғылыми

техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік прогреске жəне ұйымшылдыққа

жол беру керек.

Стандартаудың түріне унификация, симплификация, типизация жатады.

Унификация – функционалды арналуы бірдей бұйымдар типін, түрін жəне

өлшемдерін тиімді қысқарту. Симплификация – қажеттілікті

қанағаттандыруға жеткілікті техникалық жəне экономикалық деңгейдегі

минимумға дейін бұйымдардың типін, түрлерін қысқарту.

Типизация – бір қатар бұйымдарға ортақ құрылмалық параметрлері бар

типті құрылмаларды жасап белгілеу. Стандарттаудың əдістеріне

систематизация, классификация жəне агрегаттау жатады.

Систематизация – нəрселерді, құбылыстарды, түсініктерді қолдануға

ыңғайлы, белгілі бір ретке, тізбекке, жүйеге келтіру.

Систематизацияның əліпбилік жəне реттік түрі бар. Əліпбилік жүйе-

объектілерді бастапқы əріптері бойынша орналастыру систематизацияның ең

қарапайым түрі. Ондай жүйені, мəселен, энциклопедиялық басылымдарда,

анықтамаларда қолданылады.

Реттік систематизацияның-объектілерді хронологиялық рет бойынша

орналастыру.16

Классификация - систематизацияның түрі. Оның мақсаты нəрселерді,

құбылыстарды, түсініктерді класс, подкласс, разряд бойынша оларды ортақ

белгілеріне сəйкес орналастыру.

Классификацияның өзара ауыстырымдылық деңгейі мен сапаның өсуіне

көмектеседі.

Агрегаттау-унификацияланған агрегаттарды (бөліктерді) əртүрлі

комбинацияда бұйымға қою арқылы машина, жабдық жəне аспаптарды

жасаудың принципі.

Осы заманғы стандарттаудың теориялық негізі үйлесімді сандар болады.

Өнеркəсібі дамыған көптеген елдер нормалды сызықтық өлшемдерінің

ұлттық стандартын қабылдаған.

(ГОСТ 8032-84) үйлесімді сандардың 4 негізгі қатарын (R5, R10, R20,

R40) жəне 2 қосымша (R80, R160) қатарын белгілейді.

Қазір стандарттау мына негізгі бағыты бойынша даму үстінде :

Традициялық (Қазақстан Республикасының конституциясы мен

«Стандарттау жөнінде заң» бойынша) бағыт;

Білім беру («Білім беру жөніндегі заң» бойынша ұйымдастырылып

жүргізіледі), медициналық жəне социалдық бағыт.

Стандарттаудың 2 түрі бар, олар: кешенді жəне озық (перспективті).

Кешенді стандарттау кезінде объектіге ғана емес оған əсер ететін

факторларға да өзара бір-бірімен байланысқан талаптар жүйесі белгілі бір

проблеманы оңтайлы шешу мақсатымен қойылады.

Кешенді бағдарламаны жасау мақсаты: стандарттардың ғылыми-

техникалық деңгейін көтеру, стандарттаудың өндіріс, елдің қорғанысына,

сыртқы жəне ішкі сауда талаптарына сəйкес келуі.

Озық стандарттау кезінде стандарттау объектілеріне қойылатын талаптың

іс-тəжірибеде жеткен деңгейіне сəйкес алдыңғы уақытта, болжам бойынша,

оңтайлы болатын жоғары талап қойылады.

Озық стандарттау жүргізуінің негізгі мəселелері мынадай:

- жобалау кезінде жəне өндірістегі экономикалық жаңа жəне

модернизацияланатын өнімнің ең жоғары техникалық деңгейі мен сапасын

қамтамасыз ету;

- сапасы жоғары өнімді, үнемі шығарып отыруды қамтамасыз ететін,

алдыңғы қатарлы отандық жəне шет елдік өндіріс жеткен деңгейге сəйкес

оңтайлы негізгі талаптарды стандарттарда белгілеу;

- Өнімнің əртүрлі модификациясын жасау кезінде номенклатурасының

тиімсіз көп түрлілігін қысқарту мақсатымен осы қазіргі унификациясы мен

мирасқорлығын қамтамасыз ету;

Озық стандарттаудың əрі қарай дамуының ең негізгі шарттарының бірі

ұзақ мерзімге ғылыми болжам беру болады. Ғылыми-техникалық болжамда

патенттік ақпараттың зор маңызы бар. Патенттік ақпарат басқа ақпараттардан

3-5 жыл алда болады. Озық стандарттауды жоспарлау ғылыми зерттеулерге,

тəжірибелік-конструкторлық, эксперименттік жұмыстарға тығыз

байланысты.17

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі деп стандарттаудың мақсаты мен

мəселесін, органдарының құралы мен қызметін, олардың құқығы мен

міндетін стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымды жүргізу тəртібін,

стандарттарды жасап, рəсімдеу, келісіп бекіту, жарыққа шығарып енгізу

жұмыстарын, сонымен қатар олардың енгізілуі мен қадағалануына

бақылауды анықтайтын өзара бір-бірімен байланысқан ережелер мен

негіздердің кешенін айтады.

Мемлекеттік стандарттау жəне метрология бойынша жұмысты елде өзі

немесе сəйкес органдары жүргізеді. Мемлекеттік стандарт жүйесіне

территориялық органдар (стандарттау, метрология орталығы, стандарт пен

өлшеуіш техниканы қадағалаудың мемлекеттік зертханалары), ғылыми-

зерттеу институттары стандарттар баспасы, оқу орындары кіреді.

Стандарттаудың нормативті-техникалық құжаты стандарт деп аталынады.

Стандарттардың категориясына мемлекеттік, салалық стандарт, кəсіпорын

стандарты, техникалық шарттар жатады.

Мемлекеттік стандарттар жаппай мол, үлкен сериялы өндірістің

өнімдеріне экспорт тауарларына, нормаларға, ережелерге, талаптарға жəне

т.б. қойылады. Мемлекеттік стандарттау объектілеріне жалпы техникалық

нормалар (ойма пішіні мен өлшемдері, дəлдік шектер мен қондырулар, тісті

дөңгелектердің алғашқы контуры мен модульдері жəне т.б.), ғылыми-

техникалық термин мен белгілеулер, өлшеу бірліктері, нормативті-

техникалық, конструкциялық, технологиялық, эксплуатациялық жəне жөндеу

құжаттамалары, машина жабдықтар, аспаптар, бөлшектер, шикізаттар,

мөлшерлер мен өлшеуіш аспаптарды жəне т.б. дұрыстау əдістері мен

құралдары жатады.

Стандарттың түрі стандарттау объектісіне қарай оның мазмұнымен

анықталады. Стандарттау мына түрге бөлінеді: параметрлер, өлшемдер,

типтер, сортамент (түржиын), маркалар, конструкция (құрылма), бақылау

əдісі, қабылдау, маркалау, орау, тасымалдау, сақтау, пайдалану жəне жөндеу

жалпы техникалық талаптар мен техникалық шарттар.

Стандартты жасау 4 кезеңнен тұрады:

- стандарт жасауға тапсырманы дайындау, бекіту;

- стандарт жобасына пікір алу;

- пікірдегі ескертпелерді өңдеу, стандартты соңғы рет саралау, бекітуге

ұсыну;

- стандартты бекітіп, мемлекеттік тіркеуден өткізу.

Стандартты енгізу оның күшіне ену күнімен аяқталады. Егер стандартта

көрсетілген талаптар таралу аймағына сəйкес күшіне еніп, сол талап

бойынша шығарылатын өнімнің сапасы жоғары болса, онда стандарт

енгізілді деп есептелінеді.

Стандартты енгізіп, талаптарының орындалуын мемлекет жағынан

қадағалау елдің барлық кəсіпорындары мен ұйымдарында жүргізіледі.

Халықаралық стандарт – стандарттаудың халықаралық (əлемдік) ұйымы

қабылдаған стандарт. Ондай ұйымға үкіметтік емес ІSO мен IES жатады,

сондықтан ІSO и IEC мүше елдерінде қабылданған стандарт статусы еркін.18

Халықаралық стандарт – халықаралық рагионал ұйымы қабылдаған

стандарт. Халықаралық стандарты: CEN – стандартаудың Еуропалық

комитеті; CЕNELEC – электртехникалық стандарттаудың Еуропалық

комитеті; ETSI – телекоммуникациялық стандарттаудың Еуропалық

институты.

Мемлекетаралық стандарт – стандарттау, метрология жəне сертификаттау

аймағында келісілген саясат жүргізуге ұмтылған мемлекеттер қабылдаған

стандарт. Мемлекетаралық стандарт (1992 ж.) ГОСТ құрылған.

Ұлттық стандарт – стандарттау бойынша ұлттық орган қабылдаған

стандарт. Ұлттық стандартқа жататындар: Ресей Федерациясының

стандарты: ГОСТ Р; Украина (ДСУ); Германия (DIN); Қазақстан (СТ РК).

Стандарттың күшіне ену сферасы белгілі бір категориядағы стандартты

қабылдаған (бекіткен) органның (немесе) ұйымның статусы мен

компетенциясымен анықталады. Бұл ТМД территориясы (ГОСТ), РФ

территориясы (ГОСТ Р), ғылым мен техника (ОСТ, СТО), кəсіпорын (СТП).

Техникалық регламент - өнім сипаттамасын немесе оған байланысты

өндіріс процесі мен əдістерін қарастыратын құжат. Ол сонымен қатар

өнімнің оралымына, маркасына жəне этикеткасына қойылатын талаптарды да

қарастырады.

Техникалық регламент шарттарын орындау БСҰ-на кірген елдер үшін

міндетті. Техникалық регламент ретінде техникалық сипат талабынан

тұратын техникалық заңнама, Президент Жарғысы, Үкімет үкімі, міндетті

талаптары бар стандартар, сонымен қатар мемлекеттік бақылау-қадағалау

органдарының техникалық нормасы мен ережелері (СНиП, СанПиН жəне

т.б.). қарастырылады.

Техникалық құжаттаманы стандарттау

Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ЕСКD) барлық

конструкторлық құжаттаманың рəсімдеу жəне белгілеу біркелкілігін

қамтамасыз етеді.

Жүйені енгізу мақсаты – құжаттаманың саны мен көлемін азайту, оларды

жасау мен көбейтуін тездету, есепке алуы мен сақтауын жақсарту ЕСКД

стандарты 9 топқа бөлінеді:

1) Негізгі қағидалар:

2) Конструкторлық құжаттардағы бұйымдарды класқа бөлу жəне оларды

белгілеу.

3) Сызбалар орындауының ережелері.

4) Машина жасау жəне аспап жасау бұйымдары сызбаларын

орындауының ережелері;

5) Конструкторлық құжаттармен жұмыс істеу ережесі (есепке алу, сақтау,

көшірмесін алу, өзгерістер енгізу);

6) Эксплуатациялық жəне жөндеу құжаттамасын жасау ережесі;

7) Сұлбаларды салу ережесі;

8) Құрылыс құжаттамасын орындау ережесі.

9) Арнайы талаптар мен басқа стандарттар (экспортқа шығарылатын

бұйымдар стандарты).19

Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ЕСТD) машина мен

аспаптарды жасау жəне жөндеу кезінде қолданылатын технологиялық

құжаттаманы толтыру, рəсімдеу жəне олармен жұмыс істеу өзара бір-бірімен

байланысқан ережелер мен қағидалардың кешені.

ЕСТД стандарттарын енгізу технологиялық ақпараттың көлемін кемітеді,

оны жасау мерзімін қысқартады, еңбек өнімділігін арттырады.

Өзара ауыстырымдылықтың маңызы жəне түрлері.

Осы қазіргі сериялық өндірісте бөлшектер бір цехта жасалынып

шығарылса, басқа цехтарда оларды бөліктерге, машинаға, аспаптарға жинап

құрастырады. Құрастыру процесінде əртүрлі бекіту бөлшектері, металл емес

материалдан жасалынған бұйымдар, домалау мойынтіректері, əртүрлі арнайы

кəсіпорындарда жасалынып шығарылатын басқа да бұйымдар қолданылады.

Бұған қарамастан, құрастыру қосымша қума мен жетілдіру операциясыз

жүргізіледі, ал құрастырылған машина мен оның бөліктері қажетті

талаптарға қанағаттандыру керек. Бұл бөлшек пен бөліктерінің өзара

ауыстырымдылық шартында болуы мүмкін.

Бұрын өзара ауыстырымдылық бөлшектер мен бөліктердің құрастырылу

қағидасы ретінде ғана қарастырылатын. Қазір өзара ауыстырымдылық

қажалуға тұрақтылық, қаттылық, ішкі қысымға, яғни машина, бөліктері мен

бөлшектерінің сенімділігі мен ұзаққа төзімділігін анықтайтын сапа

көрсеткіштеріне де тарайды.

Өзара ауыстырымдылық – машинада қосымша өңдеусіз өзінің орнына

қойылатын агрегаттардың, құрастыру бірліктерінің, бөлшектерінің жəне

жиналғаннан кейін берілген функцияны орындай алатын қасиеті. Кез-келген,

бір-бірімен байланыссыз жасалынған бөлшектерді жөндеу кезінде құрастыру

немесе ауыстыру мүмкіншілігі өзара ауыстырымдылықпен қаматамасыз

етіледі.

Өзара ауыстырымдылық толық жəне толық емес, сыртқы жəне ішкі

функционалды, геометриялық параметрлер бойынша өзара

ауыстырымдылық боп бөлінеді.

Толық өзара ауыстырымдылық – бұл машинаны немесе оның бөліктерін

құрастыру процесі кезінде қосымша қума операциясыз берілген сапа

көрсеткіштерін қамтамасыз ету. Осындай өзара ауыстырымдылыққа қарай

машина жөндеуі оңайланады, яғни кез-келген қажалған бөлшек немесе бөлік

жаңасына ауыстырылады.

Толық емес өзара ауыстырымдылық бөлшектерді топ-тобымен таңдап алу

кезінде (селективті немесе жеке дара құрастыру кезінде), компенсатор бар

кезінде немесе ықтималдық теория негізінде есептеулер кезінде

қолданылады.

Сыртқы өзара ауыстырымдылық бөліктердің қосылыстың беттерінің

өлшемдері мен пішініне , олардың эксплуатациялық көрсеткіштеріне тəн.

Ішкі өзара ауыстырымдылық бөлік ішіне кіретін бөлшектер дəлдігімен

сипатталады. Функционалды өзара ауыстырымдылық бөліктерді жөндеу

кезінде кез-келген құрастырылу немесе ауыстырылу мүмкіншілігін ғана20

емес, олардың оңтайлы қызметтік функцияларын орындауын да қамтамасыз

етеді.

Геометриялық параметрлері бойынша өзара ауыстырымдылық –

функционалды өзара ауыстырымдылықты қадағалаудың қажетті шарты.

Өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ету үшін мына факторларды

ескерген жөн:

- стандарттарды қолдану, қадағалау;

- Бұйымдарды тиімді құрылымдау;

- Сызбаларды дұрыс сызып, рəсімдеу;

- өндіріс технологиясын негіздеп жасау;

- өлшеулердің қажетті дəлдігі.

Негізгі: 1 [6-104], 2 [4-6], [29-82]; Қосымша: 4 [285-326].

Бақылау сұрақтары:

1. Стандарттаудың негізгі мақсаты қандай?

2. Стандарттау бойынша қызметті қандай органдар жүргізеді?

3. Стандарттаудың қандай категориялары болады?

4. Өзара ауыстырымдылық түрлерін атап көрсет.

5. Осы қазіргі стандарттаудың теориялық базасы неде?

№3 дəріс тақырыбы: Сертификаттау жөнінде негізгі түсінік жəне

өнім сапасын басқарудың жүйесі

Сертификаттаудың түрі мен сұлбасы. Сертификаттаудың органдары мен

сынау зертханалары. Өнім жүйесін сертификаттау. Өнім сапасын басқару

жүйелері, оларды жасау жəне қолдану. Техникалық регламент, стандарт пен

стандарттау құжаттарының талаптарын орындауды мемлекет жағынан

бақылау жəне қадағалау. Өнім сапасы жəне тұтынушылар құқығын қорғау.

Сертификаттаудың мынандай түрі бар: шығу, сапа жəне сəйкестік.

Шығу сертификаты: Онда белгілі тауарды жасап шығарушы, фирма аты,

оның мекен-жайы жəне т.б. көрсетіледі. Оның саудада, əсіресе халықаралық

саудада маңызы өте зор. Сапа сертификаты: онда шығарушы өнімнің əртүрлі

сапалық қасиеттерін көрсетеді.

Сəйкестік сертификаты. Сертификатың ең көп таралған түрі.

«Сертификат» деген терминді айтқанда сəйкестік сертификатын еске алады.

Cəйкестік сертификаттың айрықша ерекшелігі сол, ол сəйкестік

сертификаттау деп аталатын арнайы процедураның құжаттық нəтижесі

болады.

Сертификаттаудың түрі: міндетті, еркін.

Міндетті түрде сертификаттау. Оның заңнамалық базасы «тұтынушылар

құқығын қорғау» жөнінде заң (1992 ж.) болады. Мұнда «стандарт» деген

термин бойынша мыналарды түсінеді: тауарлар, (жұмыстар, қызметтер)

сапасына міндетті талаптар белгілейтін мемлекеттік стандарттар, санитарлық

нормалар мен ережелері.

Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сертификаттау бойынша ұлттық

орган статусы мемлекеттік стандартқа беріледі. Мемлекеттік стандарт

тауарлардың (жұмыс пен қызметтердің) тұтынушылар үшін қауіпсіздігін

бақылайды.21

1993 жылы РФ-ді «Өнім мен қызметті сертификаттау жөнінде заң

қабылданды. Осы аймақта тағы да мына заңдар бар: «Сертификаттау»

жөнінде жəне өлшеулер бірлестігін қамтамасыз ету» жөнінде заңдар.

«Өнім мен қызметті сертификаттау» жөнінде заңда мыналар анықталған:

- міндетті сертификаттау заңнамалық акттермен енгізіледі;

- сертификаттау жүйелері мен сəйкес белгілері белгілі бір тəртіппен

мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.

Орындаушы билігінің федерал органы өзінің құзыры көлемінде

мынандай функцияларды орындай алады:

- біртекті өнімді сертификаттау жүйесін құрады, ол жүйелерде

сертификаттау жүргізуді басқрауы мен процедурасының ережелерін

белгілейді;

- нормативті құжаттар талаптарына өнімнің сəйкес келуін анықтайтын

тəсілді (сертификаттау формасын) таңдайды;

- сертификаттау мен сынау зертханаларына аккредитация жүргізеді,

оларға белгілі бір жұмыстар түрін жүргізуге құқық (лицензия) береді;

- сертификаттау қатысушылары мен объектілеріне мемлекеттік реестр

жүргізеді;

- аккредитация ережелері мен міндетті сертификаттау жұмыстарын

жүргізуге лицензия беруді белгілейді;

- мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізеді, сертификаттау, ережесін

орындау мен сертификатталған өнім шығаруды инспекциялық бақылаудың

ретін белгілейді;

- сертификаттау мəселелері бойынша аппеляцияларды қарайды.

Сертификаттау жүйесінің орталық органы міндетіне мыналар кіреді:

сертификаттаудың ұсынылатын жүйесінде жұмыстарды ұйымдастыру,

координация жүргізу, процедура мен басқару ережелерін белгілеу, сонымен

қатар сертификаттау мен сынау зертханасы органдарының іс-əрекеті

бойынша өтініш берушілердің аппеляциясын қарастыру.

Сертификаттау органы міндетіне мыналар кіреді: өнімді сертификаттау

сəйкес белгілерін қолдануға сертификат пен лицензия беру, бұрын берілген

сертификатты уақытша тоқтату немесе қайтарып алу, өтініш берушілер

талабы бойынша өзінің құзыры көлемінде қажетті ақпарат беру.

Сынау зертханасының міндетіне белгілі бір өнімді сынау немесе

сынаулардың белгілі бір түрін жүргізу жəне сертификаттау мақсатымен

сынау нəтижелерін беру кіреді.

Міндетті түрде сертификатталатын өнімді жасап шығарушылар (қызмет

көрсетушілер), сатушылар, орындаушылар мына функцияларды орындауы

керек:

- сертификаттау органымен берілген сертификаты бар өнімді ғана сату;

- өнімнің нормативті, сертификатталатын талаптарына сəйкес келуін

қамтамасыз ету, өнімді сəйкес белгісімен белгілі бір тəртіппен маркаларды

қамтамасыз ету;

- жолдамалық техникалық құжаттамада өнімнің сертификаты жөнінде,

өнімнің нормативті құжаттары жөнінде мағлұматтар болуы керек, осы22

ақпараттарды тұтынушыларға (сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге)

дейін жеткізу керек;

- сертификатталған өнімнің сəйкес келуі сертификатталатын нормативті

құжаттардың талаптарына жауап бермеген жағдайында, сертификат күші

біткен мерзімде немесе сертификаттау органы шешімімен сертификат

уақытша тоқтатылған немесе алынған жағдайда ондай өнімді шығаруды

уақытша немесе мүлде тоқтату.

- өнімді міндетті түрде сертификаттау жəне бақылау жүргізетін органның

қызметті тұлғаларының өз құзырын жүргізуге бөгет жасамауы керек.

- сертификаттау органына белгіленген тəртіппен сертификатталған өнім

өндірісінің техни-калық құжаттамасына немесе технологиялық процесіне

енгізілген өзгерістер жөнінде хабар беру.

- «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы заң бойынша стандарттардың

метрология жəне стандарттаудың федерал органының өзінің құзыры

аймағында айыппұл салуға құқығы бар.

- Стандарттардың міндетті талаптарына тауарлардың (жұмыс не

қызметтердің) сəйкестігін растайтын сертификатсыз тауар сатқаны үшін

(жұмыс, қызмет істеу), оның ішінде импорт (шетелден əкелінген) тауар

сатқаны үшін айыппұл салынады: айыппұл көлемі сатылған тауар

(орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) құнына тең;

- Тауарларды жұмыс пен қызметті міндетті түрде сертификаттау ережесін

бұзғаны үшін, сонымен қатар тауарлар (қызмет пен жұмысты) сынауының

нəтижелерін міндетті түрде сертификаттау кезінде сынау зертханаларымен

(орталықтарымен) бергені үшін сертификаттау органы оларды айыпқа

салады. Айыппұл сертификаттауға ұсынылған тауарлар құнының екі

еселенген мөлшеріне тең.

Еркін сертификаттау кезінде заңнамалық түрде мына негізгі қағидалар

белгіленген:

1) Еркін сертификаттау өнімнің стандарт, техникалық шарт, рецептура

жəне өтініш беруші ұсынған тағы басқа құжаттарға сəйкес келуін растау

мақсатымен өтініш беруші арызы бойынша жүргізіледі. Еркін сертификаттау

өтініш беруші мен сертификаттау органы арасындағы келісім-шарт бойынша

жүзеге асырылады;

2) Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімді еркін сертификаттау

алғашқысын алмастыра алмайды;

3) Еркін сертификаттау жүйесін құрушы заңды тұлға сертификаттау

жүйесіндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін, құнын төлеу тəртібін

белгілейді, еркін сертификаттау жүйесінің қатысушыларын анықтайды;

4) Еркін сертификат жүргізуге келісім-шарт жасау кезінде өтініш беруші

еркін сертификаттау туралы ақпарат алуға, сонымен қатар сертификаттау

формасын анықтауға құқықты.

Сертификатты жүргізу реті

Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін сертификаттау

объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттар, сонымен қатар

сертификаттауды жүргізу процедурасына регламент қоятын құжаттар қажет.23

Міндетті талаптарға заң жүзінде мыналар жатады:

- өнім, жұмыс, қызметтің өмірге, денсаулыққа, мүлікке жəне қоршаған

ортаға қауіпсіздігі;

- техниканы жəне ақпаратты бірлестік;

- өзара ауыстырымдылық;

- энергия тұтыну;

- бақылау əдістерінің бірлестігі.

Сəйкестікті растау кезінде орындалатын операциялар көрсетілген.

СЕРТИФИКАТТАУ

1 Сынау 2 Өндірісті

тексеру

3 Инспекциялық

бақылау

4 Сəйкестікті дəлелдеудің

Номинал өлшем (D, d, l) – ауытқуын есептеуінің бастапқы мəні болатын жəне оған қатысты шекті өлшемдерінің мəндері анықталатын өлшем. Қосылыс құрайтын бөлшектер үшін номинал өлшем оларға ортақ болады. Номинал өлшемдерді беріктілік пен қатаңдыққа, есептеу арқылы сонымен39 қатар геометриялық пішінінің толық жетілуіне қарай, бұйым құрылмасының технологиясына қарай алынады. Нақты өлшем (Dr , dr , lr) – рауалы қателікпен өлшеу арқылы белгіленген өлшем, бөлшектің шекті өлшемдері – екі шекті рауалы өлшем, олардың аралығында жарамды бөлшектің нақты өлшемі жатуы керек немесе жатуы мүмкін. Олардың ішіндегі үлкені ең үлкен шекті өлшем деп аталынады да, Dmax, dmax деп белгіленеді, ал кішісі – ең кіші шекті өлшем деп аталынады да, Dmin, dmin деп белгіленеді. Нақты өлшемді шекті өлшемдерімен салыстыру арқылы бөлшек жарамдылығы туралы сөз айтуға мүмкіндік береді. Өтетін шек – материалының максимал мөлшеріне сəйкес келетін шекті өлшем, атап айтқанда Dmin, - тесік үшін, dmax – білік үшін. Өтпейтін шек – материалының минимал мөлшеріне сəйкес келетін шекті өлшем, атап айтқанда Dmax – тесік үшін dmin – білік үшін. Жоғарғы шекті ауытқу (ES, es) – ең үлкен шекті номинал өлшемдерінің алгебралық айырмасы ES = Dmax – D Es = dmax – d Төменгі шекті ауытқу (EІ, ei) – ең кіші шекті жəне номинал өлшемдерінің алгабралық айырмасы EJ = Dmin – D Ei = dmin – d Орта ауытқу (Em, em) – жоғары жəне төменгі ауытқуларының арифметикалық ортасы Em = 0,5 (ES+EІ) еm = 0,5 (es + ei) Нақты ауытқу (Er, er) деп нақты жəне номинал өлшемдерінің алгебралық айырмасын айтады. Er =Dr – D er = dr - d Машина жасау саласының техникалық құжаттарында, сызбаларында номинал жəне шекті сызықтық өлшемдер мен олардың ауытқулары миллиметрмен, бірақ бірлігін көрсетуінсіз жазылады. Мысалы: 0,003 0,013 42+ - ; 0,013 42 0,024 + - ; 0,070 50 0,109 - - ; 42 ± 0,500; 0,110 42+ ; 42-0,025 . Бұрыштық өлшемдер мен олардың шекті ауытқулары градуспен, минутпен немесе секундпен бірліктерін көрсетуімен жазылады. Мысалы, 2°31¢47¢¢. Дəлдік шектері кестелерінде, сонымен қатар дəлдік шектер өрісінде шекті ауытқулар микрометрмен көрсетіледі. Дəлдік шек (Т) деп белгілі бір өлшемнің ең үлкен жəне ең кіші рауалы мəндерінің айырмасын айтады. Дəлдік шектер (TD, Td) – ең үлкен жəне ең кіші шекті өлшемдерінің айырмасы немесе жоғарғы жəне төменгі ауытқуларының алгебралық айырмасының абсолюттік мəні.40 ТD = Dmax – Dmin = /ES – EІ/ Td = dmax – dmin = /es – ei/ Дəлдік шек пен əрқашан оң сан. Ол партия ішіндегі жарамды бөлшектердің нақты өлшемдері шашырауының рауалы өрісін анықтайды, яғни бөлшектерді жасауының берілген дəлдігін анықтайды. Дəлдік шектерін үлкейтсе, бөлшек сапасы, əдетте, төмендейді, бірақ жасау құны арзандайды. Дəлдік шек өрісі – жоғары жəне төменгі ауытқуларымен шектелген өріс (1-сурет). ES EJ o o o o es ei 6.1. сурет. Дəлдік шек өрісін графикалық түрде салу. а) тесіктің дəлдік шегінің өрісі; б) біліктің дəлдік шегінің өрісі Нөлдік сызық – номиналдық өлшемге сəйкес келетін сызық, одан дəлдік шектер мен қондыруларды графикалық түрде салу кезінде ауытқуларын есептеп сызады. Негізгі ауытқу – нөлдік сызыққа жақын орналасқан жоғарғы немесе төменгі екі ауытқудың біреуі. Негізгі ауытқулар латын əріптерімен белгіленеді, тесіктер үшін – үлкен əріп, біліктер үшін кіші əріп. Негізгі тесік – төменгі ауытқуы нөлге тең тесік (ЕІ=0). Негізгі білік – жоғарғы ауытқуы нөлге тең білік (es=o). Қозғалысты немесе қозғалыссыз қосылысқан екі немесе бірнеше бөлшектер жанасатын, ал олар қосылысатын беттері жанасушы деп аталынады. Басқа беттері жанаспаушы (еркін, бос) деп аталынады. Осыған сəйкес өлшемдер де жанасушы жəне жанаспаушы беттер өлшемдері боп ерекшелінеді. Жанасушы беттер өз алдына қабыстырушы (тесік) жəне қабыстырылушы (білік) беттер боп бөлінеді. Қондыру деп бөлшектер қосылысының ондағы болатын саңылау немесе керілістің шамасымен анықталатын сипатын атайды. Тесік пен білік дəлдік шектерінің өзара орналасуына байланысты қондыру саңылаулы, керілісті немесе ауыспалы болу мүмкін, соңғысында саңылау да, керілісті те алынуы мүмкін (2-сурет). D d41 6.2. сурет. Əртүрлі қондырулардың дəлдік шектері өрістерінің орналасуы а – саңылаулы қондыру; б – керілісті қондыру; в – ауыспалы қондыру Саңылаулы қондыру – қосылысында саңылау болатын қондыру. Саңылаулы қондыру саңылаумен (S) сипатталады. Саңылаулар ең үлкені (Smax), ең кіші (Smin) жəне орта (Sm) саңылау боп бөлінеді. Олар мына формулалар арқылы табылады:: Smax = Dmax – dmin = ES – ei Smin = Dmin – dmax = EІ – es Sm = 0,5 (Smax+Smin) Керілісті қондыру – қосылысында керіліс болатын қондыру. Керілісті қондыру керіліспен (N) сипатталады. Керілістер ең үлкен (Nmax), ең кіші (Nmin) орта (Nm) керіліс боп бөлінеді. Олар мына формулалар арқылы табылады: Nmax = dmax – Dmin = es – EJ Nmin = dmin – Dmax = ei – ES Nm = 0,5 (Nmax - Nmin) Ауыспалы қондыру – қосылысында саңылауды да, керілісті де алуға мүмкін болатын қондыру. Ауыспалы қондыру ең үлкен саңылаумен (Smax) жəне ең үлкен керіліспен (Nmax) cипатталады. Қондырудың дəлдік шегі (ТП) – қосылыс құрайтын тесікпен біліктердің дəлдік шектерінің қосындысы, яғни ТП=ТD+Тd Саңылаулы қондырудың дəлдік шегі мына формула бойынша табылады: TS = Smax - Smin Керілісті қондырудың дəлдік шегі мына формула бойынша табылады: TN = Nmax - Nmin Ауыспалы қондырудың дəлдік шегі мына формула бойынша табылады: ТП=Smax+Nmax Қондыруды белгілеу мысалы: 40Н7/g6 Тесік жүйесіндегі мына қондырулар - əр түрлі қондырулары (саңылау мен керілістер) əртүрлі біліктердің негізгі тесікпен қосылып алынады. Білік жүйесіндегі қондырулар - əртүрлі қондырулары (саңылау мен керілістер) əртүрлі тесіктердің негізгі білікпен қосылып алынады. Белгілі бір қондыру үшін тесік не білік жүйесін таңдау конструктивті, технологиялық жəне экономикалық тұрғыдан анықталады.42 Дəл тесіктер қымбат кесу құралымен (бұрғы, зенкер, развертка, протяжка жəне т.б.) өңделеді. Тесіктердің əрбіреуін өңдеу үшін құралдардың біреуін ғана белгілі бір дəлдік шегі өрісімен пайдаланады. Біліктер олардың өлшемдеріне байланыссыз бір ғана кескішпен немесе ажарлау дөңгелегімен өңделеді. Тесік жүйесіндегі шекті өлшемдері əртүрлі тесіктер білік жүйесіне қарағанда аз, сондықтан тесіктерді өңдеуге қажетті кесу құралы номенклатурасы аз. Осының салдарынан тесік жүйесі кеңінен таралған. Бірақ кейбір жағдайларда конструктивті шешімдерге байланысты білік жүйесін де қолдануға тура келеді, мысалы, бір білікте номинал өлшемі бірдей тесіктер қосылысының əртүрлі қондыруларын кезектесіп орналастыруы қажет болған жағдайда. Тесік жүйесіндегі қондыруларды белгілеу мысалы Æ 40Н7/g6; ,білі