Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
9
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
48.64 Кб
Скачать

1-нұсқа

1. Зат есімнен болған қос сөзді көрсетіңіз

A) көре-көре

B) қадір-қасиет

C) қызыл-жасыл

D) сарт-сұрт

E) айта-айта

2. Қандай сөз табын сын есім дейміз?

А) өлшемін, санын білдіреді

B) қимыл-әрекетін білдіреді

C) заттың түр-түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табы

D) заттың атауын білдіреді

E) заттың мекенін, мезгілін, себебін білдіреді

3. Заттың түсін білдіретін сөздерді табыңыз

А) жасыл, қызыл

B) дәмді, суық

C) ыстық, жылы

D) аяз, боран

E) тәтті, дәмді

4. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

А) бұл, осы, мынау

В) мен, сен

С) өз, өзім

D) бәрі, бүкіл

Е) ешкім, ешқандай

5. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз

А) танысқан екен

В) танысты

С) танып тұрмын

D) таниды

Е) танитынмын

6. Қазақ тілі қай жылы Мемлекеттік мәртебеге ие болды?

A) 1990 жылы

B) 1989 жылыo

C) 1988 жылы

D) 1998 жылы

E) 1987 жылы

7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз

А) Сара қуанды.

В) Жиырма - тақ сан.

С) Байқаусызда сүрініп кетті.

D) Мен келдім.

Е) Ол отыр.

8. ІІІ жақта тұрған етістікті анықтаңыз

A) келдім

B) келді

C) келдің

D) келдік

E) келдіңдер

9. Салыстырмалы шырай жұрнағын көрсетіңіз

А) -мақ, -мек, -бақ, -бек

В) -сыз, -сіз, -лық, -лік

С) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек

D) -ып, -іп, -п

Е) өте, тым аса

10. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.

В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтаққа қонып, шықылықтай беріпті.

С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.

D) Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.

E) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.

11. Жіңішке дауысты дыбыстардың тізбегін көрсетіңіз

A) ә,и,а

B) и,ө,і

C) у,ә,о

D) і,о,ы

E) ә,ұ,о

12. Көптік жалғаулы және жатыс септікті сөздер бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Балам жайлауға кетті.

B) Қызық кітапты оқыды.

C) Дәрігерлер мерекесінде кездестік.

D) Ойы бөлініп кетті.

E) Студент көп дайындалды.

13. Тәуелдік жалғауларын көрсет

A) ды,ді,ты,ті

B) мын,мін,бын,бін,сын,сін

C) ға, ге,қа,ке,на,не,а,е

D) мен, бен,пен,да,де,та,те

E) м,ым,ім,ың,ің,іңіз,сы,сі

14. Табыс септігіндегі сөйлемді көрсетіңіз

A) Ағаңды сыйла.

B) Біз демалысқа шықтық.

C) Айжан жақсы қыз.

D) Аялдамада тұр.

E) Үйдің іші.

15. Үстеу дегеніміз не?

А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді.

В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.

С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.

D) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.

Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.

16. Хабарлы сөйлемді табыңыз

A) Қайда тұрып жатырсың

B) Қош келдіңіздер

C) Бүгін бізде емтихан болып жатыр

D) Бері келіңіз

E) Есікті жап

17. Сан есімнің аудармасы

А) глагол

B) местоимение

C) имя существительное

D) союз

E) имя числительное

18. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз

A) мақтаншақ, ашпалы

B) таудай, түнгі

C) үлкендеу, кішілеу

D) ақсақ, жастық

E) сұлу қыз

19. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жалғау арқылы

B) жұрнақ арқылы

C) есімше арқылы

D) көсемше арқылы

E) есімше, көсемше арқылы.

20. Көмекші есімдерді табыңыз

А) бері, басқа, бұрын

В) үсті, алды, іші

С) ғана, ғой, әсіресе

D) –ма/ме, -па/-пе, -ба/-бе

Е) керек, сияқты, әрине

21. Белгісіздік есімдігін табыңыз

А) әлдеқайда

В) ештеме

С) нешеу

D) мынау

Е) сол

22. Күрделі нақ осы шақ тұлғасындағы етістікті табыңыз

А) Бір ақыл табар.

В) Кетіп қалмақшы емес.

С) Құс ұшады.

D) Ол қайтып кетті.

Е) Біз оқып отырған жоқпыз.

23. Университет студенттері үшін қандай газет шығады?

A) «Хабаршы»

B) «Университет тарихы»

C) «За политехнические знания»

D) «Этнография және табиғат»

E) «Бейнелеу өнері»

24. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) жинады

B) жинаған

C) жинау

D) жинапты

E) жинамақ

25. Өзгелік етісті табыңыз

А) айтып, қалған.

В) жинас, сөйлесті.

С) жаздыр, сөйлет.

D) таран, мақтан.

Е) оқыр, болар.

26. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз

А) пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыш

В) бастауыш, баяндауыш

С) толықтауыш, бастауыш, баяндауыш

D) анықтауыш, пысықтауыш, бастауыш

Е) толықтауыш, бастауыш, баяндауыш

27. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз

А) екінші, алтыншы

B) екі, алты

C) алпыс шақты

D) екіден, алтыдан

E) елу, алпыс

28. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз

A) жұдырық

B) әңғіме

C) көнбеді

D) көрінбеді

E) құлын

29. Туынды үстеу қалай жасалады

А) қос сөз арқылы

В) біріккен сөздер арқылы

С) дефис арқылы

D) жұрнақ жалғану арқылы

Е) бөлек жазылу арқылы

30.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

A) 3

B) 6

C) 5

D) 4

E) 2

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый