Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
9
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
48.64 Кб
Скачать

14-нұсқа

1. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз Адам...

А) –на

В) –лық

С) –паз

D) –дікі

Е) –шылық

2. Туынды сын есімді көрсетіңіз

А) Сары

B) Ақ

C) Жеңіл

D) Тұзды

E) Тәтті

3. Жекіру одағайын табыңыз

А) емес

В) иә

С) солай

D) жә

Е) жоқ

4. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз

А) өзім

B) әрбір

С) дәнеңе

D) бүкіл

Е) ешкім

5. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз

А) -атын

В) -ып

С) -ғалы

D) -ды

Е) -а

6. Ауа райына байланысты сөйлемді табыңыз

A) Жаңбыр жауып, жел соқты.

B) Олар қаладан келді.

C) Студенттер емтихан тапсырды.

D) Ол кеш келді.

E) Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.

7. Етістікті табыңыз

A) найзағай

B) өзі

C) сенің

D) қар

E) еру

8. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз

А) -қан

В) -атын

С) -ып

D) -ды

Е) -а

9. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз

А) кімдер? қандай? кім? не?

В) кімде? неде? кімі? несі?

С) қашан? қайда? қай?

D) кім? не? неше? қалай?

Е) Кім? не? кімдер? нелер?

10. Ыңғайлас салаласты табыңыз

A) Олар күзде және көктемде еш босамайды.

B) Жаңбыр да жауды, от та өшті.

C) Біздің сынып кең әрі жарық..

D) Ол бөлмеге кірді де отыра кетті.

E) Ол жаза біледі және оқи біледі.

11. Антоним сөздерді көрсетіңіз

A) Қап, ойбай

B) Зор-жақын

C) Заңғар-биік

D) Ылди-төмен

E) Шұңғыл – жайпақ

12. Жатыс септіктегі сөзді көрсетіңіз

A) менде

B) менен

C) мені

D) менің

E) менімен

13. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз

A) әкеммен, атаммен, ағаммен

B) әкемнің ,атамның, ағамның

C) кітапты,досымды, талды

D) университетке, қалаға, үйге

E) дүкенде, менде, сенде

14. Көптік жалғауларын тап

A)-ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не

B)-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

C)-ды,-ді,-ты,-ті,

D)-да,-де,-та,-те

Е) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

15. Күшейткіш үстеуді табыңыз

А) Ерте тұрдым.

В) Кеше жаздым.

С) Ең әдемі қала.

D) Биыл оқуға түстім.

Е) Әрең айттым.

16. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік

В) реттік

С) жақтық

D) бөлшектік

Е) топтау

17. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз

А) Жақсырақ

B) Жақсылау

C) Жақсы

D) Жап-жақсы

E) Жақсы ма

18. Сұраулы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) сызықша

C) жақша

D) нүкте

E) үтір

19. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз

А) бәрі, барлық

Б) қайда? қашан?

С) мен, сен

D) біреу, кейбір

Е) ешкім, ештеңе

20. Біріккен зат есімді табыңыз

A) Бала-шаға

B) Колхоз

C) Сары май

D) Белбеу

E) Ата

21. Жалғаулықты шылауды табыңыз

А) қарай

В) жөнінде

С) туралы

D) мен

Е) бірге

22. Келер шақтың түрлерін белгілеңіз

А) Жедел, бұрынғы, болжалды

В) Мақсатты, нақ, ауыспалы

С) Болжалды, мақсатты, ауыспалы

D) Нақ, болжалды, жедел

Е) Ауыспалы, бұрынғы, жедел

23. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз

А) бірден, екіден

B) бір, екі

C) бірінші, екінші

D) біреу, екеу

E) он шақты, жүздеген, елудей

24. Орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөзді табыңыз

A) Көмекей

B) Көтеріліс

C) Орынбасар

D) Көзүлдірік

E) Шағала

25. Есімше жұрнақтарын табыңыз

А) -ған, -ген, -қан, кен

В) -ғалы, -гелі, -қалы

С) -ма, -ме, -а, -е

D) -сын, -сін, -й

Е) -сың, -сің

26. Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

A) қоңыр

B) көкпеңбек

C) ашық көк

D) қара көк

E) күлгін

27. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) Кешікті

B) Сәлемдесті

C) Сөйлесу

D) Сурет салды

E) Жауап берді

28. Анықтауышты табыңыз.

Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.

А) бүгін

В) бұлт

С) жоқ

D) аспанда

Е) алақандай

29. Мөлшер үстеуді көрсетіңіз

А) төменде, астында

В) алдында, артында

С) амалсыздан, еріксіз

D) бүгін, қазір, ертең

Е) бірталай, талай рет

30. Жаңбыр жауып тұр ма? Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) жай

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый