Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД / УМКД_КуандыковаДК,АхметоваТА_1курс / Силлабус 5В011100 <Информатика>, 5В011300 <Биология>,.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.23 Mб
Скачать

6. Студенттің соөж-ге құқықтары мен міндеттері:

1. Оқытушының оқу пәні бойынша нұсқаушы сабақ кезеңінде алынған ақпаратын белсенді қабылдау.

2. Оқытушының ұсыныстары негізінде, оқу-әдістемелік құралдарды, әдеби қайнар көздерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды және т.б. өздігінен орындау.

3. Оқу материалын меңгеру және түсінудегі, басқа оқу әрекеттерін орындау кезіндегі қиындықтардың себептерін анықтау, өзіне қиындық тудыратын жағдайларды жүйелеу және талдау. Шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға арналған сауалдар жүйесіне аударуға үйрену (оларды реттеу, ресімдеу және топтастыру), осы сауалдарға жауаптардың өзіндік нұсқаларын құрастыру.

4. Тиісті түсініктемелер, кеңестер мен консультациялар алу үшін оқытушыға жүгіну құқығы.

7. Оқытушының талаптары

  • Практикалық сабақтарға арналған мәтіндік материалдарды мұқият оқып, аудару; Мәтіндік материалдардың электрондық нұсқасын 320/6 ауд. алу.

  • Мәтін бойынша ұсынылған тапсырмаларды талапқа сай орындау;

  • Жаңа сөздерді жатқа білу;

  • СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында СӨЖ-ге арналған Т.Ахметова, К.Таймуллинаның «СӨЖ-ді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» атты құралын пайдалану (құрал элекрондық кітапханада орналастырылған, )

.

8. Ұпайларды қою ережелері мен критерийлері

Ұпайларды қою ережелері:

  • Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде студенттердің оқу жетістіктері 100 ұпайлық шкала бойынша әр орындалған тапсырма үшін (ағымдық сабақтарда жауап беру, үй жұмысын, студенттің өздік жұмысын (әрі қарай - СӨЖ) тапсыру, аралық бақылау) бағаланады және үлгерімнің ағымдық бақылауының соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың ортақ арифметикалық сомасының есебімен жүргізіледі.

  • Дәл осы әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін де қолданылады.

  • Пән бойынша қорытынды баға өту рейтингі мен қорытынды бақылау бағаларынан тұрады. Үлгерімді ағымдық бақылау бағасы (өту бағасы) пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды, және емтихан бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40% құрайды.

(Оқытушы өзінің критерийлерін пән айрықшаламасына сәйкес қалыптастыруы керек. Кестеде мысалдар келтірілген).

Ағымдық бақылау кезінде ұпайларды қою критерийлері

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Білімді, дағдылар мен қабілеттерді, құзіреттіліктерді бағалау критерийлері

Ұпай

%-дық мазмұны

А

Бағдарламалық материалды толық меңгеру/үй жұмыстарын қателерсіз орындау

4

95-100

A-

3,67

90-94

B+

Бағдарламалық материалдарды 75% төмен емес деңгейде меңгеру/ Үй жұмыстарын күрделі ескертулерсіз дұрыс орындау

3,33

85-89

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

Бағдарламалық материалдарды 50% төмен емес деңгейде меңгеру/

/үй жұмыстарын орындау кезінде күрделі емес қателіктер мен дәлсіздіктерге жол берілді, оқытушының көмегі қажет етілді

2,33

70-74

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Пән бағдарламасының жартысынан көбі меңгерілмеді /

Үй тапсырмасын орындамай, жауаптарында күрделі қателіктер жіберілді

0

<50