Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
26
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны

бет

  1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы ……………….................................6

  2. Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы).................................6-21

  3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.....................22-24

  4. Пән бойынша әдістемелік нұсқаулар ……………............................24

  5. Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары...........................24-37

  6. СӨЖ-ге арналған тапсырмалар ………........................................37-49

  7. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары.......................................................................................49-63

1. «Қазақ тілі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы енгізілмеген

2. «Қазақ тілі» пәні бойынша силлабус (оқу жұмыс бағдарламасы)

Оқытушылар: қазақ тілі кафедрасының оқытушылары

Телефон: 11-87, 12-04

Кабинет: 320, корпус 6

Офис сағаттары мен кеңес беру уақыты:СОӨЖ кестесіне сәйкес

ҚР МЖББС мамандықтары мемлекеттік компоненттер пәндері негізінде құрастырылды.

Жұмыс оқу жоспарларынан көшірме

Поток

(топ)

Кредит саны

Жалпы сағат

саны

Аудиториялық сағаттардың бөлінуі

Трансферт

Бақылау түрі

Дәрістер

ПС

Күндізгі бөлім

6

270

90

Емтихан

Оқыту мерзімі қысқартылған күндізгі бөлім (орта кәсіби немесе техникалық және кәсіби білім беру базасында)

6

270

45

135

(3 кредит)

Емтихан

Сырттай бөлім

6

270

30

Емтихан

Оқыту мерзімі қысқартылған сырттай бөлім (орта кәсіби немесе техникалық және кәсіби білім беру базасында)

6

270

15

135

(3 кредит)

Емтихан

1. Жалпы мәліметер

1.1 Курстың мақсаты:

1. Қатысымдық мақсаты. Үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша, әдет-дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

2. Білімдік мақсаты – қазақ тілінің граматикалық заңдылықтары бойынша теориялық материалды қажетті деңгейде меңгеру.

3. Танымдық мақсаты. Мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс. Рухани әлемінің ауқымын кеңейту, білімін көтеру және қалыптан тыс ойлау логикасын дамыту.

Курстың міндеті:

  • студенттерді өзара тілдік қатынасқа түсу үшін ойын жүйелі дұрыс құруға жаттықтыру;

  • функционалды-интенциялық ұстанымды басшылыққа ала отырып, қазақ тілі граматикасының табиғи заңдылықтары және ерекшеліктері бойынша мәлімет беру;

  • қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі бойынша игерген білімін, мақал-мәтелдерді, фразеологиялық тіркестерді тұрмыс-тіршілік қатынаста да жүйелі қолдануға үйрету.

1.2 Реквизит алды. «Қазақ тілі» курсы басқа пәндермен байланыстырыла, сабақтастырыла оқытылады. Бұл пән қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндерiмен тығыз байланысты.Сонымен қатар, халықтық педагогика, мәдениеттану, салыстырмалы грамматика, аударма теориясы ғылымыдарымен де байланысы өте тығыз. Өзге тілді аудиторияда қазақша әдеби сөйлеу тілін дамыту мақсатында мектеп қабырғасында оқытылатын қазақ әдебиеті пәнімен де тығыз байланысты.

1.3 Реквизиттен кейін. «Қазақ тілі» курсын толық меңгеру нәтижесi – студенттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –қазақ тілінде сөлесу, ақпарат алмасу, ресми құжаттама жүргізе білуге дағдыландырып, оны күнделікті қатынас құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақ халқының әдеби, мәдени, тарихи мұрасымен кеңінен таныстырады.