Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-8.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
384 Кб
Скачать

7. Қажетті ресурстар

 2011 – 2020 жылдары білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі әзірленіп, енгізіледі.

Ауылдық ШЖМ педагогтерін қолдауға арналған шаралар жүйесі қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделі және ағымдағы)

Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға,    3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «Назарбаев зияткерлік мектептерін» салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға  қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1* млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;

2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның іс шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру  жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

*2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]