Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

1-сабақ. Өнер төрінен орын алған өнерпаздар.

  1. К.Байсейтова .

Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Көрнекті – видный

Негізін салушы – основоположник

Ел арасында - среди народа

Байқау- конкурс

Дарын- талант

Ұйымдастырылған – организованный

Қабылдану – быть принятым

Шеберлік – мастерство

Ұлттық – национальный

Тұңғыш – первый

Танымал болу- быть известным

Үзінді - отрывок.

  1. Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз. Күләш Байсейітова.

Күләш Жасынқызы аса көрнекті қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. Әкесі - Жасын ел арасында ауыл-аймақтың той жиынында ән салған белгілі әнші болған. Күләш ес білгеннен әкесінен естіген ән-жырларды айтып жүреді. Мектепте оқып жүрген кезінде көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысып, қала жастары көркем өнерпаздарының байқауында әншілік дарынымен көзге түседі. 1930 жылы Күләш Байсейітова Қазақ драма театрына қабылданып, мұнда Агафья Тихоновна (Н.В. Гогольдің «Үйленуінде»), Пүліш (Б.Маилиннің «Майданында»), Еңілік (М.Әуезовтің «Еңілік -Кебегінде») тәрізді бейнелерді сомдады. Күләш халық өнерпаздары қатарында 1933 жылы ұйымдастырылған Қазақ музыка студиясына ( қазіргі Қазақ опера және балет театры) қабылданды. Онда Күләштің әншілік-орындаушылық дарыны бар болмысымен жарқырай ашылды. М.Әуезов пен И.В.Коцыхтың «Айман-Шолпанындағы» Айман, Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» Шұға рөлдері К.Байсейітованың әншілік-актерлік шеберлігінің жоғарғы екенін көрсетті. Ол бейнелеген Жібек образы (Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек) қазақ опера өнері тарихындағы ерекше есте қаларлық образ болып табылады. К.Байсейітова өзінің қайталанбас дауысымен, асқан артистік дарынымен ұлттық опера тарихының төрінен орын алады, халық сүйіспеншілігіне бөленіп «Қазақтың бұлбұлы» атанды. Қазақ опера және балет театры сахынасында тұңғыш рет классикалық спектакльдердегі басты партияларды ойнады. Олар: Татьяна (П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Баттерфляй (Дж.Пучинидің «Чио-чио-Санында») т.б. Күләш концерттік әнші ретінде де танымал болған. Оның жеке концерттік репертуарынан қазақ-орыс, т.б, шет ел халық әндері мен компазиторларының әндері, музыкалық шығармалары және операларынан үзінділер орын алды.

Ұлттық опера және балет театры, Республикалық музыка колледжіне және т.б. өнер ордаларына Күләш есімі берілген.

  1. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз;

  1. Күләш Байсеітова кім болған?

  2. Күләш мектепте оқып жүргенде қандай үйірмеге қатысқан?

  3. Күләштің «Қазақтың бұлбұлы» атануының себебі неде?

  4. Күләш қандай операларда ойнады және онда кімдердің рөлдерін сомдады?

  5. Күләш есімімен аталатын қандай өнер ордалары бар?

  1. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар, сөйлем құраңыздар: Қоғам қайраткері, белгілі әнші, көзге түсу, халық өнерпаздары, есте қаларлық бейне, халық сүйіспеншілігіне бөлену, шет ел халық әндері.

  2. Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар:

Не тәтті?

Жиренше шешен бір күні жолда бір баланы көріпті де, былай деп сұрапты:

  • Дүниеде ең тәтті не балам?

Сонда бала былай жауап беріпті:

  • бал тәтті, - деген екен.

  • Ал жұмсақта не жұмсақ?

  • Мамық жұмсақ.

  • Қатты да не қатты?

  • Тас қатты.

Бұл баланың жауабын екінші бала тыңдап тұрыпты.

Ол жиренше шешенге былай депті. «Осы сұрақтарға мен де жауап берейінші, рұқсат етсеңіз».

  • Ал, айта ғой, балам, не тәтті?

  • Ананың сүті тәтті, - деп жауап беріпті бала.

  • Не жұмсақ?

  • Ананың қолы

  • Ал енді не қатты?

  • Атаның жүрегі, - депті бала.

Жиренше шешен екінші баланың жауабына риза болыпты. Балаға батасын беріпті.

Тәтті – сладкий, вкусный Бал – мед

Жұмсақ – мягкий Мамық – пух, перина

Қатты – твердый

Риза (разы) болу – быть довольныйм

Бата беру – дать благословения.

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіруімен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.

Сөйлем түрлері

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Мысалы: Мен жалақы алдым.

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?

ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?

б) ғой, қой, -ау,-еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

– Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.

в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:

  • Жә, тоқтат! – деді. (М.ә)

5. Төмендегі сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырыңыз.

Мынау қоян жепті ғой.

Не күдігіңіз бар еді?

Қандай айғақ таптыңыз?

Телғараның оянбағанын қарашы.

6. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Менің ағаларым - өте жақсы адамдар. Тоғжан өлең айтады. Жұмысшылар зауытқа барады. Мен теміржол бекетінде жұмыс істеймін. Қонақтар төргі бөлмеде дастархан басында отырады. Жеңіс машинасын әдемілеп жуады. Сәбит ауыр жұмыс істеп отыр. Назым емтиханды жақсы тапсырып жатыр.Сіздер дәлізде қазақша сөйлеп тұрсыз.

ІІ сабақ. Қазақтың ұлы компазиторлары мен әншілері. Сыдық Мұхамеджанов.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]