Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursavoy_123 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
204.29 Кб
Скачать

1.5 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу

Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндетемелермен расталады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашыльлқ іс-эрекетіндегі объективті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-эрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мысалы, субъектіге шартқа сэйкес орындалған жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы - 25072 теңге шот үсьшылады. Бухгалтерлік есепте бұл операция мынадай жазбалармен көрсетіледі:

1. Орындалған жұмыстардың келісім-шарттық құнына:

2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті.

6010 «Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс» шот кредиті - 156700.

2. ҚҚС сомасына:

2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті 3130 «ҚҚС» шот кредиті - 25072.

3. Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң:

1040 «Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша» шот дебеті. 2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті - 181772.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

1.6 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау

Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі етіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын қарыздарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі — тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі — резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.стан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болр сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші-дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.

Егер күмәнді дебиторлық болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің кезеңде күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық бе операциялық іс-әрекеттен болған шығыс - күмәнді борыштар шығыстары көрсетіледі.

Егер күмәнді дебиторлық берешек күтілмесе, онда кірістер мен алынуға шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тікелей есептен шығару тәсілі деп аталады.

Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен) және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді ( бойынша шығынды көрсететін мынандай проводка енгізіледі: 7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті 1420 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті 15000.

Күмәнді борыштар бойьшша резерв құру тәртібі «Табыс» 5 бухгалтерлік стандарттарымен және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» әдістемелік ұсыныстармен реттеледі. Күмәнді борьпптар бойынша резерв есепті соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде құрылады. Күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі, төлеу мерзімі бойынша шотарды есептеу тәсілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]