Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursavoy_123 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
204.29 Кб
Скачать

1.8 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі

Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде етелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғыңда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.

Егер де шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде жатқызылса, онда қүдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде анықталуы мүмкін және ол 1290 "Күдікті қарыздар бойынша резервтері деген пассивтік шотында керініс табады.

Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп танылған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады.

«3-Энергоорталық» АҚ-да күдікті (күмәнді) қарызды есептеу үшін өзінің есептік саясатында қолданып жүрген бағалаудың бір тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің пайыздық деңгейінен немесе төлемнің мерзімі бойынша анықталуы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ өзінің жылдық нәтижесіңце пайда болған күмәнді қарыздарын, теленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесін шартты түрде төрт кезеңге беліп, әрбір кезеңде сатылған өнімнің келемін және соларға тиесілі қарыздарын анықтайды.

Мысалы, жыл бойында сатылған өнімнің көлемі 3128,4 мың теңге болсын делік. Енді осы сатылған өнімді төрт кезеңге бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі қай кезеңге көбірек келетіндігін анықтаймыз.

Келтірілген мәліметтердің көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың резерві 82,59 мың теңге құрағанын көреміз (3128,4х2,64):100%.

Іі. «қазақстан - каспийшельф» жшс-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау

2.1 «Қазақстан - Каспийшельф» жшс-ң жалпы сипаттамасы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

«Қазақстанкаспийшельф» ЖШС - Қазақстанның Әлеуметтік -экономикалық проблемаларын шешуде рөлін мойындайтын әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания болып табылады.

Бүгінгі таңда «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС - Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Компания «Қазақстанкаспийшельф»АҚ энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты: Бухгалтерлік және аудиторлық қызметтің кәсіпорында қалай жүргізілетінін анықтау.

Өндірістік тәжірибенің міндеттері: Кәсіпорынның қызметімен, ұйымдастыру және басқару құрлымымен танысу, бухгалтерия жұмысын ұйымдастыру жұмыс істеу тәртібін зерттеу. Кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізу, ішкі аудит пен талдау жұмысын ұйымдастыру нысандарын зерттеу және бухгалтерлік, талдау мен аудиторлық жұмыс боиынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

3. «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС жетілдіру Компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей шараларды орындауға алдын ала қарастыруда:

■ Каспий теңізінің бойынша және жерде де жоғары перспективті құрылымды барлау және бағалау жұмыстарды бақылау;

■ Лауазымды мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша республиканың мұнайгаз ресурстарын тиімді және рационалды меңгеруді қамтамасыз ету;

Компания өз дамуын аяғына дейін жеткізу үшін келесідей мақсаттарға сүйенеді:

■ Шикізатты тауып, шикізат базасын дамыту;

■ Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану,

■ Мұнай операцияларына көмек көрсету үшін инфрақұрылым мен мұнайгазтранспорт жүйесі, мұнайгазөндіру саласын дамыту;

■ Солтүстік-Каспий жобасын кеңейтуге компанияның көмегі қамтамасыз ету керек;

■ Каспий теңізінің Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаралар мен функцияларды орындау керек;

■ Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы бойынша шараларды жүзеге асыру;

■ Мұнайгаз саласына ұлттық кадрларды дамыту;

■ Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік қамтамасыз ету; . «Қазақстанкаспийшельф» АҚ көптеген халықаралық және ішкі геофизикалық жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.

Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді.

Компания:

■ мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

■ мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларын жүргізуге конкурстар ұйымдастыруға қатысады;

■ Қазақстанда және шетелде көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген өнімдерін барлау, игеру бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін, сондай-ақ мұнай-газ құбырлары мен өндірістік инфрақұрылымды жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]