Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zadania_dlya_uchebnoy_praktike_kaz.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
185.34 Кб
Скачать

Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

«Қаржы» Факультеті

«Қаржы» кафедрасы

Алматы 2013 ж.

Мазмұны

Оқу тәжірибесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы..............................

4

«Корпоративтік қаржы» бөлімі бойынша тапсырмалар...........................

5

«Салық және салық салу» бөлімі бойынша тапсырмалар.......................

21

Қосымша........................................................................................................

31

Оқу тәжірибесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Оқу тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың маңызды кезеңі. Практиканың негізгі мәселесі студенттердің болашақ мамандығы бойынша оқу үдерісінде алған теориялық білімін, теория мен тәжірибенің арасындағы қатынасты тығыз байланыстырып білімін нығайту.

Оқу тәжірибесін өту кезінде студенттер арнайы тапсырмаларды есептеп талдау жасауы керек. Ұсынылған тапсырмалар оқу үдерісінде алынған теориялық білімдерді түйіндейді және «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «Салық және салық салу», «Банк ісі», «Қаржы нарығы және делдалдар» пәндері бойынша талдауды үйретеді.

Оқу тәжірибесі барысында «Қаржы» кафедрасының оқытушылары бекітілген кесте бойынша оқу тәжірибесінің сабақтарын жүргізеді.

Оқу тәжірибесін өту барысында студенттермен кафедра оқытушылары бірігіп сәйкес пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған практикумда (жұмыс дәптерінде) орындалады.

Есептеулер мен қорытындылар әр тапсырмадан кейін есептеуге арналған арнайы бос орындарда жазылады.

Оқу практикасы аяқталғаннан соң тапсырмаларды кафедраға өткізеді, сол жерде орындалған тапсырмалар тексеріліп оқу тәжірибесі бойынша қорытынды баға қойылады.

«Корпоративтік қаржы» пәні бөлімі бойынша оқу практикасының тапсырмаларын орындау үшін нақты жұмыс жасап отырған кәсіпорынның қаржылық есебінің мәліметтері болу керек.

«Корпоративтік қаржы» бөлімі бойынша тапсырмалар

Тапсырма №1. Баланс активтерінің құрылымы мен құрамының динамикасын талдау. Бұл талдау кәсіпорынның бүкіл мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы өсу немесе кему мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді. Активтердің өсуі (кемуі) кәсіпорын қызметінің кеңейгенін (тарылғанын) көрсетеді. Қаржылық есептің негізгі элементі болып табылатын активтерді талдауда олардың құрамы, құрылымы және олардың өзгерістері зерттеледі. Активтердің жалпы және жекелеген баптары бойынша құрылымын талдау, оларды рационалды түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1-кесте. Кәсіпорынның баланс активтерін құрамы мен құрылымы, үш жыл бойынша

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

сомасы, мың тенге

Үлес салма-ғы, %

сомасы, мың тенге

Үлес салма-ғы, %

Активтердің құны барлы-ғы; соның ішінде:

100

100

1.1. Ұзақ мерзімді актив-тер, оның ішінде:

Негізгі қаражаттар

Материалдық емес актив-тер

Басқа да ұзақ мерзімді ак-тивтер

Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз

1.2.Ағымдағы активтер, оның ішінде:

Тауарлы-материалдық қор-лар

Қысқа мерзімді дебитор-лық қарыз

Ағымдағы салықтық ак-тивтер

Басқа да қысқа мерзімді активтер

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

1 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама