Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

3.3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары

Қазақстанның кеден қызметі халықаралық ынтымақтастық саласында да белсенді жұмыстар жүргізіп, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді.

Ресей, Қытай, Түрік, Қырғызстан, Германия, Нидерланд кеден қызметтерімен кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық деректерін алмасу және салыстыру мәселелері бойынша шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Дүниежүзілік кеден ұйымымен (бұдан әрі - ДКҰ) іскерлік серіктестік қатынастарды орнату едәуір жылжыды.

Әуе қатынастарының басқа көлік түрлерімен салыстырғанда басты ерекшеліктерінің бірі жоғары жылдамдық есебіне ауқымды қашықтықты аз уақыт ішінде өту және жолаушылар тасымалы мен халықаралық пошта жөнелтімдерін жүзеге асыруға басымды мамандандырылуы болып табылады.

Әуе көлігі басқа көлік түрлеріне қарағанда жүктерді аз тасиды. Бірақ көбінесе бағалы, қымбат тұратын, тез бүлінетін тауарларды әуе қатынасы арқылы тасымалдау тиімді.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы тәуелсіз мемлекеттерге ыдырағаннан кейін және нарық жағдайынан көшкеннен кейін, соңғы жылдары Қазақстанда авиа тасымалдаулар және орындалған жұмыстар көлемі біршама төмендеген болатын. Сонымен қатар, халықаралық әуе қатынастарының үлесі керісінше едәуір артқанын байқаймыз.

Бүгінгі күні халықаралық жолаушылар тасымалының басымдылығы мен авиациялық көлік сыртқы сауда жүктерінің көлемі тасымалдау процестерін кеден органдарымен жүзеге асыруда авиациялық көлік құрылымдарының тығыз қарым-қатынасын көрсетеді. Жалпы авиа кәсіпорындардың, атап айтқанда халықаралық авиа тасымалдауға өтуде әуежайлардың техникалық базасын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіре отырып жетілдіру міндеттерін қояды:

- ұшу-қону жолдарын, перрондарды қайта жөндейден өткізу;

- қазіргі аэронавигациялық және жарық техникалық құралдарымен жарақтандыру;

- инженерлік-техникалық база және арнаулы көлік қызметін жаңарту;

- жолаушыларды қабылдау және жөнелтуге арналған аэровокзал кешендері мен кедендік ресімдеу бекеттерін қайта жөндеуден өткізу;

- қазіргі заманғы жүк терминалдары мен кеден қоймаларын салу;

- ұшақ паркітн халықаралық талаптарына сәйкестіндіре отырып жаңарту;

- авиациялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.

Халықаралық рейстерді орындауда материалдық-техникалық қамтамасыз етудің дамуымен қатар, кеден инфрақұрылымы бойынша тиісті шаралар да талап етіледі.

Қазақстандағы әуе көлігінің қазіргі жағдайы жүк тасымалдары жүйесінің дамуымен сипатталады, оның жолаушылар авиа тасымалдаулары тұрақтандырумен, сұранысының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Бұның барлығы әуе көлігіндегі дағдарыс құбылыстарын игеру бойынша шаралар жүзеге асыру кезінде мүмкін болады. Алайда мемлекет инвестициялық процестерге белсене араласып отырған жоқ. Авиа тасымалдаушылар мен авиа кәсіпорындарды мемлекеттік қолдауы тек үстірт сипатта ғана.

Халықаралық әуе тасымалы – тасымалдау жұмысын атқаратын кезде, тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болған-болмағандығына қарамастан, жөнелту пункті мен бару пункті.

Халықаралық тасымалдар жасайтын әуежайда орналасқан өткізу бекеттерінде кеден органдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін тиісті материалдық база қажет. Бұл қызметкерлерді қажетті орындармен (қызметтік, тұрмыс, тексеру) болып табылады. Осы уақытта қызметтік орындар, атап айтқанда, кедендік бақылау техникалық құралдарын орнату және іске қосу (бейне-, аудио- және т.б.), валюта мен өзге де құнды қағаздардың қозғалысын бақылау үшін қажетті талаптарды қанағаттандыру керек.

Қазақстан әуежайларындағы тауарлар мен көлік құралдарының ұлғайып келе жатқан ағынын кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету үшін шекарада және мемлекет ішінде тиісті инфрақұрылым талап етіледі.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы №2697 заң күші бар жарлығы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы №285 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер шекаралары арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілу кезінде ақпараттық технологияларды қолданудағы біріңғай салық төлемдері туралы Келісімге қол қою туралы» 2006 жылғы 10 сәуірдегі №263 қаулысы (Беларусь, Қазақстан Ресей, Украина мемлекеттері қол қойды), «Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы №187 бұйрығы және т.б. [5].

Қазақстан Республикасының авиациясы эксперименттік, мемлекеттік және азаматтық авиация болып бөлінеді. Эксперименттік авиация – авиация және басқа техника саласында тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргізуге арналған авиация. Мемлекеттік авиация – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарамағындағы, сондай-ақ Үкіметтің шешімі бойынша басқа мемлекеттік органдардың қарамағында болатын авиация. Азаматтық авиация – эксперименттік авиация мен мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін және жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктер мен поштаны тасымалдауда (әуе тасымалдары), авиациялық жұмыстарды орындауда, әуе кемесін пайдаланушының жеке қажеттерін қанағаттандыруда пайдаланылатын авиация.