Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарыс кешены.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
520.3 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Инженер-экономикалық» факультеті

«Қолданбалы математика» кафедрасы

«Экономикалық мәліметтерді талдау және болжау» пәні бойынша

дәріс кешені

«5В050600- Экономика» мамандығы

1- дәріс

Шешімдерді қабылдаудағы ақпараттар мен мәліметтердің ролі.

Экономикада шешім қабылдау үшін ақпараттарға жүгінеді. Ақпараттар қажеттілігі мысалы:

- маркетолог үшін- тауарды сипаттамасы арқылы бағалау үшін, нарық сегментінің мәліметтері арқылы талдау жасалады, сұраныс анықталады, өндірістің жұмысы жоспарланады;

  • менеджер үшін – өндірісті басқару және оны ұйымдастыру үшін экономикалық процесстердің мәліметтеріне талдау жасау арқылы ғана оның тәсілдерін қабылдайды тағы сол сияқты.

Сондықтан экономикалық мәліметтерді жинақтап өңдеу арқылы ғана экономикалық жүйенің жұмысын басқарып тиімді ұйымдастыруға болады.

Экономикалық ақпарат сандық мәліметтер арқылы беріледі. Осы мәліметтерді өңдеу арқылы ғана экономикаға сипаттама беруге болады.

Қазір ақпараттарды жинақтаудың әр түрлі статистикалық әдістері бар. Жинақталған ақпараттар математикалық әдістер арқылы өңделіп талдауға және шешім қабылдауға ыңғайлы етіп ұсынылады. Осы пәннің негізгі мақсаты жинақталған мәліметтерді математикалық әдістермен компьютерлер технологиясы арқылы өңдеп талдауға және шешім қабылдауға ұсыну.

Осыған байланысты статистика екі түрлі жағдайда қолданылады. Бірінші сипаттаушы статистика мәліметтерді әр түрлі формада жинақтап, қорытындылап және белгілі бір сипаттамаға келтіреді. Қорытындылау статистикасы мәліметтер жиынының осы сипаттамасы бойынша экономикалық заңдылықты айқындайды және қорытынды тұжырым жасайды.

Сондықтан, бизнестің жақсы дамуы үшін экономикалық мәліметтерді жинақтай білу және оларды өңдеп қорытынды шешім қабылдау өте маңызды. Осыған байланысты, ақпараттарды дұрыс жинақтау, оның қандай формада жинақтау керек екенін алдын ала анықтау өте маңызды.

2- дәріс

Мәліметтерді алдын ала талдау. Мәліметтер түрі. Сандық мәліметтердің өлшемі.

Мәліметтер екі түрге бөлінеді- алғашқы немесе өңделмеген және өңделген. Алғашқы өңделмеген мәліметтер сол объектіге қатысты табиғи түрдегі мәліметтер. Өңделген мәліметтер алғашқы мәліметтер арқылы есептеліп, өңделіп қажетті формада берілген ақпараттар.

Ақпараттарды жинақтаудың негізгі көздері Статистикалық агенттік, мекемелер, эксперимент, анкета, байқау тағы с.с.

Маман үшін ақпараттарды өңдеу әдістерін игеру өте маңызды. Алғашқы өңделмеген мәліметтер «шикі» ақпарат, олардың мәндері арқылы экономикалық тұжырым жасау қиын, үрдістің сипатын көрсетпейді. Сондықтан шешім қабылдауда алғашқы ақпараттарды өңдеу және мағыналы формаға келтіру керек. Өңделген мәліметтерді сипатты түрге келтіру экономикалық мағына береді. Өңдеу процесін мына схемамен жазуға болады

Мәліметтерді талдау үрдісі

Есептің қойылымы әр түрлі аналитикалық талдау арқылы мақсатын анықтайды. Мысалы, табыстылығын талдау, оның көрсеткіштері- табыс, шығын, өндіріс көлемі және сату көлемі тағы с.с. Осы көрсеткіштер бойынша мәліметтер жинақтау керек.

Екі өлшемді мәліметтер

Практикада екі өлшемді мәліметтерді талдау жиі кездеседі. Мысалы, бір фактордың мәліметтері өзгергенде екінші фактордың мәліметтері қалай өзгеруін анықтау, немесе эконометрикалық есептерді шығару үшін. Ол үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады. Ең көп тараған әдіс график түрінде бейнелеу. Эконометрикада оны корреляциялық байланысын анықтау деп атайды.

Мысалы, маркетингтік зерттеуде жарнамаға жұмсалған қаржымен тауардың сатылу көлемінің арасындағы байланысты анықтау қажет болады.

Х осіне тәуелсіз факторды яғни жарнамаға жұмсалған қаржыны орналастырамыз. Ал У осінде зерттеуші немесе тәуелді факторды, тауардың көлемін белгілейміз. Он айдың мәліметтері төменде берілген.

Х 4 6 7 3 8 12 9 10 14 15

У 13 17 21 11 23 31 25 28 32 36

  1. Осы бейне бойынша екі өлшемдердің арасында байланыс бар ма?

  2. Тауардың өтімділігі жарнамаға тәуелді ме?

  3. Неге?

Бейнелеу үшін Мастер диаграмм Стандартные - Точечная (немесе График) ашамыз.