Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Исмаил.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
632.32 Кб
Скачать

75

Мазмұны

Кіріспе ...............................................................................................................….......3

І ТАРАУ. Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері

1.1. Кедендік бақылаудың түсінігі, мақсаттары мен міндеттері ...........................6

1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары .......................................16

ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау Департаменті мысалында)

2.1. Әуе көлгінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері ..................27

2.2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау ..................................................................45

2.3. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану ......................................................58

ІІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары

3.1. Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары .............................................................................................................65

Қорытынды .......................................................................................................…....69

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ......................................................................72

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2].

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.

2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.

2004 жылдан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасын дербес жүргізуге және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізілді. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр, сонымен қатар барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары ашылды. Бұл алдағы уақытта, біріншіден кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетсе, екіншіден оның ашықтығын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.

Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы мен кедендік ресімделуін ұйымдастыруды талдау, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың кедендік негіздеріне тоқталу;

- кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандарын ашып көрсету;

- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау;

- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану;

- кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу;

- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруды дамыту болашақтарын атап өту.

Жұмыстың дерек көздері. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, әр жылдары жарық көрген кеден ісіне байланысты әдебиеттер, Қазақстан Республикасы кеден органдарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінің материалдары, Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаменті негізіндегі материалдар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Кедендік бақылаудың түсінігі, мақсаттары мен міндеттері

Кедендік бақылау – кеден органдарының заңдар мен халықаралық шарттар орындалуы үшін мемлекеттік кеден саясатына сәйкес жүргізілетін іс-әрекеті.

Кедендік бақылауға Қазақстан Республикасы кедендік шекарасынан өткізілетін, заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа, барлық тауарлар мен көлік құралдары жатқызылады. Кедендік бақылау белгілі бір ережелер бойынша құжаттар мен мәліметтерді бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау, жеке бақылау нысанында жүргізіледі.

Кедендік бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валютааралық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен осы кодекспен белгіленген тәртіпте және нысанда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Кеден кодексімен кеден органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасы мен халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеледі. Егер кеден заңнамасы және халықаралық шарттар сақталмаса немесе толығымен сақталмаған жағдайда, кедендер және Қазақстан Республикасы жоғары тұрған кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеруді, сондай-ақ кеден делдалдары немесе оларды бақылау қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарына жүктелген қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғаларды тексеруді жүргізуге құқығы бар.

Кедендік бақылау кедендік ресімдеу орындарында немесе кеден органдары орналасқан орындарда немесе кеден органдарымен белгіленген өзге де орындарда құрылатын кедендік бақылаудың белгіленген аймақтарында жүзеге асырылады. Осы аймақ ішінде тауарларды жылжыту, коммерциялық қызмет жасау тек кеден органының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Тауарлар осы немесе басқа кедендік режиммен босатылатын мерзім ішінде кедендік бақылауда болады. Қазақстанның кеден аумағынан тауарларды шығарған уақытта кедендік бақылаудың басталуы кеден органының кедендік декларацияны қабылдау сәтінен басталады. Қазақстанның кеден шекарасынан осы тауарлардың өткізілу сәтінен кедендік бақылау аяқталады.

Заңнама кедендік бақылау аймағында болудың рұқсат ету сипатын қарастырады, ол үшін кедендік бақылауға жатқызылатын тауарлар мен көлік құралдары, оған қажетті құжаттар болатын немесе оны бақылау кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын аумақтар мен орындарға кез-келген тұлғаның қол жетімділігі үшін кеден органының алдын-ала хабарландыруы талап етіледі.

Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер мүдделі тұлғалармен ұсынылады. Бұдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың операциялары мен шоттарының жағдайы туралы мәлімет алуға, кеден мақсатында қаржы және сыртқы экономикалық қызметті тексеруге құқығы бар, бұл тәжірибеде күрделі мәселені туындатады.

Кедендік бақылаудың негізгі қызметтеріне:

- кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету;

- азаматтардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың кеден ісін жүзеге асыру кезінде құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдау;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттің тәуелсіздігінің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- кеден бажы, салықтар мен өзге де кедендік төлемдерді алу;

- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің рұқсат ету тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар (тауарлар – кез-келген қозғалатын мүлік, оның ішінде валюта, валюта құндылықтары, электрлік, жылу, өзге де энергия түрлері) және көлік құралдарына (Қазақстан Республикасы кеден аумағына тауарлар немесе көлік құралдарын әкелу немесе әкету бойынша әрекеттер жасау) қатысты тарифтік емес реттеу шараларын әзірлеуге және осы шараларды іске асыруға қатысу;

- кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауар айналымын тездетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау жатады [3, 184].

Жалпы кедендік бақылауды оның мынадай заттарға байланысты жіктеуге болады:

- тауарларды кедендік бақылау;

- көлік құралдарын кедендік бақылау.

Тауарларды жылжыту бағытына байланысты импорт (Қазақстан аумағына әкелінетін) және экспорт (Қазақстан аумағынан әкетілетін) тауарларын кедендік бақылаудың айырмашылықтарын көрсетеді. Кедендік бақылауды жүзеге асыруға әсер ететін тауарлардың жеке маңызды сипаттарын есепке ала отырып, оның түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- қол жүгін кедендік бақылау;

- иесімен бірге жөнелтілетін жолжүкті немесе иесімен бірге жөнелтілмейтін жолжүкті бақылау.

Кедендік бақылау кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен жүргізіледі:

- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын;

- оларды ұсыну Кеден кодексімен қарастырылған, кеден декларациясы, тауарлар мен көлік құралдары туралы құжаттар мен мәліметтер;

- кеден делдалдары, кеден тасымалдаушысы, сондай-ақ жекелеген кеден режимдері шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тұлғалардың қызметі;

- тауарларды пайдалану және басқару құқығына белгіленген шектеулерді сақтау;

- кеден төлемдері мен салықтарды аудару және төлеу [3, 186].

Кеден органдарына жүктелген қызметтер кешенін жүзеге асыру үшін, ең алдымен, сыртқы экономикалық қызметі қатысушы мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру қажет.

Бұл қызметтер кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу кезінде негізделген шешімді қабылдау үшін бір орында, бір органда өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты жинап алу мүмкіндігі және осы тауарларды, құжаттардағы бар мәліметтерді тауарлар туралы нақты деректермен салыстыру, екі түрлі деректер арасында кездейсоқ немесе қасақана сәйкессіздікті табу және мемлекет үшін мүмкін болатын зиянды болдырмау, заңдар мен кеден ережелері бұзылуының себептерін айқындау және жою, оған қатысты тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылдау, осы бұзушылықтардың заңды біліктілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Кедендік бақылау объектілері: Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары; олар туралы құжаттар мен мәліметтер; осы тауарларға қатысы бар жеке және заңды тұлғалар – тауар иелері; олардың тапсырмалары бойынша әрекет ететіндер – кеден делдалдары; декларанттар, кеден тасымалдаушысы және т.б., олардың құжаттары; нақты жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізудің белгіленген тәртібінің нақты жағдайына сәйкес келуі; тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден органдарының келісімен декларанттармен таңдап алынған кеден режимдерін ұсыну және таңдау мүмкіндігі болып табылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау Қазақстан Республикасы барлық кедендік аумағында ең алдымен, кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ еркін аймақтар мен еркін қоймаларда ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Кедендік бақылау тауар қозғалысының, оның өндірісі, сақтау, сатып алу, сату, тиеу, түсіру, орау, тасымалдау, сақтандыру, пайдалану және т.б. сатыларына қатысты болады. Бұл тауарды шығарған мемлекеті, тауардың кедендік бағасы, оның сапасы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкестігіне жіктеу дұрыстығы, саны және т.б. туралы мәліметті тексеруде көрініс береді. Аталған мәліметтерді білу Қазақстан Республикасының заңнамаларын және кеден режимімен белгіленген халықаралық шарттарды сақтау туралы немесе тауарлар иелерінің немесе өзге де тұлғалардың тауарларды өндіруде, оларды кедендік шекара арқылы өткізуде немесе оларды шығарылуынан кейін пайдалану кезінде бұзушылықтары жөніндегі мәселелерді шешу үшін қажет.

Кедендік бақылау субъектілері болып Қазақстан Республикасы кеден жүйесінің органдары, тауарлар мен қызметтерді кедендік шекара арқылы өткізумен байланысты, сондай-ақ өзге де тұлғалардың кедендік шекара арқылы көлік құралдары мен жеке заттарын өткізумен байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарында билік өкілдерінің функцияларын орындайтын лауазымды тұлғалар болып табылады.

Кедендік бақылау субъектілері сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен өзге де тұлғалардың осындай тексеріс процесінде кедендік заңнама талаптарының орындалуын, белгіленген фактілер бойынша шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асырылуын бақылау үшін ақпараттық негіздерді әзірлеумен байланысты нақты әрекеттерді жүзеге асыруға белгілі құзыреттермен (құқықтар, міндеттемелер және жүргізу пәнінің жиынтығы) ерекшеленеді.

Кедендік бақылау субъектілерінің қызметіне, басқаша айтқанда кедендік бақылауға кеден шекарасы арқылы тауарларын өткізуге қатысы бар бақылаушы тұлғалардың белгіленген құқылы және құқылы емес әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне әрекет ету ережелері мен кедендік нормаларды нақты сақтауды тексеру, бақылау объектілерін бақылау шараларының жиынтығы енеді. Осы шаралардың жиынтығы нақты жағдайларға байланысты болады, бірақ жалпы алғанда нақты объектілерді кедендік бақылауды және оларды басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді іске асырумен байланысты ұйымдастыру-басқару шаралары енеді. Кедендік органдардың ұйымдастыру-басқару шараларына:

- кедендік бақылау және тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу орны мен уақытын анықтау;

- кедендік бақылау жолымен әкелінетін тауарларға бірдейлендіру белгілерін салу;

- технологиялық бақылаудың технологиялық сызбасын әзірлеу;

- тауарларды өткізуге әзірлеу, оларды кеден органдарына ұсыну, сол не басқа кеден режиміне сақтауға орналастыру процесінде туындайтын түрлі мәселелер бойынша шешім қабылдау;

- кеден органдары қызметкерлерінің сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларымен кедендік бақылау объектілерін, олардың тауарларды орналастырудың белгіленген тәртібін сақтауды тексеруге қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

- өткізілетін тауарлар, осыған қатысты тұлғалар туралы мәліметтерден тұратын құжаттарды тексеру бойынша шаралар;

- түрлі тұлға санаттарының тауарлары өткізілетін сол тауарлар, көлік құралдарын нақты тексеру, сондай-ақ киімінде, денесінің үстінде немесе өзінің ішінде сол немесе басқа да контрабанда заттарын жасырғаны туралы күмән туындаған жекелеген адамдарды жеке тексеру бойынша шаралар;

- осындай жолмен бақылау объектілері туралы мәліметтерді, оларды сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларының кеден органдарына ұсынылған құжаттарында көрсетілген деректермен салыстыру, осы мәліметтерде түрлі өзгешеліктерді айқындау, шындықты нақтылау бойынша алдағы уақыттағы әрекеттер туралы немесе кедендік бақылаудың аталған кезеңінің аяқталғаны туралы шешімдер қабылдау;

- валюталық бақылау субъектілерін алынған нәтижелер туралы ақпараттандыру;

- оның әрекеті негізінде кедендік ресімдеу және өзге де процесте тауарлар орналасатын кедендік режимдерді сақтауды бақылау жатқызылады [7, 58].

Кедендік бақылауды өткізу мыналарды қамтамасыз етеді:

- сыртқы экономикалық айналымды жылдамдатуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау;

- тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекаралары арқылы орналастырудың рұқсат беру тәртібі;

- контрабандамен, кеден ережелері мен салық заңнамасының бұзушылықпен күрес жүргізу; сондай-ақ кеден шекарасы арқылы есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды, халықтардың шығармашылық, тарихи және археологиялық құндылықтары заттарының заңсыз айналымын кесу;

- кеден баждарын, салықтар және өзге де кеден төлемдерін уақытылы және толық алу;

- Қазақстанның сыртқы сауда кеден статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргізу;

- кеден органдары құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы мен т.б. жүргізу.

Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызметтерін орындау арқасында жүзеге асырылады.

Осы қызметті тағайындау мәліметтерді есепке алу және тіркеу, өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы толық, шындыққа сәйкесетін құжаттамалық ақпараттық негізі қалыптастыру болып табылады. Мұндағы алға қойылған мақсаты: тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау, сондай-ақ валюталық, сараптамалық, ветеринарлық, экологиялық және өзге де бақылау түрлері үшін жағдайларды қамтамасыз ету; сыртқы сауда кедендік статистикасы және арнаулы кеден статистикасы жүргізу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тиісті кедендік режимді дұрыс таңдауда, онда тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруда, осы режимнің дұрыс сақталуы мен оның әрекетінің уақытылы аяқталуы.

Кедендік бақылау сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық тауарлар мен көлік құралдарына міндетті декларациялау туралы (кеден органдарына өтініштері, мәліметтері) заңнама талаптарын орындаумен база құрылады. Декларациялау кедендік декларацияны ауызша, электронды немесе жазбаша түрде ұсыну, сондай-ақ кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін қажетті өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды білдіреді [6, 99].

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 431-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінген  тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден  бастап және:

- Кодекстің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркін айналыс үшін шығарылғанға;

- жойылғанға;

- мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке  айналдырғанға;

- тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары  жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда болады [3, 184].

Кодекстің 437-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы  өткізілетін  барлық тауарлар мен көлік құралдары  кедендік бақылауға жатады. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Кедендік қадағалаудың басты мақсаты – кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық  құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі болып табылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын әуе кемесімен кеден шекарасынан өткізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабымен қарастырылған. Оның өткізілу пункті - әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін - межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 19-бабына сәйкес, кеден органдарының міндеттері:

- Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

- сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке  қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

- кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

- өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге  асыру;

- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің  кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

- өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де  міндеттерді орындау болып табылады [3, 11].

Қорыта айтқанда, кедендік бақылау кеден органдарының заңдар мен халықаралық шарттар орындалуы үшін мемлекеттік кеден саясатына сәйкес жүргізілген іс-әрекеті деп білеміз. Ол «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған, сонымен қатар алдағы уақытта кедендік бақылау жүйесіне жаңа технологиялар енгізу, көрші мемлекеттермен тәжірибе алмасу нәтижесінде кедендік бақылауды жетілдіру бойынша бірқатар шаралар жасалып жатыр.

1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары негізгі нысандарды қолданады, олар қолданыстағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Кедендік бақылау нысандарының таңдауы және жеткіліктілігі оны ұйымдастыру қағидалары болып табылады. Кедендік бақылау нысанын таңдау кеден аумағына әкелінетін тауарлардың, олар орналастырылатын кедендік режим түрінде сипаты мен құнына байланысты болуы мүмкін.

Осы уақытта, егер әкелінетін тауарлар кеден баждары мен салықтар салынбайтын болса, онда осы тауарларға бірдейлендіру тексеру ғана жүргізіледі.

Егер кедендік бақылаудың сол не өзге де нысандағы жетімділік қағида белгісіз болса, онда осы нақты жағдай бойынша нормативтік құжаттарда кедендік бақылау нысанының жетімділігі туралы мәселе кеден органы мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының жеке қарауы бойынша шешіледі.

Кедендік бақылаудың таңдауы мен жетімділік қағидаларын сақтау азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзбау қажет.

Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі қағидалары. Осы аталған қағидалар деп Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын енгізуге және шығаруға қатысы бар барлық қатысушылар басшылыққа алуға міндетті болатын негізгі ережелер деп түсіндіріледі. Кодекстің 8-бабына сәйкес, Кеден кодексі және Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқа барлық тұлғалар тең негізде тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына енгізуге, Қазақстан Республикасынан шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар [3, 8].

Олардың орындауға және сақтауға міндетті іргелі құқықтық талаптарының мағынасы болады және тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды құқықтық реттеу негізін құрайды.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және әкетуге тұлғалар тең құқықты. Оның мәні барлық жеке және заңды тұлғалар тең негізде Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және одан әкетуге, сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар. Заңды теңдік тауарларын өткізетін барлық тұлғаларға, олардың тауарлардың иелері бола ма, олардың сатып алушылары ма, меншік иелері немесе жеке атынан заңнамада қарастырылған тауарлармен әрекеттер жасау үшін жеткілікті басқа сипатта болатынына қарамастан танылады.

Жекелеген тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу.

Заңнамада жекелеген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынуы мүмкін негіздер белгіленген. Оларға:

- мемлекеттік қауіпсіздікті ойлау;

- халықтың адамгершілігін қорғау;

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғау;

- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Осындай тыйым салу үшін негіздеме тізбесін ашық болады және Қазақстан Республикасы заңнама актілері мен халықаралық шарттар негізінде өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлар тез арада әкетуге немесе қайтаруға жатады, егер әкету немесе қайтару мүмкін болмаған жағдайда иелері қазақстандық кеден органдары болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына тапсырады.

Тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер. Кодекстің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті қаулыларына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке тыйым салу және шектеу қою, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес шаралар белгіленуі мүмкін. Бұл талаптар экономикалық саясатты ойлауынан, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерді орындауынан, ішкі тұтыну нарығын қорғау, Қазақстан Республикасына дискриминациялық және өзге де қысым көрсетуге жауап ретінде, шетел мемлекеттерінің және оның одақтастарының акциялар және басқа да барынша маңызды негіздерге байланысты болады [3, 8].

Кедендік режимді таңдау құқығы. Кодекстің 11-бабының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.

Режимді таңдау кезінде тауардың тағайындалуы және сипаттамасы, оны енгізу мақсаттары және оны алдағы уақытта пайдалану перспективалары, олар сатып алынатын жағдайлар және өзге де міндеттемелер есепке алынады.

Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау міндеттемелері қағидасы Кодекстің 10, 15-баптарындағы талаптарда бекітілген және Қазақстан Республикасы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы Кеден заңнамасымен қарастырылған кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібі және жағдайына жатады.

Тауарларды әкетудің шартты қағидасы Кодекстің 14-бабында қарастырылған, онда Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс.

Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.

Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету қағидасы. Кеден операцияларын жүзеге асырған уақытта кеден органдары оларға келіп түсетін тауарлар мен көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеден режимдерінің барлығына жалпы болып тауарлардың сақталуына жауаптылықтан босату ережесі болып табылады, бұл апатты жағдай немесе белгісіз әсер ететін күшпен байланысты туындаса, егер табиғи тозуына немесе оларды қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайында бүлініп, тауарлардың кемуіне жауаптылықтан босатылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының оларды әкеткен уақытқа дейін пайдалану және басқару реттілігі қағидасы Кодекстің 13-бабында қарастырылған. Тауарлар мен көлік құралдарын әкеткеннен кейін пайдалану және басқару өтініш берілген кеден режимі жағдайына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын жоғарыда аталған жалпы қағидаларды сақтамай өткізу құқыққа қарсы деп танылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Кедендік бақылау нысандары:

- кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

- ауызша пікір сұрау;

- түсіндірмелер  алу;

- кедендік қадағалау;

- тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

- жеке тексеру;

- тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында  көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін  соғу;

- тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

- тауарлар мен көлік құралдарын  есепке алу ;

- үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады [3, 9].

Кеден декларациясы, құжаттар мен мәліметтерді тексеру. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді тексереді, оның мақсаты -құжаттардың шынайылығы және ондағы бар мәліметтердің растығы, сондай-ақ оларды ресімдеу дұрыстығын анықтау. Кедендік ресімдеу кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтердің шынайылығын тексеру басқа көздерден алынған ақпаратпен, оның ішінде бағдарламалық құралдарды пайдалану жолымен мәліметтерді өзге де кедендік бақылау, талдау өткізу нәтижесі салыстыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары кеден декларациясы және өзге де кеден құжаттарындағы ақпараттарды тексеру мақсатында қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқығы бар. Кеден органы мұндай құжаттар мен мәліметтерді жазбаша нысанда сұратады және осыларды орындап ұсынуға жеткілікті болатын мерзім белгілейді.

Кеден құжаттары – бұл тек қана кеден мақсаттары үшін жасалатын құжаттар. Кеден органдары тексеруге құқығы бар құжаттар әрқашан да кеден мақсаттарымен байланысты болмайды, бірақ кез-келген жағдайда олар декларант ұсынған құжаттарды тексеру үшін қызмет етеді [18, 130].

Құжаттар мен мәліметтерді тексерудің басты мақсаттары:

- құжаттардың түпнұсқалығы және ондағы мәліметтердің шынайылығын анықтау;

- құжаттар мен мәліметтердің дұрыс ресімделуін анықтау;

- құқық бұзушылықтың алдын алу үшін;

- кедендік қылмыстарды болдырмау;

- кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуге тыйым салу бойынша кеден заңнамасын сақтау;

Ауызша пікір сұрау – сұрап отырған адам сөздерінен ақпараттарды жинау әдісі, басқаша айтқанда жазбаша түрде емес ақпарат алу.

Ауызша пікір сұраудың негізгі ерекшеліктері:

- ауызша сұрау кеден органдарымен кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде жүзеге асырылады;

- ауызша сұрау кеден органдарының лауазымды тұлғалар жүргізеді;

- кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік заңнама ережелерін есепке ала отырып, кеден құжаттары негізінде Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлғалардан ғана сұрауға құқы бар;

- кеден органдары ауызша сұрауды жеке тұлғаларға, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттеріне ие болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғаларға жүргізуге құқығы бар;

- өз көлік құралдарында, сондай-ақ коммерциялық бағыттағы автокөлік құралдарында немесе теміржол көлігі арқылы кеден шекарасынан өтетін жеке тұлғалар көлік құралдарынан түспей-ақ, кедендік операциялар жасай алады, ал кеден органдары осы жағдайда жеке тұлғаның қандай тауарларды өткізіп жатқанын нақтылайды, енгізуге және шығаруға тыйым салынған тауарлардың бар-жоғын анықтайды, кеден шекарасы арқылы өтуіне қатысты өзге де сұрақтар қояды;

- кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және оларды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізуге қатысты өкілеттеріне ие болатын ұйымдар өкілдерінен олардың тауарларды жеткізу ерекшеліктерін (автомобиль, темір жол, әуе, теңіз көлігімен) есепке ала отырып ауызша сұрайды.

Түсіндірмелер алу – кеден органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін, кеден ісі саласында қажет болатын ақпараттың маңызы бар жағдайларда мәліметтері бар декларанттар мен өзге де тұлғалардан түсініктеме алуы. Түсініктеме жазбаша нысанда ресімделеді, түсініктеме алу үшін тұлғаны шақырту туралы хабарландыру тиісті органның басшысымен қол қойылады және шақырылатын тұлғаға қол қою арқылы беріледі.

Кедендік қадағалау – визуалды бақылау, оның ішінде кеден органдары лауазымды тұлғаларының техникалық құралдарды пайдалана отырып, кеден бақылауында болатын тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауын, олармен жүк және басқа да операцияларды жасауды визуалды бақылау.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру – егер мұндай тексеру көлік құралдарын немесе оның жүк орындарын ашумен және тауарлардың орауышының бұзылуымен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары жеке тұлғалардың тауарлары, жолжүгін, көлік құралдары мен жүк сыйымдылықтарын, кеден пломбы, мөрлері және өзге де тауарларды бірдейлендіретін құралдардың болуын сыртқы визуалды тексеру болып табылады [3, 188].

Кеден органдары лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың жол жүктерін тексеру кеден бақылауындағы тауарлардың сипаттамасы, шыққан жері, жағдайы, саны туралы мәліметтерді расталуын білу мақсатында жүзеге асырылады. Кедендік бақылау аймағында декларанттардың, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалардың немесе олардың өкілдері қатыспаған уақытта жүргізіледі, тек аталған тұлғалар тексеру кезінде қатысу туралы өтініш білдірген жағдайда қатыстырылады. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарын тексеру нәтижесі бойынша егер осындай тексеру нәтижелері кедендік мақсатында пайдаланылатын болса, белгіленген нысанда акт құрылады. Тауарлар және көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие болатын тұлғалардың талаптары бойынша кеден органдарының лауазымды тұлғалары акт жасауға міндетті. Кедендік тексеру жүргізгені туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие тұлғаға беріледі.

Кеден органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың орауышын немесе көлік құралдарының жүк орындарын немесе тауарлар болатын немесе тауарлар болуы мүмкін сыйымдылық немесе контейнерлер, сондай-ақ басқа орындарды ашумен байланысты тауарлар және көлік құралдарына қатысты Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруден өткізеді [8, 118].

Кедендік тексеру кеден мақсаттары үшін тауарларды идентификациялау, жазылған мәліметтердің растығына көз жеткізу үшін немесе Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын бұзу туралы ақпарат болған жағдайда, осы ақпаратты тексеру мақсатында, сондай-ақ таңдау тексеруі негізінде кедендік бақылау жүргізуде қолданылады. Декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар және олардың өкілдері жеке бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру кезінде қатыса алады. Кеден органының лауазымды тұлғалары талаптары бойынша декларант немесе тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар және оның өкілдері тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде қатысуға міндетті және кеден органы лауазымды тұлғаларына барынша жәрдем көрсетуі қажет.

Кеден органы тауарлар мен көлік құралдарының кедендік тексеруін декларанттар мен тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалардың немесе олардың өкілдері қатыспаған уақытта мынадай жағдайда жүргізеді:

- тауарлар мен көлік құралдарын ұсынғаннан кейін он күн өткен соң аталған тұлғалардың келмеген кезінде;

- ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени құндылықтарын сақтауға қауіп төнгенде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;

- тауарларды халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберген уақытта.

Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету қағидасы. Кеден операцияларын жүзеге асырған уақытта кеден органдары оларға келіп түсетін тауарлар мен көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеден режимдерінің барлығына жалпы болып тауарлардың сақталуына жауаптылықтан босату ережесі болып табылады, бұл апатты жағдай немесе белгісіз әсер ететін күшпен байланысты туындаса, егер табиғи тозуына немесе оларды қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайында бүлініп, тауарлардың кемуіне жауаптылықтан босатылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы екі куәнің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысаны бойынша кедендік тексеру актісі ресімделеді. Егер кедендік тексеруге кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың жартысы бір атаулы тауар ретінде берілген болса, онда осындай тексеріс нәтижесі кедендік декларацияда көрсетілген барлық тауарларға қатысты болады.

Кедендік тексеру нәтижесі бойынша екі данада акт жасалады. Кедендік тексеріс жүргізілгені туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

- кедендік тексеріс жүргізген кеден органының лауазымды тұлғаларының және оны жүргізу уақытында қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

- декларант немесе тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар болмаған уақытта кедендік тексеру өткізу себептері;

- кедендік тексеру нәтижелері.

Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғаға немесе оның өкіліне беріледі.

Жеке тексеру кедендік бақылаудың соңғы бір нысаны ретінде кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның немесе кедендік бақылау аймағында немесе халықаралық әуежайдың транзитті аймағындағы адамның Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу объектісі болып табылатын тауардың бар екенін жасырып және ерікті түрде бермегені туралы жеткілікті негіздеме болған уақытта жүргізіледі. Жеке тексеру жүргізбес бұрын, әдетте азаматқа кедендік декларацияда көрсетілмеген заттарды, валютаны, құнды заттарды өз еркімен тапсыруын сұрайды. Егер келіспеген жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тексеруге кіріседі.

Біздің заңды тәжірибеде ұстаумен, тексерумен қатысты экстремальды жағдайда қалған адамға оның құқықтары туралы егжей-тегжейлі түсіндіру қалыптаспаған. Сонымен қатар, кеденде жеке тексеруге жататын жеке адамның құқықтарын жақсы білуіміз керек, оған тексеруге байланысты барлық құқықтарын түсіндіргеніміз жөн.

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘУЕ КӨЛІГІНДЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ (АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ МЫСАЛЫНДА)

2.1. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Халықаралық әуе рейстері жолаушыларына қызмет көрсету ережелері Қазақстан Республикасы халықаралық рейстері әуе жолаушыларын қызмет көрсетудің негізгі талаптарын белгілейді.

Бақыланатын аймақ - әуежайдың, әуе аймақтың жұмыс аумағы және оған іргелес жатқан аумақ, оған кіру бақыланатын қызметтік ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.

Стерильді аймақ – жолаушыларды, жолжүктерді, жүктерді, қол жолжүктері тексерудің, қараудың бірінші қосыны мен кіру қатаң бақыланатын әуе кемесі арасындағы стерильді аймақ бөлігі.

Транзитті аймақ – шекара бақылау қосыны мен әуе кемесі арасындағы стерильді аймақ бөлігі. Транзитті аймақ аумағында жолаушы. Оның жолжүгі, қол жүгі қосымша тексеруге, қарауға жатпайды. Транзитті аймаққа рұқсат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша әуеаймақ әкімшілігімен берілген қатаң түрде белгілі бір үлгідегі рұқсат бойынша жүзеге асырылады.

Бақылау тексеру, жолаушыларды, азаматтық әуе кеме экипажы мүшелерін, қызмет көрсетуші тұлғаларды, қол жүгін, жолжүкті, жүктерді, пошта және борттық қорларды тексеру (бұдан әрі - Тексеру) – заңсыз араласу актісін жасау үшін пайдаланылуы мүмкін қару-жарақ, жарылғыш заттар немесе өзге де қауіпті құрылғыларға айқындауға арналған техникалық құралдарды немесе басқа да құралдарды пайдаланумен болған іс-шаралар кешенін айтамыз.

Жалпы тексеру аймағы – авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеру аймағы және кедендік бақылау аймағы.

Шекара бақылауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Кеден қызметінің кедендік бақылау құрылымдарымен өткізілетін іс-шаралар кешені, оған мыналар енеді:

- Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарды тексеру;

- көлік құралдары, жүктер мен өзге де мүліктерді тексеру;

- көлік құралдарын және олармен ілескендерді тексеру;

- Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынған тұлғаларды бақылау;

Шекара бақылауы жедел және режимді іс-шаралармен бірлесіп жүзеге асырылады.

Транзитті жолаушы – халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес, аралық әуежайға келген сол рейсімен одан әрі тасымалданатын жолаушы.

Трансферлі жолаушы - халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес, трансфер қосынына бір рейспен әкелінеді, ал кейіннен сол не басқа тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданады.

Транзитті жүк (жолжүк) – жүк жөнелтпе құжатына (жолжүк ведомості) сәйкес жүк (жолжүк) аралық қосынға жеткізілген рейспен одан әрі тасымалданады.

Трансферлі жүк (жолжүк) - жүк жөнелтпе құжатына (жолжүк ведомості) сәйкес жүк (жолжүк) трансфер қосынына бір рейспен жеткізіледі, ал кейіннен сол не басқа тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданады.

Барлық жолаушылар, жолжүк, қол жүгі, сондай-ақ экипаж мүшелері және олардың қол жүгі оларға әуе кемесіне көтерілуге немесе стерильді аймаққа өтуге рұқсат етілгенге дейін тексеруден өту керек.

Тексеру билеттерді, жолжүкті, жүктерді тіркеуден өткізгенге дейін жүргізіледі. Аталған әрекеттер дипломатиялық артықшылықтарын және иммунитетін пайдаланатын тұлғаларға қолданылмайды.

Қол жүгін, жолжүкті, пошта, борттамақтану, әуе кемесі экипажын және жолаушыларды жеке тексеруді жүргізу құқығы арнайы дайындықты өткен шекара бақылау бөлімшелері, кеден органдары және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметшілеріне беріледі.

Жалпы тексеру аймағынан өтуді бақылау кеден органдары мен авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне, шекара бақылау аймағынан өтуді шекара органдары қызметкерлеріне жүктеледі.

Егер жолаушының жарылғыш зат, қару-жарақ немесе өзге де заты бар туралы мәлімет түссе немесе айқындаса, тексеру авиациялық қауіпсіздік қызметі және ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі (ішкі істер органдары қызметкерлерін шақыру тәртібі, келу уақыты әуежай және ішкі істер органы басшыларымен әзірленетін және бекітілетін өзара әрекет сызбасымен белгіленеді).

Жеке тексеруден немесе қол жүгі және жолжүгін тексеруден өткізуден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді.

Ұшатын жолаушыларға қызмет көрсету:

Жалпы тексеріс аймағында тексеру мынадай тәртіпте жүргізіледі:

- тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің қызметкері жолаушылардың әуебилеттері мен жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарын тексереді, тексеруді өту ережелері туралы кеңес береді және техникалық тексеру құралдары арқылы жолжүктер мен қол жүктерін бақылау тексеруді өту орындарына өтуін ұсынады. Жолаушылар жалпы тексеру аймағына өтеді, онда авиациялық қауіпсіздік қызметі және кеден органдары қызметкерлері техникалық құралдарды пайдалану арқылы жолаушыларды, жолжүктерді және қол жүктерін тексереді;

- тексеріс аяқталған соң әуебилетте авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жеке нөмірлі мөрімен өткізілген тексеру туралы белгі соғылады және жолаушы кедендік ресімдеу үшін кедендік бақылау аймағына жіберіледі.

Жалпы бақылау, тексеру аймағындағы кеден қызметі қызметкерлері:

- бөгде адамдардың стерильді аймаққа өтуіне жол бермейді;

- жолаушыларды кедендік ресімдеу өту үшін кеден декларацияларын, төлқұжаттарын, банктік рұқсанаманы және өзге де құжаттарды әзірлеу қажеттілігі туралы ақпараттандырады;

- азаматтарға қолданыстағы кеден ережелері туралы түсініктеме береді, кедендік бақылау аймағында тәртіпті қадағалайды;

- жолаушы кеден декларациясының дұрыс толтырылғанын тексереді;

- жолаушылармен ауызша сауалнама жүргізеді;

- қажеттілігіне қарай, қол жүгі мен жолжүкті тексереді, декларацияда көрсетілген валютаның, өзге де заттардың немесе құндылықтардың сәйкестігін тексереді, анықтама-сертификаттарды және өзге де құжаттарды тексереді.

Қазақстан Республикасынан шығаруға жол берілмеген валюта, заттар және өзге де құндылықтар тексеру барысында белгіленген заңнама тәртібінде ресімделеді. Кеден ережелері бұзылған жағдайда, контрабанданы айқындау немесе контрабанданың болуына негіз болғанда, кеден органдары қызметкерлері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді. Кедендік ресімдеуді өтпеген жолаушылар тіркеуге жіберілмейді.

Кедендік ресімдеу және бақылау аяқталған соң кедендік декларацияға мөр соғылады және жолаушы тіркеу орнына және әуебилетті ресімдеуге, жолжүкті тапсыру, жолаушыларға тасымалды қамтамасыз ету орнымен отыру талондары берілетін орынға бағытталады. Кейіннен жолаушы шекара бақылау аймағына өтеді.

Шекара бақылау аймағындағы шекара бақылауы шекара бақылауын өту тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қызметкерлері Қазақстан Республикасы аумағына келген шетелдік азаматтардың келу заңдылығын анықтауға төлқұжаттарын тексеруді, визалық режимнің сақталуын тексереді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын өтуге құқық беретін жолаушы құжаттарының шынайылығын тексереді.

Шекара бақылауын өтіп, Шекара қызметі қызметкерлерінен төлқұжаты мен отырғыз талонын алған соң, жолаушы транзитті аймаққа жіберіледі. Ұшақтың ұшуға дайындығынан кейін, жолаушылар әуежай тасымалын қамтамасыз ету қызметтерімен ілесіп, шекара қызметі қызметкерінің бақылауымен әуе кемесі бортына жеткізіледі.

Шетел бағытындағы әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу, жолжүкті, пошта, жүкті және өзге де мүлікті тиеу кеден органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Шетел бағытындағы әуе кемесінің тұрақ орнынан қозғалу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Ұшып келген жолаушыларға қызмет көрсету:

Әуежай әкімшілігі әуежайда орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органының бөлімшелері мен кеден органдарын шетелден әуе кемесінің келетінін, атап айтқанда: уақыты, тәуелділігі, типі, тоннажы, жолаушы саны, әкелінетін жүк салмағы, орны, тұрақ нөмірі, осы әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша қандай қызмет көрсетуші персонал бригадасы жіберілгендігі туралы ақпараттандыруға міндетті.

Жолаушыларды қарсы алуды тасымалды ұйымдастыру қызметінің қызметкерлері және шекара органы қызметкерлері жүзеге асырады, олар жолаушылардың арнаулы процедураларды өтуі туралы ақпараттандырады.

Әуе кемесі келген соң, шекара және кеден органдары қызметкерлері экипаж мүшелерінен қажетті құжаттарды, сондай-ақ әуе кемесі бортындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алады. Қажеттілікке байланысты, уәкілетті медициналық қызмет қызметкерлері шақыртылады.

Тасымалды ұйымдастыру қызметінің қызметкері шекара қызметкерлері рұқсатымен және бақылауымен жолаушыларды әуежай ғимаратына әкеледі.

Әуежай ғимаратына әкелінген соң, жолаушылар шекара бақылауы (транзитті аймақ) залына өткізіледі, қажеттілікке қарай транзитті аймақта орналасқан консулдық қызмет қызметтерін пайдаланады.

Шекара бақылауы аймағында жолаушылар төлқұжат бақылауын өтеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдары Қазақстан Республикасына кіруге құқығы бар шынайы құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін тұлғаларды өткізуді жүзеге асырады.

Шекара бақылауын өткен соң жолаушылар жүк беру аймағына жіберіледі, жолжүктерін алады және кедендік бақылау аймағына өтеді.

Кедендік бақылау аймағында жолаушылар Қазақстан Республикасы кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте кедендік ресімдеу мен бақылауды өтеді.

Кеден қызмет қызметкерлерінің кедендік бақылауын жүзеге асыру кезінде:

- жолаушыларды кеден декларациялары, төлқұжаттар мен өзге құжаттарды көрсету қажеттілігі туралы ақпараттандырады және оларды кедендік ресімдеу және бақылау өтуге жөнелтеді;

- азаматтарға қолданыстағы кеден ережелері туралы түсініктеме береді, кедендік бақылау аймағында тәртіпті қадағалайды

- жолаушы кеден декларациясының дұрыс толтырылғанын тексереді;

- бөгде адамдардың стерильді аймаққа өтуіне жол бермейді;

- рентгентелевизиялық құрылғылардың көмегімен жолаушылардың қол жүгін және жолжүгін тексереді;

- жолаушылармен ауызша сауалнама жүргізеді.

Қажеттілігіне қарай, кеден қызметі қызметкерлері қол жүкті және жолжүкті тексереді, валютаның және өзге де заттардың немесе құндылықтарды жолаушы декларациясында көрсетілген заттармен салыстырады, сәйкес келген жағдайда жеке нөмірлі мөрмен кеден декларациясын растайды. Кеден ережелері бұзылған жағдайда, контрабанда айқындалғанда немесе контрабанданың болуы туралы болжауға негіз болған уақытта кеден қызметі қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген бажсыз жүк тасу нормаларынан асатын тауарларды өткізетін жолаушылардың кедендік ресімдеуі жүк кеден декларациясын толтыру арқылы жүргізіледі.

Транзитті жолаушыларға қызмет көрсету:

- транзитті рейстің келетіні туралы ақпаратты алған кезде (рейс нөмірі, ұшып келудің есептеме уақыты, транзитті жолаушылар саны мен санаты) кеден, шекара органдары және әуежай қызметтері ауысымдарының қызметкерлері транзитті рейспен келетін ұшақты қарсы алу үшін жауаптыларды тағайындайды және тиісті нұсқаулық жүргізеді;

- әуе кемесі экипажы әуежай диспетчерлік қызметіне ұшақ бортынан жолаушылар саны және экипаж мүшелері, жолжүк және жүгі туралы хабарлайды, ал диспетчерлік қызмет бұл мәліметті шекара, кеден және әуежай қызметтеріне хабарлайды;

- әуе кемесінің қонуы және оның тұрағының орны туралы ақпаратты алған соң, әуежай, кеден және шекара қызметкерлері оның тұраққа бұрылатын сәтінде барады;

- шекара қызметі қызметкерлері жолаушыларға ұшақтан шығуға рұқсат береді. Ұшақ ұшатын уақытқа дейін шекара режимін сақтау үшін, транзитті халықаралық рейсін ресімдеуден өткізетін шекара органдары қызметкерлері әуе кемесі (шетел әуе кемесінен басқа) бортында қалады;

- әуе кемесінен түскен соң, жолаушылар әуежай тасымалдауын ұйымдастыру қызметінің қызметкерлерімен және шекара органдары бақылауымен кеден режимін қамтамасыз ету үшін транзитті залға өткізіледі;

- бөгде тұлғалардың транзитті залда болуы немесе кіруге ұмтылуына үзілді-кесілді тыйым салынады;

- ұшатын жолаушыларды тіркеу аяқталғаны және әуе кемесі мен экипаждың жолаушыларды қабылдауға дайын екендігі туралы ақпаратты алған соң шекара органдары қызметкерлері транзитті (трансферлі) жолаушылардың әуе кемесіне отырғызылуын бақылайды;

- ішкі істер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдар стерильді аймақтан тыс жерде болады және қажеттілікке байланысты тартылады. Сонымен қатар, ішкі істер органдары арнаулы іс-шараларды өткізу барысында өз қызметін белгіленген заңнама тәртібінде жүргізеді.

Ішкі және халықаралық желілердегі әуе кемесі экипажын, жолаушылардың, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген арнаулы тізім бойынша мемлекеттің лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын депутаттардан басқа, қол жүгін, жолжүкті, жүктерді, пошта, борттамақтану, және жолаушыларды жеке тексеруді бақылау және тексеру тәртібі. Бақылау және тексеру мақсаты – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі мамандардың, халықтың өмірі мен денсаулығын және әуежай құралдарын заңсыз араласу актілерін қорғау.

Жол жүкті, жолжүкті бақылау, қарау және әуе кемесі жолаушылары мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ халықаралық әуе желілеріндегі жүктерді, поштаны, борттамақтануды жеке тексеруді Қазақстан Республикасы әуежай, кеден және шекара қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Қол жүкті, жолжүкті бақылау, қарау және әуе кемесі жолаушылары мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ халықаралық әуе желілеріндегі жүктерді, поштаны, борттамақтануды жеке тексеру қауіпті заттар тізімімен белгіленген қауіпті жүктер мен заттарды, сондай-ақ жолаушыларға азаматтық әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған есірткінің барлық түрін тасымалдаудың алдын алу үшін жүргізіледі. Тізім Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетімен келісілген соң көліктегі мемлекеттік басқару органымен бекітіледі.

Қол жүкті, жолжүкті бақылау және тексеру және жолаушыларды жеке тексеру ұшуға арналған билеттерін көрсеткен соң жүргізіледі. Қол жүгін, жолжүгін тексеруден және жеке тексеруден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді. Бақылау және тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады. Бақылау және тексеруді ұйымдастыру әуе компания және авиа кәсіпорындар басшыларына жүктеледі.

Қол жүгін, жолжүгін және жолаушыларды жеке тексеруді бақылау және тексеруде жолаушыға тізімде көрсетілген қауіпті жүк немесе зат болған уақытта көрсетуін сұрау туралы өтініш білдіреді. Жолаушының қол жүгін, жолжүгін бақылау және тексеру оның қатысуымен бірге жасалады. Ал егер күтпейтін жағдай болғанда, жолаушының жоқ кезінде де жүргізіле береді.

Жолжүкті ашу қажеттілігімен байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті бақылау және тексеру әуежай басшысы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бастықтың орынбасарлары, тасымалдауды ұйымдастыру қызметтерінің бастықтары, осы қызмет ауысымдары, қалалық әуевокзалдары, оларды қызмет көрсетуі белгіленген аумақта әуежай орналасқан полиция бөлімшелері, уәжді шешімі (жазбаша түрде мазмұндалған) бойынша жүргізіледі. Аталған лауазымды тұлғалар болмаған уақытта тексеруді жүргізу туралы шешім белгіленген тәртіпте олардың орнын басушы тұлғамен қабылданады.

Жолжүкті тексеру екі куәнің қатысуымен тексеру актісін ресімдеу жолымен жүргізіледі. Жолжүкте, қол жүгінде немесе жолаушылардың өздерінде тексеру кезінде азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктерді немесе мүлікті айқындау фактісі, сондай-ақ жолжүкті ашу қажеттілігімен байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті тексеру актімен ресімделеді және арнаулы журналда тіркеледі.

Жолаушыларды жеке тексеру техникалық құралдармен бақылау тексеру белгілері, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік қызметі және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының шешімі бойынша азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынатын мүліктерді, заттарды және жүктерді айқындау үшін қажеттілік шегінде жүргізіледі. Тексеру нәтижесі актімен ресімделеді және жолаушыларды тексеруді жүргізетін тұлғаға тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған тұлғамен қол қойылады.

Жолаушыларды жеке тексеру және жолжүкті ашу қажеттілігіне байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті тексеруге лауазымды тұлғалар, сондай-ақ олардың бұйрығы бойынша әуежайдың тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчерлері мен кезекшілері (қалалық әуевокзалдары), полиция қатардағы және басшылық құрамындағы тұлғалар, ал шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын әуежай аймақтарында шекара әскерлері бақылау-өткізу пунктінің офицерлік құрам тұлғалары және прапорщиктері, бөлім бастықтары, аға кеден инспекторлары (кеден қосынының) жүргізеді.

Жолаушының қатысуымен қол жүгін, жолжүгін тексеру лауазымды тұлғалардың бұйрығы бойынша арнайы бөлінген әуежайдың тасымалды ұйымдастыру қызметтері қызметкерлерімен (кезекшілерімен), ал шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын әуежай аймақтарында шекара әскерлері бақылау-өткізу пункті бақылаушыларымен және кеден инспекторларымен (кеден қосыны) жүзеге асырылады.

Жолаушыны жеке тексеру тексерілетін жолаушымен бір жынысты тұлға әуежайдың санитарлық және гигиеналық талаптарға жауап беретін арнаулы бөлінген орнында жүргізіледі. Бір орында бір уақытта бірнеше жолаушыны жеке тексеруге тыйым салынады.

Ұшып келе жатқан азаматтық әуе кемесінде қол жүкті, жолжүкті және жолаушыларды жеке тексеруді жүргізу осы кеме командирінің шешімімен экипаж құрамына енетін тұлғамен жүргізіледі. Қол жүкті, жолжүкті және жолаушыларды жеке тексеру, қажеттілікке байланысты жолаушылардың келіспеуіне қарамастан жүргізілуі мүмкін.

Жолаушыны жеке тексеру немесе оның қол жүгін, жолжүгін тексеру барысында жолаушы заңсыз өткізуге ұмтылған қауіпті заттар, жүктер мен мүліктер табылса, жолаушы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен жауапқа тартылады.

Жолаушыны жеке тексеру немесе оның қол жүгін, жолжүгін тексеру барысында азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар, жүктер мен мүліктер табылмаса, онда әуе кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, сондай-ақ тексеру жүргізген басқа да тұлғалар жолаушыны билет алынған рейске немесе кезекті рейспен жөнелтуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдау қажет және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес оған келтірілген материалдық және моральды зиянның орнын толтырады.

Егер жолаушы тексерумен туындаған жөнелтуді тоқтата тұру себебіне байланысты ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартса, онда әуе кәсіпорыны оның талабы бойынша билеттің толық құнын төлеп беруге немесе пайдаланылмаған бөлігін төлеп беруге міндетті.

Жолаушыларды, қол жүкті, жол жүкті тексеру мен бақылауды, жолаушылар мен экипаж мүшелерін жеке тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар жолаушыларға қатысты өте мұқият және сыпайы болуы керек және олардың әрекеттері тексеруден өтетін адамның ар-намысын төмендетпеу керек. Осындай бұзушылыққа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап береді.

Қол жүгін және жолжүкті тексеру ұшу және қону залында, транспортерлі лентада немесе оның жанында жүргізіледі:

- қызметтік іздестіру иттерін пайдалану, кейіннен оларды рентген аппараттан өткізу;

- қол жүгін және жолжүкті тексергенге дейін, жолаушылардан сұрау жолымен тексеру кезінде олардың мүліктерінде жаралауы мүмкін қауіпті заттар (бритва, лезвий, шприц, ине және т.б.) бар-жоғын айқындау;

- жолжүкті барлық жағынан қарап шығу;

- жолжүкті ауадан босату үшін басу, бұл қызметтік іздестіру иттерінің жұмысын жеңілдетеді;

- бөгде, күшті иістің болуы анықтау (желім, лак, әтір және т.б.);

- барлық жағдайда барлық ұсақ-түйекке және иттердің әрекетіне мән беру.

Әуе кемесінің сыртын тексеру, егер сыртынан тексеру барысында есірткі заттары айқындалмаса, салон ішін тексеруге көшеді. Әуе кемесінің барлық орындарын тексеру тек экипаждың қатысуымен ғана жүргізіледі. Әуе кемесінің кез-келген бөлігі, құралдар, құрылғылар тек бортинженер немесе бортмеханикпен кеден органдарына ұсынылады, ал олар бас тарқан жағдайда әуежай мамандары ұсынады. Қызметтік іздестіру иттерін пайдалану кезінде инспектор-кинолог иттің қимылын жіті бақылайды және оның әрекеті арқылы есірткі затын тығуы мүмкін орынды немесе учаскені анықтайды.

Кинологтың жұмысы кезінде контрабандамен күрес және кеден ережелерін бұзу жөніндегі бөлім қызметкерлері, есірткінің заңсыз айналымымен күреске жауаптылар инспектор-кинологке кенеттен шабуыл жасаудың алдын-алу, болғызбау үшін кедендік бақылау жүргізіліп жатқан учаскеге жақын жерде болады.

Әуежайларда «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін халықаралық өткізу пунктінде қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетімен қабылданады [27].

«Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін тұлғаның тауарлары өткізілетін кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін мағлұмдама нысанын және оған сәйкес дәлізді жеке таңдауын білдіреді.

Кәмелетке толмаған тұлғалармен өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін мағлұмдама беру нысанын және тиісті дәлізді таңдау ілесуші тұлғамен жүргізіледі. Кәмелетке толмаған тұлғалармен өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер ілесуші тұлғаның жолаушы кеден декларациясында көрсетіледі.

«Жасыл дәліз» - Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін жеке тұлғалардың өткізілетін тауарларын және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалардың және қол жүгі мен ілеспе жолжүгінде кедендік бақылау, кедендік ресімдеу ережелеріне сәйкес, міндетті жазбаша мағлұмдауға тауарлардың болмауынан тауарларын мағлұмдаудың жеңілдетілген кедендік бақылау тәртібі.

«Жасыл дәлізде» жекелеген кедендік бақылау нысандарын қолданбау тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын сақтау міндеттерінен босатуды білдіреді деп түсінбеу керек.

«Қызыл дәліз» - міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын жол жүгі және ілеспе жолжүгіндегі тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті кеден бақылау нысандарын пайдаланумен Қазақстан Республикасы кеден шекарасында халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін жеке тұлғалардың кедендік бақылау тәртібі.

«Жасыл» және «Қызыл» дәліздердің басталуы және аяқталу кедендік бақылау аймағы шегінде кеден органдарымен белгіленеді.

Ерекше жағдайларда Кеден комитетінің шешімімен «Жасыл» дәліз уақытша жабылуы мүмкін. Мұндай шешім оперативті жағдайға байланысты өткізу пунктінде қалыптасқан, Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлары Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін тұлғалардың санаттары, мемлекет ерекшеліктеріне байланысты қабылдануы мүмкін.

Жеке тұлғалардың «Жасыл дәліз» жүйесі бойынша өту тәртібіне тоқталатын болсақ, жеке тұлғалардың «Жасыл дәліз» бойынша өту жазбаша және ауызша нысанда мағлұмдамасыз (жолаушы кеден декларациясын толтырмай) конклюдентті нысанда мағлұмдауды білдіреді. Оларға және олармен өткізілетін тауарларға Ереженің 13, 14-тармақтарына көрсетілген жағдайдан басқа кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану жолымен тексеру және бақылау қолданылмайды.

Кеден органымен жеке тұлғаның «Жасыл дәліз» арқылы өтуі оның қол жүгі және жолжүгінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарлардың жоқ екеніндігі туралы жолаушының өтініші ретінде қарастырылады.

Егер жеке тұлға өзінде немесе жолжүгінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарлардың бар екенін болжауға негіз болса, онда кеден органының лауазымды тұлғалары «Жасыл дәлізде» Кеден кодексімен қарастырылған кедендік бақылаудың өзге де нысандарын пайдалана алады.

«Жасыл дәлізде» сондай-ақ, таңдап кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың «Қызыл дәліз» жүйесі бойынша өту тәртібіне жеке тоқталсақ, «Қызыл дәліз» бойынша өтетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетін жеке тұлғаның міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарларды кедендік ресімдеу, мағлұмдау және кедендік бақылаудың белгіленген тәртібіне сәйкес тауарларды өткізу туралы мәліметті жолаушы декларациясында жазбаша мағлұмдайды.

«Жасыл және қызыл дәліздерді» қолдану үшін шекарадағы өткізу пункттеріне қойылатын талаптар. «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесі шекарада кедендік бақылау пункті аймағында «Жасыл дәліз» талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліздің, «Қызыл дәлізге» қойылатын талаптарды есепке ала отырып жабдықталған кем дегенде бір дәліздің болған уақытында қолданылады.

Дәліздердің саны кеден органымен анықталады. «Жасыл және қызыл дәліздерді» ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады:

- дәліздер өткізу пункті ғимаратына байланысты жолжүкті беру орнынан әрі орналасу керек;

- кедендік бақылау технологиясы, тексеруді қоса, жеке тұлғалардың кедендік бақылау аймағы арқылы жолжүкті беру орнынан шығатын жерге (ұшып келгенде) және кіру орнынан әуебилеттер мен жолжүкті ресімдегенге дейін (ұшатын уақытта) өтуін қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек;

- әрбір дәліз бойынша жүру бағыты анық көрсетілуі керек;

- дәлізге кіру орны еденде ені 10 см барлық дәліз еніне көлденең жолақпен, сондай-ақ графикалық төртбұрыш ретіндегі символмен белгіленеді:

ені 100 см, ұзындығы 50 см;

символдың периметрі және диагоналі (жоғары оң жақ бұрыштан сол жақтағы төменгі бұрышқа) тиісті белгіленеді:

«Қызыл дәліз» үшін – ені 10 см қызыл жолақпен;

«Жасыл дәліз» үшін – ені 10 см жасыл жолақпен;

ақ түс символы үстіне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тиісті жазбалар жазылады:

«Жасыл дәліз» үшін – «Жасыл дәліз»,

«Қызыл дәліз» үшін – «Қызыл дәліз» [27].

«Жасыл» және «Қызыл» дәлізге кіре берісі кедендік бақылау нысанын таңдау шарттары, олардың әрқайсысында кедендік ресімдеу тәртібі, оның ішінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жатқызылатын тауарлар тізімін көрсетумен жолаушы кеден декларациясын толтыру тәртібі және кедендік бақылаудан жалтарған немесе Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды толық мағлұмдамаған жеке тұлғалардың жауаптылығы көрсетілген ақпараттық стенділермен жабдықталады.

Стендтердегі ақпараттар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ оны пайдалану кеден органымен дұрыс деп табылатын кез-келген басқа тілде жазылуы мүмкін.

Кеден органы ақпараттық материалдарға қажетті өзгертулерді уақытылы енгізуге міндетті.

Кедендік бақылау аймақтары алдында орналасқан өткізу пункттері орындары немесе аймақтары жолаушы кеден декларациясы бланкілерін толтыруға арналған үстелдермен жабдықталуы керек, сонымен қатар бланкі қоры мен оны толтыру үлгілері болуы қажет.

Жеке тұлғаларға ақыл-кеңес беру үшін ақпараттық аймақта жеткілікті практикалық жұмысының тәжірибесі бар кеден органдарының лауазымды тұлғалары болуы керек.

«Жасыл» және «Қызыл» дәліздер, ең алдымен, телевизиялық бақылау жүйелерімен жарақтандырылуы керек.

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Кодекстің 258-бабына сәйкес әзірленді және техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеудің тәртібін айқындайды [28].

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды уақытша сақтауға орналастырмастан жүргізеді.

Ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектері – тозған, жарамсыздыққа ұшырағандарын ауыстыруға орнатылған, сондай-ақ қосымша бөлшектер, тозудың техникалық сипатын жоғалтпау және сақтау мақсатында орнатылған (тетіктер, агрегаттар, механизмдер және олардың бөлшектері) бөлшектер.

Қазақстандық әуе кемелерінің шетел мемлекетінің қазақстандық әуекәсіпорындары жалға алған аумағында және шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрған уақытында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу үшін кеден органына:

- Ережеде белгіленген мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тәртіппен жүк кедендік декларция. Жүк кедендік декларацияның 44-бағанында 4 санының астына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

- жүк кедендік декларцияның электрондық көшірмесі;

- атқарылған жұмыстар актісі - нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттар. Атқарылған жұмыстар актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

ауыстырылған бөлшектердің атауы (тетіктер, агрегаттар);

сызбалық не сериялық нөмірлер;

ауыстырылған күні;

- нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған, ауыстыру үшін сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған инвойс (шот-фактура);

- сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған жарамдылық сертификаты.

Кеден органының лауазымды адамы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттардың негізінде әуе кемелерінің бөлшектерін тексерусіз кедендік ресімдеуді жүргізеді.

Қажет болған жағдайда, әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісі әуе кемесіне орнатылған бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлерін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарда көрсетілген деректермен салыстыру жолымен тікелей әуе кемесінің бортында жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкелуге/кері әкетуге жататын әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкетуге жататын қазақстандық әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу кезінде, ауыстырылған және әкетілген бөлшектерді әкелудің бұрын жүзеге асырылуының заңдылығын растау ретінде кеден органына мынадай құжаттар ұсынылады:

- бөлшек ретінде әкелінген жағдайда – жүк кедендік декларация;

- әуе кемесінің құрамында әкелінген жағдайда - әуе кемесінің ерекшелігіне бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлері. Ережеде белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Отандық әуежайлардағы кедендік бақылауға көз жүгіртсек, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша жүргізіле бастағанын көреміз. Сонымен қатар, әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруда жоғарыда аталып өткен «жасыл дәлізді» пайдалану бойынша, соңғы уақытта ең адал кәсіпкерлерге аталған дәлізді пайдалануға құқық беретін сертификаттар беріле бастады. Бұл кәсіпкерлер арасында тауарларды өткізуде жол берілетін бұзушылықтар санының төмендеуіне себеп болады деп ойлаймыз.

2.2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау

Қазіргі таңда кеден рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ олардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқандығын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта кеден шекарасында алдын-ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады.

2006 жылдың басынан «Әуежай-Астана» кеден бекетінде ұшатын жолаушылардың үш кезеңді ресімдеуі жүзеге асырылады:

1-кезең – жолаушылардың билеттері мен жол жүктерін ресімдеу;

2-кезең – кедендік бақылау;

3-кезең – төлқұжат бақылауы.

Кедендік бақылаудың екінші кезеңінде «Жасыл» және «Қызыл» дәліздер жүйесі қолданылады, бұл жолаушыларға өздігінен кедендік бақылауды өту өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Аталған процесте қауіп-қатерді талдау және басқару жөніндегі жүйе пайдаланылады, ол жолаушыларды, сондай-ақ жолжүкті іріктеп алу бақылауына негізделген.

2003 жылдың соңында елдің кеден қызметінің ақпараттық бекеті ашылғаны белгілі. Бірқатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологиялары енгізілді, соның нәтижесінде «KTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «Электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленген болатын. Оны іске асыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтуға мүмкіндік беретіні белгілі.

Жылдан-жылға ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізіле бастады, атап айтсақ, тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ( бұдан әрі - ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені («TC-SCAN»), автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден дүңгіршегі), «Янтарь» радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, «Web-декларант» электронды декларациялау кешені. Бұлар сыртқы сауда рәсімдерді жеңілдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Кедендік ресімдеуді өту кезінде қолданылатын «Янтарь» радиациялық бақылау жүйесі бөлініп шығатын радиациялық материалды автономды режимде айқындауға арналған. Радиоактивті материалды өткізуге әрекет еткенді айқындаған уақытта электронды байланыс арқылы ақпарат бір уақытта дыбыстық белгі беру арқылы рентген қондырғы серверіне түседі.

Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.

1 Сурет. «Әуежай–Астана» кеден бекетінің 2003-2005 жылдардағы халықаралық әуе рейстерінің жалпы көрсеткіштерінің динамикасы

Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаментінің «Әуежай–Астана» кеден бекеті бойынша 2003-2005 жылғы статистикалық мәліметтерді талдау көрсеткендеи, жаңа халықаралық әуежай терминалының ашылуына байланысты халықаралық әуе рейстері саны мен жолаушылар ағының көбейіп келе жатқандығы байқалады. Егер 2004 жылы кедендік бекетпен 2148 әуе рейске қызмет көрсетілсе, ал 2005 жылғы рейстер саны 16%-ке дейін көтерілгенін көреміз; жолаушылар саны 2004 жылы 111036 болса, ал 2005 жылы жолаушылар саны 147514 адам болды, осы екі жылдын арасын салыстырып қарасақ 2005 жыл 2004 жылға қарағанда жолаушылар саны 36478 адамға өсті; багаж саны 2004 жылы 2141058 болса, ал 2005 жылы багаж саны 2407174 болды, осы екі жылды салыстырғанда багаж саны 2005 жылы 2004 жылдан 266116 санына өсті.

Жолаушылар ағының көбеюі мемлекетті шығындарға алып келу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы сақтамудың мүмкүндік деңгейінің жоғарлауына алып келеді, басқаша айтқанда тәуекел деңгейі көбейді. Қазіргі күні тәуекел факторларына кедендік төлемдерімен салықтарды төлеуден жалтару және айналымы шектелген немесе тиім салған тауарларды заңсыз әкелу мен әкету жатады. Құқық бұзушылықтардың бұл саласында кеден органдары мен тәуекелді анықтау мен талдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді.

Кедендік рәсімдеуді жетілдіру мақсатында жолаушыларды қағаздық тасымалдағыштарды толтырмай ақ кедендік рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама дайындалды. Халықаралық әуежай терминалында жолаушыларды, багажды және қол жүгін рәсімдеуге арналған қазіргі заманғы жабдықтар орнатылған. Жаңа «Электрондық декларациялау» әдісі кедендік рәсімдеудің кедендік рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік туғызды.

Кедендік бақылауды жақсарту мақсатында «Ұшу» және «Ұшып келу» залдарында халықаралық әуе рейстерді ресімдеу бойынша визуалдық қарау, бейне ақпараттарды жинау мен сақтауды қамтамасыз ететіндей бейне бақылағыш камералар орнатылған. Электрондық байланыстың көмегімен халықаралық рейстерді ресімдеуді сол уақытта Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі кедендік бақылау комитетінің және Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау Департаментінің әкімшілік ғимараттарында бақылауға болады.

Еуро кеденнің сарапшыларының тұжырымы бойынша Қазақсқтан Республикасы Еуропадағы өзінің Ұлттық мүдделерін қорғауға және болашақта Еуропалық кедендік рәсімдерге үйлесімді кіруге, біріңғай кедендік ақпараттық кеңістікке кіруге мүмкіндік бар. Осыған байланысты кеден органдары кедендік ресімдеуді ұйымдастыруға байланысты жұмыстардың әдістерін жетілдіруде.

Астананың халықаралық әуежайында кедендік киоск деп аталатын, жеке тұлғаларды тіркеудің автоматты пунктері орнатылған.

«Кедендік киоск» бағдармалық – жабдықты терминалы келесідегідей мақсаттарда дайындалды:

  • жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының кеден шекарасында жолаушылар кедендік декларациясын толтыру процесін жеңілдету.

  • мәліметтерді кедендік жолаушыдар декларациясына электрондық теруді пайдалану жолымен жеке тұлғаларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

  • мәліметтер және алып жүру мен тауарларды декларациялаудың мүмкін бұзушылықтарды ескерту жүйесін автоматты өңдеу жолымен кеден органдары қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыру.

  • жолаушылар декларацияларын жинау және электрондық көшірмелерін орталық сақтау.

Кеден шекарасын кесіп өтуші жеке тұлғаларды ақпараттандыру және өтуші кеңес беру мақсатында, 29.01.2004ж. №56 Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттіктің Бұйрығының негізінде жеке тұлғалармен тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін ақпараттық – кеңес беру пункті құрылды. Астана қаласының халықаралық әуежайының «Ұшу» және «Ұшып келу» залдарында жолаушыларға қажетті толық ақпарат тұратын үш тілдегі (қазақша, орысша, ағылшынша) стендтер орнатылған.

2 Сурет. 2004-2006 жылдар аралығындағы «Әуежай–Астана» кеден бекетіндегі әкімшілік тәжірибені талдау динамикасы

Кеден органдарының міндеттердің бірі кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарының күресу болып табылады.

2004 ж. «Әуежай–Астана» кеден бекетінде 130 кеден ережелерін бұзу анықталған. Барлық салынған айыппұлдардың құны 220824 тенге құрады. 2005 жылы «Әуежай–Астана» кеден бекетінде 86 кеден ережелерін бұзу анықталған. Оның ішінде 32 – сі қысқаша декларацияны берудің, 37 кедендік жүк декларациясын берудің, 11 жалған декларациялау, 3-і Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына тауарларды әкелу кезінде хабарламау, 3 кедендік бақылау аймағын бұзуға байланысты. Барлық салынған айыппұлдардың құны 391 313 тенге 2004 жылымен салыстырғанда кеден ережелерін бұзудың саны 44 азайды.

2006 жылдың бірінші кварталында ережелерді бұзу анықталып, оның ішінде 5 қысқаша декларацияны берудің мерзімін бұзу, 4 кедендік жүк декларациясы мерзімін бұзу, 1 кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің мерзімін бұзу бойынша.

Халаықаралық әуе рейстерді кедендік ресімдеу кезінде «Әуежай–Астана» кеден бекетінде қызметтік іздеу иттері, жарылғыш және есірткі заттарын, экономикалық контрабанданы анықтаудың кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылады. Кедендік бекеттің қызметкерлерінің күшімен «Мәскеу-Алматы» халықаралық рейсін ресімдеу кезінде салмағы 1500кг. құрайтын контрабандалық тауарларды әкелу фактісі тіркелді, Америка Құрама Штаты доллары 112 мың құнына «Астана-Мәскеу» рейсімен ұшып шыққан азаматтан декларацияланбаған шетел валютасы табылды.

Кедендік бекет жұмысындағы негізгі бағыттары ол халықаралық әуе рейстерде қызмет көрсету, мемлеттік кедендік бақылау және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін азаматтардың жүктерін, тауарларын және жолжүктерін кедендік ресімдеу болып табылады.