Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia.pdf
Скачиваний:
66
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
760.55 Кб
Скачать

№ 10 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЛА КӨШЕЛЕРI ТОПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДIҢ СУДА ЕРИТIН ТҮРЛЕРIНIҢ САПАЛЫҚ АНАЛИЗI

Реактивтер мен құрал-жабдықтар:

1.Таразы;

2.100 мл, 200 мл — лiк колбалар;

3.воронкалар;

4.шыны таяқшалар;

5.филтьрлер;

6.пробиркалар;

7.10%, 37%-тiк тұз қышқылы;

8.концентрациялы азот қышқылы;

9.күмiс нитраты;

10.20%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсi;

11.күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсi; 12.4%-тiк қымыздық қышқыл аммоний ерiтiндiсi.

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ

А. Хлор-ионды анықтау

Алдымен топырақты майдалап үгiтiп, електен өткiзедi де шамамен 25 грамын 100 мл колбаға салып, үстiне 50 мл дистильденген су құяды, 15 мин шайқап араластырып, фильтрлейдi. Осыдан кейiн 5 мл топырақ вытяжкасының үстiне 1-2 тамшы азот қышқылын (HNO3) бiрнеше тамшы азот қышқылы күмiс ерiтiндiсiн (AgNO3) тамызып араластырады, түзiлген тұз қышқылының күмiс тұзының тұнбасы (AgCl) хлор ионы бар екенiн дəлелдейдi.

Б. Сульфат-ионды анықтау

1 см3 фильтратты пробиркаға құйып, үстiне бiрнеше тамшы концентрациялы тұз қышқылын, 1-2 см3 барий хлоридi ерiтiндiсiн құяды. Пробиркадағы ерiтiндiнi қайнағанша қыздырады. Ерiтiндiде сульфатболған жағдайда төмендегiдейреакцияжүредi:

62

Na2 SO4 + BaCl2 = NaCl + BaSO4

Барий сульфаты ақ майда кристалл түрiнде тұнбаға түседi.

В. Кальцийдi анықтау

2 см3 фильтратты пробиркаға құйып, үстiне 1-2 тамшы 10% тұз қышқылын, 1-2 см3 4% қымыздық қышқыл аммоний тұзы ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде кальций болған жағдайда төмендегiдей реакция жүредi:

CaCl2 + (NH4)2 C2O4 = CaC2O4 + 2NH4Cl

Г. Нитраттарды анықтау

Пробиркаға 2 см3 фильтратты құйып, үстiне тамшылатып күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде нитрат-ион болған жағдайда ерiтiндi көк түске боялады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1.Биосферадағы топырақтың маңызы қандай?

2.Қазақстанның жер ресурстары, олардың құрылымы?

3.Топырақ эрозиясының түрлерi, олардың пайда болу себептерi қандай?

4.Жердi рекультивациялау деген не, оның кезеңдерi мен əдiстерi қандай?

5.Пайдалы қазбалар қоры, олардың маңызы?

6.Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалану деген не?

7.Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн iс-шаралар қандай?

8.Пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде жүргiзiлетiн табиғатты қорғау шаралары қандай?

7.Өсiмдiк ресурстарын қорғау жəне тиiмдi пайдаланудың маңызы?

8.Қазақстанның орман ресурстары жəне олардың халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

9.Ағаштардың қала өмiрiндегi ролi қандай?

63

Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары

1.Жер ресурстары, олардың елiмiздiң халық шаруашылығы комплексiндегi маңызы.

2.Елiмiздiң орман ресурстары, олардың халық шаруашылығы комплексiндегi маңызы.

3.Қазақстанның жер қойнауы — оның байлығының негiзi.

64

ТЕСТIК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1.Қазақстан жерiнiң неше процентiн агроценоздар алып жатыр?

A. 76,1 B. 30 C. 95 D. 51,8 E. 81,8

2.Литосфераның қандай бөлiгi биосфераға жатады?

A.1 км-ге дейiнгi

B.2 км-ге дейiнгi

C.3 км-ге дейiнгi

D.5 км-ге дейiнгi

E.10 км-ге дейiнгi

3.Табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiткен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланылған территорияларда байқалатын эрозия қалай аталады?

A.қалыпты

B.жылдам

C.сызықтық

D.жазықтық

E.геологиялық

4.Орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəтижесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады.Бұл қандай эрозия?

A.қалыпты

B.жылдам

C.сызықтық

D.жазықтық

E.антропогендiк

65

5.Топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы не деп аталады?

A.қалыпты эрозия

B.жылдам эрозия

C.абразия

D.жазықтық эрозия

E.дефляция

6.Ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасатын эрозия не деп аталады?

A.қалыпты эрозия

B.механикалық эрозия

C.абразия

D.жазықтық эрозия

E.дефляция

7.Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң көбеюiнен болатын құбылыс қалай аталады?

A.екiншi реттiк тұздану

B.механикалық эрозия

C.абразия

D.тұздану

E.дефляция

8.Адамның шаруашылық iс-əрекеттерiнiң нəтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлердi қайта қалпына келтiру процесi

A.екiншi реттiк тұздану

B.механикалық эрозия

C.абразия

D.тұздану

E.рекультивация деп аталады

66

9. Натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын не деп атайды?

A.екiншi реттiк тұздану

B.механикалық эрозия

C.абразия

D.тұздану

E.рекультивация

10.Эрозияға қарсы күрес шараларының бiрi — шаруашы- лық-ұйымдастыру жұмыстарына не жатады?

A.жердi көлденеңдеп жырту

B.су ұстағыш микрорельефтер жасау

C.жырту қабатын тереңдету

D.территорияны дұрыс ұйымдастыру

E.ауыспалы егiстi қолдану

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР

1.Анаништов В.В. Экономика природопользования и охрана окружающей среды. — СПб., 1994.

2.Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользова-

ния.— М., 1995.

3.Земельное право. Учебник для вузов /Отв. Ред. Боголю-

бов С.А.— М., 1998.

4.А.Г.Банников., А.К.Рустамов., А.А.Вакулин. Охрана при-

роды.— М., 1985.

67

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]