Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia.pdf
Скачиваний:
66
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
760.55 Кб
Скачать

төндiрген су жетiспеушiлiгi, барлық елдердiң ғалымдары мен инженерлерiн халықты сумен қамтамасыз етудiң түрлi жолдарын iздестiруге жұмылдыруда. Осы ретте жер астылық суларды зерттеу, пайдалану жолдары қарастырылуда, себебi олардың қоры барлық дерлiк материктерде мол. Айсбергтер суын пайдалану жолдары iздестiрiлуде. Соңғы жылдары ғалымдар ащы суларды тұщыту мəселелерiмен де айналысуда. Бұл үшiн көптеген елдерде суды жұмсартатын станциялар салынуда.

Қазiр əлемде 800 ден аса осындай станциялар жұмыс iстейдi, олар күн сайын 1,7 млн м3 тұщы су алады, оның 90% ауыз су ретiнде пайдаланылады. Бiздiң елiмiзде Атырау қаласы осындай суды пайдаланады.

3.1.3. Өздiгiнен тазару

Су ресурстарының ”мұхит — атмосфера — жер — мұхит„ системасындағы айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi — өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс iстейдi.

Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тiршiлiк ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк iс-əрекеттерi нəтижесiнде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi табиғи сулардың осы қасиетiн сақтап қалуға барынша мүмкiндiк жасау.

Əрбiр су көзi — түрлi тiрi организмдер, сол ортаға тəн арнайы организмдер, өсiмдiктер, микроорганизмдер тiршiлк ететiн, олар үнемi көбейiп, өлiп отыратын тiрi, күрделi экожүйе. Егер су көзiне бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетiн болса, онда өздiгiнен тазару процесi тез жүрiп, су өзiнiң бастапқы таза күйiне қайта келедi. Өздiгiнен тазару процесiне əсер ететiн факторлар түрлiше. Оларды шартты түрде үшке бөлуге болады: физикалық, химиялық жəне биологиялық.

Судың өздiгiнен тазару процесiне əсер ететiн физикалық факторлардың iшiнде ластаушы заттардың сұйылуы, еруi жəне араласуы негiзгi роль атқарады. Өзен суының интенсивтi ағы-

73

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]