Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia.pdf
Скачиваний:
66
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
760.55 Кб
Скачать

№ 12 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

СУДЫҢ РЕАКЦИЯ ОРТАСЫН (рН) АНЫҚТАУ

Реакция ортасының сан мəнi 1-ден 14ке дейiнгi аралықта болады. Көптеген табиғи сулардың рН ортасы 6,5-8,5 шамасында болып, ол судағы көмiр қышқылы мен бикарбонат-ион- ның концентрациясына байланысты болады. рН мөлшерiнiң төменгi шамасы батпақты қышқыл суларда болса, жазда фотосинтез процесi қарқынды жүргенде 9,0-ге дейiн көтерiледi.

Суда жүрiп жататын химиялық, биологиялық процестер нəтижесiнде СО2 концентрациясы артып, рН мөлшерi өзгередi, сондықтан бұл көрсеткiштi үлгiнi алысымен тез арада анықтау керек.

Судың реакция ортасын анықтау үшiн арнаулы реактивтериндикаторлар, сол сияқты шыны электродты рН-метрлер қолданылады. Универсал индикатор қағазы арқылы рН мөлшерiн 0,2-0,4 бiрлiкке дейiн анықтауға болады.

Судың рН көрсеткiшiн потенциометрлiк əдiспен 0,02 дəлдiкке дейiн анықтауға болады.

Бұл əдiс бойынша зерттелетiн су мен шыны электродтың мембранасының сыртқы бетi мен стандарт ерiтiндi мен электрод мембранасының iшiк бетi аралығындағы потенциалдар айырмасы арқылы сұйықтың рН мөлшерi табылады.

Шыны электродтың iшкi стандартты ерiтiндiсiнде сутек иондарының концентрациясы тұрақты болады, сондықтан мембрананың iшкi бетiнiң потенциалы өзгермейдi. Потенциалдар айырмасы электродтың сыртқы бетi мен зертелетiн ерiтiндi (су) арасында пайда болған потенциалдар арқылы табылады.

МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

1.рН-метр;

2.эталон-ерiтiндiлер;

3.дистильденген су;

4.200 мл-лiк стакандар;

5.фильтр қағазы;

6.материалдар: грунт сулары, өзен суы, ағызынды сулар.

87

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

РН-метрдiң инструкциясына сəйкес грунт сулары, өзен суы мен ағызынды сулардың рН ортасын анықтауға болады.

88

№ 13 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТIГIН АНЫҚТАУ

Жалпы кермектiк (Нж) — судағы екi валенттi катиондардың, негiзiнен, кальций мен магний катиондарының болуына байланысты қалыптасатын судың табиғи қасиетi.

Кермектiк жалпы, карбонатты, тұрақты жəне уақытша болып бiрнеше түрлi болады.

Уақытша (Ну) жəне карбонатты (Нк) кермектiк судағы кальций мен магнийдiң карбонаттары мен бикарбонаттарының болуына байланысты.

Суды қайнатқан кезде бикарбонаттар нашар еритiн карбонаттарға айналып, қақ түрiнде тұнбаға түседi де, су бiршама жұмсарады ,яғни кермектiгi азаяды.

Ал тұрақты (Нт) жəне карбонатты емес (Нке) кермектiктер судағы кальций мен магнийдiң хлоридтерi, сульфаттары жəне басқа да тұздарының болуына байланысты. Бұл кермектiктердi төмендегi формулалар бойынша табуға болады:

Нт = Нж – Ну ; Нке = Нж – Нк

Жалпы кермектiгi 3,5 мг*экв/л болатын су жұмсақ, 3,5-7 мг*экв/л — орташа кермек, 7-10 мг*экв/л — кермек, ал 10 мг*экв/л — ден жоғары су өте кермек болып саналады.

Судың жалпы кермектiгi трилонометриялық əдiспен анықталады. Бұл əдiсте қолданылатын негiзгi реактив — трилон Б

— этилендиаминтетрасiрке қышқылының қос натрий тұзы —

(COONa – CH2)2 – N – CH2 – CH2 – N – (CH2 – COONa)2

Судағы кальций мен магнийдiң иондарын анықтау трилон Б реактивiнiң бұл иондармен сiлтiлiк ортада сутектiң бос иондарының кальций мен магний иондарының орнын баса отырып берiк комплекстi қосылыстар түзу қасиетiне негiзделген.

Индикатор ретiнде реакцияға магний иондарымен қанық қызыл түстi қосылыс беретiн қара хромоген қатысады. Магний иондары жойылғанда ерiтiндi көк түске боялады.

89

РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

1.Бюретка;

2.Пипеткалар: 15 мл; 100 мл-лiк;

3.Конустық колба-250 мл;

4.100 мл өлшеуiш цилиндр;

5.0,05 н трилон Б ерiтiндiсi;

6.0,05 н MgSO4 ерiтiндiсi;

7.аммиакты буферлiк ерiтiндi (NH4OH +NH4Cl);

8.қара хромоген индикаторы;

9.зерттелетiн су.

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ

1.Трилон Б ерiтiндiсiнiң нормальдығы 0,05 н MgSO4 ерi-

тiндiсi арқылы анықталады.

Конустық колбаға пипеткамен 15 мл 0,05н MgSO4 ерiтiндiсiн құйып, үстiне 85 мл дистильденген су, 5 мл аммиакты буферлiк ерiтiндi жəне 5 тамшы қара хромоген тамызады да, трилон Б ерiтiндiсiмен көк түс пайда болғанша титрлейдi.

Титрлеудi екi рет қайталайды. Түзету коэффициентiн төмендегi формула бойынша табады:

пмл MgSO4

К = пмл трилон Б ;

2.Судың жалпы кермектiгiн анықтау.

Мор пипеткасымен 100 мл зерттелетiн суды өлшеп алып конустық колбаға құяды, үстiне жоғарыдағыдай мөлшерде буферлiк ерiтiндi мен индикатор қосып, трилон Б ерiтiндiсiмен титрлейдi. Титрлеудi екi рет қайталап, орташасын алады.

Судың жалпы кермектiгiн төмендегi формула бойынша табады:

 

n * N * K * 1000

 

Нж =

V

;

бұндағы:

90

n — титрлеуге кеткен трилон Б ерiтiндiсi, мл; N — трилон Б ерiтiндiсiнiң нормальдығы; K — түзету коэффициентi;

V — су үлгiсiнiң мөлшерi, мл.

91

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]