Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Зайнушев

.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
516.61 Кб
Скачать

№№ б/б

Сұрақ

А) Жауабы

(Дұрысы)

В) Жауабы

С) Жауабы

D) Жауабы

Е) Жауабы

Электрлік жабдықтардың атқаратын қызметі

Қозғалтқышты іске қосар алдында қыздыру және іске қосу, жұмыс қоспасын тұтандыру, дыбыс және жарық сигналдау, жүйелер мен механизмдерінің жұмысын бақылау, жүргізушінің жұмысын жеңілдету

Электр тоғын өндіріп тұтынушыларға жеткізу, қыздыру және автомобильдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарықтандыру радионы іске келтіру

Автомобильдердің және тракторлардың электр жабдықтар жүйесі қозғалтқыштың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу приборлары арқылы басқару

Тракторлар мен автомобильдердің қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрғанда барлық тұтынушыларды электр тоғымен қамту

Тәуліктің қараңғы мезгңлңнде жолды жарықтандыру, басқа жүгішулерді алдын-ала бұрылыс туралы ескерту (сигнал беру), кабинаның ішін желдету, радиомагнитофонға тоқ беру

Электр жабдықтар жүйелері неше топқа бөлінеді?

Екі

Бір

Үш

Төрт

Бес

Тракторлар мен автомобильдерде электр энергиясының көздері

Генераторлар және аккумуляторлар

Жылуэлектрогенераторлар

Күн элементтері

Генератор және реле реттеуіш

Электролитикалық конденсаторлар

Автомобильдердегі жалпы электр жабдықтар жүйелерін атаңыз

Электр энергиясының көздері және тұтынушылар

Жарықпен және дыбыспен сигналдау

Апаттық сигналдау және от алдыру

Тежеуді және бұрылысмты сигналдау

Отаалдыру және іске қосу

Автомобильдерде электр жабдықтар жүйесі неше сымды болып орындалады?

Бір сымды

Екі сымды

Үш сымды

Төрт сымды

Сымсыз

Тарату аппаратурасы не үшін қажет?

Электр тоғын тұтынушылар арасында таратуға

Тоқты біріктіруге

Электр тоғын өндіруге

Жарықтандыру приборлар арасында тоқ таратуға

Жүйелер арасында тоқ таратуға

Электр жабдықтар жүйесінің негізгі сипаттамалары

Тоқ түрі, кернеуі, қуаты

Электрлік сиымдылығы, тоқ күші

Тұрақты және айнымалы тоқ кернеуі

Индуктивтік, сиымдылық, қуат

Кернеуі, заряды, оқшаулағыштығы

Тоқ көзінің ішінде өтетін тоқтың бағыты калай?

«минустан» «плюсқа»

Оңнан солға қарай

«плюстан» «минусқа»

Солдан оңға қарай

Жоғарыдан төменге

Сыртқы тізбектегі тоқтың бағыты қалай?

«плюстан» «минусқа»

Солдан оңға қарай

Жоғарыдан төменге

«минустан» «плюсқа»

Оңнан солға қарай

Электр генератордың анықтамасын беріңіз

Механикалық энергияны электрлік энергияға түрлендіретін электрлік машина

Отынның химиялық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін машина

Кинетикалық энергияны электрлік энергияға түрлендіретін электрлік машина

Потенциалдық энергияны электрлік энергияға түрлендіретін электрлік машина

Электрлік энергияны механикалық энергияға түрлендіретін электрлік машина

Генератордың атқаратын қызметі

Тұтынушыларды электр энергиясымен қамту және аккумуляторлық батареясын зарядтау

Конденсаторлар мен аккумуляторды зарядтау

Тұтынушыларға электрлік тоқ беріп анда-санда кейі қайтару

Қорғасын-қышқылдығ аккумуляторда өтетін процесті қамту

Жарықтандыру жүйесін электр тоғымен қамту

Генератор жетекті қайдан алады?

Иінді біліктен

Доңғалақтан

Тарату білігінен

Кардан білігінен

Қосымша біліктен

Генератор жетегіндегі ременьді берілістің беріліс саны қандай шама?

Ол тұрақты шама

Ол өзгермелі шама

Оны өзгертуге болатын шама

Ол үлкен шама

Ол кішкентай шама

Кернеу реттегіштерінің атқаратын қызметі

Генератордың клеммаларында берілген кернеуді ұстап тұру

Тұтынушылардың ішіндегі кернеуді реттеу

Аккумулятордың кернеуін бір қалыпта ұстау

Конденсатордың кернеуін реттеп тұру

Жүйедегі кернеу белгілі шамадан аспауын бақылау

Генератордың сыртынан үрлейтін желдеткіш не үшін қажет?

Генераторды жақсы салқындату үшін

Қозғалтқышты жақсы салқындату үшін

Электр тұтынушыларды салқындату

Генератордың шкивін салқындату

Аккумуляторды салқындатып тұру үшін

Г-306 генераторының қоздыру орамы қайда орналасқан?

Статорда

Роторда

Шкивте

Артқы қақпағында

Генератордың сыртында

Айнымалы тоқты синхронды генераторда магниттік өріс пен ротор қалай айналады?

Екеуі де бірдей жылдамдықпен

Екеуі әр түрлі жылдамдықпен

Магниттік өріс жылдамырақ айналады

Ротор жылдамырақ айналады

Ол тоқтың шамасына тәуелді

Статордың үш фазалы орамдарын қалай жалғайды?

«жұлдызша» түрімен, «үш бұрыш» жалғауды сиректеу

Үш фазаның орамдарын тікелей жалғайды

Екі фазаның орамдарын тізбектеп, біреуін тікелей

Паралельді және тізбектеп

«үш бұрыш» түрімен, «тікелей» жалғауды сиректеу

Автотракторлық генераторлардың түрлері

Контактты және контактсыз

Электрлік және механикалық

Газ генераторы және газгольдер

Асинхронды және синхронды

Тұра және кері өндіретін

Контактты генераторда ротордың орамына қоздыру тоғы қалай беріледі?

Контактылық сақиналар мен щеткалар арқылы

Магниттік өріс арқылы

Электрмагниттік өріс арқылы

Электромеханикалық реле арқылы

Интегралды реле арқылы

Автомобильдің айнымалы тоқ генераторының клеммасынан қандай тоқ алынады?

Тұрақты

Айнымалы

Жоғары кернеулі

Үлкен зарядты

Күші зарядты

Қазіргі тракторлар мен автомобильдерде тоқ түзеткіштер қайда орналыстырылады?

Генератордың ішінде

Кабинаның ішінде

Беріліс қорапта

Артқы редукторда

Аккумуляторда

Айнымалы тоқ генераторының ерекшелігі

Айналу жиілігі төмен болғанда заряд тоғын бере алады

Салмағы және массасы үлкен

Тек қана үлкен айналу жиілігінде тоқ бере алады

Бағалы түсті металл аз жұмсалады

Бағалы түсті металл жұмсалмайды

Автотракторлық генераторларының қуаты қанадай аралықта болады?

200-1000 Вт

200 Вт-қа дейін

1000-3000 Вт

 150 Вт

2000 Вт

Контактілі генератормен салыстырғанда контактысыз генератордың басты кемшілігі

Қуаты бірдей болғанда габариті мен массасы артық

Сенімділігі төмен

Үлкен айналымға есептелмеген

Автомобильдерде қолдануға болмайды

Тракторлерде қолдануға болмайды

Қазіргі заманда қолданатын кернеу реттегіштерінің түрлері

Контактілі-транзисторлы, контактысыз транзисторлы және интегралды

Электромеханикалық, транзисторлық, электронды транзисторлық

Магнитті электрлік, электрондық, механикалық

Механикалық реле, электронды-транзисторлы реле

Интегралды, цифрлы, транзисторлы

Айнымалы тоқ генераторының қасиетін атаңыз

Жүктелу тоғын өзі реттейді

Кернеуін өзі реттейді

Қуатын реттеу үшін реле қажет

Тоқ пен кернеу қарсы фазасында

Магниттік өрісінің денгейі төмен

Қай тізбекте тоқ шектеуіші болуы қажет?

Генератор - АКБ

Генератор - тұтынушылар

Тұтынушылар - тұтынушылар

Генератор – от алдыру жүйесі

АКБ - тұтынушылар

Контактілі-транзисторлы реттеуіштің жиі кездесетін ақауын айтыңыз

Контактілі құрылғыдағы серіппенің серіппелік қасиетін өзгерту

Транзистор жиі істен шығады

Кері тоқ релесіндегі контакттер жұбы істен шығады

Қосымша кедергілер жанып кетеді

Диодтар «тесіліп» кетеді

Стартерлік АКБ-да электролит болып не табылады?

Күкірт қышқылы мен судың ерітіндісі

Тұз қышқылы мен судың ертіндісі

Сілті мен тұз қышқылының ертіндісі

Сілті мен судың ертіндісі

Кез келген қышқыл мен судың ертіндісі

Тракторлар мен автомобильдерінің электр жабдықтар жүйесіндегі кернеуі қандай?

12 немесе 24 В

12 мА

Тек қана 24 В

Тек қана 12 мВ

24 Мв

Екі аккумуляторлық батареясын қалай жалғауға болады?

Параллельді немесе тізбектеп

Тек қана параллельді

Тек қана тізбектеп

Бірінен соң бірін

Екеуінде бірге

Статордың өзек темірі қандай материалдан жиналады?

Электротехникалық болат парақтарынан

Шойыннан құйылған парақтардан

Қоладан жасалған парақтардан

Эбонит парақтарынан

Жартылай тоқ өткізгіштерден

Полюстік ұштарының материалы

Болат

Никель

Алюминий

Қола

Мыс

Кернеу реттеуішіне күтім көрсеткенде не істелуі керек?

Контакттардың жалғауларын тазалап тексеру

Транзистордың температурасын өлшеу

Сыртқы тазалығын бақылау

Қосымша кедергіні реттеу

Диодтардың жұмыстарын тексеру

Аккумуляторға электр энергиясы қайдан келеді?

Басқа тұрақты тоқ көзінін

Тұтынушылардан

Басқа айнымалы тоқ көзінен

Жоғары кернеу тоқ көзінін

Конденсатордан

Батареялық от алдыру жүйесінде тоқтың жоғарғы кернеуінің мәні

24000 В

2000 В

190000 В

10000 В

5000 В

Электр энергиясы гальваникалық аккумуляторда қандай энергияға түрленеді?

Химиялық

Механикалық

Электрлік

Молекулярлық

Кинетикалық

Қандай құрылғы аз уақытта үлкен тоқты қажет етюді?

Стартер

Генератор

Аккумулятор

Фаралар

Дыбыс сигналы

Батареяда аккумуляторлар қалай жалғанған?

Тізбектеп

Параллельді

Оңнан солға қарай

Солдан оңға қарай

Жоқырыдан төменге қарай

Аккумулятордың багының материалын көрсетіңіз

Эбонит, асфальт-пекті пластик

Болат, эбонит, пластик

Алюминий, пластик, қола

Мыс, алюминий, пластик

Тоқ өткізетін материал

Аккумулятордың ішіндегі тұнба қалай аталады?

Шлам

Күл

Тозаң

Қорғасын

Қышқыл

Аккумулятордағы қорғасын пластинасын құйғанда сурьманы не үшін қосады?

Беріктігін және құю сапасын жоғарылату үшін

Қорғасынның түсін өзгерту үшін

Қорғасын қышқылға төзімді болуы үшін

Қорғасын тоқты жақсы өткізуі үшін

Қорғасынды балқыту үшін

Қорғасын пластинасындағы сурьманың үлесі

6-8%

60-80%

10-20%

25-35%

40-50%

Аккумуляторда қандай пластиналар артық болады?

«минустік»

«плюстік»

«нейтралды»

«бірлік»

«тарату»

Бір-бірімен дәнекерленіп жалғанған пластиналар қалай аталады?

Жартылай блок

Толық блок

Аккумулятор блогы

Толмаған блок

Жетілдірілген блок

Сепараторлардың материалдарын көрсетіңіз

Мипор, мипласт

Эбонит, қорғасын

Болат, мипор

Шойын, мипласт

Ағаш, әйнек

Оң және теріс пластиналары немен бөлініп тұрады?

Сепараторлармен

Сұйықпен

Бөлгіштермен

Қышқылмен

Саңылаумен

Электролит құятын тесікшелер немен жабылады?

Тығындармен

Қақпақтармен

Болттарпен

Бұрандамамен

Винттермен

Тығындардағы тесікшелер не үшін қажет?

Газдар өту үшін

Сұйық өту үшін

Жарық өту үшін

Жеңіл болуы үшін

Технологиялық тесіктер

Аккумуляторлық батареяға не құяды?

Электролит

Су

Қышқыл

Сілті

Ацетон

Зарядталған АКБ-ның оң пластиналарындағы активті массасы болып табылады?

PbO2

СаО2

MgO2

MnO2

Au

АКБ разрядталғанда пластиналардың активті массасы

Қорғасын сульфаты

Сусыз сульфаты

Натрий сульфаты

Калий сульфаты

Магний сульфаты

АКБ-ның маркасындағы бірінші цифра нені көрсетеді?

Тізбектеліп жалғанған аккумуляторлар санын

Аккумулятордың номиналдық кернеуін

Электр сиымдылығын

Номиналды тоқ күшін

Номиналды қуатын

«СТ» әріптері нені көрсетеді

Батареяның түрін

Батареяның сиымдылығын

Материалын

Климаттық орындалуын

Стандартты

Батареяның сыйымдылығының өлшем бірлігі

Ампер -сағат

Ватт-сағат

Вольт-сағат

Генри-сағат

Ом-сағат

Сепаратордың материалдарының белгіленуін көрсетіңіз

М, МС, Р

М, С

М, Щ, Б

Щ,Б,Р

Щ,М,Р

АКБ-ның электр техникалық көрсеткіштерінің біреуі

Электр қозғалтқыш күш

Индуктивтік

Көлем

Ауданы

Кулон күштері

АКБ-ның электр қозғалтқыш күші неге тәуелді?

Электролиттің тығыздығына

Сиымдылыққа

Тұтынушыға

Қуатына

Көлемі

Батареяның кернеуі мен (Uзажим) және электр қозғалтқыш күшін (Е0) салыстырыңыз

Uзажим  Е0

Uзажим=Е0

UзажимЕ0

UзажимЕ0

Uзажим=1Е

Зарядталған АКБ-ның ішкі кедергісінің шамасы

0,001-0,0015 Ом

0,1-0,15 Ом

0,0001 Ом

0,001 Ом – дан аз

0,15 Ом

Сыртқы тізбекте аккумулятордың қуаты қалай анықталады?

NАКБ=Iзар*Uбат

NАКБ=n*Uбат

NАКБ=E0*Uбат

NАКБ=UВН/Iзар

NАКБ=Uбат/Iзар

АКБ-ң сыймдылығының түрлері

Номиналды және стартерлі

Толық және жартылай

Стартерлі және басқалай

Қуатты және бос жүрісті

Кернеулі және қуатты

Разряд тоғы өскен жағдайда сыймдылық қалай өзгереді?

Азаяды

Көбейеді

Өзгермейді

Разряд тоғына тәуелсіз

Электролиттің тығыздығына байланысты

Батареяның сйымдылығы неге тәуелді?

Пластиналардың өлшемдеріне, электролиттің тығыздығы мен температурасына және разряд тоғының күшіне

Банкаларының, пластиналарының және сепараторларының материалдарына

Электролиттің құрамына, тазалығына және температурасына

Аккумулятордың сыртқы өлшемі үлкен болған сайын сиымдылығы да өседі

Аккумуляторлық батареяны және қолданатын материалдарды шығаратын фирмаға

Зарядтау тоғы өсетін болса зарядты сыймдылығы...? (не істейді?)

Төмендейді

Жоғарылайды

Өзгермейді

Жойылады

Көбейеді

Электролиттің температурасы өзгерсе қандай физикалық көрсеткіші өзгереді?

Тұтқырлығы

Қысымы

Жылу сиымдылығы

Тығыздығы

Меншікті көлемі

АКБ ұзақ жұмыс істемесе сыймдылыққа не болады?

Сйымдылық азаяды

Симдылық жоғарлыйды

Сиымдылық өзгермейді

Электролитке тәуелді

Салмағы өзгермейді

АКБ-ң ерте істен шығу ақауының негізг себебі.

Сульфатация

Пластинаның ұгілуі

Банканың жарылуы

Сепаратордың сынуы

Қорғасынның еріп кетуі

Сульфатация болуының негізгі себебі

Үнемі толық зарядталмау

Толық зарядталуы

Электролиттің кеуіп қалуы

Лас суды қолдану

Электролиттің температурасы төмен болуы

«Плюс» пен «минус» ауысып кеткен жағдайда не болады?

Өздік разряд болады

Ештеңе болмайды

Кернеу өседі

Тоқ өзгереді

Сиымдылық өзгереді

Электролит аязда қатып қалса не болады?

Активті масса үгіліп түсіп қалады

Банка жарылады

Сепаратор түсіп қалады

Қорғасын сынады

Ештеңе болмайды

Тығыздықты анықтайтын аспап

Денсиметр

Термометр

Манометр

Вакууметр

Нивелир

Аккумулятордағы электролиттің қалыпты деңгейі қандай?

Сақтандыру тордан 10-15 мм биіктеу

Сақтандыру тордан 1-1,5 мм биіктеу

Сақтандыру тордан 2-5 мм биіктеу

Сақтандыру тордан 100-150 мм биіктеу

Тығынның денгейіне дейін толғанша

АКБ кернеуінің өлшем бірлігі

Вольт

Ватт

Ампер

Генри

Вебер

Карбюраторлық қозғалтқышта жұмыс қоспасы немен тұтандырылады?

Электрлік разряд болғанда ұшқынмен

Ауаны сығу нәтижесінде

Магнит-электрлік разрядтың

Электромагнит күшімен

Электромагнит толқындары соқтығысуымен

Ұшқындық разряд тұғызу үшін қандай кернеу қажет?

Жоғары кернеулі тоқ

Төменгі кернеу тоқ

Айнымалы кернеулі тоқ

Тұрақты кернеулі тоқ

Өздік индукциялық тоқ

Свечадағы ұшқындық саңылау өсуі нені қажет етеді?

Жоғары кернеулі тоқтың одан да жоғары болуын

Жоғары кернеулі тоқтың төмен болуын

Жаңғыш қоспаны байытуды

Жанғыш қоспаны тапшыландыруды

АКБ-ның кернеуін жоғарлытуды

Батареялық контактілі от алдыру жүйесіндегі свечаларының ұшқындық саңлауының мәні

0,6-0,9 мм

1-1,5 мм

0,1-0,2 мм

0,3 мм

1-1,2 мм

Транзисторлық от алдыру жүйесіндегі свечаларының ұшқындық саңылауының мәні

1-1,2 мм

0,5-0,6 мм

0,6-0,9 мм

1,6 мм

2,0 мм

Цилиндр ішінде температура жоғарлағаны қандай процесті жақсартады?

Газдардың иондануын

Тоқ өткізуі төмендейді

Ұшқынның қуаты төмендейді

Ұшқын ертерек беріледі

Жанғыш қоспа өздігінен тұтанады

Контактілі от алдыру жүйесіндегі приборлар қандай кернеу тудыра алады?

(18…24)103В

10 кВ-қа дейін

13 кВ-қа дейін

12 Кв-қа дейін

5*103 В-қа дейін

От алдыру свечаның атқаратын қызметі

Ұшқындық разряд тұдыру

Головкадағы тесікшені бітеу

Цилиндр ішін жарықтандыру

Температураны өлшеу

Қысымды өлшеу

От алдыру свечасының жұмыс істеу жағдайы қандай?

Өте ауыр: жоғары қысым және температура

Атмосфералық қалыпты жағдай

Температурасы және қысымы төмен жағдай

Электромагнит өріс ортасында, жеңіл

Свечаның орналасу орнына байланысты

Свечаның электродтарының салқындау жағдайлары бірдей ме?

Бірдей емес

Бірдей

Ортаңғы электродтікі жаман

Шеткі электродтікі жақсы

Ол көп факторға тәуелді

Отынның жанғандағы өнімдері свечаға қалай әсер етеді?

Электродтарды корозияға келтіреді

Электродтарды тазартады

Оқшаулағышты тазартады

Корпусын салқындатады

Калиль санын жоғарлатады

Қай электрод электрлік оқшаулағыштың ішімен өтеді?

Ортанғы

Шеткі

«плюстік»

«минустік»

Катод

Жұмыс қоспасының детонациясыз жылдам жануды не қамту керек

Цилиндрде свечаның орналасуы

Қоспаның құрамдық сапасы

Қоспаның тапшы болуы

Қоспаның байытылған болуы

Ауаның тазалығы

Свечадағы электрлік оқшаулағыштың материалы

Керамика

Пластик

Әйнек

Шайыр

Эпоксид

Свечадағы электр оқшаулағыштың төменгі жағының оптималды жұмыстық температурасы

500-800 0С

1000 0С

400 0С

340 0С

1500 0С

Свечаның қалыпты жұмыс істеуі қай параметрмен анықталады?

Жылулық режиммен

Орындалуымен

Бұрандасымен

Материалымен

Оқшаулағышымен

Қандай свеча «ыстық» деп аталады?

Электр оқшаулағышы ұзын болса

Электр оқшаулағышы қысқа болса

Металы көп свеча

Отқа күйдірілген свеча

Электродына май тиген свеча

Қозғалтқыш қалыпты жұмыс істегенде свечадағы электр оқшаулағыштың түсі қандай болуы керек?

Ашық қоңыр

Көк

Жасыл

Ақ

Қызыл

Свечаның жылулық сипаттамасы анықтайтын параметрлер?

Өлшемдері, бұранданың диаметрі мен ұзындығы, жылулық конустың ұзындығы

Жоғары кернеу тоқ жалғайтын клеммасы, материалы

Жылудан оқшаулағышының жматериалы

Ортанғы және шеткі электродтары арасындағы саңлау

Жылулық конус пен корпусы арасындағы саңлау

Свечаның А-17ДВ белгіленуінде «А» әріпі нені білдіреді?

Корпустың бұрандасы М14х1,25

Автомобильдік свеча

Авиациондық свеча

Оқшаулағыштың материалын

Электродтың материалын

Свечаның А-17ДВ белгіленуінде «17» саны нені білдіреді?

Калильдік санын

Корпустың сыртқы өлшемін

Бұранданың диаметрін

Бұрайтын кілттің номерін

Электродтың ұзындығын

Свечаның А-17ДВ белгіленуінде «В» әріпі нені білдіреді?

Жылулық конустың корпустан шығып тұруын

Оқшаулағыштың материалын

Оқшаулағыштың биіктігін

Ортанғы электродтың ұзындығын

Корпустың материалын

От алдыру свечасындағы күй қақты қалай кетіруге болады?

Свечаны бензинге салып қойып, содан соң мыс сымнан жасалған щеткамен тазалау керек

Қырғышпен қырып кетірген соң бензинмен жуып кептіру керек

Қозғалтқышқа орнына орнатып тапшы қоспамен істетіп содан соң жуу керек

Суға салып қойып жібіген соң бензинге салып алып өртеу керек

Керосинмен және щеткамен ысқылап кетірген соң бензинмен шайып жіберу керек

Свечада ұшқындық саңлауын қалай реттейді?

Шеткі электродты майыстырып

Ортанғы электродты бұрап

Арнайы винтпен

Контргайканы ағытып винтпен

Ортанғы электродты майыстырып

Свечадағы саңлауды немен тексереді?

Диаметрі дәл келетін сыммен

Жалпақ щуппен

Микрометрмен

Штангенциркульмен

Линейкамен

Батареялық от алдыру жүйесінің бір түйінін көрсетіңіз

От алдыру катушкасы

Реле

Вибрациялық сигнал

Фара

Экономайзер

От алдыру катушкасында қандай орамдар болады?

Бірінші және екінші

Алдынғы және артқы

Үстіндегі және астындағы

Оң және сол жақтағы

Аз орам және көп орам

Контактілер қосылып тұрғанда аккумулятордың электр қозғалтқыш күшінің әсерінен бірінші тізбекте не өтеді?

Төмен кернеулі тоқ

Жоғары кернеулі тоқ

Өзара индукциялық тоқ

Өздік индукциялық тоқ

Статикалық тоқ

Катушкадағы екінші орамда түзілетін өзара индукциялық электр қозғалтқыш күш шамасын көрсетіңіз

(12-24)103 В

10-12 кВ

103 В

30000 В

35000 В

Үзгіштегі контактілерді жанып кетуден не қорғайды?

Конденсатор

Катушка

Бабина

Трамблер

Транзистор

Б-5А және Б-102Б катушкаларда радиокедергілерді төмендету мақсатында не қарастырылған?

Арнайы экрандайтын құрылғылар

Диодтар, транзисторлар, тиртисторлар

Трансформатор мен конденсатор

Индуктивтік кедергілер

Активті және сиымдылық кедергілері

Контактты-транзисторлық от алдыру жүйесінің құрылысы контактты жүйеден айырмашылығы?

Транзисторлық коммутаторы және қосымша резисторы бар

Айырмашылығы көп емес

Өндіретін жоғары кернеулі тоғының қуаты төмен

Қосымша элементер болғандықтан күрделі

Техникалық күтім көрсету жұмыстары күрделі

Үзгіштің контактілер арасындағы саңлау

0,35…0,45 мм

0,5 мм

0,5-0,7 мм

0,2…0,4 мм

0,35…0,45 Нм

Транзисторлық коммутатордағы импульстік трансформатор не істейді?

Кернеудің кері импульсін тұдырады

Тоқ кернеуін жоғарлатады

Тоқ кернеуін төмендетеді

Кулон зарядтарын тудырады

Магниттік өріс тудырады

От алдыру жүйесіндегі контактілерді немен тазалайды?

Арнайы абразивті пластинкамен немесе надфильмен

Щеткамен

Бензинмен жуады

Арнайы сұйықпен жуады

Арнайы құрылғымен тазалап жуады

Магнетоның екінші орамында неше айналым болады?

11-13 мың

10 мың

20 мың

17 мың

11*102

Магнетодағы үзгіштің контактілер арасындағы саңлау

0,25…0,35 мм

0,37…0,47 мм

0,37…0,41 мм

0,4…0,5 мм

0,5...0,6 мм

Стартердің атқаратын жұмысы

Қозғалтқышыты іске қосқанда иінді білікті айналдыру

Автомобильді орнынан қозғалту

Қозғалтқыш тоқтап қалғанда айналдыру

Автомобиль батып қалғанда көмектесу

Жылдамдықты артыру

Стартерларде электрлік машина ретінде не қолданылады?

Тізбекті немесе аралас түрде қоздырылатын тұрақты тоқ электр қозғалтқышы

Асинхронды, айнымалы тоқ электрқозғалтқышы

Синхронды, айнымалы тоқ электрқозғалтқышы

Сильсинді, айнымалы синхронды тоқ электрқозғалтқышы

Компаудты айнымалы тоқ электр қозғалтқышы

Стартерге электр энергиясы қайдан беріледі?

Аккумуляторлық батареядан

Генератордан

Генератор мен реле реттеуіштен

Электрлік желісінен

Тоқ түзеткішінен

Стартердің сипаттамасы нені көрсетеді?

Айналу жиіліктің, қуаттың және стартердің бұраушы моментінің тізбектегі тоқтан тәуелділігін

Қуаттың, бұраушы моменттің жіне айналу жиілігінің қажетті қуаттан тәуелділігін

Иінді және тарату біліктің айналу жиілігінің, катушкадағы тоқтың тәуелділігін

Жетек механизмдерінің, іске қосу жүйесіндегі электр тоғының тәуелділігін

Бірінші басқару тізбектегі тоқпен екінші жетектегі тізбектің тоғының тәуелділігін

Стартерлер қалай бөлінеді?

Жетек механизмінің түрі және басқару түрі бойынша

Электрлік және механикалық түрлері бойынша

Электродинамикалық және электротехника

Механизмдерінің түрлері және орындалуы бойынша

Пневматикалық және электрогидравликалық

Стартердің жетек механизмдерінің түрлері

Механикалық және электромагниттік

Пневматикалық және электрлік

Гидравликалық және электрлік

Электрогидравликалық және электромагниттік

Электромагниттік және пневматикалық

Стартерді басқарудың түрлері

Тікелей және дистанциялық

Қолмен және механикалық

Механикалық және автоматты

Электрлік және механикалық

Электронды және қолмен тікелей

Негізгі қозғалтқыш іске қосылғанда стартерді өте жиі айналудан не сақтайды?

Бос жүріс муфтасы

Сақтандырғыш реле

Сақтандырғыш муфта

Транзистор

Сақтандырғыш диод

Стартердің орамына электр тоғы қандай құрылғы арқылы беріледі (электромагнитті жетекті және дистанциялық басқарылатын стартер)

Тарту релесінің контактілері және пластина арқылы

От алдыру катушка және конденсатор арқылы

Аккумулятор және генератор арқылы

Реле реттеуіш және от алдыруды қосқыш кілт арқылы

Қосқыш, амперметр және реле арқылы

Подфарниктерді қай жүйеге жатқызуға болады?

Жарықтандыру және жарықпен сигналдау жүйесіне

От алдыру жүйесіне

Іске қосу жүйесіне

Бақылау – өлшеу жүйесіне

Қосымша - көмекші жүйеге

«Масса» айырғыштың қажеттілігі

Акккумуляторлық батареяны разрядтанудан сақтайды

Аккумуляторды автомобильден шешкенде айыру үшін

Стартерді қосқанда айырып – қосу үшін

Дыбыс сигналы айырылмай ұалған жағдайда айыру үшін

Жарықтандыру приборларын бәрін бірге қосу үшін

Стартерге күтім көрсеткендегі негізгі жұмыстар

Коллектор мен щеткалардың күйін тексеру

Сыртын жақсылап жуу

Подшипниктерін жуып майлау

Бос жүріс муфтасын майлау

Контактілерін майлау

Стартердің щеткалары коллекторға қандай күшпен басады?

12,5-17,5 Н

30 мН

12 кН

17,5 кН

5 кг*С

Жарықтандыру приборларының негізгі элементтері

Қызу лампалары

Шағылыстырғыш

Патрон

Таратқыш

Контактілер

Бір сымды лампалар қалай аталады?

Бір жарықты

Екі жарықты

Жарықтандыру лампасы

Сигналдау лампасы

Апаттылық лампасы

Екі сымды лампалар қайда қолданылады?

Фарада және подфарниктерде

Кузовты жарықтандыруда

Приборларды жарықтандыруды

Тежеуді сигналдауда

Бұрылысты және тоқтауды сигналдауда

Фараларды реттегенде не қолданады?

Өлшеу экраны немесе арнайы прибор

Отверткалар мен кілттер

Қысқаштар мен скенжелер

Эллипстер мен шеңберлер

Лупалар

Фараның алыс жарығы кемінде қандай қашықтыққа түсу керек?

100 м

25 м

30 м

50 м

70 м

Фараның жақын жарығы кемінде қандай қашықтыққа түсу керек?

30 м

40 м

50 м

60 м

70 м

Зарядтау және разрядтау тоғын бақылау үшін қандай құрылғы арналған

Амперметр

Вольтметр

Ваттметр

Термометр

Манометр

Спидометр нені өлшейді?

Қозғалыс жылдамдығын

Зарядтау тоғын

Разряд тоғын

Айналу жиілігін

Қысымның өзгеруін

Механикалық спидометрге қозғалыс қандай білікпен беріледі?

Иілмелі

Кардан

Бірінші

Екінші

Аралық

Электромагнитті дыбыс сигналының дыбыс жиілігі

220-400 Гц

0,07 мГц

0,07 Г

0,07 мГ

500-1000 Гц

Генераторлар мен аккумуляторлар деген не?

Электр энергиясының көздері

Электрқозғалтқыштар

Механикалық энергиясының көздері

Химиялық энергиясының көздері

Кинетикалық энергиясының көздері

«плюстан» «минусқа» тоқ қай жерде қозғалады

Сыртқы тізбекте

Аккумуляторде

Генераторда

Электрқозғалтқышта

Гальваникалық элементте

Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтитын және аккумуляторлық батареяны зарядтайтын құрылғы.

Генератор

Стартер

Реле реттеуіш

Амперметр

Қозғалтқыш

Генератордың клеммаларында берілген кернеуді ұстап тұруға арналған құрылғы

Кернеу реттегіші

Кері тоқ релесі

Вольтметр

Амперметр

Тоқ шектеуіш

Аккумуляторлық батареяның түрін белгіленуі арқылы қалай білуге болады?

Белгіленуінің бірінші әріптерінен

Белгіленудің бірінші цифрасыныан

Белгіленудің екінші санынан

Сандарден кейінгі әріптен

Соңғы әріптен

Электролиттің тығыздығына аккумулятордың қандай көрсеткіші байланысты?

Электрлік қозғалтқыш күші

Стартерлік тоқ

Разряд тоғы

Зарядтану тоғы

Аккумулятордың салмағы

Аккумулятор үнемі толық зарядталмаса не болады?

Пластиналардың сульфатациясы

Пластиналар қирайды

Сепораторлар шашылады

Кернеуі төмендейді

Электролит ұшып кетеді

Свечаның өлшемдеріне қандай сипаттама тәуелді?

Жылулық

Қысым

Кернеу

Тоқ күші

Вакуум

От алдыру жүйесінің бір түйіні

Үзгіш-таратқыш

Фара

Лампа

Реле реттеуіш

Стартер

Аккумулятордың өздігінен разрядталуына не себеп болуы мүмкін?

Полюстарының ауысып кетуі

Аккумулятордың сыртының таза болуы

Электролиттің тығыздығы

«Масса» айрылып қалуы

«Масса»-ны жалғайтын клемма

Генератордың корпусында қандай құрылғы орналастырылады?

Тоқ түзеткіш

Аккумулятор

Катушка

Транзистор

Тиристор

А-17ДВР свечасының маркіленуінде бұранданы не белгілейді?

«А» әріпі

«17» саны

«Д» әріпі

«В» әріпі

«Р» әріпі

Аккумулятордың электр қозғалтқыш күші қандай көрсеткіштерге жатады?

Электротехникалық

Механикалық

Физикалық

Химиялық

Биологиялық

Батареялық контактілі от алдыру жүйесінде конденсатор қандай қызмет атқарады?

Контактілерді жанып кетуден сақтайды

Электр ұшқынын күшейтеді

Қосымша электр тоғын береді

Транзисторды сақтандырады

Тоқ түзеткішті сақтандырады

Денсиметрмен қандай жұмыстар істеледі?

Электролиттің тығыздығын анықтайды

Аккумулятордың кернеін өлшейді

Генератордың кернеуін өлшейді

Зарядтау тоғын өлшейді

Разряд тоғын өлшейді

Цилиндр ішінде газдар жақсы иондану үшін не істелу керек?

Газдардың температурасы жоғарлау

Газдардың қысымы арту

Газдардың молярлық массасы арту

Газдардың мөлшері көбею

Газдардың құрамы өзгеру

Релелер қандай кластарға бөлінеді?

Электрлік және электрлік емес

Электрлік және таза механикалық

Механикалық және химиялық

Химиялық және электрлік

Биологиялық және электрлік

Атқару қызметі бойынша релелер қалай бөлінеді?

Басқару, қорғау, сигналдау

Зарядтау, басқару, сигналдау

Разрядтау, қорғау, сигналдау

Өшіру, зарядтау, басқару

Өлшеу, сигналдау, басқару

Шығатын тізбекке әсер ету принципі бойынша релелер қалай бөліненді?

Контактілі және контактісіз

Транзисторлы және контактілі

Химиялық және электрлік

Тиристорлы және диодты

Механикалық және химиялық

Басқаратын мәні бойынша релелер қалай бөлінеді?

Тоқ релесі, кернеу релесі, қуат релесі

Ампер релесі, кернеу релесі

Вольт релесі, тоқ релесі

Генри релесі, Ампер релесі

Индуктивтік және сиымдылық релесі

Орындалуы бойынша релелер бөлінеді...(қалай)?

Ашық, жабатын құндақты, герметикалық

Күрделі, қарапайым, ашық

Қарапайым, ашық, герметикалық

Мөлдір, қарапайым, күрделі

Жетілдірілген, жетілдірілмеген

Реленің анықтамасы

Кіретін мәннің бәсең өзгеруін кенет өзгеруге түрлендіретін құрылғы

Электр энергиясын өндіргеннен кейін мөлшерлеп беруче арналған құрылғы

Тізбектегі электр тоғының қуатын реттеп тұратын құрылғы

Тұтынушыларға беретін тоғының кернеуін басқаратын құрылғы

ЗАккумуляторды заряд тау тоғын реттейтін құрылғы

Реленің іске қосылу қуаты (Рсрб)

Реле іске қосылуға қажетті минималды қуат

Реленің қозғалтқыштан алатын қуаты

Реленің айырылуына қажетті қуат

Реленің орамдарынан өтетін тоқ қуаты

Реленің кедергісі минималды болатын қуат

Қоздыру орамы айналмайтын генератордың маркасын көрсетіңіз?

Г-306

Г-250

Г-272

Г-108

Г-08

Кернеу релесі генератордағы қоздыру тоғын азайту принципі

Тізбекке қосымша кедергі қосады

Тізбектен қосымша кедергіні айырады

Тізбекке конденсатор қосады

Тізбектен конденсаторды айырады

Магниттік өріс қуатын жоғарлату

Күкірт қышқылының формуласын көрсетіңіз

H2SO4

HCl

H2C4

H3O2

H2Ca2

Тұз қышқылының формуласы

HCl

H2C4

H3O2

H2Ca2

H2SO4

Темір никельді сілтілі аккумулятордың басты кемшілігі

Ішкі кедергісі үлкен

Ішкі кедергісі төмен

Сиымдылығы аз

Индуктивтігі жоғары

Үлкен тоқ бере алады

Еуропалық және америкалық жарықтандыру жүйесінің айырмашылығы неде?

Америкалық жүйеде жарықтың экранға түсетін дағы элипс тәрізді

Еуропалық жүйеде жарықтың экранға түсетін дағы элипс тәрізді

Америкалық жүйеде жарықтың экранға түсетін дағы сызық тәрізді

Америкалық жүйеде жарықтың экранға түсетін дағы шеңбер тәрізді

Еуропалық жүйеде жарықтың экранға түсетін дағы шеңбер тәрізді

Негізгі фараның алыс жарығының жарық қуаты қандай шамадан кем болмауы керек?

10000 Кд

9000 Кд

8000 Кд

7000 Кд

6000 Кд

Көліктің бұрылатынын алдын-ала ескертетін жүйесінде алдыңғы жарық қандай түс болуы қажет?

Ақ немесе қызғылт

Көк немесе қызыл

Көк немесе ақ

Жасыл немесе қоңыр

Қоңыр немесе сары

Көліктің бұрылатынын алдын-ала ескертетін жүйесінде артқы жарық қандай түс болуы қажет?

Қызғылт немесе қызыл

Жасыл немесе қоңыр

Күлгін немесе ақ

Қызыл немесе ақ

Көк немесе қызыл

Тежеу сигналының түсі қандай?

Қызыл

Жасыл

Қоңыр

Ақ

Көк

Көліктің енін көрсететін габарит жарықтардан басқа автобустарда және фургондарда қандай жарықтар болады?

Биіктігін және биіктегі енін көрсететін

Ұзындығын және аласалығын көрсететін

Габаритті ұзындығын көрсететін

Габаритті ені мен ұзындығын көрсететін

Салонның ішін жарықтандыратын және капот астын жарықтандыратын

К-700 тракторында аккумуляторларды паралельді жалғаунан тізбекті жалғауға ауыстыратын құрылғы?

Реле ВК-30

Реле - реттеуіш

Тарту релесі

Реле Г-250

Реле РР-362Б

Көліктің бұрылатынын алдын-ала ескеретін жүйесінде тоқты үзіп-қосқыштарының түрлері

Электромагнитті жылулық және биметалдыжәне электронды

Электронды, механикалық және электромеханикалық

Механикалық, электрлік және цифралық

Цифралық, электрондық және интегралдық

Опттронды, транзисторлы және тиристорлы

Үзгіш-реттегіште от алдыру бұрышын өзгертетін неше құрылғы бар?

Үш

Бір

Екі

Ондай құрылғы жоқ

Төрт

Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі бойынша от алдыру бұрышын қандай реттеуіш реттейді?

Ортадан тепкіш реттеуіш

Вакуумды реттеуіш

Октан корректор

Электромеханикалық реттеуіш

Электромагниттік реттеуіш

Қозғалтқыштың жүктелуі бойынша от алдыру бұрышын қандай реттеуіш реттейді?

Вакуумды реттеуіш

Электромеханикалық реттеуіш

Электромагниттік реттеуіш

Ортадан тепкіш реттеуіш

Октан корректор

Бензиннің октан саны бойынша от алдыру бұрышын немен өзгертеді?

Октан-корректормен

Электромагниттік реттеуіш

Ортадан тепкіш реттеуіш

Вакуумды реттеуіш

Электромеханикалық реттеуіш

Сиымдылық датчиктерінің жұмыс істеу принципі

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен конденсатордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен катушканың индуктивтігін өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен аккумулятордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен датчиктің сезімталдығын өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен механизмнің түрін өзгертуге негізделген

Индуктивтік датчиктердің жұмыс істеу принципі

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен магнит өткізгіші бар катушканың индуктивтігін өзгерту

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен аккумулятордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен датчиктің сезімталдығын өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен механизмнің түрін өзгертуге негізделген

Кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен конденсатордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Тұрақты тоқ генераторында қоздыру орамы қай жерде орналасқан?

Статорда

Якорьда

Роторда

Реле реттеуіште

От алдыру катушкасында

Тұрақты тоқ электромагнит релесінің жұмыс істеу принципі

Катушка бойымен өтетін тоқтың тудырған магниттік өрісінің жылжымалы якорьмен әсерлесуіне негізделген

Шығатын мәннің өзгеруінің әсерінен аккумулятордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Тоқ мәнінің өзгеруінің әсерінен датчиктің сезімталдығын өзгертуге негізделген

Катушкаға кіретін мәннің өзгеруінің әсерінен механизмнің түрін өзгертуге негізделген

Конденсатордың мәнінің өзгеруінің әсерінен конденсатордың сиымдылығын өзгертуге негізделген

Тұрақты тоқ генераторында қоздыру орамының өзек темірі болып не табылады?

Полюстік башмак

Якорьдің өзек темірі

Ротордың өзек темірі

Миністік өзек темір

Плюстік өзек темір

Тізбек учаскесіне Ом заңының формуласы

Толық тізбекке Ом заңының формуласы

Тұрақты тоқ күшін анықтайтын формула

Тоқ өткізгіштің кедергісін анықтайтын формула

Кедергінің өлшем бірлігі

Ом

Вольт

Ампер

Вебер

Ватт

Тоқ өткізгіштігінің өлшем бірлігі

мО

Ом

Вольт

Генри

Вебер

Тоқ кернеуі (кернеу потенциалы)

Меншікті кедергісі жоғары металлды көрсетіңіз

Нихром

Болат

Мыс

Алюминий

Қола

Тоқ оқшаулағыш материалды көрсетіңіз

Эбонит

Электролит

Нихром

Болат

Мыс

Қандай металл тоқты жақсы өткізеді?

Мыс

Алюминий

Қола

Латунь

Марганец

Үзгіш таратқыштың контактілерінде қолданатын металл

Вольфрам, күміс

Мыс, алюминий

Эбонит, қола

Шойын, болат

Алтын, күміс

Қызу лампаларында қызу сымы қандай материалдан орындалады

Вольфрам

Көмір

Күміс

Кобальт

Алюминий

Қызу лампаларының ішін қандай газбен толтырады?

Инертті

Вакууммен

От тегімен

Су тегімен

Көмір қышқыл газымен

Галогендік лампаның колбасы қандай материалдан жасалады

Кварц әйнегі

Жәй әйнектен

Хрустальдан

Жасанды слюдадан

Пластиктен

Электрлік қыздырғыш спиральдарды қандай материалдан жасайды?

Нихром

Болат

Шойын

Мыс

Алюминий

Қазіргі автомобильдер мен тракторлерде бақылау өлшеу приборларының қандай түрі кең қолданылады?

Магнитті электрлік

Электрлік-жылулық

Электромагниттік

Механикалық

Биметалдық

Электр импульстік тахометрдің жұмыс істеу принципі

Үзгіштегі контактілерінің айырылу жиілігін өлшейді

Енгізу клапанының ашылып жабылу жиілігін өлшейді

Шығару клапанының ашылып жабылу жиілігін өлшейді

Қозғалтқыштың температуралық сезімталынан алады

Майла жүйесіндегі майдың қысымын өлшейді

Электр жылулық бақылау өлшеу приборларының басты кемшілігі

Үлкен инерциялығы

Дәлділігі төмен

Бағасы ұлкен

Сенімділігі төмен

Қолдануға ыңғайсыз

Бактағы отын денгейн көрсететін приборда жарық сигналы жанса отынның неше километрге қалғанын көрсетеді?

Шамамен 30 км

Шамамен 10 км

Шамамен 40 км

Шамамен 50 км

Шамамен 60 км

Магнитті электрлік көрсету приборында тілі ненің әсерінен жылжыйды?

Үш орамның магнит өрістерінің тепе-теңділігі бұзылу нәтижесінде

Магниттік полюсының өзгеру және бұрылу нәтижесінде

Электромагнит орамы бойындағы тоқ күші өзгеруінің нәтижесінде

Катушканың индуктивтігі өсуі немесе кемуі нәтижесінде

Қозғалтқыштың айналу жиілігі өзгеруі нәтижесінде

Батареялық контактілі от алдыру жүйесінде катушканың тізбегінде вариатор не үшін қажет?

Иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты тізбектегі тоқ күшін реттеу үшін

Иінді біліктің айналу жиілігін қуатына сай реттеп тұру үшін

Иінді білік пен тарату білігі арасындағы беріліс санын өзгерту үшін

Иінді білік пен беріліс қорабы арасындақы беріліс санын өзгерту үшін

Иінді білік пен кардан білігі арасындағы күшті реттеу үшін

Катушканың тізбегіндегі вариатор қандай материалдан жасалған?

Болат сымнан

Нихромнан

Инвардан

Вольфрамнан

Мыстан

Вакуумды от алдыру бұрышын реттеуіші қозғалтқыштың қандай түйінімен жалғанады?

Карбюратормен

Стартермен

От алдыру катушкасымен

Үзгіш-таратқышпен

Трамблермен

Дыбыс сигналының индуктивтік катушкасының тізбегіне конденсатор не үшін жалғанады?

Контактілер арасында ұшқынды бәсеңдету үшін

Дыбыс деңгейін жоғарлату үшін

Дыбыс биіктігін өзгертіп ретеу үшін

Дыбыс тоналдығын жақсарту үшін

Катушканың орамында тоқ күшін өсіру үшін

Сұйық отын тасымалдайтын автомобильдерге (бензовоздарға) жерге дейін жететін шынжыр не үшін қажет?

Статикалық, атмосфералық электр тоғын жерге жіберу үшін

Электр тоғының бір полюсын жермен жалғау үшін

Жүргізушіні электр тоғымен зақмданудан сақтандыру үшін

Орамдарды статикалық электр тоғынан қорғау үшін

Электронды приборларды құйынды тоқтардан қорғау үшін

Айнымалы тоқ генераторымен салыстырғанда тұрақты тоқ генераторының кемшілігі?

Қуаты бірдей болған жағдайда өлшемі де салмағы да артық

Қуаты бірдей болған жағдайда түсті материалды аз талап етеді

Беретін тоқ қуаты төмен болады

Электр тоғының кернеуі төмен болады

Бірдей жағдайда қоздыру орамының магниттік өрісінің қуаты төмен

Сенімділігі жағынан қандай генератор артық?

Қоздыру орамы тұрақты айнымалы тоқ генераторы

Якорлі тұрақты тоқ генераторы

Қоздыру орамы айналмалы айнымалы тоғ генераторы

Қоздыру орамды асинхронды айнымалы тоқ генераторы

Синхронды генератор

Тұманға қарсы фаралар автомобильге қалай бекітілуі керек?

Не ғұрлым төмен

Не ғұрлым жоғары

Орташа биіктікте

Қалай бекітсе де бәрбір

Негізгі фаралардың қасына

Тұманға қарсы фаралардың әйнегін не үшін сары түске бояйды?

Шағылысу жарықты азайту үшін

Әдемі болуы үшін

Дизайнерлік талаптарға сәйкес

Жарық қуатын азайту үшін

Негізгі фарадан айыру үшін

Артқа жүретін беріліс қосқанда жанатын артқы фараның қосқышы қай жерде орналасқан?

Беріліс қорабының қақпағында

Ілініс муфтасының корпусында

Тежеуіш педалінде

Артқы беріліс шестернясында

Басты берілісте

Артқа жүретін беріліс қосқанда жанатын артқы фараның түсі қандай?

Ақ

Сары

Қызыл

Көк

Жасыл

Апаттылық сигналының алдыңғы жарығының түсі қандай?

Қызғылт сары

Көк

Жасыл

Ақ

Қызыл

Апаттылық сигналының артқы жарығының түсі қандай?

Қызғылт сары

Жасыл

Ақ

Қызыл

Көк

Бұрылыс сигналын қайталағыштар автомобильдің қай жеріне орналастырылады?

Алдынғы жағының жанына

Артқы жағының жанында

Ортанғы шамасына

Кабинаның үстіне

Фаралардың қасына

Контактілі-транзисторлы от алдыру жүйесіндегі катушканың тізбегіне қосымша кедергі не үшін жалғанады?

Катушка қызып кетпеу үшін

Тоқ күшін жоғарлату үшін

Катушканың индуктивін арттыру үшін

Контактілірді қорғау үшін

Транзисторды қорғау үшін

Батареялық контактілі от алдыру жүйесіндегі катушкасының бірінші орамы арқылы өтетін тоқ қай кезде қосымша кедергіден айналып өтеді?

Стартер іске қосылған кезде

Иінді білікті қолмен бұраған кезде

Қозғалтқыш іске қосылған кезде

Қозғалтқыш тқұтаған кезде

Беріліс қосылған кезде

СТ-142 стартерінде қандай типті бос жүріс муфтасы орнатылған?

Храповикті

Роликті

Фрикционды

Магнитті

Электромагнитті

Стартерлердің көбінде қандай типті бос жүріс муфтасы қолданылады?

Роликті

Фрикционды

Магнитті

Электромагнитті

Храповикті

ЗиЛ-130 қозғалтқыштарында қандай маркалы стартер қолданылады?

СТ-230

СТ-08

СТ-21

СТ-350

СТ-12

Г-250 маркалы генераторларында тоқ түзеткіштері қай жерде орналасқан?

Артқы қақпағының ішінде

Алдыңғы қақпағының ішінде

Статордың ішінде

Ротордың ішінде

Корпусының сыртында

Г-306 генераторы не себептен толық жабық корпусты болып жасалған?

Ауыл шаруашылық тракторлар тозаң ортада жұмыс істейтін болғандықтан

Жөндеуге болмайтындығын білдіреді

Ол генератор жеңіл жағдайда жұмыс істейтін болғандықтан

Оның қоздыру орамы айналмайтын болғандықтан

Оның статорындағы орам айналмайтын болғандықтан

Г-306 маркалы генераторларында тоқ түзеткіштері қай жерде орналасқан?

Алдыңғы қақпағының ішінде

Артқы қақпағының ішінде

Ротордың ішінде

Корпусының сыртында

Статордың ішінде

Қазіргі кездегі автомобильдерінде генераторларының интегралды кернеу реттеуіштер қай жерге орналастырылады?

Генератордың корпусына

Бөлек, капоттың астына

Кабинаның ішіне

Блок-картерге бекітіледі

Аккумулятордың қасына

Контактілі-транзисторлы от алдыру жүйесінде қосымша кедергілер қалай орындалған?

Бөлек корпуста

Катушкамен бірге

Үзгіш-таратқыштың корпусында

Релеөреттеуіштің корпусында

Генератордың ішінде

ТК-102 транзисторлік коммутаторында стабилитрон не үшін қажет?

Бірінші орамда түзілетін өздік индукциялық тоқтан транзисторды сақтау үшін

От алдыру катушкасына берілетін тоқтың кернеуін реттеу үшін

Екінші орамда түзілетін жоғары кернеулі тоқтан транзисторды сақтау үшін

Бірінші орамда түзілетін индукция тоқтан контактілерді сақтау үшін

Қоздыру орамында түзілетін тоқтан конденсаторды сақтау үшін

ТК-102 транзисторлік коммутаторында стабилитрон кернеу қандай шамаға келгенде ашылады?

100 В

80 В

85 В

75 В

90 В

Магнетодағы контактілер қай мезгілде ажыратылады?

Бірінші орамда тоқ күші максималды болғанда

Бірінші орамда тоқ күші минималды болғанда

Екінші орамда тоқ күші максимал болғанда

Екінші орамда кернеу максимал болғанда

Бірінші орамда кедергі максимал болғанда

Ұшқын беруінің максималды жиілігі бойынша контактілі және контактілі-транзисторлы от алдыру жүйесін салыстырыңыз

Контактілі-транзисторлының жиілігі артық

Контактілі батареялық жүйеде артық

Контактілі батареясыз жүйеде артық

Екеуінің де жиіліктері бірдей

Ондай көрсеткішпен жүйелерді салыстырмайды

Көп цилиндрлі, иінді білігінің айналу жиілігі өте үлкен қозғалтқышында контактілі ота алдыру жүйесін неге қолдануға болмайды?

Контактілі от алдыру жүйесінің ұшқын беруінің максималды жиілігі төмен

Ұшқынның максималды қуаты артық

Катушка қызып кетеді

Контактілер ондай жиілікке шыдамайды

Конденсатор контактілерді жанып кетуінен толық қорғай алмайды

Транзисторлы от алдыру жүйесінде түзілетін жоғары кернеулі тоғының кернеуі қай шамаға дейін болуы мүмкін?

30..36 кВ

12...17 кВ

12...24 В

36 В

1000 кВ

Пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесінде тоқтаудың жарық сигналының қосқышы қай жерде орналасқан?

Тежеуіш кранының корпусында

Педальмен жалғанған

Рычагпен жалғанған

Тежеуіш механизмда орнатылған

Ресиверлердің қасында бекітілген

Гидравликалық жетекті тежеуіш жүйесінде тоқтаудың жарық сигналының қосқышы қай жерде орналасқан?

Тежеу құбырында

Рычагпен жалғанған

Тежеуіш механизмда орнатылған

Рамада

Қозғалтқыштың қасында

Жеңіл автомобильдеріндегі қозғалтқыштарының салқындату жүйесіндегі электрлік желдеткішті қосатын сезімтал аспабы қай жерде орналасады?

Радиатордың төменгі бачогінде

Головканың астыңғы жағында

Блок-картерде

Майлау жүйесінің радиаторында

Басты майлау магистралында

Көп қозғалтқыштарында салқындатқыш сұйықтың температурасын көрсететін аспаптың сезімтал құралы қай жерде орналасады?

Цилиндрлер басында (головкада)

Блок-картерде

Майлау жүйесінің радиаторында

Басты майлау магистралында

Ілініс муфтасының корпусында

Қалыпты климат зонасында жаз кезінде толық зарядталған аккумулятордағы электролиттің тығыздығы (г/см3) қандай болуы керек?

1,25

1,20

1,19

1,27

1,29

Жаңадан жасалған электролиттің тығыздығы қанша болуы керек?

1,19...1,21

1,25

1,26

1,27

1,28...1,29

Қалыпты климат зонасында қыс мезгілінде толық зарядталған аккумулятордағы электролиттің тығыздығы (г/см3) қандай болуы керек?

1,27

1,23

1,22

1,29

1,18

Ареометрмен нені өлшейді?

Сұйықтардың тығыздығын

Сұйықтың температурасын

Меншікті көлемді

Тығыздықты

Жел жылдамдығын

Ареометр ішіндегі сезімтал құрылғы қалай аталады?

Денсиметр

Қалытқы

Нивелир

Анемометр

Нутромер

Магнетоның бірінші орамы ретінде не пайдалынылады?

Айнымалы тоқ генераторының орамы

Трактор генераторының негізгі орамы

Генератордың қоздыру орамы

От алдыру катушкасының орамы

Статордың орамы

Магнетоның роторы неден жасалған?

Тұрақты магниттен

Никельден

Шойыннан

Қоладан

Алюминийден

Магнетода от алдыруды айырғанда не қосылады?

Бірінші орам «массаға» қосылады

Екінші орамды свечадан айырады

Бірінші орамды свечадан айырады

Екінші орам реледен қосылады

Конденсатор орамға қосылады

Магнетоның абрис бұрышының шамасы

8...10О

10...13О

13...15О

15...18О

18...20О

ПД-10У іске қосқыш қозғалтқышындағы магнетосының маркасы

М-24

М-08

М-21

М-16

М-40

РР-362-Б реле реттеуішінде қорғау релесі не үшін қажет?

Транзисторды үлкен тоқтан қорғау үшін

Стабилитронды үлкен кернеуден қорғау үшін

Транзисторды температурадан қорғау үшін

Кернеуді реттеу үшін

Қоздыру орамының кедергісін реттеу үшін

РР-362-Б реле реттеуішіндегі жыл мерзіміне байланысты кернеуді реттегенде оның өзгеру аралығы

0,8-1,2 В

1,8-2,2 В

2,1-2,4 В

2,4-2,6 В

2,6-2,8 В

РР-362-Б реле реттеуішіндегі транзисторды генератордың қоздыру орамында түзілетін өздік индукциялық тоқтан қорғау үшін не қолданады?

Диод ДГ

Стабилитрон Д1

Тиристор Тр2

Конденсатор С2

Реле

Генератордың қай подшипнигіне көбірек күш түседі?

Алдыңғы подшипнигіне

Артқы подшипнигіне

Ортанғы подшипнигіне

Бәріне де бірдей

Шарикті подшипнигіне

Германийлік транзисторлар мен салыстырғанда кремнийлік транзисторлардың артықшылығы

Температуралық беріктігі жоғары

Өткізетін тоқ кернеуі

Бағасы төмен

Табиғатта кремний көбірек

Өндіру технологиясы қарапайым

Иінді біліктің айналу жиілігі өскен сайын от алдыру бұрышы қалай өзгереді?

Өседі

Кемиді

Өзгермейді

Төмендейді

Азаяды

Қозғалтқышқа жүктелу артқан сайын от алдыру бұрышы қалай өзгереді?

Азаяды

Өседі

Жоғарлайды

Ұлғаяды

Өзгермейді

Бакқа құйылған бензиннің октан саны тиістіден жоғары болса от алдыру бұрышын қалай өзгерту керек?

Үлкенрек қою керек

Азайтып қою керек

Өзгертпеу керек

Ондай бензин құюға болмайды

От алдыру бұрышы өзі өзгереді

Свечадағы электрлік оқшаулағышының төменгі жағы «салқын» болса неге әкеліп соғады?

Оқшаулағышқа күйе қақ тұрып қалып свеча істен шығады

Жұмыс қоспасы дұрыс тұтанбай қалады

Оқшаулағыш аса қызып жарылып кетеді

Свечаға берілген тоғының кернеуі төмендейді

Жұмыс қоспасы «қатып» қалуы мұмкін

Свечадағы электр оқшаулағышының төменгі жағының температурасы 800 оС-ден артық болса неге әкеліп соғады?

Жұмыс қоспасының өздігінен тұтануына

Жұмыс қоспасы уақытында тұтанбайды

Оқшаулағыш жарылып кетеді

Свеча істен шығады

Ештеңе болмайды

Электрлік оқшаулағыш пен корпусы аралығында жылу берілісі аз болса ондай свеча қалай аталады?

«Ыстық»

«Салқын»

«Бейтарап»

«Қалыпты»

«Аласа»

Электрлік оқшаулағыш пен корпусы аралығында жылу берілісі үлкен болса ондай свеча қалай аталады?

«Салқын»

«Бейтарап»

«Қалыпты»

«Аласа»

«Ыстық»

Контактты-транзисторлық от алдыру жүйесінде контактілер аз тозуының себебі неде?

Контактілер арқылы тек қана транзисторды басқаратын тоқ өтеді

Контактілер төзімді материалдан жасалған

Контактілердің айырылып-қосылуы аздау

Олар бір-бірімен үйкеліспейді

Контактілер қосылғанда үлкен тоқ өтпейді

Автомобильдерде от алдыру жүйесінің транзисторлік коммутаторды не үшін кабинаның ішіне орнатады?

Транзисторды жақсы салқындату үшін

Транзисторлік коммутатор таза болуы үшін

Диодтар істен шықпау үшін

Конденсаторлар басқа жерде жұмыс істемейді

Индукциялық тоқты азайту үшін

От алдыру жүйесіндегі транзисторлік коммутатордың орналасқан жеріндегі максималды температура

65оС

55оС

45оС

35оС

25оС

Кернеуді өлшейтін прибор

Вольтметр

Амперметр

Ваттметр

Манометр

Термометр

Кедергіні өлшейтін прибор

Омметр

Вольтметр

Амперметр

Термометр

Индикатор

Тұманға қарсы фаралардың негізгі фаралардан айырмашылығы

Жарық тарату түрінде

Негізгі фаралар үлкендеу

Негізгі фаралар кішілеу

Лампаларының қуаты әр түрлі

Шағылыстыру әдісінде

Майлау жүйесіндегі қысымның төмендеп кеткенін сигналдайтын лампа жанып-сөніп тұрса қандай қысым болғаны?

0,1 МПа-дан төмендегені

0,2 МПа-дан төмендегені

0,3 МПа-дан төмендегені

0,4 МПа-дан төмендегені

0,5 МПа-дан төмендегені

Екінші орамның оқшаулағышын кернеу өсіп кетіп тесілуінен сақтау үшін магнетода не қарастырылған?

Ұшқындық саңлау

Электр сақтандырғыш

Конденсатор

Тоқ реттеуіш

Тоқ кедергісі

ТК-102 транзисторлық коммутаторда электролитикалық конденсатор С2 транзисторды неден сақтайды?

Аккумулятор айырылып қалғанда кернеудің кенет жоғарлап кетуінен

Генератор істен шыққанда кернеу төмендеп кетуінен

Реле реттеуіш кернеуді дұрыс реттемеген жағдайда

Температура кенет жоғарлап кеткен жағдайда

Индуктивтік тоқ импульстік трансформаторда тумаған жағдайда

От алдыру катушкасында қай орамы көбірек қызады?

Бірінші орам

Екінші орам

Төмендету орамы

Жоғарлату орамы

Индуктивтік орамы

Салқындатуды жақсарту үшін от алдыру катушкасындағы орамдар қалай орналасқан?

Бірінші орам екінші орамның сыртына орналасады

Бірінші орам екінші орамның ішіне орналастырылған

Бірінші орам индукциялық орамның сыртына орналасқан

Екінші орам бірінші орамның сыртына орналасқан

Екінші орам қосымша орамның сыртына орналасқан

Орамдарды жақсы оқшаулау үшін от алдыру катушкасының ішін немен толтырады?

Маймен

Сумен

Газбен

Электролитпен

Аргонмен

Контактты-транзисторлық от алдыру жүйесіндегі от алдыру катушкасындағы екінші орамның бір шеті қайда жалғанған?

Катушканың корпусы арқылы массаға

Бірінші орамның бір шетіне

Конденсатордың бір клеммасына

Транзистордың коллекторына

Стабилитронның бір шетіне

Батареялық контактілі от алдыру жүйесіндегі катушканың орамдары қалай жалғанған?

Екі орамның бір шеттері бір-бірімен және жылжымалы контактіге жалғанған

Екі орамның екі шеттері бір-бірімен конденсаторға жалғанған

Бір-бірімен жалғанбайды

Екі орамның бір шеттері бір-бірімен және тоқ таратқышпен жалғанған

Екі орамның бір шеттері бір-бірімен және «масса»-ға жалғанған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]