Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Downloads / Дәріс 13

.pdf
Скачиваний:
63
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
416.52 Кб
Скачать

Модуль 4.

Дәріс 13 Тақырып: «Ұңғыманы ортадан тепкіш электрсораптарымен

пайдалану.»

Сұрақтар:

1.Ортадан тепкіш электрсораптары. Ортадан тепкіш электрсорапты қондырғылардың сұлбасы.

2.Ортадан тепкіш сораптардың түсірілу тереңдігін анықтау.

1.Ортадан тепкіш электрсораптары. Ортадан тепкіш электрсорапты қондырғылардың сұлбасы.

Пайдаланудың қорытынды сатысында мұнай мен бірге ұңғыдан қабат суларының мол мөлшері шығады, штангілі сораптардың қолданысының тиімділігі азаяды. Бұл жеткіліксіздік батырмалы электроортадан тепкіш сорап қондырғысында кездеспейді. (БЭОТСҚ)

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы ұңғыдан сұйықты айдауда күнделікті ортадан тепкіш сораптан айырмашылығы жоқ олар жер бетіне сұйықты қөтеру (перекачка) үшін қажет.

Кішкене радиалды өлшем шегендеу құбырлар тізбегінің диаметрімен қамтамасыз етілсе оған ортадан тепкіш сорап түсіріледі, біліктес өлшемдері мүлдем шектелмеген жоғары арынды жеңу үшін және сорап батырмалы күйде жұмыс істеуі үшін, ортадан тепкіш сорапты агрегаттың өзіндік конструктивті түрін шығаруға әкеледі. Сыртынан олар құбырдан айырмашылығы жоқ, бірақ мұндай құбырдың ішкі жағы көптеген күрделі бөлшектерден тұрады, олар жетілдірілген технологиялық дайындауды қажет етеді.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы – бұл көпсатылы ортадан тепкіш сораптар бір блокта 120-ға дейін саты саны бар, бұл айналысқа арнайы конструкциясы батырмалы электроқозғалтқышпен жүзеге асырылады. Электроқозғалтқыш жоғарыдан электроэнергиямен қоректенеді оған энергия кабельмен автотрансформатормен немесе трансформатордан басқару станциясы арқылы келеді, онда барлық бақылау - өлшеу құрылғысы мен автоматика орналасқан.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы ұңғыға динамикалық деңгейден төмен 150-130 метрге түсіріледі. Сұйық сорапты компрессорлы құбырға (СКҚ) беріледі, оның сыртқы жағында арнайы белдікпен электрокабель бекітілген. Сорапты агрегатта сораппен электроқозғалтқыш ортасында аралық звено бар, оны протектор немесе гидроқорғаныс деп атаймыз.

Батырмалы ортадан теркіш электрсорабы (сурет 23.) қондырғысы май толтырылған электроқозғалтқышты ПЭД 1 қосады; гидроқорғаныс звеносы немесе протектор 2; сұйыққа кедергі болатын сораптың қабылдау сеткасы 3; көпсатылы батырмалы ортадан тепкіш электр сорап БОЭС 4; СКҚ; СКҚ-ға кабельді бекітіп брондалған үш желілі электрокабельді түсіру арматураны 7;

трансформатор немесе автотрансформатор 9; автоматиканы басқару станциясы 10;

Сурет 23. – Ұңғы жабдығында батырмалы ортадан тепкіш электр сорап қондырғысының жалпы үлгісі.

Сорап, протектор және электроқозғалтқыш болтты шпилькамен жалғанатын жекелеген түйін болып табылады. Білік соңы шлицті қосылыс болып келген ол барлық қондырғыны жинағанда жапсарласады. Үлкен тереңдіктен сұйықтарды көтеру үшін батырмалы ортадан тепкіш электр сорап секциялары бір-бірімен біріктірілгенде олардың сатыларының саны 400-ге дейін жетуі мүмкін. Сораппен сорылған сұйық кезекпен барлық сатыларды өтіп сораптан арынмен шығып, сыртқы гидравликалық кедергіге тең болады. ЭОТСҚ аз метал сыйымдылығы кең диапазонда жұмыс мінездемесімен, орынымен қатар шығынымен де, белгілі жоғары П.Ә.К. (к.п.д), мен сұйықты үлкен көлемде айдау мүмкіндігі және жөндеу арқылы кезеңімен ерекшеленеді.

Қамтамасыз ету бергіштігі 10/1300м3 /тәу және арыны 450/2000 м су бағанасы. (3000 м-ге дейін)

Қолданылатын жабдықтар Барлық сораптар негізгі екі топқа бөлінеді: әдеттегі және тозуға

тұрақты орындалған. Сораптар қорының қазіргі бөлімінің басымырағы (95% шамамен) - әдеттегі орындалған.

Тозуға тұрақты орындалған сораптар өнімдерінде өз көлемінде құм және басқа механикалық қоспалар (1%-ке дейін массасы) кездесетін ұңғымалары жұмыс істеу үшін тағайындалған.

Көлденең өлшемі бойынша сораптар шартты 3 топқа бөлінеді: 5; 5А және 6, бұлар шегендеу құбырлар тізбегінің номиналды диаметрін білдіреді (дюймде) оған берілген сорап түсірілуі мүмкін 5 сорап тобының сыртқы диаметр тұлғасы 92 мм, 5А тобының - 103 мм және 6 тобының-144 мм.

Шартты белгілену мысалы – УЭЦН МК 5-50-1200, мұндағы У- қондырғы; Э-батырмалы электроқозғалтқыш жетегі, Ц-ортадан тепкіш

белгісі, М-модулду екені; К-коррозияға шыдамды жасалуы; 5-сорап тобы; 50-тәуелдік бергіштігі, м3/теу; 1200-арыны, м;

Электроқозғалтқыш қондырығысда – ротормен қысқа тұйықталған үш фазалы тоқты асинхронды тік орындалған ПЭД 40-103 қолданыладыбілдіреді: Батырмалы электроқозғалтқыш, қуаты 40кВт, диаметрі 103мм. Салкындатып және үикеліс болмау үшін қозғалтқыш аз тұтқырлықты, жоғары диэлектрлі тұрақты маймен толтырылады.

Батырмалы электроқозғалтқыштар үшін кернеу 380-2300 В, номиналды ток күші 24,5÷86А жиілігі 50 Гц, ротордың айналу жиілігі 3000 мин-1, қоршаған орта температурасы +50÷90ºС.

Сораптың модуль–секция ортадан тепкіш көпсатылы, секциясы. Сорапты агрегаттарында саты саны 220-дан 400-ге дейін болуы мүмкін. Құрамында бос газ бар қабат суларын ортадантепкіш электрсораппен шығарғанда, онда оның арыны құрайды бергіштігі және ПӘК (КПД), тіпті сораптың толық тоқтауына әкеледі. Сондықтан, егерде сорапқа кірерде сұйықтағы газдың құрама көлемі бойынша 25% асса, онда сорап алдында

газайырғыш орнатамыз.

Газайырғыш конструктивті біліктегі тұлға ретінде ұсынылады, ол сораптың білігімен жалғанған, шнек жұмыс доңғалағы және айырғыш камерасын айналдырады. Жұмыс доңғалақтары мен шнек арқылы суйық пен газ қоспасы айырғыш камерасына айдалады, онда сұйықтық ортадантепкіш күштерінің әсерінен, Салмақтарының айырмашылығынан ауырласу ретінде периферияға лақтырылады ал газ ортасында қалады. Содан кейін газ көлбеу тесіктермен құбыраралық кеңістікке ысырылады, ал сұйық-аударманың саңылаулары арқылы сораптың қабылдағышына түседі. Газ айырғыштарды қолдану ортадан тепкіш сораптар арқылы құрамында 55% бос газ бар сұйықтарды кері айдауға мүмкіндік береді.

Дәріс № 23 Ұңғы сағасы жабдығы

УЭЦН жабдығын пайдалану ұңғы сағасының типтік араматурасы (29сурет) шегендеу тізбегінде бұралатын крестовинадан 1, тұрады.

Крестовинада ішпек 2 болады, ол СКҚ-дың салмағын қабылдайды. Ішпекке мұнайға тұрақты тығыздауыш резинамен үстінен қаптаймыз 3, ол қосқыш тетікпен қысылады 5. Қосқыш тетік 6 крестовина тетігіне болтпен қысылады және кабельдің жалғанатын жерін саңлаусыздандырады. Арматура құбыр сыртындағы газды құбыр 6 және кері клапанмен 7 бағыттауышпен кетуін қарастырылған. Арматура (бір қалыпты ) унифицерленген торабтан және тиекті краннан жиналады. Штангілі сорапты пайдаланғанда бұл ұңғының жабдықтауға қарапайым түрде келтіріледі.

Сурет 24. УЭЦН мен жабдықталған ұңғы саға арматурасы Жұмыс істеу принципі

Бұрандалы сорап – бұл көлемді жұмыс атқаратын сорап, оның берілуі(берілісі) арнайы винттың (немесе винттардың) айналу жиілігіне тура – пропорционалды болып келеді. Айналуы кезінде винт және оның обоймасы барлық ұзындық бойынша тұйықталған қуыстар қатарын құрайды және олар сораптың қабылдау жағынан лақтыру (шығу) жағына қарай қозғалады. Олармен бірге сорылатын сұйық шығады.

Бұрандалы сораптың жұмыс істеу мүшесі болып - біркірісті болатты винттер мен резиналы – темірлі обоймалар болып келеді, оның ішкі қуысы винттің қадамына қарағанда екі есе артық екі кірісті бұрандалы бет құрайды.

Ұңғымадан сұйықтық фильтрлі торлар арқылы келеді. Айдалатын сұйықтық винттердің арасындағы қуысқа түседі, содан обойма артынан көтергіш құбырларына өтеді.

Винт обоймада айналып, күрделі планетарлы қозғалыс жасайды. Винттің бір айналуында винт тәрізді тұйықталған қуыстар ішіндегі сұйықпен бірге обойманың осьтік айдау жағына бағытталып,обойманың бір қадамына тең ара қашықтыққа жылжиды. Винттің айналуы кезінде винттен және обоймадан түзілген қуыстар үзіліссіз ашылады және жабылады. Бұл кезде обоймалы винттің көлденең қимасының сұйықтықпен толтырылған шығу аудандарының қосындысы әрқашан тұрақты болады және сұйықтық ағыны үзіліссіз әрі винттің айналу жиілігіне пропорционал. Сұйықтық мұнай мен судың тұрақты эмульсиясын түзбей пульсациясыз айдалады

Жұмыстық винттің ерекшелігі айналу осіне перпендикуляр кезкелген көлденең қима дұрыс дөңгелек болып табылады. Осы дөңгелектердің центрі винттің айналу осі болып табылатын бұрандалы сызықта жатыр. Винттің көлденең қимасының центрінен оның осіне дейінгі қашықтық эксцентриситет деп аталып, е әрпімен белгіленеді. Обойманың көлденең қималары винт осі бойындағы кез келген жерде бірдей, бірақ бір біріне қатысты бұрылған. Сындай обоймадағы винттің көлденең қимасының біреуі 24-суретте көрсетілген.

Обойманың ішкі қуысының қимасы радиустары винттің көлденең қимасы диаметрінің жартысына тең екі жарты шеңберден және екі жанамадан түзілген. Осы жарты шеңберлер центрлерінің арақашықтығы 4е тең. Сорап білігінің (вал) айналуының арқасында винт өз осінен айналады

және бір мезгілде винт осі диаметрі d=2e тең шеңбер бойымен кері бағытта айналады.

Винт айналған кезде ось бойымен қозғалмайтындықтан обойманың бұрандалы қуысының шұңқырын толтырған сұйықтық винтің қадамына сәйкес бір шұңқырдан екішншісіне келіп түседі. Осылайша, бір айналыс кезінде обймадағы камераны 2 рет жабады, яғни одан сұйықтықтың екібелгілі бір мөлшерін ығыстырып шығарады.

Сурет 25. Бұрандалы сораптың жұмыс агенттері.

Винттің бір айналымы кезіндегі сұйықтықтың жылжуы Т-ға (25-суретте обойма қадамы Тоб=2t) тең болғандықтан сораптың бір айналым кездегі берілісі q=4eDT болады, мұндағы 4eD – сұйықтық ағынының көлденең қимасының ауданы.

Сораптың көлемдік ПӘК 0,7–0,9 деп алынады. Бұл мән винттің обоймаға отырғызылу сипатына, резина сипатына және сораптың арынына байланысты.

Батырмалы бұрандалы электрлі сорап центрден тепкіш және поршеньдік сораптардың артықшылықтарын біріктірген, ол сұйықтықтың пульсациясыз, біркелкі үзіліссіз берілуін қысым өзгерісінің кең диапазонында тұрақты ПӘК-мен қамтамасыз етеді.

Бұрандалы сораптарға тән ерешеліктер – айдалатын сұйықтықтың тұтқырлығының ұлғаюына байланысты көрсеткіштерінің едәуір жақсаруы.сондықтан бұл сораптар тұтқырлы және аса тұтқырлы мұнай өндірген кезде тиімді.

Батырмалы бұрандалы сораптың артықшылықтарының бірі газ факторы жоғары мұнайды өндіргенде тұрақты жұмыс көрсеткіштерін қамтамасыз етеді , тіпті сораптың қабылдауына бос газдың түсуі жұмыстың тоқтауына әкеп соқпайды.

Қолданылатын жабдықтар.

УЭВН5 типті батырмалы винтті қосарланған электр сорап қондырғылары мұнай ұңғыларынан тұтқырлығы жоғары (1,103 м2/сек – қа дейін), температурасы 700С, механикалық қоспалар мөлшері 0,4 г/л, сораптың қабылдауындағы бос ғазжың мөлшері көлем бойынша 50% - дан аспайтын қабат сұйықтықтарын алуға негізделген.

Ұңғылы винтті сораптың құрылысы спираль бағыттары оң 7 және сол 4 бағытталған екі теңестірілген винтті пайдалануды көздейді. Винттерден түсетін осьтік салмақтар олардың арасында орналасқан қосынды эксцентрикалық муфтаға 5 беріледі және өзара компенсацияланады. Винттердің жетегі төменгі бөлікте орналасқан электрқозғалтқыштан протектор 10, эксцентрикалық жіберу муфтасы 9 және білік 8 арқылы іске асады. Эксцентрикалық муфталар винттердің 4 және 7 қажетті айналуын қамтамасыз етеді.

Сурет 26. Батырмалы бұрандалы сорап сұлбасы

1 – жіберу муфтасы; 2 – эксцентрикалық муфта; 3 – оң жақ винт; 4 – оң жақ обойма; 5 – эксцентрикалық муфта; 6 – сол жақ винт; 7 – сол жақ обойма; 8 – сақтандырғыш клапан; 9 – протектор.

Жіберу муфтасы қозғалтқыштың максималды айналу моменті кезіндегі сорапты іске қосуды қамтамасыз етеді және апат жағдайында және оның қатардан шығуы кезінде сорапты өшіреді, қозғалтқыш тоқтан ажыраған кезде немесе кабелді дұрыс жалғамаған кезде винттің қарама – қарсы жаққа айналып кетуін болдырмайды.

Ұңғыдан сұйықты қабылдау екі қабылдағыш торлар арқылы жүргізіледі, олар жоғарғы винттің жоғарғы бөлігінде, төменгі винттің төменгі бөлігінде орналасқан сұйықтардың жалпы шығуы винттердің арасындағы кеңістікте жүреді, одан ары жоғарғы винттің обойма корпусы мен сорап қабы (кожухы) арасындағы сақина арқылы поршенді – золотник типті көп

функциялы сақтандырғыш клапанға келеді. Сақтандырғыш клапаннан өткен соң, сұйық шлам трубкасымен өтеді де, СКҚ - ға (сорапты компрессорлы құбыр) келіп түседі.

Сақтандырғыш клапан ұңғыға сорапты түсірген кезде сұйықты СКҚ – ға өткізеді, ал көтерген кезде – СКҚ – дан өткізеді.

Батырмалы винтті қосарланған электросорап қондырғы сораптан, гидросақтандырғыдан, кабелді енгізу муфтасы бар ток жеткізуші кабельден тұрады. 63, 100 және 200 м3/тәу беретін қондырғылар құрамына тағы да қосымша трансформаторлар кіреді, себебі бұл қондырғылардың қозғалтқыштары сәйкесінше 700 – 1000 кернеуде жұмыс жасайды.

Қондырғылар шартты диаметрлі 146 мм құбырлы шегендеуші тізбектері бар ұңғылар үшін шығарылады.

Ұңғыдағы температураны ескеріп, қондырғыны үш модификацияда (түрде) дайындайды:

-30 0С (А) температура үшін;

-30 – 50 0С (Б) температура үшін;

-50 – 70 0С (В, Г) температура үшін.

Қондырғыны белгілеуде өндірілетін сұйық температурасын тәуелді А, Б және В (Г) әріптері енгізілген. Мысалы, УЭВН5-16-1200А немесе УЭВН5- 200-900В.

Қондырғылардың бергіштігі 16-дан 200 м3/тәу – ке дейін қамтамасыз етеді, қысым 9 – 12 МПа, батырмалы агрегаттың ПӘК – і 30 – 50 % - ды құрайды; электроқозғалтқыш қуаты 5.5, 22 және 32 кВт; батырмалы агрегат массасы 341 – 713 кг; айналу жиілігі – 1500 мин-1.

Қазіргі кезде ұңғыларды бұрандалы сораптармен пайдалану үшін гидроқорғағышы бар батырмалы электроқозғалтқыштан тұратын электрлі ортадан тепкіш сораптарға ұқсас қондырғылар, сонымен қатар электроқозғалтқышы ұңғы сағасында орналасқан қондырғылар қолданылуда. Бұл кезде винттің айналуы штангалар көмегімен жүзеге асады.

Гидропоршенді сорапты қондырғылар

Жетілдірілген гидропоршендісорап қондырғысы көтерілу биіктігі 4500 м-ге дейін ұңғыны пайдаланады, максималды шығыммен 1200м3/тәу дейін ұңғының құрамында су өнімділігі жоғары болса.

Гидропоршенді сорапты қондырғы (3-13сурет) - құрастырмалы автоматтандырылған, ол мұнай өндіру үшін екеуі сегізінің шоғырланған көлбеу бағытталған ұңғылардан құрастырмалы және ауыр қолайсыз ауданда орналасқан. Сорыппен алынатын сұйықтың кинематикалық тұтқырлығы 15*10-10м2/с аспайды, құрамында механикалық қоспа 0,1г/л аспаса, күкіртті сутек 0,01 г/л аспайды және ілеспе су 99% аспайды. Гидропоршенді сорап агрегатының қабылдағышында бос газ жүруі рұқсат етілмейді. Сорып алынатын сұйық температурасы агрегат алқасында 120°С-ден жоғары болмауы қажет.

Қондырғылар ұңғыманың шөгінді құбыр тізбектерінің диаметріне 140мм, 1465мм және 168мм сәйкес қылып шығарылады.

Гидропоршенді сорапты қондырғылар (3-13сурет) құбырдың -10 төменгі бөлігінде орнатылған сораппен -13 поршенді гидравликалық қозғалтқыштан, және жоғарыда орналасқан қуатты сораптан-4, сұйықты тұндыруға арналған ыдыстан-2 және оны тазартатын айырғыштан -6 тұрады. Құбырға -10 түсірілетін сорап-13 ершікке -14 (седлоға) отырады, бұнда ол құбырдың -10 орталық қатары бойынша ұңғымаға айдалатын жұмысшы сұйығының ағыны әсерінен отыру конусына -15 нығыздалады. Золотникті қондырғы, сұықты қозғалтқыш поршенінің үстіңгі немесе астыңғы кеңістігіне бағыттайды және сондықтан, ол тік бағыттағы қайтымды-түсімді қозғалыс жасайды. Кері клапан -16 арқылы сорылатын ұңғымадағы мұнай, ішкі -10 және сыртқы -11 құбырлар қатарының сақиналы кеңістігіне бағытталады. Қозғалтқыштан игерілген сұйық (мұнай) осы кеңістікке келіп түседі, яғни өндірілетін сұйық және жұмысшы сұйығы сақиналы кеңістік бойымен бір уақытта көтеріледі. Сорапты көтеру қажеттілігі, туындаған кезде, жұмысшы сұйығын айдаудың бағытын өзгертеді – оны сақиналы кеңістікке жібереді.

Гидропоршенді сораптарды өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалысына және т.б. байланысты дара өте үлкен тереңдіктен (4000-4500м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.

Гидропоршенді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі түсіріп-көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыманы ұқыпты тазалап тұру үшін, оны жұмысшы сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікке орналастыру қажеттілігіне байланысты.

Сурет 27. Гидропоршенді сорапты қондырғының жабдықталу схемасы

а-сорапты көтеру; б-сораптың жұмыс істуі; 1-құбыр желісі; 2-жұмысшы сұйығына арналған ыдыс; 3-сорғышқұбыры; 4-

қуатты сорап; 5-манометр; 6-айырғыш (сепаратор); 7-шығару желісі; 8-арынды құбыр;

9-ұңғыма сағасының жабдықтары; 10-63мм құбырлар; 11-102 мм құбырлар; 12-шеген (абсадная) құбырының тізбегі; 13-поршенді сорап; 14-сорап ершігі;

15-кондыруға арналған конус; 16-кері клапан; I-жұмысшы сұйығы; II-өндірілген сұйық; III - өндірілген және

Гидропоршеньді жұмыс істеу принципы

Гидропоршеньді сораптар (ГПС) негізінде екі бөлімнен тұрады: гидропоршеньды қозғалтқыштан D (27 сурет) және оған бір шток боймен қосылған екі жақты істейтін поршеньды сораптан Н. ГПС жұмыс істеуін реттейтін, ең қажетті элементі болып золоткик қондырғысы 3 орнатылады. Оның жұмыс істеуі төрт жүрісті кранға ұқсас болады. Каналы бар золотк\никтың ішіндегі құрылымы 900 бұрылалады және екі жағдайда болалады. Бұл бұрылысты ол автоматы түрде қозғалтқыштың штогының жүрісіне сәйкес жасайды.

 

 

 

Сурет 28.

 

Сурет 29.

Золотникты екі жүрісті ГПС

 

Бір жүрісті ГПС (дифференциалды)

Айдалған суйықтың қысымының әсерінен қозғалтқыштың 3 поршіні төмен қозғалады, ал поршенің астындғы суйық шығу желісі бойымен (сақиналы кеңістікпен) жоғары көтеріледі. Поршенің жүрісінің соңында золотник 900 градуске бурылып екінші жағдайда болады. Бұл жағдайда айдалатын суйық қозғалтқыштың поршініның төменгі жағына айдалады да 3 поршень жоғарықарай көтеріліді, ал 3 поршеннің үстіндегі суйық шығу желісі бойымен көтеріледі. Сөйтіп қозғалқыштың штоғы төмен немесе жөғары қозғалып, оны мен байланысты сораптыңда 4 плунжеры (поршены) қозғалыста болады. Поршендердің жүру жылдамдығы суйықтың айдау жылдамдығына байланысты болады. 28 суретте екі журісті сорап көрсетілген, бұл сораптың бір жүрісті сорапқа қарағанда өнімділігі екі есе жоғары деп айтуымызға болады. Дифференциалды типті (бір жүрісті) сораптың сулбасы 29 -суретінде көрсетілген.

Диафрагмалық батырмалы электросораптың қондырғысы

УЭДН-5 диафрагмалық батырмалы электросорап қондырғысы, негізінен құмы бар, өнімнің жоғары сулануымен, қисық және шегендеу тізбегінің ішкі диаметрі 121,7 мм-ден көп көлбеу оқпандармен сипатталатын дебитті аз пайдалану ұңғымаларына арналған.

Айдалатын ортада ілеспе судың құрамы шектелмеген. Қатты бөлшектердің максимал салмақтық концентрациясы-0,2% (2г/л);сораптың кірісіндегі ілеспе газдың максимал көлемдік құрамы -10 %; ілеспе судың сутектік көрсеткіші –pH= 6,0+8,5; күкірттісутектің максимал концентрациясы -0,001% (0,01г/л).

Батырмалы диафрагмалық электросорабы ұңғымаға шартты диаметрі 42, 48 және 60 мм болатын сораптыкомпрессорлы құбырлармен (СКҚ) түсіріледі.

Электросорап (30-сурет), бір тұлғада сорап пен электроқозғалтқыш) – төртполюсті ассинхронды электроқозғалтқыш, конустық редуктор және эксцентриктік жетегі мен плунжердің қайтарысына арналған серіппесі бар плунжерлі сораппен жабдықталған. Кабель муфтасы токқа енгізгішпен қосылған.

Қондырғылар, бергіштігі 4-тен 16 м3 қысымы 6,5 + 17МПа, ПӘК – і 35-40%, электроқозғалтқыш қуаты -2,2+2,86 кВт, электроқозғалтқыштың айналу жиілігі -1500мин-1, салмағы 1377-ден 2715 кг-ға дейін қамтамасыз етеді.

Сурет 30. Батырмалы диафрагмалық электросорап

1 — СКҚ колонна; 2 — ағызғыш клапан; 3 — айдау клапаны; 4 — сорғыш клапан; 5 — диафрагма; 6 — осьтегі каналы; 7 — бұрандалы серіппе; 8 — цилиндр; 9 — поршень; 10 — корпус;

11 — эксцентрик; 12 — тірегіш; 13,14 — конусты редуктор; 15 — батырмалы электрқозғалтқыш; 16 — компенсатор диафрагмасы; 17 — электр кабелі; 18 — арнайы клапаның байланысы.

Диафрагмалық батырмалы плунжерлы 9 сорапты электроқозғалтқыш 15 конусты редуктор 13,14 және эксцентрик 11 арқылы іске қосып поршенін 9 жоғары немесе төмен қозғатып суйықты айдауын қамтамасыз етеді. Электроқозғалтқышқа тоқ ұңғыма сағасынан кабель 17 арқылы жалғанады.

Сорап екі бөлімнен тұрады: жоғарғы бөлімінде шеңберлі диафрагма 5 орналасқан, ол бірінші бөлікті екі бөлшекке бөледі. Дафрагманың үстіңгі аймағы сораптың өзі болып табылады, айдау клапаны 3 және де сору клапаны 4. Диафрагманың астыңғы бөлшегі А суйық маймен толтырылады. А аймағын дифрагма 5 пен корпус 10 орналасқан «цилиндр 8 - поршень9» құрайды. Оның жоғарғы жағы ості канал 6, арқылы А камерасы мен қосылады.

Поршеннің үстінде бұрандалы серіппе 7 (пружина) орнатылған. Батырмалы қозғалтқыш 15 пен поршень 9 арасында Б камерасы орналасқан, олда суйық май мен толдырыған. Батырмалы қозғатқыштың астында компенсаторлы диафрагма 16 орналасқан. Қозғалтқыш, А және Б камаралары бір суйық май мен толтырылған.

А және Б камаралары бір-бірімен арнай клапанің байланысы 18 арқылы суйық майдың ауыуна мүмкіншілік жасалған. А камарасынан Б камарасына артық майдың қуйылуы немесе Б камарасынан А камарасына қуйылуы клапанің байланысы 18 арқылы іске асырылады.

Сораптың жұмыс істеу принципы.

Соседние файлы в папке Downloads