Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamat_Diplom.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
418.82 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Алимсурин А.Б.

Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтарының

агроэкологиялық жағдайы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5В080100 – Агрономия

Қостанай, 2015

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

«Қорғауға рұқсат берілді»

Агрономия кафедрасының

меңгерушісі___________М. Шилов

___ ____________20___г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтарының

агроэкологиялық жағдайы»

мамандығы 5В080100 – Агрономия

Орындаған А.Алимсурин, күндізгі бөлімінің

4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі Н.Калимов, а-ш.ғ.к., аға

оқытушы

Қостанай, 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе........................................................................................................................3

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ .........................................................................................5

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ.............................................................................15

2.1 Табиғи-климаттық шарттары........................................................................15

2.2 Топырақ түзілудің жағдайлары....................................................................20

2.3 Қостанай облысының топырақтық ресурстары.........................................23

2.4 Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтарының күйі және құрылыушарттары..................................................................................................24

2.5 Зерттеу жүргізілген жердің топырақтың шарттары................................26

3 ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ..................................................29

3.1 Қостанай облысының оңтүстік қара топырақ қабатының қуатының өзеруі.......................................................................................................................29

3.2 Топырақтын физикалық қасиеттерінің өзгеруі........................................30

3.3. Топырақтын тығыздығы.............................................................................35

3.4 Қостанай облысының оңтүстік қара топырағындағы гумустың мөлшерінің өзгерісі....................................................................................................................36

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ.....................................................................40

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ......................................................................42

6 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ...................................................................................................45

7 ҚОРТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР..................................................................47

8 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................48

Кіріспе

Қазіргі уақытта топырақты қорғау және оның құнарлылығын сақтау экологияның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Биосфераның экологиялық тұрақтылығын сақтаудың негізі ретінде топырақтың құнарлылығы мен өнімділігін арттыру болып отыр.

Қостанай облысындағы топырақтың гумуссыздануының негізгі факторлары дәнді дақылдардың біркелкілігі, жел және су эрозиясы, ауыспалы егіншілік принциптерінің сақталмауы мен органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштардың енгізілмеуі немесе жеткіліксіз енгізілуі болып отыр. Қара топырақтың құрамындағы гумус мөлшерінің төмендеуінің негізгі себебі оның интенсивті пайдаланылуы болып отыр. Соңғы жылдары, топырақты органикамен толықтырылмай себу құрылымының өзгеруіне байланысты Солтүстік Қазақстанда қара топырақтың деградациялану процесі жылдамдамдады.

Ұзақ уақыт бойы қара топырақты жерлердің ауылшаруашылық өндірісінде тиімсіз пайдаланылуы оның қасиеттерінің өзгеріп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Мұның негізгі себептері өсімдік жамылғысының, топырақпен қоршаған ортаны арасындағы ылғал ағымының, қоректік заттар мен жылу алмасудың өзгеруі және органикалық заттардың балансының бұзылуы.

Қазіргі уақытта егіншілікте пайдаланылатын топырақтың табиғи аналогтарынан айырмашылығы көп екені байқалады. Бұл айырмашылықтар негізінен топырақ құнарлылығының көптеген көрсеткіштерінің және табиғи топырақ түзілу процесінің өзгеруімен сол сияқты жүйелі түрде өңдеумен, табиғи астық тұқымдастардың біржылдық мәдени өсімдіктермен алмастырылуына және тыңайтқыштардың қолданылуына байланысты болып отыр.

Қостанай облысы – Қазақстанның 3 млн. га астам жерге астықтұқымдастарын себетін және жиналатын егін өнімінің төрттен бірін өндіретін ең ірі аграрлық аймақтарының бірі. Бүгінгі таңда облыстағы ауыл шаруашылық алқаптары топырақ жамылғысының алуан түрлілігімен және көлем бірлігіне шаққанда жұмсалатын қаржы-материалдық шығынның мөлшері бойынша сапасы мен саны жағынан әр түрлі өнім өндіреді.

Қостанай облысы Қазақстанның негізгі астық өндіретін үш өңірдің бірі болып табылады. Өңірлердегі ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы алдымен сыртқы және ішкі инвестициялардың болуына байланысты. Бұл инвестициялар тек қана экономикалық мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы және даму перспективасы топырақ жамылғысын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Топырақтың құнарлылығын реттеудің басты жолдары қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қоршаған ортаны сақтауға негізделуі керек.

Соңғы уақытта, топырақтағы органикалық заттардың мөлшері мен қоры, топырақты биосфераның негізгі компоненті ретінде қарастырады. Органикалық зат көп мөлшерде топырақтың қоректік элемент көзі ретінде тура әсер етіп, оның қоректік режимін анықтайды.

Топырақты қорғау және оның құнарлылығын сақтау қазіргі таңдағы негізгі эколгиялық мәселелрдің бірі болып отыр. Топырақ құнарлылығының өнімділігін арттыру бүкіл ғаламшар биосферасының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі жағдай болып отыр.

Ғылым мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, тыңайтқыштарды қолдау жйесінсіз топырақтың құнарлылығы сақтап қалу мүмкін емес. Ауыл шаруашылық алқаптарын ұзақ уақыт пайдалану топырақтағы гумус пен азоттың мөлшерін кемітеді, бұл әсіресе Солтүстік Қазақстанның топырағына тән қасиет. Қоректік элементтердің оң балансын сақтап қалу үшін мұндай топырақтарда органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштарды енгізіп, егіналмастыру жүйесіне біржылдық және көпжылдық бұршақтұқымдастарын енгізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]