Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_7.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
252.42 Кб
Скачать

Біздің үйіміз

Біздің үй Қостанай қаласында, Абай даңғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты үй-біздікі. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.

Кіре берісте кең, үлкен дәліз бар. Ең үлкен бөлме-төргі (қонақ) бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір теруесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Төргі бөлменің он жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Төргі бөлменің едені-паркет. Паркеттің үстінде кілем төсілген. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.

Екінші бөлме – әке-шешемдікі. Ол жатын бөлме. Мұнда екі кереует, екі тумба, үлкен үш есікті шифоньер және үлкен айна тұр.

Үшінші кішкене бөлме – менікі. Бөлмемде екі кереует, гарбероб, жазу үстелі, бір орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, қалам, қарындаштар, кітап және дәптерлер бар. Компьютер, кітап сөресі де осында.

Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.

Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте қолайлы. Телефонымыз да бар.

Бір күндік жұмыс жоспары

Бүгін – жұмыс күні. Адамдардың көбі жұмыс күні ерте тұрады. Кейбіреулері дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды, кейбіреулері орындамайды, жуынады, киінеді, таңертеңгі астарын ішіп, жұмысқа асығады. Таңертең уақыт жетпейді.

Вильям – шетел фирмасының директоры. Әйелі екеуі Алматыда Наурызбай көшесіндегі 56-ншы үйде тұрады. Әйелінің аты Шерил. Балалары жоқ. Екеуі де Нью-Йорктан.

Вильям сағат алтыда тұрады, дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды да, жуынады. Таңертеңгі иамағын ішеді. Үйден жетіде шығады. Машинаға отырып, жүмысына барады. Сағат бірде түскі асын ішеді, жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істейді. Кейде пицца сатып алып, кейде Шерил екеуі мермаханаға барып тамақтанады. Үйге келіп, біраз жұмыс істейді немесе демалады. Сағат он екіде шешініп, ұйықтауға жатады.

*************************************

Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Жуынып, жетіден он бес минут кеткенде таңертеңгі тамағымды ішемін. Мен үйден сегізде шығамын. Сағат тоғыздан бірге дейін сабақта отырамын. Түскі тамағымды екіге жиырма минут қалғанда ішемін. Мен кешкі беске дейін оқу залында отырып, сабаққа әзірленемін. Үйге алтыға он бес минут қалғанда келемін. Кешкі тамағымды сағат жетіде ішемін. Жеті отыздан он бір жарымға дейін мен үй жұмысымен айналысамын, кітап оқимын. Сағат он екіде жатамын.

Дені саудың-жаны сау.

Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?

1. Спорттың денсаулыққа әсері.

2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.

3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.

Ел президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.

Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.

Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);

Темекі шекпеу керек;

Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.

Дәстүрлі әдістер

Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.

Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.

Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.

Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:

  • Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.

  • Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.

  • Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.

  • Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.

  • Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.

“Денсаулық баға жетпес

асыл қазына”- деген қазақ халқы.

“Бірінші байлық- денсаулық”

  • деген халқымыз.

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Замандас келбеті.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.

Ал, Оляныі ұлты – орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.

Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам – қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]