Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_7.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
252.42 Кб
Скачать

Студенттің бос уақыты.

Қазіргі уақытта мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім бір-біріне өте ұқсас. Біз аптаның алты күнінде оқимыз, ал жексенбі күні – демалыс.

Денсаулығым мен үшін өте қымбат, сондықтан бұл күні ең алдымен ұйқымды қандарып аламын . Әдеттей сағат 10 немесе 11-ге дейін ұйықтаймын. Содан соң бос күнімді жоспарлаймын.

Ең алдымен ата –анама көмектесуге тырысамын. Отбасымызбен маңызды шаруаларды шешеміз. Кейін өз бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, себебі «уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған.

Күннің екінші жартысында достарыммен хабарласып, Сити орталығында немесе А.Байтұрсынов алаңында кездесеміз. Бір-бірімізге жаңалықтар айтып, біраз уақыт демалып қайтамыз.

Әр адамның өз қызығушылықтары болады. Менің де бір жақсы көретінім- бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері –бұл менің қатысатын үйірмем. Ол қаланың орталығында Шығармашылық үйінде орналасқан. Жексенбі күні сағат 18-ден 19.30-ға дейін мен осы үйірмеде боламын. Онда біз атақты қыл қалам шеберлері туралы, олардың тамаша туындылары туралы әңгімелесеміз. Композиция, пропорция, перспектива сияқты теориялық ұғымдарды меңгереміз. Қарындашпен, тушьпен, пастельмен, гуашьпен, сулы және майлы бояулармен суреттер саламыз. Бұл менің бір жақсы көретін қызығушылығым. Мүмкін, бұл өнерім менің өмірімде қажетті болар деп сенудемін.

Ал кешке қарай ерте жатып, келесі оқу күніне дайындаламын.

Адамның сәні.

Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

Уақыт алтыннан да қымбат

Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.

Кеңес одағы кезінде адамдарда ауқытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барылығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Соныдықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр.

Әркім өз уақытын меңгере алмайды, өйткені уақытымыздың жаулары көп. Ал мен болсам, өз уақытымды құрметтеймін, өйткені уақыт алтыннан да қымбат.

Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):

  1. түсініксіз мақсаттар;

  2. тыңдай білмеу;

  3. «жоқ» деп айта алмау;

  4. телефонмен ұзақ сөйлесу;

  5. асығыс шешімдер;

ұмытшақтық;

  1. жұмыс уақытында кофе, шай ішуге кететін үзілістер;

  2. жоспарлай білмеу.

Дені саудың-жаны сау.

Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?

1. Спорттың денсаулыққа әсері.

2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.

3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.

Ел президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.

Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.

Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);

Темекі шекпеу керек;

Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.

Дәстүрлі әдістер

Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.

Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.

Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.

Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:

  • Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.

  • Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.

  • Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.

  • Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.

  • Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.

“Денсаулық баға жетпес

асыл қазына”- деген қазақ халқы.

“Бірінші байлық- денсаулық”-деген халқымыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]